Мен-қазақпын мың өліп , мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен-қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Жұбан Молдағалиев
|
28 қыркүйекте қазақ тіліндегі әдебиеттер оқу залында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы бойынша поэзиялық кеш өтті. Кешті ұйымдастырушы оқу залының меңгерушісі Темирова Гүлмира Нұрманқызы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында айтып өтті.
|
|
2 курс студенті Хайрат Рая Жұбан Молдағалиевтың өз өмірінде жасаған үш ерлігін баяндады
|
|
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, оқытушысы Смағұлова Нұргүл Қайырбекқызы «Жұбан Молдағалиев- ақын, азамат» тақырыбына баяндама жасады
|
|
Кітапханашы Зейнина Гаухар Уалиясқызы кітап көрмесі бойынша библиографиялық шолу жасады
|
|
Кеш соңында Жұбан Молдағалиевтың өлеңдері мен поэмаларынан үзінді оқыған студенттерге, ақынның кітаптарын сыйға тарту етті
|
«Жыр тудырған Жұбан» атты көрмеге қойылған кітаптарға шолу
Молдағалиев Ж. Мен-қазақпын. Өлеңдер мен поэмалар / Құраст. Е. Дүйсенбайұлы. -Алматы: Раритет, 2007. - 240б. – («Алтын қор» кітапханасы).
СССР және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, көрнекті ақын Жұбан Молдағалиевтың бұл кітабына таңдаулы өлеңдері мен қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған «Сел», «Мен-қазақпын», «Жыр туралы жыр» секілді белгілі поэмалары сұрыпталды.
|
|
|
Молдағалиев Ж. Шығармалар: Үш томдық. Т. 2 : Поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1980. - 432б.
СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ақын Жұбан Молдағалиевтың шығармалары жинағының бұл екінші томына поэмалары енгізілді.
|
Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. Үш томдық. Т. 3 : Публицистика. Очерктер. Әдебиет туралы толғаныстар. - Алматы: Жазушы, 1981. - 440бет.
СССР Мемелекеттік сыйлығының лауреты ақын Жұбан Молдағалиевтың үш томдық шығармалар жинағының бұл үшінші томына мақалалары мен очерктері, әдебиет туралы толғаныстары енгізілді
|
|
|
Молдағалиев Ж. Қызыл қайың. Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1973. - 176 б.
Қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиевтың «Қызыл қайың» атты бұл жинағына соңғы жылдары жазған өлеңдері енді. Бұл жырлар ақынның Отан, партия, туған жер жайлы терең лиризм мен публицистикалық серпінінен жаңылмайды. Оның монғол, үнді сапарынан туған жырлары коммунист ақынның азаматтық поэзиясын айқындай түседі. Сонымен қатар, «Қызыл қайыңда» бүгінгі замандастарымыздың жан сұлулығы, адамгершілік биік қасиеттері, жастық шақтың қимас сәттері үлкен шабытпен жырланады.
|
Молдағалиев Ж. Кісен ашқан: Өлеңдер мен поэма. - Алматы: Жазушы, 1988. – 96б.
Қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиев бұл кітабында заман ұлылығын, еңбек адамдарының қаһармандық істерін, туған жерге деген асыл махаббатты жыр етеді. Сондай-ақ ұлы күйші Құрманғазы арқылы өлмес өнерді, күрескер өмірді дәріптейді
|
|
|
Молдағалиев Ж. Қазақстан көктемі // Өлең өлкесі: Қазақ табиғат лирикасының антологиясы / Құраст. Ж. Әскербекқызы. - Алматы: Жазушы, 2009. - Б. 145-151.
Қазақ поэзиясындағы табиғат суреті байырғы ұлттық дүниетанымнан бастау алып, поэтикалық ойлау тың бояулармен құлпыра бейнеленгеніне арғы-бергі дәуірлердегі әдеби мұралар куә. Бұл жинаққа Жұбан Молдағалиетың үш өлеңі басылды.Табиғатты ондағы сурет пен құбылыстарды әр қалыпта жырлаған туындылары енді.
Кітап мектеп оқушыларына, студенттерге, қалың оқырман қауымға арналған.
|
Шынашақ: Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы / Құраст.: М. Әлімбаев, К. Баянбаев. - Алматы: Балауса, 1992. - 544б.
Қазақ әдебиеті тарихында екінші рет қана жарық көріп отырған бұл антологияның 1977 жылғы басылымнан бірегей өзгешілігі бар. Алғашқы кітап бүкіл ұлттық әдеби қорымыздағы жас ұрпақтың талғам-түсінігіне сай келер деген бұрынғы-соңғы мұраларды кеңінен қамтуды мақсат етсе, бұл жолы, негізінен, қазіргі қазақ балалар поэзиясының жеткен деңгейі мен даму барысын көрсету көзделді.Жұбан Молдағалиевтың балаларға арнап жазған «Қызыл галстук» үлкен өлеңі басылған.
|
|
|
Молдағалиев Ж. Көркем әдебиет шығармалары терең де шыншыл болсын // Әдеби өмір шежіресі / Құраст. Ә. Нарымбетов. - Алматы: Ан-Арыс, 2009. -- Б. 126-151.
Бұл кітап Қазақстан Жазушылар одағының 70 жылдығына орай 2005 жылы «Ана тілі» баспасынан жарық көрген «Әдеби өмір шежіресі» атты кітаптың толықтырылған жаңа нұсқасы.
Бұл нұсқаға Қазақстан жазушыларының 1 - Құрылтайы мен 13 - Құрылтайы (1934-2009ж.ж.) аралығындағы қаламгерлердің әдеби шығармашылық өміріндегі елеулі оқиғалар мен мерейлі мерекелер, Қазақстан жазушылар одағы Басқармасының тарапынан жүзеге асырылған әралуан игі іс-шаралар енгізіліп отыр. Кітап қаламгерлер мен әдебиет сүйер қауымға арналған.
|
Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Т. 2: Сын мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1992. - 544б.
Бұл кітапқа автордың соңғы жылдары жазған мақалалары мен зертеулері іріктеліп кіргізілді. Ақын, азамат Жұбан Молдағалиев туралы жазған мақаласы жарияланған. Кітап әдебиет сүйер қауымға арналған
|
|
|
Қирабаев С. Өмір тағылымдары. Естеліктер. - Алматы: Білім, 2006. - 480б. + 8 бет суреттер.
Белгілі әдебиетші, ғалым және сыншы, академик Серік Қирабаевтың бұл кітабы көп жасап, көп адамдармен араласқан, тәлім алған адамның естеліктері түрінде жазылған. Автор ХХ ғасырдағы қазақтың ұлы азаматтары М.Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсрепов, Ғ. Мұстафин, және де Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен еңбегі туралы қызықты әңгімелер айтады. Кітап әдебиет сүйгіш, қалың оқырманға арналған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |