Мен өмірді жырлау үшін келгенмін



Дата14.09.2022
өлшемі9.22 Kb.
#460745
Мұқағали. Мақатаев


«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»
1-жүргізуші: Қайырлы күн! Өлең сүйер, өнер сүйер қауым! М. Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны.
2-жүргізуші: Біз бүгін сонау ХХ ғасырдың арман-қиялы ақ қырлы Алатау жаққа шарт ұрған, асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақын М. Мақатаевтың «МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН» атты кешімізді бастаймыз.
1-студент:_______________________
1-жүргізуші: М. Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында 1931 жылы дүниеге келген. Ақын өзінің шынайы таланты, сырға толы тұнық та мөлдір жырлары арқылы халықтың жүрегінен жол тапқан. Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр. Қазақ жерінің Райымбек бабамыздай киелі әулие батыр өмір сүрген таңғаларлық табиғаттың саф ауасын жұтып, өзінің өр талантымен, ұлылығымен танылған Мұқағали туған жерін тамсана жырлайды.
2-студент:______________________
2-жүргізуші: Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінің мүшесі, жеті жылдық мектептің мұғалімі болды.
1-студент:_______________________
1-жүргізуші: М. Мақатаев Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социолистік Қазақстан» қазіргі «Егемен Қазақстанда»,«Мәдениет және тұрмыс», қазіргі «Парасат»,«Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.

  1. Студент:____________________



  1. Жүргізуші: М. Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ. Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұңын, әке зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.

1-студент:______________________

1-жүргізуші: М. Мақатаев поэзиясы талай жүрекке от берген. Оның жырлары оқырманмен бірге мұңайып, бірге шаттанады. Оның әр шумақ өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да, тасқа да жар салған ақын жүрегінің үні естіледі. Туған елдің тұңғиық намысын, шындықтың шыңына ту етіп, қадамын нық басып, шындықты жырлаған.

1-студент:______________________

2-жүргізуші: М. Мақатаевтың өлеңдері, жыр-шумақтары ғасырдан ғасырға жалғаса береді. М. Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзссіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең-жырлары өлген жоқ.

2-студент:__________________

1-жүргізуші: Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім—деп өзі айтып кеткендей, ақынның өлеңдері еш уақытта өлмейді.

2-студент:__________________

2-жүргізуші:Ұрпақтары Мұқағали Мақатаевті ешқашан да ұмытпақ емес, ұлы ойшыл кереметтей көркем өлеңдерімен мәңгі жасай бермек.


  1. Студент:___________________

1-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,


Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық. Әрине, ақынның мол, таусылмас мұрасын бір күнде, бір сағатта оқып білу мүмкін емес. Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап, жалғасын таба береді. Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН» , атты кешімізді аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет