1.Гентуралытүсінік.Гендердіңжіктелуі, анықтама. Ген – бір белгінің тұқым қуалауына жауап беретін және бір нәруыз құрылымы туралы ақпарат бар ДНҚ бөлігі.
-Ген тұқым қуалаушылықтың негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі болып табылады.
-Жасушаның белгілері мен қасиеттері жеке дара тұқым қуалауы гендік деңгейде өтеді.
-Адам организмінде шамамен 30 мыңдай ген болады. Ген сол түрдің ағзасындағы жасушаларының қасиетін немесе жеке белгісін қалыптастыруға және тұқым қуалау арқылы беруге жауапты.
Құрылымдық гендер - құрылымдық белоктар немесе ферменттердің синтезін бақылайтын гендер.
-Нақты белгілердің дамуын бақылайды. Олардың біріншілік қызметінің өнімдері немесе тРНҚ болып табылады мысалы: кодтайтын мРНҚ (нәруыздар), тРНҚ және рРНҚ.
Конститутивті гендер – барлық уақытта белсенді жағдайда болады. Мұндай гендер жасушаға үнемі қажет болатын нәруыздарды кодтайды.
Қызметтік (функционалдық) гендер -Реттеуші гендер-құрылымдық гендердің белсенділігін реттейді. Структуралық гендердің активтілігіне әсер ететін әр түрлі белоктардын синтезін бақылайтын гендер.
1 .Модификаторлық гендер - структуралық гендердің активтілігін жоғарлатып немесе тқмендететін гендер
2. Супрессор гендер - структуралық гендердің активтілігін басып тастайтын эпистаздық гендер .
-Модулятор гендер-ингибиторлар, модификаторлар
Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі;
Латериальды гендер - ағзаны өлімге душар ететін гендер
Сублатериальды гендер - ағзаның көбею ұрпақ қалдыру қабілетінің бұзылуына , тіршілік әрекетінің бұзылуына не жойылуына себеп болатын гендер.
Нейтральды немесе бейтарап гендер - ағзаның тіршілік қабілетіне әсері жоқ гендер.
2.Тұқымқуалаушылықтыңхромосомалықнегіздері. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы – ядрода орналасқан хромосомалар гендерінің тасымалдаушысы болатындығын және олардың тұқымқуалау негізі екендігін дәлелдейтін теория
-Тұқымқуалаушылық хромосомалық теориясының дамуы арқасында бір хромосомада орналасқан гендер бір тіркесу тобын құрайтындығы және келесі ұрпаққа бірге берілетіндігі, яғни, тіркесу тобының саны клеткадағы жұп хромосомалар санына тең болатындығы анықталды (мыс., адамда, 23 жұп хромосома болса, тіркесу тобының саны да 23-ке тең).
Т. х. т. 20 ғ-дың басында клетка теориясы негізінде қалыптасты. 1902 – 07 ж. неміс ғалымы Т.Бовери және 1902 – 03 ж. АҚШ ғалымы У.Сеттон мендельдік тұқымқуалау факторы (қазір ол «ген» деп аталады) хромосомада локализденген (орналасқан) деген тұқымқуалаушылықтың хромосомалық гипотезасын ұсынды. Бұл гипотезаның алғашқы дәлелі жануарларда жынысты анықтаудың генетикалық механизмдерін зерттеу кезінде алынды. Теорияны тәжірибе арқылы американдық ғалым Т. Морган (1866 – 1945) дәлелдеді. Ол кейбір гендердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі жыныс хромосомаларына байланысты болатындығын, яғни, жыныспен тіркесіп тұқымқуалайтындығын байқады. Морган және оның қызметкерлері (А.Стертевант, т.б.) гендердің толық емес тіркесу құбылысын зерттеп, соның нәтижесінде гендердің хромосомада бір түзу сызық бойында орналасатындығын анықтады. Хромосомада гендер бір-бірінен қаншалықты қашықта (алыс) орналасса, онда олардың арасында кроссинговердің жүруі соғұрлым жиілей түседі. Осы құбылыс, яғни, тіркескен гендер арасындағы қашықтық пен кроссинговер жиілігінің бір-біріне тәуелділігі хромосомалардың генет. картасын жасауға мүмкіндік берді.
Тұқымқуалаушылық хромосомалық теориясы өсімдіктер мен жануарлар организміндегі белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарын түсіндіре отырып, ғылымы мен тәжірибесінде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ хромосомалардың қайта құрылу заңдылықтарын білу адамдағы тұқымқуалайтын ауруларды жан-жақты зерттеуге негіз болады.