Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысына анықтама 16 шілде 2015 жыл Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы»



Дата24.02.2016
өлшемі43.31 Kb.
#12546
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына

ішкі бақылау қорытындысына

АНЫҚТАМА
16 шілде 2015 жыл
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасына сәйкес 2015 жылдың 16 шілде, Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының басшысы Т.Махимов және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің басшысы Г.Ахметова, осы бөлімшенің бас маманы Б.Төрежанов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау және Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі аппараты ұсынған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізіліп, келесі деректер анықталды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013ж. 18.09. № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015ж. 09.02. № 45 (2015 ж.14.02 күшіне енді) қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 12 түрі бойынша жұмыстары қаралды:

1.Он сегiз жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау;

2.Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау;

3.Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау;

4.Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау;

5.Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру;

6.Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою;

7.Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдау.

8.Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;

9.Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

10.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

11. Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу;

12. Ветеринариялық анықтамалар беру

Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі.

Ауылдық округ әкімі – К.Биримжанов.

Ауылдық округ бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2014 жылғы 17.04. № 16 өкіммен Р. Бисенбин тағайындалған.

Ақпараттық стендте ҚР Үкіметінің және облыс әкімдігінің қаулылары түгел орналастырылмаған. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру және Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру стандарттары және сол қызметтердің сәйкесінше реглменттері, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің паспорттары орналастырылмаған.

Сонымен қатар, ҚР білім және ғылымминистрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою мемлекеттік қызмет стандарты орналастырылмаған. Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша іс-шаралар жоспары бар, алайда жоспар тармақтары тиісті деңгейде орындалмаған.

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру 2015 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша ХҚКО арқылы 1491, электронды түрде 330 қызмет көрсетілген.

Ауылдық округтің ветеринар маманы Н.Қайыр.

Ауылдық округ бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2015 жылғы 12.05. № 95 бұйрықпен Н. Қайыр тағайындалған.

Ақпараттық стендтің атауы дұрыс емес. Сенім телефоны жоқ. Бағыттауыш сілтеме жоқ. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің паспорттары орналастырылмаған. Арыз-шағымдарды тіркеу журналы жоқ.

Көрсетілетін Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік қызметтер көрсетуге түскен өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған, жылдың басынын 480 рет жүргізілген.



Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметіне арналған журнал бойынша 94 қызмет көрсетілген.

Журналдары тігулі, нөмірленген, мөр басылған. Алайда журналда түзетулер (корректормен) бар екендігі анықталды.

Қорытындылар:

  1. 2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» тармақтары тиісті деңгейде орындалмаған.

  2. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын тиісті деңгейде білмейді.

  3. Ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтердің бекітілуі туралы ҚР Үкіметінің және облыс әкімдігінің қаулылары, стандарттар мен регламенттер түгел орналастырылмаған.

  4. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша сұрақтар Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі лездемелерінде қаралмаған.

  5. Қызметкерлердің қызметіне шағымдар жоқ. Дөрекілік фактісі, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпаратты ұсынылмау, құпиялықты бұзу анықталмады.

  6. Мемлекеттік қызметтер көрсететін ауылдық округтерде мемлекеттік қызметтер стандартының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету барысында уақыт бойынша шектеу сақталған.

  7. Жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.

Ұсыныстар:

1.2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» тармақтарын тиісті деңгейде орындау.

2.Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру.

3.Ақпараттық стендтерге қажетті ақпараттарды орналастыру.

4.Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.

8.Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша іс-шараларды жандандыру.



9.Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау.

10.Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет