«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 26 ақпандағы №220 қаулысының 4 бөлімі 11 тармағы 106 бабына сәйкес ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ шоттарындағы ақшалай қаражат қозғалысы жөніндегі есептерді беруді аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады және олар:
Мемлекеттік мекемелерге:
-
төлемдер мен аударымдарының жүргізілуіне қарай:
5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» нысаны бойынша
5-33 «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша
-
ай сайын:
5-30 «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдық» нысаны бойынша
Мемлекеттік мекемелерге 5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотының көшірме» нысаны айдың бірінші күніне берілмейді. Нысан тек мемлекеттік мекеме хат түрінде сұраныс жасағанда ғана беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті токсаннан кейінгі 3-ші күнге дейін токсан сайын және жыл сайын 5-34А «Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша беріледі.
Ағымдағы қаржы жылы ішінде зейнетақылық, әлеуметтік аударымдар, жалақы, алименттер, стипендиялар бойынша өткен жылдардың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты оған қоса берілген свифт-файлдың негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін KZ32070005KSN6001000-шотқа есептеледі.
Кірістері бойынша түсімдер сомасын есептеу кезінде KZ32070005KSN6001000-шотқа (құжаттарда 2-38-нысан бойынша төлем тасырмаларындағы көрсетілген деректемелер болмаған немесе дұрыс болмаған кезде) аумақтық қазынашылық органы соманы ақшаны жөнелтушіге не мемлекеттік мекеменің хаты негізінде деректемелерді нақтылаған кезде тиісті бюджеттің кірісіне есептелуі мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтер шотына, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру шотына түсімдер бойынша KZ32070005KSN6001000-шотына есептелген сомалар 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелер болмаған немесе қате көрметілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі мелекеттік мекеме хатының негізінде деректемелерді нақтылаған кезде ақшаны алушыға есептейді.
Ағымдағы қаржы жылының соғында зейнетақылық, әлеуметтік аударымдар, жалақы, алименттер, стипендиялар бойынша төлемдерді қайтару өткен жылдырдың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген свифт-файлдың негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін KZ32070005KSN6001000-шотқа есептеледі.
30-тарау. Мемлекеттік мекеменің жасалған төлемдер сомасын және ақша аударымдарын қайтару
234. Ағымдағы қаржы жылында жасалған төлемдерді қайтару кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі:
орындалмаған міндеттемелер сомасын арттыру және шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту арқылы мемлекеттік мекеменің кассалық шығыстарын қалпына келтіруді жүзеге асырады;
мемлекеттік мекемеге осы Ереженің 90-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2-38 "Төлем тапсырмасы" нысанындағы есепті (бұдан әрі - 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы) және осы Ереженің 91-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 5-17 "Ќалпына келтіру және ауыстырулар тізілімі" нысанындағы есепті береді.
235. Ағымдағы жылдың деректемелері дұрыс көрсетілмеген төлемдері немесе өткен жылдардың төлемдерін қайтарған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесі мұндай төлемдерді KZ32070005KSN6001000 "Өзара есеп айырысулар бойынша айқындалғанға дейінгі сомалар" шотына (бұдан әрі - KZ32070005KSN6001000-шот) есептейді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекемеге 2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасын береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жеті жұмыс күні ішінде сомалардың KZ32070005KSN6001000-шотқа есептелу себебін айқындауды қамтамасыз етеді, қате аударылған төлемдер болған жағдайда, сома ақша жөнелтушіге кері қайтарылады.
236. Мемлекеттік мекеме төлем тапсырмасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақша алушыға қайтарылған төлем құжатының сомасын кейін аудару үшін нақтыланған деректемелерді көрсете отырып не аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтарылған төлем құжатының сомасын тиісті бюджеттің кірісіне кейін аудару үшін өткен жылдардың дебиторлық берешегін растайтын хат жібереді.
Тиісті бюджеттің кірісіне өткен жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасын аударуға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің 2-38-нысаны бойынша көлем тапсырмасы мемлекеттік мекеменің есебіндегі дебиторлық берешекті есептен шығару үшін негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |