«Мен дүниеде өз жұртымнан асқан ел бар деп танымаймын»


Жан деген кісіден Ар, Құн деген екі бала болыпты. Ардың



бет6/8
Дата15.02.2024
өлшемі426 Kb.
#492016
1   2   3   4   5   6   7   8
Ата шежіре 2021

Жан деген кісіден Ар, Құн деген екі бала болыпты. Ардың Су, Ау, Қаз; Құнның Шылап, Мас, Хат деген балалары болыпты. Қазіргі Арғын деп жүргеніміз- осы екі ұлы адамның алты баласынан тараған ұрпақ. Олардың бірігіп Арғын аталуы Алтайға ауған заманнан қалған.
Бектен Алшын деген жалғыз ұл қалыпты. Одан Бай, Дөй, Жете, Әлім. Қазіргі Кіші жүздер - осы төрт ұлдың үш иттифаққа (одаққа) бөлінген тұқымы.
Болдан - Қып, Шақ, Қоң, Рат. Қыптан Осқы, Тор, Мал, ал Шақтан Ер, Ұр, Жие, Төк деген балалар болыпты.
Балдан- Уақ , Керей, Нау, Ман. Уақтан- Нір, Ере. Керейден –Ес, Жүн, Бұр. Наудан-Анды,Санды, Бай, Ек. Маннан - Мір деген жалғыз ұл болған. Қазіргі наймандар – осы бес атаның тұқымы. Бал мен Бол ұрпақтары Ақ, Жан мен Бек тұқымына туыстығы бірдей болса да, кейінрек Жан тұқымына қарай бейімделіп, Орта жүз қосын құрды. Одан бергі бұтақты жете анық білмегендіктен, жаза алмадым. Аталғандардың һәммесі-Бақтияр, Үйсін туыстары. Бір жағынан қарағанда, оған таңданатын да ештемесі жоқ. Өйткені қашанда атам қазақ балалары, тіпті бір әке, бір шешеден туған балалар өзара ыңғайласып, еншілеседі ғой.
Орта жүз алты арыс деп саналатын Арғын, Найман, Уақ, Керей, Қыпшақ, Қоңыратты бас - басына тартпадым. Және Кіші жүз - үш иттифақ – он екі ата Байұлы, Жеті ру (Жете баласы), Ғалым ұлы (алты Ғалым, төрт Шөмекей) балаларын да таратпадым. Өйткені онда китабым шындықтан жырақтап кетер еді. Өйткені оны жазу үшін ішінде жал болмауы жөн. Ал жал болмауы үшін, ол елдерді аралап, біраз еңбектену жөн болмақ. Бұл жаугершілік, қантөгіс заманда ондай қолай менде боллмай отыр. Тіпті бәрін тастап, сонымен айналысып-ақ кетер едім, улы найзадан тиген жара күн асқан сайын жанымды мұрнымның ұшына келтіріп тұр.
Қазір күш жоқ. Ал күзге қарай біржола бұл дүниемен қош айтысармын. Қазақ атам айтатын еді, ұзаққа созылған аурулар не көктемде, тобылғы гүлдегенде, не күзде боқ қатқанда қайтады дейтін-ді. Менің жарамның жазылмай, қайта-қайта шамдана беруі бұл менің ажалыма тура келгені шығар. Қайта қырық жерде, шұрық тесік денемен әлі жатқаныма өзім де таңқалып, алда осы китапты жазып бітірсін деп, құдай болысып тұрған шығар деп кейде тауба жасаймын. Дегеннмен қалай да күзден қалмаспын.
Майқы атамыз ғақылмен ел билеп, біртіндеп туысқандарының һамбесін, Абылдың өзінен басқа үш баласының тұқымын, Абылмен бірге туған Азықтың, Албанның, Санжардың тұқымын, одан басқа Арыстан туған бесеудің (Ақ, Жан, Бек, Бол, Бал) тұқымын қолына ұстауға тырысыпты. Біршама ондай мақсатқа жеткен де көрінеді. Соның бәрін соғыссыз, туысқандығын, бір ағаштың жеміс-мәуесі екендігін ұғындырумен жасаған. Тіпті сонау бір кезде жауласа, арыздаса кеткен (Иранға) Бақтиярдың басқа балаларының көбісін өз төңірегінде ұстаған. Сонымен қабат ол қай жерде аузымен құс ұстаған шешен, ел бастаған көсем адамдарды алдырып, соны да қаршы - орда төңірегіндегі қызметке қалдырған. Бірақ нағыз лауазымды адамдар 12-13 адамнан артпаған.
Бір заманда өте күшті елдің, әсіресе Қытай мемлекетінің зәресін алған Майқы Ар мен Хун тұқымын Балдың Нау мен Ман ұрпағын, бүкіл Ертіс бойын, Алтай өңірін алып жатқан елді қолына қаратқан.
Майқының ғәділдігі, қара қылды қақ жаратын таразылығы, ойласпай, ақылдаспай іс қылмайтыны, сондықтан да Майқы көз жұмғанша бір ру қыңқ демей, байқұтшылықта тұруы көрші қызылбастарды , қытайларды, сол кезде жаңа бас көтеріп келе жатқан Жоңғар қалмақтарын қатты іш жиғызған.
Басы біріккен қазақ енді Жетісудан Арқаға - Алай ормандарына дейін, Арқадан Жетісуға, Алтайдан Ақжайық, Ақеділге керісінше көшіп, малына соны қуалатып, көгалдатып, арыстап, жайлап, жандары тыныш тауып қалған.
Қоңыратты арыстаған Ұлықтауды мекендеген Ар тұқымының (темірде) жасаған қарулары қазақ елі айналасындағы бөтен, бөгде жұртты тітіреткен.
Майқы төңірегінде дана адамдар көп болған. Соның екеуі Әндір, Мәнді деген ағайынды жігіттер (Азық жұртынан) аспан ғаламының тілін жақсы білетін, қай жұлдыз қай жерге барғанда мал оңалады,қай жұлдыз қалай айналғанда мал қырылады, Зуһра жұлдызы қай уақытта аспанның қай жеріне барғанда ұрыс болады, соғыс қай бағыттан болады, қай елдің патшасы өліп, орнына кім келеді, осының һәммәсін олар тізіп айтып отырады. Осылардан ғақыл ала отырып Майқы би өз көшін түзеп, бартал тартады екен.
Жауырыншы, құмалақшы, балгерлер де Майқы төңірегінен көп табылады екен. Майқы би Мәді мен Әндірді ерекше ардақтайтын болған. Өйткені тумасынан артық жаралған жандарға қатты құрмет көрсетіп өзінің ең ардақты, өте ғаділ биі Аяз Жаман баласының қасынан орын береді. Ордаға аптасына бір шақырылып тұратын ағайынды екі жігіт келгенде , Майқы олардың сүдінін, аузын бағады. Бір күні Мәді айтыпты:
-Би, артыңда қалың ұрпағың қалады, артыңда көп сөз қалады, жазылған тарих болмайды. Сонда да бүкіл жұртың сені күнде біреуі еске алып отыратын болады. Сенің сөзің аузынан түспейтін болады,- депті. Оған Әндір былай деп қосып айтыпты:
-Би, біз осыны айтып отырғанда, өзің де ұрпағыңның ұсақтанатынын, бет жүзінің өзгеретінін, өзін-өзі құртуға таяйтынын біліп отырсың. Сенің жұлдызың: «Майқы өзі біліп отыр»,-дейді,-депті. –Біз аспан шолып, жұртың шаруасы күйзелмеуін қарайық та, басқасын, адам болашағын бізден өзің абзал аңғарасың.
Аяз би, сен де ұмытылмайсың, -депті Мәді қосарланып, -сенің істерің де үрім бұтағыңа жария болады. Құмырсқа, сенен із қалмайды.
Майқының Аяз, Құмырсқа деген екі биі де ғақыл иесі адамдар екен. Бұлар қазылық құрудан гөрі елшілік - жаушылық жасаумен көп аналысыпты. Екі биіне Майқы ерік берген деседі. Бірде осындайды пайдалаып, Майқы сөйлеп отырғанда екі би тәртіпке мансұқ етіп, Майқы алдын кес - кестей берген. Сонда Майқы:
-Билер бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,
Әзір сөзімде болмас бұрыс,
Ғақылым алжыған жоқ,
Ондайды болжағам жоқ.
Орынсыз ауыз ашсаң,
Екі би басарсың шоқ.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа, жолыңды біл! - депті.
Міне, мәтел осыдан қалыпты. Аязды Майқы бір топта сөйлеген сөзінен танып алған екен. Ол Майқы үмітін ақтаған ғаділ де, елге жайлы да би болыпты. Майқы анда-санда екі биге кірафыт жасап, мейманасы тасып жұртты ұмытып кетпесін деп, менменсініп кетпесін деп, ауық-ауық ел арасына айлап жіберіп алып отырады екен.
Ол заманда Майқы қол астына қараған елге билеушіні бұрынғылар сияқты өз тұқымынан жіберіп отырмапты. Әрбір уалиатты, әр руды, әр ұлысты өздерінен шыққан мойны озған, сөйлесе сөзі бар, көрсе көзі бар адамдардан таңдапты. Соларға өз сұлыбынан шыққандарға басқартыпты. Майқы бабамыздан мынадай даналық қалған. Ол күні бүгінге дейін ел арасында айтылып келеді.
Қас батырда ұйқы жоқ,
Қас сұлуда күлкі жоқ,
Күлкі қайдан болады
Үйінде тұлдыр мүлкі жоқ.
Тамағынан жақын жоқ,
Майқыдан өткен ақын жоқ.
Мамада атың болмаса,
Еркегіңде тақым жоқ
Серікке сенсең секемсіз,
Шын көңілде сақын жоқ,
Еттің бәрі қазы болмас,
Иттің бәрі таз болмас.
Өзі қатты сараңдардың
Ешкімге айтар назы болмас,
Келіні кеу кемпір-шалдың
Көрер күні жазы болмас.
Жекжат берер бекер пұлдың
Көбі менен азы болмас.
Құлақ жарар шіңкіл әуен,
Тыңлағандай сазы болмас.
Ұрыс көрген ұл мен қыздың
Мінезінің мәні болмас.
Еттің бәрі жал болмайды,
Бар сөз білген сал болмайды.
Күйгелектің тез күні өтер,
Ол қартайып шал болмайды.
Жапырақ жайған қызыл мия,
Саялайтын тал болмайды.
Қара көже күбідегі
Ас болады, бал болмайды
Түйе түлік шыдамы мол,
Бір шөккен соң мал болмайды.
Науқас билеп кеткеннен соң,
Шал- шауқанда әл болмайды.
Тұрған іркіт тамақ қырнар,
Тамақ болар мәл болмайды.
Ғақылы асқан зейінді ұл,
Басына іс түссе батпан,
Тәсіл табар, дал болмайды.

***
Қойдан қойдың несі артық?


Қос табақтық еті артық.
Қардан қардың несі артық ?
Жылтыраған беті артық,
Маннан манның несі артық?
Бірі алпауыт, бір шартық.
Аттан аттың несі артық?
Адымдап басқан ізі апртық.
Қыздан қыздың несі артық?
Қылмыңдаған көзі артық.
Ерден ердің несі артық.
Ептеп айтқан сөзі артық.
Пұлдан пұлдың несі апртық?
Тозғанда шұлғау, тозы артық.
Екі лақтан бір тоқты,
Шікірадан қозы артық.
Жыпырлаған жұлдыздан
Жартыкеш болсада Ай артық.
Биік-биік жотадан,
Су сыйлайтын сай артық.
Митыңдаған есектен
Күзелген бөдіс тай артық.
Қисусан салған ұлпадан,
Бір-ақ уыс жүн артық.
Тіршілік берген һәммеге,
Барлығынан күн артық.
***
Адам боқсаң атаң бақ,
Көз жұмар сапар аттанып.
Сөз білген атаң ата-ақ,
Айтқаны қалар жатталып.
Түйе бақсаң, атан бақ,
Атаның туар айында,
Бие туар жылында.
Салмай жортқан жігіттен,
Салмай құлындаған бие артық.
Жүргенде шөп тілемес.
Тілесе де көп тілемес,
Атыңнан атан түйе артық.

Сулы жерді таңламас,


Алма, өріктен шие артық.
Ексең, балам, ағаш ек,
Жеті жасар бала асырамайды,
Жеті жылғы ағаш асырайды...
Қонаққа аспа жауырын,
Таңдап бергей тәуірін.
Бипаз сөйле кеткенгде,
Сипап жібер сауырын.
Жілік жесең біреуден,
Сақта оған жамбасты.
Басыңа іс түскенде,
Жанбастан ол танбас-ты.
Болмаса егер албасты.
Қонақ қойдан жуас-ты,
Май берсеңде жей берер,
Жекжатыңнан тай сұра,
Ең болмаса қой берер.
Майға шылқа өзінді,
Күнде тойсаң бөлерсің.
Аптада бір тоймасаң,
Тоңқалаң асып өлерсің.
Тыныштық бер балаға,
Қазымыр болма шал болсаң.
Көз шырымын алған жөн,
Ғақылың кетіп дал болсаң.
Шаруадан тыс қаларсың,
Бәрің бірдей сал болсаң.
Ақымақтық істей бер
Ғақылың жоқ мал болсаң.
Ардақтамас соқақты,
Салар ол саған қоқақты,
Түбінде тыныш жатпайды.
Дайында ұртоқпақты.
Ұйғыр деген ел болар,
Пұлың болса бел болар,
Алдыңда малың тұрғанда
Берер болар, көл болар.
Көгенің кетсе есіктен,
Қайырың қылған сел болар.
Көрдім талай қытайды,
Көңілім одан жұтайды.
Іші-тысы қараңғы,
Жымйып тұрып тұтайды.
Құтылған соң шүршіттен,
Сонан соң барып мал-жаным
, Байыды, байсал құтайды.
Тағы бір жағым Тор болар,
Көргенің одан сор болар,
Үндемей үңгір ішіңді.
Көз жасың сонда сорғалар.
Тұнғыт түбі Шын болар,
Көрер күнге сын болар,
Кісесінде жасырған
Қайраулы пышақ, қын болар,
Айналамыз тау болар,
Алма, өрік бау болар,
Жылмаңдап бәрі жүргенмен,
Ертеңгі күні Үйсінге
Осының бәрі жау болар.
Баршылық болса мал- жаның,
Көп ағайын көре алмас,
Жоқ болса егер өзіңде,
Туысқаның бере алмас.
Танысаң қара егерде,
Оқи білсең, хат жақсы.
Жыласқанға өз жақсы,
Сыйласқанға жат жақсы.
Қара жаяу қалғаннан
Жаманда болса ат жақсы.
Жауға салма жалғызды,
Тұқымы құрып кетер-ді.
Жаман болса қыз балаң,
Жеті атаңа жетер-ді.
Қатының жаман болса егер,
Қонағың сыйлы кетер-ді.
Келінің жаман болса ше?
Астынан танау міңгірлеп,
Күңкілменен күнің өтер-ді.
Ұл жаман болса ұрыншақ,
Сүргенің өмір бекер-ді.
Жаман айғыр қашанда
Жатырына шабады.
Иттің дағы тегі бар,
Тексіз болса ол шіркін
Иесін де қабады.
Жақынының бәрін жатсынған
Туысқан қайдан табады!?
Жанның ұлы Ар мен Хун,
Тартқызбас бізге зар мен мұң.
Түбі бірге түртпейді,
Одан болмас тұл мен құн.
Бектен жалғыз Алшын-ды.
Біз үшін қанға малшынды
Жауда жүрсең жаныңда,
Сойылың соғар, қамшыңды.
Балдың көп дүр ұрпағы,
Үйсінді жоқ ұрмағы,
Ондай ел өскін келеді,
Оның жоқ дүр құрмағы.
Қоң, Рат, Қып, Шақ, Болдан-ды
Жоқ демеңіз блғанды.
Ақ тұрған жерде қақ тұрар,
Досым дос оған, қасым қас,
Жауымды түнде шолған-ды.
О, Тәңірім табынам!
Бесеуге бер береке,
О, Тәңірім табынам!
Алауыз болса қамығам,
Біріге қалса, шамығам,
Бер бесеуге береке!
Арыс атам атынан,
О, Тәңірім табынам!
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Бесеу біріксе, берместі алады,
О, Тәңірім табынам!

Майқы билік құрып отырып бірде қалғып кетіпті. Жанындағы билердің бірі мұны ұят көріп, Майқы ұйқысынан сергісін деп, тамағын кенеп жөткірініпті. Сонда көзін ашып алған Майқы:


-Қап шіркін-ай, аяғын біле алмай қалдым-ау!-депті. Қасындағы дүбірлері мен нөкерлері, билер оның түрі кетіп, түсі қашқанынан шошып, үндей алмапты. Сөзді өзі бастап, әрі қарай жалғап кеткен деседі:-Көзі қысық, тісі қисық түстіктегі жаудан, көзі шегір өзі жемір жаудан үрім-бұтақ, зау-затым көп қорлық көріп, көп азап шегеді екен. Тілін де, дінін де құртады екен. Аяғын біле алмай қалғанымды көрдіңдер ме!? Ұрпағымның керегесі сөгіліп, көз жасы төгіліп, жігері құм болып, үгіліп, уығы қаламынан қарс айрылып, шаңырағы шарт кетіп шайқалатын кез болады екен. Ұрпағым ынжықтық көрсетіп, мына маған жағын жара алмай отырған сендерше, оның айтқанына көніп, айдауына жүріп зорлығына, қорлығына мөнді-мөнді деп ұзақ уақыт соның табанында таусылады екен. Әттең шіркін, аяғын көргенімде, шаңырағы шайқалмауының амалын осы бастан іздестіретін едім. Біреуің тамағыңды кенеп, біреуің шенеп, жөтелдің бе-ай, жөткіріндің бе-ау, сәл сабырламадыңдар. Мажалы алғашқы бағыну-жағынуды, шағынуды да өз тұқымымыз бастайды екен. Көзі шегір, өзі жемір, жүн бас, талқаяқ, жегені жалқаяқ жұрт елдің батысынан келеді екен. Әттең...
Енді бір күні Майқы таң атпай тағына отырып, қобыз алып гөй-гөй тартып, ұзақ қиналып отырған. Мұндайда бір адам үн шығармай жым-жырт қалған. Қобызды ұзақ сарнатып, «О, дариға-ай, о, дариға-ай!»-дей берген. Сонымен ертемен зарлап, мынадай бір өлең айтып қоя берген:
-Болғанда ақырзаман саулайды жел,
Тоқтыға мың қарабас бір қозы тел,
Шәй, шырайлым, Бойдайталай,
Ой, о дариға-ай!
Тоқтыны мың қарабас еміп тұрып,
Зарлайды тоймадым деп пәруәрдігер,
Шәй, шырайлым, Бойдайталай,
Ой, о дариға-ай!
Болғанда ақырзаман су тартылар,
Жігітке қарап тұрған қыз артылар.
Шәй, шырайлым, Бойдайталай,
Ой, о дариға-ай!
Көз жұмсам, һәмме бүлік көріп тұрам,
Бұдан соң көңіл шарты болар.
Шәй, шырайлым, Бойдайталай,
Ой, о дариға-ай!-
Мұның не екенін Ордадағылардың һәммесі түсіне алмай, әрі таңырқап, әрі сасып, әрі мелшиіп қалыпты. Хан жанына тақау, оң тізесін баса отырған Аяз би Жаман баласына қараса, жалғыз өзі жылап отыр екен.
-Жаманнан туған жақсым, жанымды түсінген, жанымның жарасын ұққан жалғызым,-деп, Майқы Аяз биді құшақтап, бетін сүйіп, өзі де көзін сығып алыпты.
Майқы би Аяздан құшағын жазғаннан соң көз жасын сығып, бір- біріне қанаттастырып тіккен бес қазақ үйдің төргісіне кіріп көп уақыт жоқ болып кетіпті. Сол сәтті пайдаланған Аяз би «Екінші ары Майқының қалғыса, көзін ашуын қаламаңдар, тып-тыныш, дым шығармай отыратын болайық,-депті.- Майқы әулие адам, оның көріпкелдігін, болжағыштығын біліп тұратын болайық. Тәңір тілеулеріңді берсін, бұдан бұлай байқас болыңдар!»
Майқы таққа отырғаннан кейін он жыл өткенде, тағы бір таңғажайып оқиға болған. Таң азаннан шабарман жіберіп Аяз биді жылы төсегінен тұрғызып, Ордаға алғызып, оған қысқа – қысқа жарлық баріпті.
-Әміріңізге құлдық!- депті Аяз би.
-Әмір ғаскерге,-депті Майқы, -кешке дейін осы төңіректің атқа бұтын артатын бар адамын, күндік, түндік жердегінің һәмме атұстарын атқа қондыр. Әрқайысының қолында ұзын- ұзын сырық болсын. Ертең таңертеңмен Шымбастың Қазығұрт бауырында тұратын болсын! - Майқы басқа сөз айтпапты.-Басқасын кешке түсінесің!
Түс ауа бергенде хижрадан 682 жыл бұрын түстік шекарадан шапқыншы келген. Жасанған 20 000 қол Ор тауда тұрған. Кешке қарай қасында жүздей жасағы бар Қызылбас елшісі Нөшір келген. Оны сол кезде парсылардың өз ішінде қиын-қыстау соғыста Артабанды жеңген Сасан патшасы Зиядин жіберген. «Байын билеген қатын, ауылды билеймін деп шәрһәкім болады» дегендей, өздері соғысып, өздерін жеңген Зия біздің елімізді-Абыл елін алмасқа не дейді дағы. Ол кезде біздің еліміз екі бөлініп, Абыл, Азық болып биленеді екен. Сайып келгенде, екеуін де Майқы билеген. Ал Азықтың жетінші ұрпағы Қара екінші ел –Азық елін билейтін-ді. Нөшірді Майқы түнімен әбден сыйлайды, ол парсылар өкімдігін тыңдаса, маған сөзсіз бағынсын, әйтпесе қанға бояп бағындырамын дейтін көрінеді. Таңертең түрған елшіні Майқы: «Қазығұрттың төбесіне шығып біздің елдің жайын көре кетіңіз, ақыр бағындыратын болсаңдар, көргеніңіз жөн ғой»,-депті. Майқы мен елші Нөщшір Қазығұрттың төбесіне шығады. Нақ төбеге шыққанда, Нөшірдің түсі қашып кетеді. Қазығұрттың арғы жағында, шығыс бауырында көз жетер жерге дейін қаптаған қол, бәрі қару асынған, соғысуға дайын, бәрінің қолында қарағай найза, жер қайысады. Майқы: «Патшаңызға сәлем айта барыңыз»,-дегеннен басқа тіл қатпапты.
Екінші күні шекарада тұрғани парсы әскері арасынан бүлік шығады. Бүлікті Бақтиярдың белгілі батыры Рахат Бөк баласы көтереді. « Бақтияр Бақтиярға қарсы соғыспайды»,-дейді ол. Ол кезде Үйсіндер бір ұран ғана көтеретін. Олар жауға «Бақтиярлап» шабатын. Және бүкіл ғаскер он мың болоса он мың, жүз мың болса, жүз мың, бәрі «Бақтиярлағанда», ат тұяғының дыбысы, ғаскерлнр дауысы бар, күн күркірегендей болатын. Қандай жау болса да мұны естіп, жүз мың атты шабуыл жасағанда ешбір қол мұның алдында
тұра алмайтын еді. Міне, Майқы осындай мәмілелі, маймөңке, өте тапқыр кісі болыпты.
Майқы бабамыз Анарыстың айтқаны деп, ел билеудің жолдарын айтып отырады екен. «Ең ғақылды адам-ел билеуден аулақ болған адам» депті бабамыз Арыс» дегенді аузынан тастамайды екен. Мұны төңірегіндегі көркөкірек уәзірлеріне ренжігенде айтса керек-ті. Майқы бабамыз өзінің алдына дүниедегі ғақылды, оқымысты адамдардың айтқандарын тізіп қойып, соны күнде нарттарына, дүдірлеріне жеткізіп, сіңіріп отыратын болған. Бір күні Сүлеймен пайғамбар жөнінде, оның әйелінің құс сүйегінен салынған үйде тұрғым келеді дегені әңгіме болғанда, Майқы баба ол әңгімеден біздің бабамыз Арыстың айтқаны күштірек деген. «Қалай?»-деген уәзірге сонда Майқы айтыпты: Біздің бабамыз Арыс өлі көп пе, тірі көп пе ?-деген сұраққа кері сұрақ берген:
-Кеме үстіндегілерді қай жағына қоссаң, сол жағы көп болады . Өйткені кеме үстіндегі адам өлімнен төрт-ақ елі жырақ тұрады ғой,-депті. Яғни кеменің еденініндегі тақтай төрт-ақ елі.
Майқы кезінде Абыл, Азық елінде екі жүз мыңнан аса қол бар екен. Оны көбіне Құмырсқа батыр басқарса керек-ті.
Майқының Әриайдай, Байдаталай деген апалы сіңлілі екі әйелінен он шақты бала көрген екен. Содан Ұзын, Қортық деген екі ұлы ғана тірі қалған. Қазақта өлең басы болып қалған:
-Аулың сенің белде еді, Әриайдай,
Ауған кеулім сенде еді Байдайталай,
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Малы, басың аман ба, екі бала-ай,-
деген өлең жолдары да Майқыдан қалыпты. Бұл Майқының үйленбей тұрғанда екі қызға айтқаны болса керек-ті. Майқы бабамыз: «Мен туған жылы ғарап жерінддегі мұнаралы шаһарды құм басып, жоқ қылып жіберген»,- деп отырады екен. Ол хижра жыл санауынан жеті жүз он бір жыл бұрын дүниеге келіп, сексен тоғыз жасында дүние салыпты. Ғұмырын Алатаудың бауырында- Лабаста, Шуаста, Таласта, Шымбаста өткізіпті. Өлерінде Қазықұртты мекендепті. Аныт-қабыр қалмаған.
Майқы қартайып жетпіске ілінген кезде, тағы бір ғаламатты айтты. Тағыда көзін жұмып алған екен. Ордадағылар тегіс жым болыпты. Бір заматта көзін ашқан Майқы би жүрегі жаман болған адамдай, құсқысы келгендей түрі қашып кетіпті. Тіпті қаршыдағылар сасып, бірі қымыз, бірі су ұсынып әбігер болыпты. Майқы бәрінің қолын қағып-қағып жіберіп, сөйлеп кетіпті:
-О, дүние, не болар сенің ақырың,-деп бастапты ол сөзін. –Өзімізді өзіміз қырыатын да заман болады екен, шығыстан келген сары сақал өз тұқымымыз жұртымызға аз қорлық көрсетпейді екен. Талайдың қанын жүктейді екен. Елімізді енді, мына мен үш жылдан кейін өлгеннен соң, мың жеті жүз жыл кейін жүнбас шегір сарылар басқарар болар. Оларға жаркүшіктенер де өз тұқымымыз болады, басқындар Бек тұқымын үш жүз жыл, Жан, Бал тұқымын екіжүз елу жыл, Ақ пен Бал тұқымын жүз жылдан аса билейді. Билеушілер осыдан екі мың жыл өткен соң іріп-шіри бастайды. Өздерін өздері құртады, қаратқан елінің бәрін ол шаян болып шаққан сияқты, түрі өзге бодан жұрттың һәммесі оларды жексұрын көретін болады. Бірақ еліміз олардың билік жүргізген кезде қатты бұзылады,-деп барып, аяғын тағыда тақпақтап кетіпті:
-Әлі зман өзгерер,
Өзгергенді көз көрер,
Мінгенің арба болар,
Бар құс қарға болар,
Жансыз арба ат болар,
Өз балаң өзіңе жат болар.
Темірден құс болады,
Ұрпағымның көргені сұс болады,
Адам басы ауырып дақ шатылар,
Базарыңда сұйылып сүт сатылар.
Еркек билік тұл болар,
Сиыр пұл болар,
Еркек жасып и болар,
Қатын тұлданып би болар,
Алғаның ғарабы болар.
Құттың қорбы болар.
Төсекке есеппен жатарсың,
Жыныс зарыпын ақшаға сатарсың.
Иекке тиер қызыл аз болар,
Адам шаштан айрылып таз болар.
Он бесте азуыңды ашарсың.
Тумысыңнан тамаққа таршырсың.
Баққаның өсек, сөз болар.
Тастан аяқ болар,
Балаң саяқ болар.
Сары судан ас шығар,
Балаң өзіңе қас шығар,
Жер тақыр болар,
Жұрт пақыр болар.
Осындай қилы заман болар.
Енді төрт мың жылда
Дүние тамәм болар.
Ғұмырының соңғы жетпіс үшінші жылында тағы да билермен, игі жақсылармен тәкпірлесіп отырғанда, есіктен Ұзын мен Қортық екі ұлының бойын байқап қалып, мырс етіп Майқы би күліп жіберіпті. Майқының екі ұлы да Ұзын да, Қортығы да өз бастарын ғана күйттеген, еш пендемен ісі жоқ, момын шаруа адамдар екен, соларды көріп күлген екен би. Ол көзін жұмып алып қайта сөйлеп кетіпті:
-Жаманнан жақсы туар,
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан жаман туар
Бір жармаққа алғысыз,-
деп, сәт демін ішіне тартып отырыпты да, тағы да тақпақтап жөнеліпті:
-Таздан жарғақбас туар,
Кедейден малбақбас туар,
Соқырдан көрмес туар,
Сараңнан бермес туар,
Ер арыса, әруақ болар,
Ат арыса, тулақ болар.
Бала жүрсе,- бекер,
Шал тынықса, қунақ болар.
Тәңіріңнің мазағы
Адамның азабы.
Адамның мазағы
Тартылар жазабы.

Береке түбі бірлік,


Жеңіліс түбі-шерлік,
Жеңіс түбі ерлік.
Қанақат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.
Жақсы әке балаға бекем,
Тентек тебірлігін қойғызар.

Қуалай берсең шабанды,


Адымын жазып құнығар.
Қуалай берсең жаманды,
Батыр болып шынығар.
Қырдың гүлі азайса,
Тікенге қонар бұлбұл құс,
Тікен ада болған соң
Құста көзден бұлбұл ұш.
Көзі бардан лақтырған
Көпке қарай қоқырды,
Түспесем деген қоқырға
Артық сана соқырды.
Ауыр қайғы бөлісу-
Ағайынның парызы.
Ауыр жүкті көтеру-
Ақ атанның қарызы.
Сайрап жатыр шешеннің
Салып бір кеткен сары ізі.
Бәрінен де жаман-ды
Ағайынның аразы.
Қорқау тегі - қомағай,
Құйын тегі –толағай,
Құйындай соққан дүниенің
О, дариғаа, шолағы-ай!
Заманында Майқы би артына көп мұра қалдырса керек-ті. Оның бірсыпырасын менің әкем Сарышуаш ақын осылай айтар еді деп айтып отырар еді. Әкемнің бір-ақ күнде өлерін біліппін бе, бір ақымақ айтқан екен: «Әкемнің өлерін білсем, алмаға айырбастап жібермес пе едім»,-деп, сол айтқандай, әкем барғой деп, қамсыз жүре беріппін. Өлерін білсем, жазып алып қалар едім ғой. Майқыдан кейін Қаңлылар бас көтеріп һундерге болысып, Үйсіндерге біраз қыңырлық, сатқындық жасаған. Өз туысқанын сатқан қаңлылар кейін ауыл-ауылға үш-төрт үйден бөлініп жіберілген.
Майқы бидің екі ұлы Ұзын мен Қортық айранын ұртап, қойын құрттап ғұмыр сүріпті. Таққа да баққа да таласумен ісі болмапты.
Ұзынның баласы Сақ пен Ақыш.
Сақтан Ал, Баран деген екі бала қалыпты. Біздің атамыз «Ал» (Қызыл) деп жүріп Ал атанып кете барыпты. Содан соң екінші баласының атын Баран (Қара) қоя салыпты.
Ал деген кісінің Иба, Күлсін, Тұрсын деген бір ұлы екі қызы ғұмыр сүріпті. Майқы би айтқан екен: Менің өз кіндігімнен көп болады, бірақ көпке дейін елге қызмет етер адам екіталай». Сол рас болып Ибадан қалған үш ұл-Райым, Ортақ, Бекем олар тым момын жандар болған. Басқаға басыбайлы құл болмапты. Бірақ киіп-жарып кететін, көзге түсетін біреуі болмаған. Райымның Бармақ, Қарақ екі ұлынан біздің атамыз атақты ұста болыпты. Ол үнемі хан, би тұқымдарының киімін алтындайтын даңғайыр зергер екн. Оның зергерлігі сонша- жердің түбінен Мысырдан, Бағдаттан, Ромнан адам оның атын атап іздеп келеді. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырын сол жырлапты деген әңгіме де бар. Ол заманының атақты ақыны болыпты. Өзі салдау адам әйелден әйел алып, бес әйелдің төртеуінен жиырма бір ұл көріпті. Соның оба келген кеселден он сегізі өліп, Он, Ортан, Асан деген үшеуі ғана қалыпты. Ол Бармақ жырлаған «Қозы Көрпеш- Баян сұлуды», «Он сегіз ұлдың өкініші» атты дастандарды осы күндегі ақындар да жырлап, тойдан тойға айтып, ауыздан ауызға көшіп келеді.
Қалмақтың салған қанды соғысынан осындай ел ішінде айтылған жақсы жырларды жазып қалдыра алмадым. Ел аман болса біздің жұрттың аузынан өлең төгілген қаусырма жақ, қызыл тілді, тілінен бал тамған ақындары оны кейінгіге жеткізер.
Он да, Ортан да ойды орып, қырды қырған өте пысық, қырлы адамдар болыпты. Он мен Ортан, қай жердегі қай Сарбастау екенін кім біледі, сондай атты жер қазақта өте көп, сол көп Сарбастаулардың бірін мекендепті. Сол Сарбастау төңірегінде Он мен Ортаннан өте үлкен бақ қалыпты. Кейігі ұрпағы бағбандардың бейнетін бағалай алмай, сол бақтан әр жерде біреуі шидемдеп қалыпты. Мен өзім өскен аймақта да Сарбастау деген жер бар. Онда нақ осылай әр жерде бір тал өсіп тұр. Бірақ қазақта Сарыбастау, Көкбастау, Қарабастаудан көп жер бар ма? Оның қайсысы дерің бар ма?
Ал Он мен Ортанмен бірге туған Асан тұқымы осы күндері Қызылбас жұртында, ауып кетіп қайтпапты делінеді.
Онның ұлы –Тағар, Бағыл.
Тағардан Озбай ( Оразды деп те атайтын болса керек) құралайды көзге атқан мерген екен. Аспанда ұшып бара жатқан үйректің көжегін таңдап атып түсіреді екен-міс. Қазақ қашанда асырып айтуға құмар ғой, дегенмен Оразды деген адам соғыста ылғи жеке батырды атып түсіруге жұмсалады екен. Сондықтан да заманында «Ораздының оғынан сақта» деген мәтел болған.
Озбайдың он ұлы-Оңбай, Жекебай, Отанбай, Отарбай, Өрбай, Торбай, Балбек, Есен, Аман, Тоған-әмбесі сен тұр, мен атайын батыр екен. Тарғын хан Қырымға шабуыл жасағанда, Талас бойынан аттанғанда, соның қолында бұлар зор ерлік көрсеткен. Ол кезде Тарғын хан өте жас, жиырманың ішінде, Озбайдың осы он ұлы қатарлы екен. Тарғын Талас бойына оралғанда, Тарғын хан олардың онын он елге би жасған. Осдан біраз уақыт өткенде, алты жылдан соң Тарғын хан тағы бір теңіз жағасындағы елге шабуыл жасаған, онда да ғаләбқа жеткен. Бұл хижра жылнамасынан 72 жыл бұрын болыпты (550 ж*).
Бұдан кейін кешегі Майқы заманында дүниеге даңқы кеткен ел-үш бөлінген. Дегенмен Ораздының он ұлы атқа тегіс қонғанда дұшпаны тітіреп тұратын болған. Сол кездері Ораздының он ұлының біздің атамыз Оңбайдан басқаларында әрқайсысында он-он екі ұлдан бар екен, оның тұқымының өзі, Майқыдан тарағанның өзі жер қайысқан қол болған.
Оңбайдан- Егін, Тегін, Бегім. Біздің тұқымның бәрі бірдей керемет болыпты, әмбесі ел сұрапты деп бүгін, әрине, өтірікті күбітіп жаза беруге болады. Бірақ Егін деген қой аузынан шөп алмайтын момын болған. Момындығы сонша-алдына әкеп қойған тамақты іш дегенше ішпей мелшиіп отыра беретін кісі болыпты.
-Ішпей неге отырсың?- дегенге,
-Іш деп айтқан жоқ қой,-дейді екен. Бұл тым тәртіпті –тебіздікке де келмейтін сияқты. Бәлкім, өз сыбағасына құлдық асқан жаман болған. Атамызды жаман болыпты деп айтқан әруаққа шәк болу шығар, дегенмен шындық солай болса, хақихатқа қиянат болмаса керек.
Оның есесіне оның Азбан, Айбек деген екі баласы да пысық кісілер болған. Азбан Жетісу төңірегін, сонау Шымбас таудан Арқасқа дейінгі жерді сұрапты. Азбан билік еткен он бес жыл жетісулықтар үшін өте бір қойдан қоңыр, жаздан жаз, бәрәкат жыл болған.
Азбан баласы Әшеке, Әшен деліненді. Әшеннен екі бала: Қара, Шай. Бұлар біраз ел болып, қазақтар Қаратеңізге дейін көшіп, сол жерді жайлап жүргенде, Қап, Қазбек тауларында қалса керек. Қазір олардан дерек жоқ. Олар Байдібек заманына дейін біздің жұртпен араласып тұрған.
Әшеке Жетісуды билеген, хан болған. Қыстауы Қарақыстақ, көктеуі Ұзынағаш, жайлауы бір жағы Шуасқа, екінші жағы Қордай шұбалмасы болып кететін атақты Суықтөбе жайлауынан шығысқа қарай Лабаспен жалғасатын Көктөбе, Майтөбе, жайлаулармен қатар жататын Алатаудың жонарқасы Ақтасты екен. Ақтастыны бүгінде хан жайлауы десетіні де сол болса керекті.
Ұзынағашты көктеген Әшеке он жерге жүз-жүзден мың бие байлатады екен. Бұл ауылға келген ішкен мас, жеген тоқ, күнде жиын, күнде той болады екен. Әшеке деген- өте кең , қабақ шытпайтын, жиырма бір ұлы, он екі қызы болған, көп әйел алған кісі, ғұмырының бәрін молшылықпен өткізген.
Ол кезде қазір де Ұзынағаш-таяқпен түртіп қалсаң,су бұрқ ете түсетін саздауыт жер. Кейде жазда Сарарқаға көшіп, Көкшетау, Қарқаралы барып, одан Тарбағатайлатып қайтатын болса керек. Әшеке хан кезі бір мамыражай, байқұтшылық заман болған. Арқадан Ар мен Хун балаларынан Төрін хан үш жыл сайын Әшеке ауылынан жайлау алып, Алатауды жайлап, малын жайлатып, Күзге қарай көшеді екен. Арқада қыс қатты болған жылы Жетісуды қыстап қалады екен. Бір жағынан Төрін әкесі Шамай хан Төрін туарда да Жетісуды жайлаған. Ол Төрін бұлақ басында бүгінге дейін төрін жеміс ағашы өсіп, төрін төгіліп жаиады. Шамай мен Әшеке ханның ғұмыр кешкен кезі хижра жылсанауынан он-жиырма жыл бұрын(602-612 ж*) .
Біздің аталарымыз өздері еш елге шабуыл жасамаған, бағдары қашанда бейқұтшылық болған. «Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» балқашты, байсалы жерде салуалы, ағалалы ордада сабаттап жатқан.
Бірақ таң атпайын десе де күн қоймайды дегендей, бұлар бейбіт бағыт-бағдар танытқанмен, түстіктен Қытай хандығы елімізді бірін біріне айдап салуды ғадетке айналдырып алған. Олардың ерекше бір бауыр тапқысы келмеген, қайткенде осы Үйсіндрді біржола қашқарлықтар мен тараншылар сияқты өзінің ашса алақанында, жұмса жұмырығында, жұтамын десе, қарпып та көрмек болған еді. Бірақ ханзулар жүздеген жылдар бойы осы шаққа дейін бұл арам пиғылын жүзеге асыра алмай, дал болып келді. Қисық, қамытаяқ қыздары арқылы билеп те көрді, ол мақсаттарын біршама асырған кезі де болды, қалайда атам заманнан іргелі ел болып қалған Үйсін мемлекетіне олар ойсыратып опат келтірсе де, бірақ белін сындыра алмады.
Қашанда қазақтың белін сындырмақ болғанның өз омыртқасы үзіледі,
оны мына бүгін жердің бетінен біз біржола құртып жіберген Жоңғар қалмақтарынан көру қиынға түспес деймін. Әмбесін құдай таразылар деймін, тіпті үш жүз жылға созылған біздің құба қалмақпен соғысымызда бір ғана мезетте, тіпті бала – шағаның әбестігінен болса да, қазақтың тарапынан жауыздық жасалған кезі болмаған-ды. Басына пәлені тілеп алған құба қалмақтардың өзі, қызымызды қатын, қатынымызды отын қылмақ болған, ерімізді ергендек жасаған, жерімізді қанға суарған қалмақтың өздері. Өлерінде Серен айтыпты: қазақпен қақтығысып нем бар еді, бүткіл ұранқайдың түбіне жеткен өз сорым, өз кінаһим.
Әшеке ханның көп баласынан екі ғана ұлынан –Үйсіл мен Ойсылдан - ұрпақ өрбіген. Үйсілден –Сақал, Жете. Ойсылдан Сіргелі, Шақшам тарайды.
Үйсілден – Сақал, Жете. Сақал жасынан заржақ, өте сөзшең, жұртқа ғақыл айтуға бейім тұратын, билікке де килігіп кететін адам болыпты. Жиыннан қалмайтын, дауға түсетін кісі екен. Көбіне екі елдің арасындағы даудың бір жағына сұранып кіретін адам болған. Оны заманында Сарысақал да атандырыпты. Өйткені сақалы отқа күйгендей сап-сары кісі екен.
Сақал екі бала көріпті. Оларға ата- бабаларының атын қайталап бірін Ақ, (Ақдарлы), бірін Жан (Жандарлы) қойыпты. Ағайн – туған оны ұната алмапты. Сақалдың екі баласын қазақтар Ақсақал, Жансақал деп те жүріпті. Кейін тіпті сол әкесінің аты біржола жалғанып, шежіреге әбестеу кіргнен. Немесе екуінің атын тамғасымен атап Абақ, Тарақ (абақ таңбалы, тарақ таңбалы) деп те атаған.
Осы жерде Жанның балалары жөнінде бір дерек тастай кету әбестік болмас.
Жан баласы Мерке – Жалайыр. Туғанда арқасында кәдімгідей екі жағына жарылған жалы болған деседі. Сондықтан атын Жалайыр атап кеткен. Жалайырдан Манақ, одан Орақты, Жазықты, Тарақты деген үш ұл болған. Жазықты, шамасы, сапты, яғни сабы бар деген сөзден алынған болар. Кейбір бізге дейінгі шежірелерде Жансақалдан Шуманақ, Сырманақ деп екіге бөледі және оны балалары деп көрсетеді. Бұл – әбес пікір. Бұл – тұрған мекеніне қарай айтылған сөз. Орақтыдан тоғыз бала, Жазықтыдан үш бала, міне, осыдан келіп он екі ата Жалайыр шығады. Бұл заманда Жалайыр тұқымы осылай нәмленіп жүр. Ол ақиқат. Сырға екі бөлініп көшіп, сол жерді мекендеп қалған. Ал жалайыр Орақты Әбілқайыр хан Тарақтыдан шыққан атақты Мөнді биді «екі көзімнің біріғ егізімнің сыңары» деп, үнемі оң тізесіне отырғызған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет