Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережесiн бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі184.2 Kb.
#10234
Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 1 маусымда № 6987 болып тiркелдi


"Заң газетi" 2011 жылғы 10 маусымдағы № 81(1897)

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      «Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтармен операция жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк материалдық резервiнiң материалдық құндылықтарын (жаңарту, броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi әзiрлеу және өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2008 жылғы 22 шiлдедегi № 128 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5303 тiркелген, «Заң газетi» газетi 2008 жылғы 15 қазан № 157 (1383), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2008 жыл, № 10 жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                          В. Божко

Қазақстан Республикасы    
Төтенше жағдайлар министрiнiң
2011 жылғы 5 мамырдағы   
№ 186 бұйрығымен      
бекiтiлдi        

Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерi

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерi (бұдан әрi – Ережелер) «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.


      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      2. Осы Ережелер мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) кесiмдi баға – ақпараттық хабарламада жарияланған баға;
      2) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары – мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын жеткiзудi, сақтауды және шығаруды реттейтiн құжат (бұдан әрi – Операция жасау жоспары);
      3) өтiнiм бағасы – үмiткердiң тендерлiк өтiнiмiнде көрсеткен тауарға ұсынған бағасы;
      4) тауар – осы Ережелерге сәйкес мемлекеттiк материалдық резервтен шығаруға жататын материалдық құндылықтар;
      5) тендер – осы Ережелермен белгiленген тәртiппен жүзеге асатын мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудың нысаны;
      6) тендерлiк комиссия – тендердi ұйымдастыру және өткiзу үшiн уәкiлеттi орган құрған комиссия;
      7) тендерлiк өтiнiм – мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатып алуға оның келiсiм беруiнiң нысаны болып табылатын үмiткердiң тендерлiк ұсынысы;
      8) тендердi ұйымдастырушы – уәкiлеттi орган, ведомствосы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары;
      9) уәкiлеттi орган – мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      10) уәкiлеттi органның ведомствосы – мемлекеттiк материалдық резерв саласындағы iске асыру функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға;
      11) үмiткер – тендерге қатысқысы келген заңды немесе жеке тұлға.

2. Тендерлердi өткiзу дайындығы

      4. Уәкiлеттi орган өзi тауарды сату бойынша тендер өткiзу туралы шешiм қабылдайды.


      5. Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын шығару уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтетiн Операция жасау жоспарының негiзiнде жүзеге асырылады және тендер өткiзу үшiн ұйымдастырушыға жiберiледi.
      Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын шығару жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      6. Тендерлердi әзiрлеу және өткiзу үшiн уәкiлеттi орган тендердi ұйымдастырушыны айқындайды және тендерлiк комиссия құрады.
      Тендерлiк комиссияның құрамына төраға, төраға орынбасары және тендерлiк комиссияның мүшелерi кiредi. Төраға болмаған уақытта оның функциясын оны алмастыратын тұлға атқарады. Тендерлiк комиссия мүшелерiнiң жалпы саны кемiнде үш адамнан құралады.
      7. Тендерлiк комиссия қызметiне:
      1) тендерлiк комиссия жұмысын жоспарлайтын және қызметiне басшылық жасайтын;
      2) тендерлiк комиссия отырысында төрағалық ететiн;
      3) осы Ережелерде көзделген функцияларды жүзеге асыратын төраға басшылық жасайды.
      8. Тендерлiк комиссияның ұйымдастыру қызметiн тендерлiк комиссияның хатшысы қамтамасыз етедi. Тендерлiк комиссияның хатшысы тендерлiк комиссияның мүшесi болып табылмайды және тендерлiк комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс бермейдi.
      Тендерлiк комиссияның хатшысы тендердi ұйымдастыру және өткiзуге жауапты тендердi ұйымдастырушының құрылымдық бөлiмшесiнiң лауазымдық тұлғалар санынан анықталады.
      9. Тендерлiк комиссияның хатшысы:
      1) тендерлiк комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады;
      2) тендерлiк комиссияны қажеттi құжаттармен қамтамасыз етедi;
      3) түскен тендерге қатысуға өтiнiмдердi тiркеудi жүргiзедi;
      4) тендерлiк комиссия отырысының хаттамалық шешiмiн ресiмдейдi;
      5) тендер қорытындысы бойынша үмiткерлердiң және жеңiмпаздардың мекен-жайына хабарламаларды жiбередi;
      6) тендердi әзiрлеу және өткiзу құжаттарының сақталуын қамтамасыз етедi;
      7) осы Ережелермен көзделген функцияларды жүзеге асырады.
      10. Тендерлiк комиссия:
      1) өз жұмысының регламентiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      2) ақпараттық хабарламаны бекiтедi;
      3) сатылатын тауарлар бойынша лоттарды бекiтедi;
      4) үмiткерлердiң тендерге қатысуға өтiнiмдерiн қарайды;
      5) тендер өткiзедi және ол бойынша шешiм шығарады.
      11. Тендердi ұйымдастырушы ақпараттық хабарлама бекiтiлген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кеш емес, бiрақ үмiткерлердiң тендерге қатысуға өтiнiмдерiн беретiн соңғы күнге дейiн кемiнде 30 (отыз) күнтiзбелiк күн бұрын тендердi ұйымдастырушының интернет-ресурында тендер өткiзу туралы жария мәтiнiн орналастырады.
      12. Тендер өткiзу туралы хабарлама мынадай мәлiметтерден тұрады:
      1) тендердi ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
      2) тендердiң өткiзiлетiн орны, күнi және уақыты (тендер өткiзiлетiн бiр үздiксiз кезең ағымын көрсету рұқсат етiледi), сондай-ақ тендерге қатысуға өтiнiмдердi беретiн орны мен мерзiмi;
      3) номенклатурасы, ең аз көлемi, қосылған құнға салынатын салықты ескере отырып немесе ескерусiз кесiмдi бағасы, тауарды төлеу мерзiмi, тауарды шығарып алу мерзiмi және тауардың орналасқан жерi қамтылған тауар туралы мәлiмет;
      3-1) тендерге қатысуға өтiнiмдi енгiзу шарттары және қамтамасыз ету түрлерi;
      4) қорытындыны жариялау тәртiбi және мерзiмi;
      5) тендердi ұйымдастырушының оны өткiзуден бас тарту тәртiбi.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрықтарымен.
      13. Кәсiпкерлiк қызметпен айналыспайтын тендерге қатысуға ниет бiлдiрген жеке тұлғаның тендердi ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтiнiмi мыналарды қамтуы тиiс:
      1) осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес үлгi бойынша тендерлiк өтiнiмi;
      2) жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуiрдегi № 55 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiк
кепiлдiктер мен кепiлдемелердi беру ережесiне сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5231 тiркелген)
берiлетiн банк кепiлдiгi түрiнде осы Ережемен белгiленген мөлшерде тендерге қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi растайтын құжаттың не уәкiлеттi орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымының банктiк шотында орналастырылатын кепiлдiк берiлген ақша жарнасын
растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      14. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген жеке кәсiпкер ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтiнiмi мыналарды қамтуы тиiс:
      1) осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес үлгi бойынша тендерлiк өтiнiмi;
      2) жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      3) жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      4) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуiрдегi № 55 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiк кепiлдiктер мен кепiлдемелердi беру ережесiне сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5231 тiркелген) берiлетiн банк кепiлдiгi түрiнде осы Ережемен белгiленген мөлшерде
тендерге қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi растайтын құжаттың не уәкiлеттi орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымының
банктiк шотында орналастырылатын кепiлдiк берiлген ақша жарнасын
растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      15. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген заңды тұлғаның тендердi ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтiнiмi мыналарды қамтуы тиiс:
      1) осы Ережелерге 3-қосымшаға сәйкес үлгi бойынша тендерлiк өтiнiмi;
      2) жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      Егер заңды тұлға өзiнiң қызметiн үлгiлiк жарғы негiзiнде жүзеге асыратын болса, онда тендерге қатысуға өтiнiм заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы өтiнiштiң көшiрмесiн қамтуы тиiс.
      Қазақстан Республикасының резидент еместерi мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тiзiлiмiнен жария етiлген үзiндi көшiрменi ұсынады;»
      3) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      4) осы Ережелерге 4-қосымшаға сәйкес үмiткердiң банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы үмiткерге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қолы және мөрi бар анықтаманың түпнұсқасынан (егер үмiткер екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдан кейiн алынуға тиiс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiн растайтын құжаттың болмауы үмiткердiң өтiнiмiнен бас тартуға негiз болып табылмайды;
      5) егер тендерлiк өтiнiмдi заңды тұлғаның басшысы емес қол қойған жағдайда – уәкiлеттi адамға берген сенiмхаты, уәкiлеттi тұлғаның жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      6) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 55 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiк
кепiлдiктер мен кепiлдемелердi беру ережесiне сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5231 тiркелген)
берiлетiн банк кепiлдiгi түрiнде осы Ережемен белгiленген мөлшерде
тендерге қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi растайтын құжаттың не
уәкiлеттi орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымының банктiк шотында орналастырылатын кепiлдiк берiлген ақша жарнасын
растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрықтарымен.
      15-1. Үмiткер мынадай жағдайларда:
      1) тендерге қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етпесе;
      2) егер ол алдында тендер жеңiмпазы деп танылған және сатып алу-сату шартының талаптарын орындамаса немесе тиiсiнше орындамаса тендерге қатысуға жiберiлмейдi.
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрықтарымен.
      15-2. Үмiткер тендерге қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi, өзiнiң:
      1) тендерге қатысуға өтiнiмiн мұндай өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн керi қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтiндiгiнiң және (немесе) толықтырмайтындығының
      2) оны тендер жеңiмпазы деп таныған жағдайда уәкiлеттi органның ведомствосымен сатып алу-сату шартын жасасатындығының кепiлi ретiнде енгiзедi.
      Ескерту. 15-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      15-3. Тендерге қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету лот сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерiнде енгiзiледi.
      Банк кепiлдiгi уәкiлеттi орган ведомствосы сатып алу-сату
шартын тiркегенге дейiн қолданылады және егер екiншi деңгейдегi
банктер тендер өткiзiлген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнi iшiнде
жазбаша талап алмаса толық және автоматты түрде күшiн жояды.
      Ескерту. 15-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      15-4. Үмiткер тендерге қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң
мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) уәкiлеттi орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымының банк шотына енгiзiлетiн кепiлдiктi ақшалай жарнаны;
      2) банктiк кепiлдiктi таңдайды.
      Үмiткердiң тендерге қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн үшiншi тұлғаларда енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнаға
толығымен не бiр бөлiгiнде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соғатын iс-әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.
      Тендердi ұйымдастырушының, осы Ереженiң 15-5-тармағында аталған
iс-әрекеттердi қоспағанда, үмiткер енгiзген кепiлдiктi ақшалай
жарнаны пайдалануына жол берiлмейдi.
      Ескерту. 15-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      15-5. Тендердi ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде қайтармайды:
      1) үмiткер тендерге қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы
мерзiмi өткеннен кейiн тендерге қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алса
не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
      2) тендер жеңiмпазы деп айқындалған үмiткер сатып алу-сату
шартын жасасудан жалтарса.
      Жоғарыда көрсетiлген жағдайлардың бiрi туындаған кезде
тендерге қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң сомасы республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледi.
      Ескерту. 15-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      15-6. Тендердi ұйымдастырушы үмiткерге ол енгiзген тендерге қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде қайтарады:
      1) осы үмiткер өзiнiң тендерге қатысуға өтiнiмiн тендерге қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
      2) тендер қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылғанда;
      3) тендердi ұйымдастырушы тендер өткiзуден бас тартқан кезде.
      Ескерту. 15-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      16. Тендерге қатысуға өтiнiмдi үмiткер тендердi ұйымдастырушыға тiгiлген түрде, нөмiрленген беттермен бередi және соңғы бетi оның қолымен және мөрiмен (жеке тұлға үшiн егер осындай болса) расталады.
      Тендерге қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке берiледi.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011.07.29 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      17. Тендерлiк өтiнiмнiң нысаны басып шығарылады немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылады, үмiткердiң қолы қойылады және мөрiмен (жеке тұлға үшiн егер осындай болса) расталады.
      18. Тендерлiк өтiнiмде жол арасында қосымшалар, өшiрулер және қоса жазулар, сондай-ақ арифметикалық қателер болмау керек.
      19. Тендерлiк өтiнiмде үмiткер лот нөмiрiн, тауардың атауын, мөлшерiн, өлшем бiрлiгiн, бағасын, тауар үшiн жалпы соманы, төлеу және тауарды шығарып алу мерзiмiн көрсетедi.
      20. Тендерге қатысуға өтiнiмнiң түпнұсқасы конвертке салынады және тендерлiк комиссияның отырысында ашылады.
      21. Берiлген ақпараттың толықтығы үмiткердiң мүмкiндiктерiн растайтын құжаттарды тендерлiк комиссия қараған кезде анықталады. Енгiзiлген тендерге қатысуға өтiнiм өзгертуге жатпайды.
      22. Тендерлiк комиссия хатшысы үмiткердiң атауы, мекен-жайы, телефоны мен факсының нөмiрi, тендерге қатысуға өтiнiмдi ұсынған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, өтiнiм түскен күнi және уақыты көрсетiлген тендерге қатысуға үмiткерлердi тiркеу журналын жүргiзедi.
      23. Тендерге үмiткерлердi тiркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады және тендер өткiзуге бiр сағат қалғанда аяқталады.
      24. Тендерге қатысуға қажеттi құжаттар пакетi журналда тiркеуден өткеннен соң, тендер өткiзiлетiн күнге дейiн тендерлiк комиссия хатшысының арнайы сейфiнде сақталады.
      25. Үмiткер тендер басталудан бiр сағаттан кем емес мерзiмде тендерге қатысудан бас тарта алады.
      26. Тендердi өткiзуге дейiн үмiткер тауардың сапалық жағдайы және тауардың техникалық регламент талаптарына және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкестiгi бойынша сараптама жасауына болады. Ондай сараптаманы жүргiзуге байланысты шығындар үмiткер тарапына жатады.
      Сараптама жүргiзу үшiн үмiткер:
      1) сынама алу үшiн сараптама жүргiзуге қажеттi материалдық құндылықтардың атауы және орналасқан жерi көрсетiлген тендердi ұйымдастырушыға хатын;
      2) тауардың техникалық регламенттерде немесе стандарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау бойынша ресiмдердi жүргiзу үшiн материалдық құндылықтардың қажеттi мөлшерiн ұсыну туралы сәйкестiгiн растау жөнiндегi аккредиттелген заңды тұлғаның хатын;
      3) сараптамаға арналған материалдық құндылықтардың көлемiн төлегенi туралы төлем тапсырмасының көшiрмесiн ұсынады.
      Сараптамаға арналған материалдық құндылықтардың көлемi үшiн төлем алынғаннан кейiн уәкiлеттi органның ведомствосы мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын шығаруға нарядтар жазып бередi.
      Наряд негiзiнде үмiткер оның хатында көрсетiлген сақтау пунктiнен сараптама жүргiзу үшiн материалдық құндылықтарды алады.

3. Тендердi өткiзу тәртiбi

      27. Тендер өткiзу кезеңiн тендерлiк комиссия анықтайды және тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында белгiленедi.


      28. Тендерлiк комиссияның отырысы тендерлiк комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан көпшiлiгi қатысқан жағдайда өткiзiледi және тендерлiк комиссияның қатысқан мүшелерi, оның төрағасы, оның орынбасары және тендерлiк комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Тендерлiк комиссия мүшесi болмаған жағдайда тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi көрсетiледi.
      29. Тендерлiк комиссияның отырысы үмiткерлердiң қатысуынсыз өтедi.
      30. Тендерде өтiнiмдер қаралады және үмiткерлердiң тендерлiк ұсыныстары жарияланады. Тендерлiк комиссия үмiткерлердiң ұсыныстарын талдаудан және бағалаудан кейiн, алғышарттармен салыстырғанда шарт жасасудың қолайлы жағдайларын ұсынған жеңiмпазды анықтайды.
      31. Бiр ғана үмiткердiң болуы тендер өткiзiлмедi деп табуға негiз болмайды.
      32. Тендерлiк комиссия үмiткердiң тендерге қатысуға өтiнiмiн:
      1) тендерге қатысуға өтiнiмнiң осы Ережелердiң 16, 18-тармақтарына сәйкес келмеуi;
      2) осы Ережелерге 1-қосымшаға (жеке тұлға үшiн), 2-қосымшаға (жеке кәсiпкер үшiн), 3-қосымшаға (заңды тұлға үшiн) сәйкес тендерлiк өтiнiмдi ұсынбаған;
      3) тендерге қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынбаған;
      4) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуiрдегi № 55 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiк кепiлдiктер мен кепiлдемелердi беру ережесiнiң (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5231 тiркелген) талаптарын бұза отырып берiлген банк кепiлдiгiн ұсынған;»;
      5) банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында үмiткердiң осы анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң болуы;
      6) толық емес немесе дәл емес ақпарат ұсынған;
      7) үмiткердiң ұсынған бағасы кесiмдi бағадан төмен болған жағдайларда алып тастайды.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      33. Тендерге қатысуға өтiнiмдердi қарау кезiнде неғұрлым жоғары өтiнiм бағасын ұсынған өтiнiмдер қанағаттандырылады.
      Өтiнiм бағалары бiрдей болған кезде аз төлеу мерзiмiн ұсынған үмiткер жеңiмпаз деп танылады.
      Өтiнiм бағалары және төлеу мерзiмi бiрдей болған кезде, тендерге қатысуға өтiнiмi тiркеу журналына басқа үмiткерлерден бұрын енгiзген үмiткер жеңiмпаз деп танылады.
      34. Тендерлiк комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және оған қатысқан тендерлiк комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе қабылданды деп саналады.
      Дауыс тең болған жағдайда тендерлiк комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төраға орынбасары дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      Тендерлiк комиссия шешiмiмен келiспеген жағдайда тендерлiк комиссияның кез келген мүшесi өз қарауы бойынша жазбаша түрде баяндалатын және тендерлiк комиссия отырысының хаттамасына қоса тiркелетiн ерекше пiкiр бiлдiредi.
      35.  Тендерлiк комиссияның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      36. Тендер қорытындысы хаттама түрiнде ресiмделедi. Тендер қорытындысы туралы хаттама тендер өткiзiлген күнi жасалады және онда әр үмiткер бойынша тендерлiк комиссияның шешiмi көрсетiледi.
      37. Тендерге қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi туралы хабарлама тендер өткiзген күннен бастап 1 (бiр) тәулiк iшiнде үмiткерлерге жазбаша (факспен немесе поштамен) жiберiледi және тендердi ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады.
      Тендер жеңiмпазына жiберiлетiн хабарламаға шарт жобасы қоса берiледi.
      38. Тендер жеңiмпазы тендер өткiзiлген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органның ведомствосымен шарт жасасады.
      39. Жеңiмпаздың көрсетiлген мерзiмде шарт жасасу үшiн келмеген жағдайында осы жеңiмпазға қатысты тендерлiк комиссияның шешiмi жоққа шығарылады.

Мемлекеттiк материалдық резервтен


материалдық құндылықтарды (жаңарту
және броньнан шығару тәртiбiмен) 
шығару жөнiндегi тендерлердi     
дайындау және өткiзу ережелерiне 
1-қосымша           

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.



Тендерлiк өтiнiм*

______________________________________________________________
     (жеке тұлғаның Т.А.Ә., жеке куәлiгi құжатындағы деректер)
атынан _____________________________________________________________
       (заңды тұлғаның мүддесiн бiлдiруге уәкiлеттi тұлғаның Т.А.Ә.,
                                лауазымы)
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерiмен танысып, мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сату бойынша тендерге қатысуға ниет бiлдiредi және сатып алуды ұсынады
____________________________________________________________________
      (лот нөмiрi, атауы, мөлшерi, өлшем бiрлiгi, ұсынған баға,
                  тауар үшiн жалпы сомасы) ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тауарды төлеу мерзiмi ______________________________________________
Тауарды шығарып алу мерзiмi ________________________________________
      Бiздiң тендерлiк өтiнiмдi тендерлiк комиссия қанағаттандырған жағдайда, тендер өткiзiлген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде тауарды сатып алу-сату туралы шартты жасауға мiндеттенемiз.
      Сатып алынатын тауардың сапасы бойынша ренiш-талабымыз жоқ. Сондай-ақ тендерге қатысуға өтiнiмде көрсетiлген ақпараттың дұрыстығына кепiлдiк беремiз.

Пошталық мекен-жай:


______________________________________________,
 (индекс, облыс, қала, көше үйдiң №, пәт.№)
Телефон, факс: _______________________________
Банк реквизиттерi
Лауазымы, Т.А.Ә., жұмыс орны, қолы;
Өтiнiм толтырылған мерзiм
М.О.

       *Көрсетiлген барлық тармақтарды толық толтыру, анық қол қою және мөр таңбасы мiндеттi, керi жағдайда өтiнiм жарамсыз деп саналады.

Мемлекеттiк материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды (жаңарту
және броньнан шығару тәртiбiмен) 
шығару жөнiндегi тендерлердi     
дайындау және өткiзу ережелерiне 
2-қосымша           

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.



Тендерлiк өтiнiм* 

_______________________________________________________________
(жеке кәсiпкердiң Т.А.Ә., жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы
                            куәлiк деректерi)
атынан ______________________________________________________________
        (заңды тұлғаның мүддесiн бiлдiруге уәкiлеттi тұлғаның Т.А.Ә.,
                                  лауазымы)
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерiмен танысып, мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сату бойынша тендерге қатысуға ниет бiлдiредi және сатып алуды ұсынады
_____________________________________________________________________
      (лот нөмiрi, атауы, мөлшерi, өлшем бiрлiгi, ұсынған баға,
                      тауар үшiн жалпы сомасы) _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тауарды төлеу мерзiмi _______________________________________________
Тауарды шығарып алу мерзiмi _________________________________________
Бiздiң тендерлiк өтiнiмдi тендерлiк комиссия қанағаттандырған жағдайда, тендер өткiзiлген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде тауарды сатып алу-сату туралы шартты жасауға мiндеттенемiз.
Сатып алынатын тауардың сапасы бойынша ренiш-талабымыз жоқ. Сондай-ақ тендерге қатысуға өтiнiмде көрсетiлген ақпараттың дұрыстығына кепiлдiк беремiз.

Пошталық мекен-жай:


___________________________________________,
(индекс, облыс, қала, көше үйдiң №, пәт.№)
Телефон, факс: ____________________________
Банк реквизиттерi
Лауазымы, Т.А.Ә., жұмыс орны, қолы;
Өтiнiм толтырылған мерзiм
М.О.

      *Көрсетiлген барлық тармақтарды толық толтыру, анық қол қою және мөр таңбасы мiндеттi, керi жағдайда өтiнiм жарамсыз деп саналады.

Мемлекеттiк материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды (жаңарту
және броньнан шығару тәртiбiмен) 
шығару жөнiндегi тендерлердi     
дайындау және өткiзу ережелерiне 
3-қосымша           

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.



Тендерлiк өтiнiм*

_______________________________________________________________
                   (заңды тұлғаның толық атауы)
атынан ______________________________________________________________
       (заңды тұлғаның мүддесiн бiлдiруге уәкiлеттi тұлғаның Т.А.Ә.,
                              лауазымы)
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерiмен танысып, мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сату бойынша тендерге қатысуға ниет бiлдiредi және сатып алуды ұсынады
_____________________________________________________________________
       (лот нөмiрi, атауы, мөлшерi, өлшем бiрлiгi, ұсынған баға,
                      тауар үшiн жалпы сомасы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тауарды төлеу мерзiмi _______________________________________________
Тауарды шығарып алу мерзiмi _________________________________________
      Бiздiң тендерлiк өтiнiмдi тендерлiк комиссия қанағаттандырған жағдайда, тендер өткiзiлген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде тауарды сатып алу-сату туралы шартты жасауға мiндеттенемiз.
      Сатып алынатын тауардың сапасы бойынша ренiш-талабымыз жоқ. Сондай-ақ тендерге қатысуға өтiнiмде көрсетiлген ақпараттың дұрыстығына кепiлдiк беремiз.

Пошталық мекен-жай:


___________________________________________,
(индекс, облыс, қала, көше үйдiң №, пәт.№)
Телефон, факс: ____________________________
Банк реквизиттерi
Лауазымы, Т.А.Ә., жұмыс орны, қолы;
Өтiнiм толтырылған мерзiм
М.О.

      * Көрсетiлген барлық тармақтарды толық толтыру, анық қол қою және мөр таңбасы мiндеттi, керi жағдайда өтiнiм жарамсыз деп саналады.

Мемлекеттiк материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды (жаңарту
және броньнан шығару тәртiбiмен) 
шығару жөнiндегi тендерлердi     
дайындау және өткiзу ережелерiне 
4-қосымша           

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2012.01.11 № 14 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

Нысан

Берешектiң жоқтығы туралы анықтама

      Банк (атауы)_________________ жағдай бойынша осы Банкте қызмет көрсетiлетiн банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығын растайды (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекен-жайы, СТН, БСК, БИН және т.б. көрсету қажет).



      Күнi
      Қолы
      M.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет