Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ережені бекіту туралы



бет1/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#142786
  1   2   3   4



Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 956 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 21 шілдедегі

№ 956 қаулысымен

бекітілген




Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ереже Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-13) тармақшаcына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясының мәртебесі мен өкілеттігін белгілейді.

2. Ормандағы өрт сөндіру станциясы (бұдан әрі – ОӨС) – орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі.

3. Орман орналастыру жобасына және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастыру жобасына сәйкес мынадай мақсаттарды орындау үшін мемлекеттік орман қоры аумағында және одан тыс жерлерде мемлекеттік орман иеленушілер мынадай ОӨС құрады:

1) бірінші үлгі – мемлекеттік орман иеленушінің орманшылығы орман қорының аумағында шыққан орман өрттерін жоюды қамтамасыз ету;

2) екінші үлгі – мемлекеттік орман иеленушінің орман қорының бүкіл аумағында орман өрттерін жоюды қамтамасыз ету.

4. ОӨС осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша өртке қарсы мемлекеттік қызметтің аумақтық органымен келісім бойынша мемлекеттік орман иеленуші болып табылатын ұйымның басшысы бекітетін паспорт жасалады.

5. ОӨС өртке қарсы қызметі орналастырылады, оның құрамына ОӨС бастығы, өрт сөндіру машинасының жүргізушісі, тракторист-машинисі, радиооператор, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтар мен аппаратура жөндеу жөніндегі слесарь, орман өрт сөндіруші кіреді, олар тұрақты жұмысқа қабылданады.

6. Өрт бақылау мұнарасының (бекетінің) бақылаушысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес маусымдық жұмысқа қабылданады.


2. Ормандағы өрт сөндіру станциясын жарақтандыру
7. ОӨС «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына сәйкес өрт сөндіру техникасымен, жабдықтармен, құрал-саймандармен, көлік және байланыс құралдарымен жарақтандырылады.

8. Өрт сөндіру техникасы, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік және байланыс құралдары өрт қаупі бар маусым аяқталғаннан кейін жөнделіп, ОӨС сақталады.

9. Өрт қаупі бар маусым басталардан бір ай бұрын өрт сөндіру техникасы, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік және байланыс құралдары орман өрттерімен күрес жөніндегі жұмыстарға толық дайындық жағдайына келтіріледі.

10. Өртке қарсы қызметтің жұмысын қамтамасыз ету үшін ОӨС:

1) ауа райы жағдайлары бойынша өрт қаупінің сыныбын анықтау мақсатында метеорологиялық бақылаулар өткізу үшін метеобекет;

2) құжаттарды, орман екпелерінің жоспарын және көлік жолдары, өрт бақылау мұнараларының (бекеттерінің), өртке қарсы тосқауылдар мен су көздерінің орналасуы көрсетілетін орман өрті картасын сақтауға арналған үй-жай;

3) өртке қарсы қызметтің қызметкерлерін орналастыру үшін, сондай-ақ жабдықтар, өрт сөндіретін құрал-саймандар, далалық асхана, жеке қорғану құралдарын, жауынгерлік киім мен әбзелдер сақтау үшін үй-жай;

4) өрт сөндіру машиналары үшін жылытылатын гараж, күзет машиналары мен тракторлар үшін жабық тұрақтар жасалады.

11. ОӨС мемлекеттік орман иеленушімен немесе орманшылықпен, орман өртін сөндіруде жұмыс істеп жатқан өрт сөндіру техникасымен және өртке қарсы қызметтің қызметкерлерімен, сондай-ақ өрт бақылау мұнараларымен (бекеттерімен), авиабөлімшелермен және қарауыл тікұшақтарының (ұшақтарының) экипаждарымен телефон және радио байланысымен қамтамасыз етіледі.

12. Авиациялық қарауылдау жүзеге асырылатын аудандарда ОӨС жанынан қарауыл тікұшағының (ұшағының) экипажынан мәліметтер қабылдау бекеті ұйымдастырылады және тікұшаққа арналған қону алаңы жасалады.

Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы

өрт сөндіру станциясы туралы ережеге

қосымша

Келісілді Бекітемін



____________________ ____ ___________________________

(өртке қарсы мемлекеттік қызмет (мемлекеттік орман иеленуші болып

органының басшысы) табылатын ұйымның басшысы)
Ормандағы өрт сөндіру станциясының

паспорты
ОӨС орналасқан жері ___________________________________________

(заңды мекенжайы)

Мемлекеттік орман иеленуші ____________________________________

(атауы)


Орманшылық___________________________________________________

(атауы)


ОӨС қызмет ететін аумақ:

Орамдардың нөмірі

Жалпы ауданы, мың. га

Оның ішінде жерлер

орманды

ормансыз

барлығы

оның ішінде орман көмкерген жерлер

1

2

3

4

5
































































































































































































































































Жиыны:














Ормандағы өрт сөндіру станциясының

өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің тізімі


Р/с №


Лауазымы

Т.А.Ә.

Жұмыс өтілі

Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі, күні

Жұмыстан босату немесе ауыстыру туралы бұйрықтың

нөмірі, күні



1

2

3

4

5

6














































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































Ормандағы өрт сөндіру станциясында тұрақты бекітілген өрт сөндіру техникасының,

құрал-жабдықтардың, әбзелдердің, көлік және байланыс құралдарының

тізбесі


Р/с




Атауы

Үлгі, маркасы

Шығарылған жылы

Нөмірі

ОӨС-на түскен күні

Өткізілген жөндеу жұмыстары туралы белгі

Тізбеден алып тастау негізі мен күні

қозғалтқыш

шасси

рама

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


























































































































































































































































































































































































































































































































































































































Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет