Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы №98 бұйрығы



Дата17.07.2016
өлшемі261.08 Kb.
#205093
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығы

(2015.15.09. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.С. Биахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 



Министр

Е. Досаев

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы 20 қарашадағы

98 бұйрығымен



бекітілген

 

 



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу

 қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер



 

1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:



1) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі — уәкілетті орган) - мемлекеттік қызметтер корсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.

3. Тізілімді жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді анықтау және тізілімге енгізу болып табылады.

4. Тізілімді жүргізу мақсаттары:



1) көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру;

2) көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді есепке алу және талдау.

5. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді.

 

 

2. Тізілімді жүргізу тәртібі



 

6. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;

2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;

3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;

4) тізілімге оның мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) тұрғысынан мониторинг жүргізу;

5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту).

7. Тізілімге енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай талаптарға сәйкес келеді:



1) мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыруға бағдарланған болуы;

2) дара тәртіппен жүзеге асырылуы;

3) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша жүзеге асырылуы;

4) көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағдарлануы.

8. Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

9. Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:

1) тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге жыл сайын түгендеу жүргізеді;

2) 1-ші мамырдан және 1-ші қазаннан кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы мәліметтер береді.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.15.09. № 637 бұйрығымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Уәкілетті орган жыл сайын, 1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін, оның ішінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

 

 



3. Тізілімнің құрылымы

 

11. Тізілім:



1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;

2) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті (жеке және (немесе) заңды тұлға); мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын; көрсетілетін қызметті берушінің атауын;

3) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауын және/немесе мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетілген жағдайда, «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсетуді;

4) мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;

5) мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуын көздейді.

12. Тізілім сыныптамасы:



1) қоғамдық қатынастар саласына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін бөлімдерден;

2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін кіші бөлімдерден;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлерінен тұрады.

13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейдегі кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгілер түріндегі сегізмәнді жеке сыныпталған код беріледі.



Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:

1) бірінші бөлік - 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласындағы бөлімді білдіреді;

2) екінші бөлік - 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;

3) үшінші бөлік - 3 цифрдан тұрады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші бөлім ішіндегі реттік нөмірін білдіреді.

14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке сыныпталған кодты уәкілетті орган береді.

15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер



тізілімін жүргізу қағидаларына

1-қосымша

 

нысан

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және


(немесе) толықтырулар енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін
қызмет туралы мәліметтер

 


Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Көрсетілетін қызметті алушылардың санаты

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Өтініштерді және ресімделген құжаттарды беруді қабылдауды жүзеге асыратын ұйымдар

Ақылы

оның ішінде:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерінің нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

Ескертпе (Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негізі)

Құқықтық негіз

төлем мөлшері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер



тізілімін жүргізу қағидаларына

2-қосымша

 

 



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы

 


Бөлім

 

Ішкі бөлім

 

 

Атауы

001

 

Құжаттау

 

00101

Жеке басты куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды және мәртебені алу

 

00102

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес құқықтарды қамтамасыз ететін құжаттарды алу

002

 

Жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу

 

00201

Жеке тұлғаларды тіркеу/ мәртебесін, тұрғылықты жерін, Т.А.Ә. және басқа деректерін ауыстыру

 

00202

Шетелде болу

 

00203

Қазақстан Республикасына келу

003

 

Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу

 

00301

Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

004

 

Отбасы және балалар

 

00401

Отбасын құру

 

00402

Туу, қамқоршылық және бала тәрбиелеу

 

00403

Балаға білім беру және бос уақыт

 

00404

Баланы бағу және қамтамасыз ету

005

 

Мүлік және зияткерлік меншік құқығы

 

00501

Жылжымалы мүлік

 

00502

Жылжымайтын мүлік

 

00503

Зияткерлік меншік

 

00504

Мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

006

 

Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау

 

00601

Медициналық көмек

 

00602

Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

00603

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы

 

00604

Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

007

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

 

00701

Халықты жұмыспен қамту

 

00702

Халықты жұмыспен қамту саласында рұқсат құжаттарын беру

 

00703

Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру

 

00704

Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау

 

00705

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

 

00706

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

008

 

Білім және ғылым

 

00801

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

 

00802

Білім және ғылым саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

00803

Білім және ғылым саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

009

 

Бизнес және кәсіпкерлік

 

00901

Бизнестің немесе жеке кәсіпкерліктің басталуы

 

00902

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметінің тоқталуы

 

00903

Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

00904

Өнімдердің жекелеген түрлерін өндіруге рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

00905

Өнімдердің жекелеген түрлерін сатып алуға, өткізуге және сақтауға (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

00906

Кәсіпкерлік қызметті қолдау

010

 

Туризм

 

01001

Туризм саласындағы өзгеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

011

 

Көлік және коммуникация

 

01101

Автомобиль көлігі

 

01102

Әуе көлігі

 

01103

Теміржол және су көлігі

 

01104

Көлік және коммуникация саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

012

 

Қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін, табиғи ресурстарды қорғау

 

01201

Қоршаған ортаны қорғау

 

01202

Су ресурстарын пайдалану

 

01203

Орман ресурстарын пайдалану

 

01204

Жануарлар дүниесін пайдалану

 

01205

Жер қойнауын пайдалану

013

 

Ауыл шаруашылығы

 

01301

Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

 

01302

Ауыл шаруашылығы саласында рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

014

 

Өнеркәсіп, индустрия және технология

 

01401

Отын және энергетика

 

01402

Технологиялар

 

01403

Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

01404

Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

015

 

Мұнай-газ саласы

 

01501

Мұнай-газ саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

01502

Мұнай-газ саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

016

 

Салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп, аудиторлық қызмет

 

01601

Салықтық әкімшілендіру

 

01602

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік

 

01603

Аудиторлық қызмет

017

 

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау

 

01701

Банктер қызметі саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

01702

Зейнетақы қорларының қызметі саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

01703

Сақтандыру қызметтері нарығы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

01704

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

018

 

Кеден ісі

 

01801

Кеден ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

019

 

Қауіпсіздік, қорғаныс және сот әділдігі

 

01901

Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

01902

Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

020

 

Бәсекелестікті қорғау

 

02001

Бәсекелестікті қорғау саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

021

 

Дін

 

02101

Дін саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

022

 

Жер қатынастары, геодезия және картография

 

02201

Жер қатынастары

 

02202

Геодезия және картография

023

 

Мәдениет, ақпарат және байланыс

 

02301

Байланысты ұйымдастыру және ұсыну саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

02302

Ақпарат

 

02303

Мәдениет

024

 

Төтенше жағдайлар

 

02401

Төтенше жағдайлар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

025

 

Дене шынықтыру және спорт

 

02501

Дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

026

 

Сәулет-қала құрылысы қызметі

 

02601

Сәулет-қала құрылысы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

 

02602

Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

027

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

 

02701

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

028

 

Сыртқы саясат және шетел істері

 

02801

Сыртқы саясат және шетел істері саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

029

 

Табиғи монополияларды реттеу

 

02901

Табиғи монополияларды реттеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

030

 

Мемлекеттік қызмет

 

03001

Мемлекеттік қызмет саласындағы басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

031

 

Басқа

 

03101

Ғарыш кеңістігін пайдалану

 

03102

Апостиль қою

 

03103

Статистикалық ақпаратты ұсыну

 

03104

Мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттік меншік

 

03105

Анықтамалар беру

 



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет