Мен міндеттері. Дәрігер қызметіндегі маңызы. Микроорганизімдердің жүйеленуі



бет1/2
Дата03.01.2022
өлшемі145.6 Kb.
#450894
  1   2
ЛЕКЦИЯЛАР


Медициналық микробиологияның мақсаттары мен міндеттері. Дәрігер қызметіндегі маңызы. Микроорганизімдердің жүйеленуі және заманауи жіктелуінің принциптері. Бактериялық жасушаның құрылысы. Бактериялардың, саңырауқұлақтардың морфологиясы. Бактериялардың физиологиясы және биохимиясы.

Микробиология пəні жəне міндеттері. Микроорганизмдердің морфологиясы Микробиология – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін жəне табиғатта жүріп жатқан процестердегі рөлін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Микробиология – биологияның бір бөлігі, микроорганизмдердің сыртқы ортамен бірлікте өмір сүруін, дамуын зерттейтін ғылым, сонымен қатар микробиология микроорганизмдердің қасиеттерін макроорганизмдерге əсерін зерттейді. [4. 18-19бет].

Микробиология бірнеше салаға бөлінеді:

Жалпы микробиология – микроорганизмдердің құрылысын, өмір сүруін, табиғатта таралуын, тұқым қуалаушылығын жəне өзгергіштігін зерттейді.

Медициналық микробиология – адамда ауру тудыратын микроорганизмдерді сонымен қатар ауру тудыратын микроорганизмдер əсерінен организмде болып жатқан процесстерді зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу, олардан алдын – ала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы жəне арнаулы əдістерін жасауды қарастырады.

Ауыл шаруашылық микробиология немесе агромикробиология – өнімін арттыру үшін тыңайтқыштарды дайындауда қолданатын микроорганизмдерді зерттейді.



Ветеринарлы немесе малшаруашылық микробиология –жануарларда ауру тудыратын микроорганизмдерді зерттейді.

Өнеркəсіптік микробиология – антибиотиктерді, дəрілік заттарды, азық түліктерді дайындау кезінде қолданатын микроорганизмдерді зерттейді. Микробиологияның негізгі міндеттері: бізді қоршаған ортада суда, топырақта, адам, жануар организмінде кездесетін микрорганизмдердің қасиеттерін зерттеп, олардың пайдалы қасиеттерін адамға пайдалану, сонымен қатар адаммен жануарларда ауру тудыратын микроорганизмдерді зерттеп жұқпалы ауруларды емдеу жəне алдын алу үшін колдану. Медициналық микробиология бір неше салаға бөлінеді: Бактериология – бактериялар туралы ғылым. Вирусология –вирустар туралы ғылым. Иммунология – организмді патогенді жəне патогенді емес агенттерден қорғану механизмдерін зерттейтін ғылым. Микология – адам үшін патогенді саңырауқұлақтарды зерттейді. Протозоология – бір клеткалы патогенді организмдерді зерттейді. Паразитология – гельминттерді зерттейді. Медициналық микробиологияның міндеттері: Жұқпалы аурулардан сақтану, емдеу үшін, диагноз қоюға лабораториялық əдістерді дамыту. [3.6 – 7 бет] Микроорганизмдердің морфологиясы. Микроорганизмдер (лат. мicros - кішкене) – жай көзге көрінбейтін кішкене организмдер. Бұларға қарапайымдар, спирохеталар, саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар жатады, оларды микробиология ғылымы зерттейді. Микроорганизмдер мөлшері микрометрмен (мкм) өлшенеді. Микроорганизмдер прокариоттарға жатады. Бактериялар. Бактериялар – бір клеткалы хлорафилсіз организмдер. Бактерия клеткасының орташа өлшемі 2 – 6 мкм. Сыртқы пішініне қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тəрізділер – коккалар, таяқша тəрізділер – бактериялар, иірілген - бацилдар жəне спираль тəрізділер. Шар тəрізді бактериялардың түрлері коккалар деп аталады, олардың диаметрі 0, 5-1мкм. Кокктардың пішіні əр түрлі: сфералық, сопақша, ланцет тəрізді. Шар тəрізді бактериялардың бір-бірден, дара орналасуы микрококкалар, екі-екіден қосақталған түрлері диплококкалар, оларға ланцет тəрізді пневмококкалар жəне сопақша келген – гонококктар, менингококктар жатады. Өзара тіркескен моншақ тəрізділенгендері – стрептококкалар, төрт – төрттен тіркескендері –тетракоккалар, сегіз – сегізден текшеленгендері –сарциналар делінеді. Ал, олардың стафилококкалар деп аталатын тобындағы шар тəрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне ұқсайды. Кокктар сыртқы ортада кең таралған, сонымен катар адам жəне жануар организімінде кездеседі. Таяқша пішінділері – бактериялар деп аталады. Орташа өлшемі 1 – 6 ұзыны, 0, 5 - 2 мкм қалыңдығы. Бактериялар бір бірінен сыртқы пішініне қарай айырмашылығы бар: ішек таяқшасының шеттері дөңгеленген болуы мүмкін, кесінді – түйнеме таяқшасы, шеттері қалың – дифтерия таяқшасы т. б. Ұзындығына , диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралар түзілуіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Спора түзуші топтарын – бациллалар, ал түзбейтіндерін бактериялар деп атайды. Таяқша тəрізді бактерияларды клеткаларының орналасу тəртібіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: диплобациллалар немесе диплобактериялар – екі - екіден қосақтала орналасады. Стрептобактериялар – моншақ тəрізді тізіле орналасады, спора түзетін бактериялар тізбектеле орналасқандарын – стрептобациллалар деп аталады. Иірілген бактериялар – вибриондар. Иірілген бактерияларға спириллалар жəне спирохеталар жатады. [3. 15-17бет] Бактерия клеткасының ультраструктурасы  Бактериялар (прокариоттар) эукариоттардан яғни өсімдікпен жануарлардың клеткаларынан айырмашылығы бар. Прокариоттар - кұрамында бір ген бар, ол цитоплазмадан арнайы мембранамен бөлінбеген, митохондрия жəне Гольджи аппараты жоқ, амеба тəрізді қозғалатын қасиеттері жоқ. Олар нуклеоидтан, цитоплазмадан, қабықшадан жəне басқа да органоидтардан (мұртшалардан) тұрады. Сонымен қатар бактерия клеткасының құрылысы қарапайым болғанымен, ол қүрделі тірі зат. Нуклеоид - клетканың ядролық заты, оның тұқымқуалаушылық аппараты, ол екі жіпті ДНҚ тұрады, сақина тəрізді цитоплазмада бос батып тұрады. ДНҚ молекуласында клетканың генетикалық ақпараты кодталған. Бактерияның цитоплазмасы - коллоидтардың дисперсиялық қоспасы, ол судан, ақуыздан, көмірсудан, липидтерден, минералды қоспалардан жəне т. б. заттардан тұрады. Бактерияның цитоплазмасы қозғалмайды, өте тығыз, құрамында ұсақ дəндері бар, ол 60% РНҚ жəне 40% протеиндерден тұрады, олар «рибосомалар» деп аталады, ақуызды синтездеу функциясын атқарады.  Цитоплазмада: гранулалар, оның құрамында қосалқы қоректік заттар бар: валютин гранулалары, липопротеидтік денешіктер, гликоген, пигмент жинақтары, күкірт, кальций жəне т. б. Бактерияның қабықшасы: цитоплазматикалық мембранадан, клетка қабырғасынан жəне капсуладан тұрады. Цитоплазматикалық мембрана 3 қабаттан тұрады: липидті, протеинді, полисахаридті. Цитоплазматикалық мембрананың бетінде активті ферменттік жүйелер бар (пермеазалар), олар нуклеин қышқылы, ферменттер, ақуыз синтезіне қатысады. Цитоплазматикалық мембрана арқылы ферменттердің қатысуымен бактерия клеткасының тіршілігіне қажетті əр түрлі заттар жəне иондар тасымалданады. Цитоплазматикалық мембраналарда лизосомалар пайда болады олар клетканың бөлінуіне қатысады.  Клетканың қабырғасы - бактерияларды сыртқы ортаның зиянды факторларынан қорғайды сонымен қатар клетканың өсуіне жəне бөлінуіне қатысады. Бактериялардың құрылысында клетканың қабырғасы болмаған жағдайда оларды протопластар деп атайды. Капсула – кейбір микробтарда сыртқы ортаның əртүрлі факторларына байланысты клетканың қабырғасының айналасында қалың шырышты қабат пайда болады, оны капсула деп атайды. Бактерияның капсуласы полисахаридтерден, мукополисахаридтерден тұрады. Капсуланың пайда болуы микробтың бейімділік қасиеті деп саналады. Патогенді капсулды микробтар (клебсиеллалар, түйнеме қоздырғышы, пневмония қоздырғышы) сыртқы ортаның жəне организмнің қорғану факторларының əсеріне, фагоцитозға өте төзімді. Мұртшалар – қозғалу органы таяқша тəрізді бактерияларға тəн. Мұртшалар өте нəзік жіпше тəрізді фибриллалар олар ақуыздан флагелиннен тұрады. Мұртшалардың орналасуына карай бактериялар 4 топқа бөлінеді: монотрихиялар – бактерияның бір мұртшасы бар (тырысқақ вибрионы), амфитрихиялар – бактерия клеткасының екі шетінде де бір немесе бірнеше мұртшалары бар (спириллалар), лофотрихиялар - бактерия клеткасының бір шетінде бірнеше мұртшалары бар. Перитрихиялар – мұртшалар бактерия клеткасының бетінде орналасады (ішек бактериялары). Пили немесе фимбриялар – кірпікшелер бактерия клеткасының бетінде орналасады. [3. 20-21бет]. Спора жəне оның түзілу процессі: спора түзу қасиеті кейбір таяқша тəрізді бактерияларға тəн (бациллаларға, клостридияларға). Бактериялар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына аса төзімді спора түзеді яғни бактерия клеткасында өзгерістер п. б. Споралар бактерия клеткасының ішінде орналасады цитоплазманың қалың участкесі. Спора түзетін аэробты бактериялар – бациллалар, ал анаэробты бактериялар– клостридиялар деп аталады. Бактериялардың спора түзуі 18-20 сағат ішінде өтеді.

Вирустар - клеткалы құрылысы жоқ, өте ұсақ организмдер. Вирустың бүтін бөлшегін - вирион деп атайды. Вирионның өлшемі 15 - 400 нм. Вирустар клеткашілік паразиттер.

Вирустар 2 топқа бөлінеді: 1) ДНҚ вирустар (шешек вирусы, ұшық вирустар, аденовирустар); 2) РНҚ вирустар (тұмау, парагрипп, құтыру, полиомиелит вирустары). Вирион ДНҚ немесе РНҚ тұрады. Айналасында 1 немесе 2 қабықша қоршап жатады. Нуклеин қышқылының бірінші қабықшасы капсид , екіншісі суперкапсид . Вириондардың формасы əртүрлі: сфералық, кубоидалды, оқ тəрізді.

Фагтар – вирустардың ерекше тобы, микроорганизмді зақымдап, ерітіп жіберетін қасиеттері бар. Лабораториялық жағдайларда вирустарды жануарлар организмінде, тауық эмбрионында өсіреді.

Микоплазмалар – клеткалы қабырғасы жоқ 3 қабатты липопротеидті цитоплазматикалық мембранамен қоршалған микроорганизмдер. Микоплазмалар қабыну ауруларының қоздырғыштары.

Спирохеталар - жіңішке, иірілген, қозғалғыш бір клеткалы организмдер, өлшемі 5 - 500 мкм ұзыны жəне ені 0, 3 - 0, 75 мкм. Спирохеталар спора, капсула құрамайды, мұртшалары жоқ, ішкі ортаңғы жіпшенің жиырылуына байланысты қозғалады.

Риккетсиялар – олар полиморфты микроорганизмдер тек тірі организмінде өсіп өнеді, яғни риккетсиялар клеткаішілік паразиттер. Олардың өлшемі 0, 2 - 30 мкм спора жəне капсула құрамайды, қозғалмайды. Патогенді риккетсиялар адам жəне жануарлар организмінде жұқпалы ауруларды тудырады (бөртпе сүзек, əртүрлі қызба ауруларын).

Хламидиялар - коккалар тəрізді клеткаішілік облигатты бактериялар, олар цитоплазмада өсіп өнеді. Хламидиялар трахома, коньюктивит, орнитоз ауруларын тудырады

Қарапайымдар - бір клеткалы эукариоты организмдер. Олардың басым көпшілігі паразиттік тіршілік етеді, адам мен жануарларда зиянды жұқпалы аурулар тудырады. Қарапайымдар кірпікше, жіпше жəне жалғаншаларымен біршама жақсы қозғалады. Қарапайымдар жай бөліну арқылы көбейеді, сонымен бірге олар жыныстық жолмен көбейеді. Микроорганизмдердің физиологиясы, Бактериялардың химиялық құрамы Микроорганизмдердің тіршілігі үшін қажетті функцияларын: қоректенуін, тыныс алуын, өсіп–өнуін физиология зерттейді. Физиологиялық функцияларын негізгі үзіліссіз зат алмасу метаболизм құрайды. Зат алмасудың негізін бір - біріне қарамақайшы бола тұра бір –біріне өте байланысты екі процестер құрайды. Олар ассимиляция (анаболизм) жəне диссимиляция (катаболизм) процестері. Ассимиляция процессі кезінде сіңімді заттарды қорыту жəне оларды жасуша құрылысының синтезіне жұмсау жүзеге асырылады. Диссимиляция процессі кезінде сіңімді заттар ыдырап еріп, тотығу процессі жүріп, осылардың əсерінен микроб жасушаларының өмір сүруіне қажетті энергия бөлінеді. Сіңімді заттардың ыдырау жəне синтездеу процестері ферменттердің қатысуымен жүзеге асырылады. Микроорганизмдердің ерекшеліктері олардың зат алмасу процестерінің өте жоғары деңгейде жүруі. Бір тəулік ішінде, егер өздеріне қолайлы жағдай болса, микроб жасушалары өз салмағынан 30 – 40 есе көп сіңімді заттарды қорытады. [1.52бет] Бактериялардың қоректенуі: Барлық микроорганизмдерге қоректену үшін, тыныс алу үшін қоректік заттар қажет. Микроорганиздердің қоректену процесінің бірнеше айырмашылығы бар. Біріншіден қоректік заттардың түсуі клетканың бүкіл бетімен жүзеге асырылады. Екіншіден: микроб клеткасының метаболитикалық реакциясы жылдам өтеді. Үшіншіден: микроорганизмдер өзгермелі мекендену ортасына жылдам бейімделеді. Қоректенудің бірнеше түрі бар: Автотрофтар – қарапайым органикалы емес құрамдардан күрделі органикалық заттар синтездеп алады. Гетеротрофтар – өсіп-өнуі үшін дайын органикалық заттарды талап етеді. Гетеротрофтарға сапрофиттермен паразиттердің бірнеше топтары жатады. Сапрофиттер – дайын органикалық заттарды өліктенген организмдерден алады. Паразиттер – адамдармен жануарлардың тірі клеткаларының органикалық заттары арқылы өсіп-өнеді. Ондай микроорганизмдерге риккетсиялар, вирустар жəне кейбір карапайымдар жатады. Азотты сіңіру мүмкіндігіне байланысты микроорганизмдер: аминоавтотрофтар, аминогетеротрофтар болып бөлінеді. Микроорганизмдерді энергия көзіне байланысты фототрофтар - биосинтетикалық реакцияға күн көзін пайдаланады. Хемотрофтар - органикалық емес заттардың тотығуынан энергия алады. Бактериялардың тыныс алуы: Микроб клеткасының өсіп - өнуіне қажетті энергия биохимиялық процесстердің бірігуі нəтижесінде пайда болады. Тыныс алу түріне байланысты микроорганизмдер: облигатты аэробтар, облигатты анаэробтар жəне факультативті анаэробтар болып бөлінеді. Облигатты анаэробтар (туберкулез микобактериялары) оттегі еркін келіп тұрғанда өсіп-өнеді. Облигатты анаэробтар (сіріспе

13 клостридийлері, ботулизм клостридийлері) оттегі жоқ жерде өсіп-өнеді. Факультативті анаэробтар оттегі бар жоғына карамай өсіп-өнеді. [1. 60бет] Бактериялардың өсуі жəне көбеюі: Бактериялардың өсуі:микроб клеткасының барлық компоненттерінің, өлшемдерінің ұлғаюы. Бактериялардың көбеюі: микроорганизмдердің өзін-өзі шығару қабілеті . Популяциядағы түрлер саны көбейеді. Көбіне көбею əдісі – көлденең бөлу арқылы жүзеге асады. Бактерия клеткалары белгілі бір жасқа келгенде ДНҚ молекуласы екі мəрте арттады. Əр клетка ДНҚ көшірмесін алады. Сұйық қоректік ортада бактериялардың көбеюі бірнеше фазадан тұрады. Ф 1- бастапқы стационарлы (латентті) микроб клеткасы қоректік ортада бейімделеді. Ф 2– логарифмді өсуі: бактериялар жігерлі түрде көбейеді соның салдарынан бактериялар геометриялық прогрессияда көбейеді. Ф 3 – стационарлы: бактерия клеткаларының концентрациясы ортада тұрақты болады. Ф 4 - өлуі: тірі бактериялар азаяды, олар біртіндеп өледі. Тығыз қоректік ортада қоректік ортаның бетінде, немесе қоректік ортаның ішінде əр микроб түріне тəн колониялар пайда болады. Əр колония бұл - микроб популяциясы, бір клеткадан дамыған микроб культурасының бір түрі. Сұйық қоректік ортада микробтардың көбеюі 18-24 сағаттан кейін байқалады, онда қоректік орта лайланады, пленка пайда болады немесе тұнбаға түседі.



Бактериялардың химиялық құрамы Микроорганизмдердің клеткаларының химиялық құрамы барлық тірі организмдердің клеткаларымен бірдей. Сулар: микроорганизмдердің клеткаларының көп бөлігін 70-80% су құрайды. Клеткалардың өсіп-өнуіне сулардың маңызы зор, барлық заттар клеткаға сумен келіп түседі жəне зат алмасу процесстерінің қалдықтары сумен шығып кетеді. Микроб клеткасында су бос жағдайда, дербес құрамы есебінде болады. Сонымен қатар əртүрлі химиялық компоненттермен байланысқан күйінде болады. Су дербес құрал есебінде, клеткаларда болып химиялық реакцияларға түседі жəне химиялық құрамы ерітуші қызметін атқарады. Клеткалардағы судың бос күйі сыртқы əсердің күшімен, клеткалардың жасымен (жас клетка, кəрі клетка) байланысты. Мысалы: бактерияның споралық су түрінде су аздау, ал вегативті клеткаларында су мөлшері біршама көптеу болады. Белоктар: (50-80%) Микрооганизмдердің биологиялық маңызды қасиетін белоктар анықтайды. Олар қарапайым белоктар – протеиндер жəне күрделі протеидтер болып табылады. Клеткалардың өмір сүруіне нуклепротеидтердің яғни белокпен нулеин қышқылы ДНҚ, РНҚ маңызы зор. Сонымен қатар микроб клеткаларында липопротеидтер, гликопротеидтер жəне хемопротеидтер кездеседі. Белоктар цитоплазмада орналасады жəне клетка қабырғасының құрамына кіреді. Көмірсулар: (12-18%) микроб клеткасында көміртегі жəне энергия көзі есебінде пайдаланылады. Клетканың сыртқы қабаты, капсуласы, көмірсулардан құралады. Клетканың түріне жəне бактерия штамміне байланысты көмірсулардың мөлшері клеткаларда əртүрлі деңгейде кездеседі. Тейхой қышқылы құрамында грам оң бактериялар да көмірсулар кездеседі. Микроорганизм клеткасында қарапайым, моно жəне дисахарид, жоғарғы молекулалы полисахарид, көмірсулар кездеседі. Микроорганизм түрлерінің əрқайсысында олардың жастарына жəне даму жағдайына байланысты көмірсу құрамдары əр түрлі болып келеді. Липидтер. Майлар (0,2-40%) цитоплазматикалық мембрана жəне клетка қабырғасының қажетті компоненттерінің бірі. Олар энергиялық зат алмасуда қатысады. Кейбір микроб клеткаларында қоректік заттар рөлін атқарады. Липидтердің құрамы: нейтралді майлардан, май қышқылдарынан жəне фосфолипидтерден тұрады. Олардың жалпы саны микробтың жасына жəне микробтың түріне байланысты. Мысалы: туберкулездің микобактериясында липид мөлшері 40% құрайды. Осының нəтижесінде бұл бактериялар сыртқы ортаның əсеріне шыдамды болып келеді. Микроорганизмдердің клеткаларында липидтер, белоктар көмірсулармен бірігіп күрделі комплекс түзеді. Бұл микроорганизмдердің токсикалық уландыру күшін жоғарылатады. Нуклеин қышқылдары: дезоксирибонуклеинді ДНҚ жəне рибонуклеинді РНҚ болып бөлінеді жəне клеткалардың маңызды құрамдарының бөлігі болып саналады. ДНҚ бактериясында клеткалардың бүкіл тұқым қуалаушылық информациясы сақталған, ал РНҚ бұл информацияларды сайлау процесіне, белокты синтездеу жəне қабылдауға қатысады. Нуклеин қышкылы микроб клеткасының құрғақ заттың 5-30% мөлшерінде кездеседі. Сонымен қатар бактерияның құрамына күрделі, белокты емес азотты заттар: əртүрлі пуриндер, полилипидтер, аминоқышқылдар кіреді. Минералды заттар: фосфор, натрий, калий, магний, күкірт, темір, хлор жəне басқалары орташа 2 – 14% құрайды. Фосфор- нуклеин қышқылдарының, фосфолипидтердің көптеген ферменттер құрамына жəне АТФ құрамына кіреді. АТФ клеткасының энергия күшінің аккумуляторы болып табылады. Натрий – клеткадағы осмос қысымын ұстап тұруға қажет. Темір – тыныс алу ферменттерінде кездеседі. Магний – рибонуклеат құрамына кіріп, грам оң бактериялардың бетінде орналасады. Микроорганизмдердің өсіп-өнуіне микроэлементтер өте қажет, клетка құрамында өте аз мөлшерде кездеседі. Микроэлементтердің де маңызы зор. Оларға: кобальт, мырыш, хром, цинк т.б. жатады. Микроэлементтер кейбір ферменттердің синтезіне қатысып, оларды белсендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет