Ответ для сш мактарал Мактаральский район юко сұрақ: Мектепте қандай информатика кабинетін де қандай өрт сөндіру құралдары пайдаланылады ? Жауап



Дата29.02.2016
өлшемі50 Kb.
#31813
Ответ для СШ Мактарал Мактаральский район ЮКО

Сұрақ: Мектепте қандай информатика кабинетін де қандай өрт сөндіру құралдары пайдаланылады ?

Жауап: Мектеп ғимараты іске жарамды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіштермен) жабдықталуы тиіс.

Қымбат бағалы электронды жабдықтары (компьютерлер) бар информатика бөлмесін қорғау үшін өрттерді сөндіргенде олардың өрт сөндіргіш затпен зақымдану қаупін болдырмау үшін хладонды және көмірқышқыл өрт сөндіргіштерді пайдалану қажет.


Ответ для СШ Отырар ЮКО

Сұрақ:Өрт сөндіргіштің бағасы қанша тұрады?

Жауап: Өрт сөндіргіштердің бағасын өрт–техникалық жабдықтарын жеткізіп берушілерден білуге болады, олардың координаталары басылымдарда (газеттерде), сондай-ақ интернетте орналасады.
Ответ для СШ Алтынсарина Карасайский район

Вопрос: Кроме огнетушителя какие правила для кабинета ВТ?
Ответ: В целях своевременного предотвращения пожара в кабинетах вычислительной техники должны монтироваться системы автоматического обнаружения пожара. Разработаны и вывешены инструкции о мерах пожарной безопасности. Назначены ответственные должностные лица за пожарную безопасность.

Необходимо отметить, что актуальными аспектами состояния пожарной безопасности электросистем кабинетов информатики является число электроприборов (компьютеров) используемых в помещениях и технические возможности электросетей. Недостаток розеток в помещениях приводит к тому, что электроприборы подключаются к электрическим сетям через разветвлители и удлинители.

Чтобы избежать пожаров от электричества, запрещается:


  • включать одновременно в розетку несколько электроприборов; завязывать ее в узлы, ставить вплотную к ней различные предметы;

  • оставлять работающие электроприборы без присмотра;

  • пользоваться неисправными электроприборами.


Ответ для СШ Абая Атырауской области

Сұрақ: Қазақстанда өрт болуының орташа статистикасы туралы не айтасыз?

Жауап: Қазақстан Республикасында жыл сайын 19 мыңнан астам өрт тіркеледі, материалдық шығын 4 млрд. тенгеден асады, өрттерде бір мыңнан астам адам әртүрлі дәрежеде жарақаттанады және қаза болады.

Ответы для СШ Абая Атырауской области и гимназии Каракия Мангистауской области

1. Сұрақ: Өрт сөндіру мамандығын тандау үшін УБТ-да қандай пән қажет?

2. Сұрақ:Осы мамандыққа түсу үшін қандай пән таңдау кере?

Жауап: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты (бұдан әрі - Институт) күндізгі оқу нысаны бойынша бакалавр біліктілігін бере отырып, «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі бар мамандар дайындауды жүзеге асырады.

Институтта оқу-тәрбиелік үрдісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес ұйымдастырылған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурс негізінде күндізгі оқу факультетіне 25 жасқа дейінгі, оқу жылы басында 17 жасқа толған және әскери-дәрігерлік комиссиясы мемлекеттік өртке қарсы органдарында қызметке жарамды деп танылған азаматтар қабылданады. Белгіленген тәртіппен күндізгі оқуға қабылданған тұлғалар әскери есептен алынады және ҚР ТЖМ органдарының арнайы есебіне қойылады.

Оқуға түсетін жылы мектеп, лицей бітіргендер институтқа ҰБТ нәтижесін ұсынады және физика және математика сияқты бейіндік пәндерден емтихан тапсырады. Білім беру мекемелерін (мектептерді, лицейлерді, колледждерді және т.б.) бұрын бітірген тұлғалар оқуға түсу кезінде кешенді тестілеуден өтеді.

Физикалық дайындықтан - бөренеден тартылу (9-11-13 рет), 100 метрге жүгіру (13,2-13,6-14,2 сек), 3 км (13,00-14,0-15,00 мин) жүгіру емтиханын тапсырады.

Институтта оқу кезінде оларды толықтай мемлекет қамтамасыз етеді, оларға жалпы әскери жарғы тәртібі, жоғары оқу орындарының ішкі тәртібі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеру тәртібі қолданылады.

Көкшетау техникалық институтында 4 жыл күндізгі оқу бөлімін тәмамдаған тұлғалар үшін оқу мерзімі шұғыл әскери қызмет өтумен тең.

Күндізгі оқу факультетінің курсанттарына мынадай демалыстар беріледі:

Қысқы каникул демалысы – ұзақтығы 14 тәулік, жазғы каникул демалысы – ұзақтығы 30 тәулік, оқу орнын аяқтауына байланысты – ұзақтығы 30 тәулік.

Күндізгі оқу факультетінің түлектері жұмысқа орналастыру рәсімін жеке бөлетін мемлекеттік комиссияның шешімін ескере отырып жүзеге асырылады.



Оқу орнын бітіргенде түлектерге өртке қарсы қызмет лейтенанты арнайы атағы беріледі.

Көкшетау техникалық институтына азаматтарды іріктеу мен жіберуді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері, ТЖМ жедел-құтқару құралымдары мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері жүргізеді.

Сіздер әскери-дәрігерлік комиссияға жіберу үшін көрсетілген бөлімшелердің кадр қызметіне хабарласып, жеке істі дайындау үшін құжаттарды тапсыруларыңыз қажет.


Ответ для СШ 46 Шиелинского района Кызылординской области

Сұрақ: Информатика кабинетіндегі өрт сөндіру құралдары қабырғада іліну қажет пе әлде жерде тұру қажет пе?

Жауап: «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысының 12- тармағына сәйкес өрт сөндірудің бастапқы құралдарын орналастыру көрінетін орында және үймараттан көшіріп шығару есіктері жанында еденнен 1,5 артық емес биіктікте жүзеге асырылады және өрт кезінде адамдарды ғимараттан қауіпсіз көшіруге кедергі жасамауы керек.
Ответ СШ 50 лет каз. Сарыагашского района ЮКО

Вопрос: А кто должен обеспечивать сигнализацию пожарной безопасности и все остальные инвентари противопожарной безопасности в мультимедийном кабинете, это должен делать заведующий кабинетом?

Ответ: В статье 25 Закона Республики Казахстан «О пожарной безопасности» предусмотрены права и обязанности организаций в области пожарной безопасности.

Также, в соответствии с Правилами пожарной безопасности в Республике Казахстан, утвержденные приказом Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 8 февраля 2006 года № 35 зарегистрированный в Министерстве Юстиции Республики Казахстан от 20 марта 2006 года № 4126 обеспечение пожарной безопасности и пожаротушение возлагается на руководителей организаций, предприятий, независимо от форм собственности.

Таким образом, оборудование мультимедийного кабинета системой автоматической пожарной сигнализацией и оснащение противопожарным оборудованием возлагается на руководство вашей школы.
Ответ для СШ гимназии Ордабасинский район ЮКО

Сұрақ: Компьютер кабинетінде өрт қауіпсіздігі инвентары болу керек пе?

Жауап: «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысының 9- тармағына сәйкес қымбат электронды жабдықтармен жабдықталған бөлмені қорғау үшін өрт сөндіру кезінде өрт сөндіргіш затпен бүліну қаупін болдырмау үшін хладонды және көмірқышқыл өрт сөндіргіштерді пайдалану керек.
Ответ для СШ 22 г. Астана

Вопрос: В современных огнетушителях, что входит в состав?

Ответ: Учитывая область применения современных первичных средств пожаротушения, предпочтение отдается более универсальным, таким огнетушителям как порошковые и углекислотные.

В качестве огнетушащего вещества в порошковых огнетушителях используют порошки общего и специального назначения. Порошки общего назначения используют при тушении пожаров и загорании ЛВЖ и ГЖ, газов, древесины и других материалов на основе углерода, а порошки специального назначения применяют при ликвидации пожаров и загорании щелочных металлов, алюминий- и кремнийорганических соединений и других пирофорных (способных к самовозгоранию) веществ.



Огнетушащим средством углекислотных огнетушителей является сжиженный диоксид углерода (углекислота). Сжиженный газ, находящийся в баллоне, во время использования огнетушителя переходит в газообразное состояние, создавая сильное охлаждение, превращаясь частично в сухой лед и забирая большую часть тепла.
Ответ для СШ Сергеевка СКО

Сұрақ: Өрт қауіпсіздігін сақтау үшін мектептерде неше сағат оқытылу керек?

Жауап: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелерінің 169-тармағына сәйкес оқушылармен жылына 4 сағаттық есеппен тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту және өрт кезіндегі іс-қимылдар жөнінде сабақтар (әңгіме) ұйымдастырылуы қажет. Төменгі сыныптармен өртке қарсы тақырыбы бойынша әңгіме жылына кемінде 2 рет, ал мектепке дейінгі балалар мекемелерінде - ойын сабақтары өткізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет