Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабы 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін:
1) «Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»;
2) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»;
3) «Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін келісу»;
4) «Орталық депозитарийдің ережелер жинағын келісу»;
5) «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін келісу»;
6) «Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру»;
7) «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу»;
8) «Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру»;
9) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»;
10) «Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»;
11) «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу»;
12) «Мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу»;
13) «Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу»;
14) «Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру»;
15) «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру»;
16) «Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру»;
17) «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау»;
18) «Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру»;
19) «Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесін беру»;
20) «Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру»;
21) «Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2010 жылғы 21 қыркүйек
№ 1063
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі №1063 Жарлығымен БЕКІТІЛДІ
«Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік қызмет
СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67-үй мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзілісімен 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысының (бұдан әрі – Ереже) негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылады: www.afn.kz.
банктер үшін «Заңнама» одан кейін «Банк секторы» одан кейін «Құру, лицензиялау» бөлімінде;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін «Заңнама» одан кейін «Сақтандыру секторы» одан кейін «Құру, лицензиялау» бөлімінде;
бағалы қағаздар нарығы үшін «Заңнама» одан кейін «Бағалы қағаздар рыногы» одан кейін «Құру, лицензиялау» бөлімінде;
жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін «Заңнама» одан кейін «Жинақтаушы зейнетақы жүйесі» одан кейін «Құру, лицензиялау» бөлімінде орналастырылады;
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі (оны көрсету нысаны) – қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындау (сайлау) келісілгенін растайтын қағаз тасымалдауыштағы хат (не дәлелді бас тарту).
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына – қаржы ұйымдарына (бұдан әрі - өтініш беруші) көрсетіледі.
7. Өтініш беруші осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін берген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі;
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Өтініш берушілердің қаржы ұйымының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру туралы өтініш түріндегі жазбаша нысанда жіберілген өтініштері бойынша сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзілісімен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Осы мемлекеттік қызмет бойынша алдын ала жазылу, сондай-ақ жедел қызмет көрсету жоқ.
10. Мемлекеттік қызмет Агенттіктің ғимаратында көрсетіледі. Агенттіктің ғимараты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде кезектілік болмайтынына байланысты күту залы көзделмеген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
11. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті тұтыну үшін Агенттікке мыналарды ұсынуы қажет:
1) Ережелердің талаптарына сәйкес қол қойылған өтініш;
2) басқарма мүшесінің, қаржы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және оның негізінде тиісінше банк операциялары, сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызмет жүргізілетін, бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасалатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар қаржы ұйымының өзге басшысы лауазымына үміткердің лауазымдық нұсқаулығының (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, лаузымы және лауазымдық нұсқаулықпен танысу күні және оның қойылған қолдары көрсетілген, осы үміткердің өкілеттігі бар) көшірмесі;
3) қаржы ұйымының уәкілетті органының үміткерді қаржы ұйымының басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнін көрсете отырып, үміткерді (екі және одан астам үміткер келісілгенде - әр үміткерге шешімнің үзінді көшірмесінен бір данадан) тағайындау (сайлау) туралы шешімінен үзінді көшірменің көршірмесі.
Егер тағайындау күні жоқ болса, онда үміткерді тағайындау (сайлау) күні қаржы ұйымының уәкілетті органының шешім қабылдау күні болып саналады;
4) Ереженің талаптарына сәйкес үміткер туралы мәліметтер;
5) Ереженің талаптарына сәйкес ғылыми дәрежені алғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
6) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берілген алынбаған немесе өтелмеген сот ісінің жоқтығын растайтын құжат (не бір үміткерді екі және одан астам басшы лауазымына келісілу үшін құжаттардың пакетін бергенде құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы анықтамасының көшірмесін). Аталған құжатты беру күні өтініш беру күнінің алдындағы үш айдан аспауы тиіс;
8) Ереженің талаптарына сәйкес үміткерге ұсыным хаттар.
12. Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру туралы өтініш Ережелерде көзделген мәліметтер көрсетіле отырып, еркін нысанда жасалады.
13. Мемлекеттік қызметті тұтыну үшін қажетті құжаттарды қабылдауға уәкілетті әкімшілік-шаруашылық бөлімшесінің қызметкеріне мына мекен-жай бойынша: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 кезек күтпей беріледі (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).
14. Әкімшілік-шаруашылық бөлімшенің қызметкерлері Агенттікке келіп түсетін хат-хабарларды жұмыс күндері сағат 9-дан сағат 18-ге дейін қабылдайды және Агенттік төрағасының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелеріне тапсырады.
Агенттіктің басшылығы құжаттарды қарағаннан кейін және оларға электронды құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта тиісті резолюциялар қойғаннан кейін резолюциялары бар құжаттар оларды одан әрі орындау үшін Агенттіктің тиісті бөлімшелерінің қызметкерлеріне беріледі.
Агенттіктің басшылығы құжаттарды қарауды олар келіп түскен күні жүргізеді.
Орындаушы Агенттікке ұсынылған құжаттар тізбесін, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне рәсімдеуді тексереді.
Уәкілетті орган осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда не ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және (немесе) қаржы ұйымының жарғысына сәйкес келмеген кезде қаржы ұйымына ескертулерді және оларды жою мерзімін көрсете отырып, жазбаша дәлелді жауап береді.
Үміткерді басшы лауазымына тағайындау күні және Агенттікке құжаттарды ұсыну күні тексеріледі.
Агенттік үміткерлерді тестілеуден өту үшін шақырып не оларды шақырмай келісуді өткізеді. Үміткерді тестілеуден өтуге шақырып келісу кезінде орындаушы қаржы ұйымына тестілеу өтетін күн туралы жазбаша хабарлайды.
Орындаушы тағайындау туралы хаттамаларды қарау кезінде қандай да бір түсініксіз немесе даулы мәселелер туындаған кезде Заң департаментіне жазбаша сұрату жібереді.
Үміткерді оның құжаттарымен қоса қаржы ұйымының басшы лауазымына келісуге ұсыну Лицензиялау департаментінің басшылығына және Агенттік төрағасының 2008 жылғы 14 шілдедегі № 278 бұйрығымен құрылған Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері лауазымдарына үміткерлердің сәйкес келуін анықтау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мүшелеріне және Агенттік төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына бұрыштама беруге жіберіледі.
Жоғарыда көрсетілген лауазымды тұлғалардың рұқсатнамаларын, сондай-ақ үмәткерлерді тестілеу нәтижелерін алғаннан кейін Комиссияның хаттамасы жасалады. Комиссия төрағасы (немесе оның орынбасары) хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қаржы ұйымына келісу нәтижелері туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
Орындаушы егер үміткер тестілеуден өтпеген не орынды себепсіз тестілеуге келмеген жағдайда қаржы ұйымына келісуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.
15. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, әкімшілік-шаруашылық бөлімшенің құжаттарды қабылдауға уәкілетті қызметкері өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне «Қабылданды» деген мөр қояды.
Құжаттар пакеті хат-хабарларды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда «Қабылданды» деген мөр қойылмайды және құжаттардың алынғаны жөніндегі талон берілмейді.
Хат-хабарларды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттарды алу күніне кем дегенде төрт рет жүргізіледі (сағ. 9:00, 11:00, 15:00 және 18:00).
16. Агенттік бөлімшесінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін почта бойынша жібереді немесе тікелей өтініш берушіге немесе тиісінше ресімделген сенімхатты көрсеткен кезде оның уәкілетті өкіліне қолма-қол табыс етеді.
17. Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тарту мынадай:
1) басшы қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін;
2) тестілеудің теріс нәтижесі болған не орынды себепсіз тестілеуге келмей қалған;
3) қаржы ұйымы уәкілетті органының ескертулерін жоймаған немесе қаржы ұйымы уәкілетті органының ескертулерін ескере отырып, пысықталған құжаттарды Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткен соң ұсынған;
4) басшы қызметкер өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз иелене алатын мерзімнің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген мерзім өткен соң құжаттарды берген;
5) уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаржы ұйымының үміткерді келісу туралы өтінішті берген күніне дейін бір жыл ішінде үміткерге қолданылған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар бар болған;
6) уәкілетті органда үміткер басшы қызметкердің лауазымын иеленетін (иеленген) қаржы ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі (жүйелі он екі күнтізбелік ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуына әкеліп соқтырған оның өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша үміткердің шешімдер қабылдау фактілері туралы мәліметтер болған жағдайларда жүзеге асырылады. Осы талап уәкілетті орган қаржы ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын (жүйелі бұзушылықтардың) соңғы бұзуын анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады.
Осы мемлекеттік қызмет бойынша оны тоқтата тұруға негіздемелер жоқ.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Агенттік осы қызметті көрсеткенде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:
1) сыпайылық;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
3) жауап ақпаратының сапалы және уақтылы болуы;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтауы;
5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарында берілген ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету;
6) тұтынушы келмеген жағдайда құжаттарды оған беру үшін сақтау болып табылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапасы мен тиімділігінің көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Агенттіктің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Агенттіктің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсету мына мекен-жай: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67-үй, № 317, 413 кабинеттер, не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефоны бойынша жүзеге асырылады.
22. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым жазбаша түрде почта арқылы (электронды түрде - afn@afn.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67-үй мекен-жайы бойынша қолма-қол табыс ету жолымен Агенттік төрағасының немесе оның орынбасарларының атына беріледі, Агенттік төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Агенттік төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788 – 004.
Жұмыс істеу графигі сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзілісімен күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
23. Мемлекеттік қызметті Агенттік көрсетеді.
Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайдағы шағым беру тәртібі осы Стандарттың 22-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.
24. Шағым беру кезіндегі қажетті ресми құжаттар тізбесі болмайды. Шағым еркін нысанда жасалады.
25. Шағым Агенттіктің кеңсесі арқылы қолма-қол табыс ету жолымен қабылданған кезде арыз беруші үшін оның көшірмесі жасалады, оған оның қабылданғаны туралы белгі (қабылданған күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсетумен) қойылады.
Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде хабарланады.
26. Агенттіктің байланыс деректері:
1) заңды мекен-жайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;
2) интернет-ресурс: www.afn.kz;
3) электронды почта адресі: afn@afn.kz;
4) жұмыс істеу графигі: сенбі мен жексенбіні қоспағанда күн сайын сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін;
5) Агенттік төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;
6) Агенттік төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау графигі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);
7) Агенттік төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788 – 004.
Агенттіктің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.
___________________
-
«Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік қызметін стандартының
ҚОСЫМШАСЫ
|
Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәндері
Сапа мен тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні
|
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдық мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)
|
100 %
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызмет көрсету барысының сапасымен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90 %
|
|
|
3. Қол жетімділігі
|
3.1. Қызмет көрсету сапасымен және оның тәртібі туралы ақпаратпен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90 %
|
|
|
3.2. электронды форматта қол жетімді қызмет көрсету ақпаратының %-ы (үлесі)
|
80 %
|
|
|
4. Шағымдану барысы
|
4.1. Қолданылып жүрген шағымдану тәртібімен қанағаттандырылған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90 %
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығымен қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90 %
|
|
|
__________________
Достарыңызбен бөлісу: |