Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрлігі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Құспанова Ақбота/КЯ-21-1 Жоспар:
Алимент түсінігі
Алимент төлемдерінің өлшемі
Алиментті төлеу қашан тоқтатылады?
Алимент алу үшін сотқа беру
1
2
3
4
Алимент – бұл бір адам оны алуға құқығы бар басқа адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Ең көп таралған алимент жағдайы – баланы асырап- бағуға арналған төлемдер, алайда алименттер балалардың анасына да, өзін-өзі асырай алмайтын ерлі-зайыптыларға да, ата-аналарына да төленуі мүмкін.
1
АЛИМЕНТ ТҮСІНІГІ
Баланы асырап-бағу – ата-аналардың заңмен бекітілген міндеті, бұл ретте ата-аналардың некеде, азаматтық некеде тұратындығы немесе ажырасқандығы мүлдем маңызды емес. Қорғаншылықтағы, қамқоршылықтағы немесе патронаттық тәрбиедегі балалардың, сондай-ақ асырап алынған балалардың да алимент алуға құқығы бар.
Алимент баланы асырап- бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады.
Алимент төлеудің 2 тәсілі:
ЕРІКТІ
келісім бойынша. Алимент төлеу туралы келісімнің үш түрі көзделген, соттан тыс тәртіппен жасалған, жазбаша түрде нысанда жасалады:
- алимент төлеу туралы келісімдер-нотариус;
- дауды реттеу туралы келісімдер-медиатор;
- адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар-партисипативтік рәсім тәртібімен алимент төлеу туралы дауды реттеу туралы келісімдер.
Нотариатта куәландырылған келісімде алименттің мөлшерін тараптар айқындайды және алимент өндіріп алу кезінде сот тәртібімен алынуы мүмкін алимент мөлшерінен төмен болмауға тиіс.
МӘЖБҮРЛІ
– сот арқылы.
Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға алимент олардың ата - аналарынан ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - төрттен бір, екі балаға – үштен бір, үш және одан да көп балаға-ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің жартысы мөлшерінде өндіріп алады.
АЛИМЕНТ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ӨЛШЕМІ
2
Ата-анада тұрақты табысы болмаған кезде сот алиментті ай сайын мәжбүрлеп өндіріп алуды анықтай алады:
- жұмыссыз үшін, берешекті өндіріп алу кезіндегі ҚР орташа айлық жалақы мөлшерін ескере отырып;
- жеке кәсіпкер үшін салық және зейнетақы аударымдарын негізге ала отырып;
- өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін есеп жұмыссызға ұқсас;
- бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдар үшін осы кезеңде жұмыс болмаған жағдайда 1 АЕК мөлшерінде.
3
АЛИМЕНТ АЛУ ҮШІН СОТҚА БЕРУ
Егер бейбіт жолмен келісу мүмкін болмаса, онда алимент өндіріп алу туралы талап арызды талапкер өзінің тұрғылықты жері бойынша бере алады.
Алимент туралы бұйрықты сот 3 жұмыс күні ішінде шығарады. Сот төлеушінің жиынтық табысына ай сайынғы мәжбүрлеп өндіріп алуды үлестік пропорцияда беруге құқылы.
Сотқа алименттерді өндіріп алуға өтініш берген кезде талап қою үшін қажетті құжаттардың тізбесі ұсынылады:
- жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
- талаптар негізделетін мән-жайларды растайтын құжаттар, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін, егер олар жоқ болса, осы құжаттардың көшірмелері: неке туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі, әке болуды анықтау туралы куәлік және нақты жағдайға байланысты өзгелері.
- алимент өндіріп алу туралы өтініштің көшірмесі – жауапкер үшін.
Қалыптасқан жағдайларға байланысты өзге құжаттар талап етілуі мүмкін және мұны сотқа жүгінгенге дейін нақтылау қажет.
Талап қою берілген кезде талапкерлер мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
4
АЛИМЕНТТІ ТӨЛЕУ ҚАШАН ТОҚТАТЫЛАДЫ?
- бала кәмелетке толғаннан кейін немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін немесе алимент төлеу туралы келісімде көрсетілген жасқа толғанға дейін толық әрекетке қабілетті болған жағдайда;
- асырап-бағуға алимент өндіріп алынған баланы асырап алған кезде;
- сот алимент алушының еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруді немесе көмекке мұқтаждығын тоқтатуды таныған кезде;
- еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж алимент алушы жаңа некеге отырғанда (ерлі - зайыпты болғанда);
- алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
ҚОРЫТА КЕЛЕ, баланы асырап-бағуға арналған төлемдер – ең көп таралған осы- алимент жағдайы. Ата-аналардың некеде тұрғанына немесе ажырасқанына қарамастан, олар баланы асырап-бағуға міндетті болып табылады. НАЗАР САЛЫП ТЫҢДАҒАНЫҢЫЗ ҮШІН АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН!
Достарыңызбен бөлісу: |