Бұл тақырыптағы зерттеудегі мақсатым



Дата01.12.2022
өлшемі22.15 Kb.
#466211
Жоба түсінігі


Кеше ғана еліміздің тарихына, жаңадан серпін берер, елдің намысын оятар, халқымыздың болашағына айқын, әрі жаңа көрініс табатын, еліміздің тарихи өлкелерін қайта жаңғырту және рухани орталықтарға айналдыру сәтіне куә болдық. Солардың біріде бірегейі – киелі Түркістан өлкесі.
Қазіргі таңда менің зерттеу тақырыбымда осы өлкемен байланысты
«Түркістан түркі әлемінің бесігі»
Бұл тақырыптағы зерттеудегі мақсатым: Өңірдің соншалықты тарихқа бай,әрі киелі мекеннің анық көрінісі ретінде зерттеп,рухани мәдени ортаның нақты көрінісіне талдау жасау.
Ал енді, өзектілігіне келетін болсам: Күллі түркі халқының рухани мәдени орталығына айналған Түркістан қаласына біз сияқты қазіргі таңда білім алып жатқан жастардың елінің тарихына мақтаныш сезімін қалыптастыру.


Мен зерттеп отырған жоба тақырыбымның негізгі тарихын баяндауға рұқсат етіңіздер.
«Қара суда қаймақ болмайды, қас шеберде оймақ болмайды» дейді, бабаларымыз, оймақсыз ақ елдің ойындағы тарихи кеңістігін орынан келтіру үшін бұл өлкенің де бізге берер құнды мәліметі өте көп.
Жалпы, Түркістан көне қалалардың бірі және қазіргі таңда Түркістан облысының әкімшілік орталығы.Тарихи кеңестік Түркістанның іргетасы 5-6 ғасырларда қаланды.
Тарихи деректер бойынша Түркістан атауы «Түркілер елі, мекені» деген мағынаны білдіреді. Негізінен , алғашқы атауы «Шавғар» деп аталған. Бұл сақ тілінде «Қаратау» деген мағыныны білдіреді. Қаланың атауы араб жазбаларында жиі кездеседі. Арабтардың тарихшысы, географы Әл-Истахри ибн Кардаубех ат-Танрази өз жазбаларында «Көне «Шавғар» 11 ғасырға дейін өмір сүріп, 11 ғасырдан бастап қала орталығы Ясыға көшті» деп жазған.
Ясы - Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. Ал 12 ғасырдың 1 ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Араб тіліндегі еңбектерде бұл қасиетті қалада исламның рухани мұрасын байытқан атақты адамдардың дүниеге келіп, қазақ тарихының тарих сахнасында қалған ғұламаларымыз бен ұлы тұлағаларымыздың ізі қалған көне жер ретінде танылып отыр. Солардың негізгілеріне тарихи баяндама жасасақ:

  1. Ғұлама ғалым, сопылық философиясының Орта Азияда негізін салған «Диуани хикмет» көне түркі тіліндегі діни өлеңдер топтамасын жазған - Қожа Ахмет Яссауи.

  2. Ал екіншісі ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, «Еңсегей бойлы Ер есім» атанған қазақтың атақты ханы, Есім хан 1598-1628 жылдары қазақ хандығын билегенде Түркістан қазақ хандығының астанасы болған.

16 ғасырда Рузбихан Исфахани «Михманнаме и Бухари» атты шығармасында Ясыны былайша суреттейді: «Аса қасиетті Қожаның сағанасы орналасқан Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Яссы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізеді де, сол жерде оларды сату басталады» - деп айтылады.


18 ғасырда жоңғар шапқыншылықтары қаланы құлдыратып жібергеннен кейін, 1819-1860 жылдарда Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аумағы 10 гектарға жуық болды. Оны балшықтан соғылған қамал қоршап тұрды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған.
1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскерлері жаулап алғаннан кейін бұл қала уездік қала атанды. Бірақ 18 ғасырдың 60-70 жылдары Түркістанда 20-ға жуық мешіт, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мыңдай тұрғыны болды.
20 ғасырдың басында Түркістан 1400 гектардай жерді алып жатты. Оны 4-ке бөліп қарастыратын болсақ: 1903 жылы теміржол салынып, өнеркәсіпке бет бұрса, 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты қалалық училище, 1 қыздар училищесі, 1 медресе, 23 мектеп салынды. Нәтижесінде қала халқының саны өсіп, 1910 жылы 15236 адамға жетті. Ал 1912 жылы мақта тазалайтын, 10 май шайқайтатын, 8 сабын қайнататын кірпіш зауыттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. Одан байқайтынымыз, Түркістан рухани мәдени жағынан да бөлек, Қазақстанның экономикалық бағытының алды болғанын байқаймыз.
Қазіргі таңдағы Түркістанның сәулет өнері көздің жауын алады. Өзге облыстармен еліміздегі алпауыт компаниялар киелі шаһарда сәулетті ғимараттардың бой көтеруіне атсалысуда. Түркістанның қайта өрлеу дәуірі күтіп тұр. Түркістанда бір жыл ішінде елеулі өзгерістер орын алды. Қаланың келбеті өзгеруде. Жаңа құрылыс нысандары пайда болып, ірі жобалар іске асырылып жатыр. Тыныш қана қаладан көп ұзамай әлемнің төрт бұрышынан туристерді қызықтыратын көзтартарлық шығыс орталығына айналатынына күмән келтірмейміз. Келешек алда, сеніміміз де мол. Шаһардың алдағы уақытқа межелеген міндеттері де аз емес. Нақты тапсырмалар беріліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде екен. ­Керемет нысандар бой көтеріп, ерекше ажар бермек. Көне шаһарды жаңа дәуірдің озық қаласы атандыруда жастардың да белсенділік танытқанын қалар едім. Қарапайым әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, насихаттап отырса, оның өзі тамшыдай болсын үлес болар еді. Осы орайда, сол бір мекенде туып-өскен әрбір азаматты­ Түркістанды бірге түлетіп, жаңашыл бейнеде танытуға шақырамын.
Қорытындылай келе, Түркістан түркі дүниесінің түрленген дәуірінің озық жетістігі. Бұл шаһар ғасырлар бойы бүтін бір өркениеттің қайнаған қазаны атанып, озық ойлар мен ұлы ойшылдардың отаны атанды. Тарихтың қатпар беттерінде ойып тұрып із қалдырған көне қала қазақ тарихының сан қилы кезеңдерін өткерді. Еліміздің рухани астанасы аталған Түркістан еліміздің ұлы мұрасы болып отырғаны анық.Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай «Ел тарихының құнды негізін,жанашырлықпен сақтауымыз керек.»
Қорытындылай келсем, «Қарағайдың 40 бұтағы болғанымен, біреуі ғана түзу таяқ болады. Қалғаны иттаяқ пен саптаяқ болады. Сондықтан біз жас ұрпақ ұлтымыздың тарихының негізі, зерттеп отырған тақырыбымның өзектілігі кәдеге жарайды деген ойдамын.
Ұсынысым: Киелі мекен Түркістанның тарихын оқушыларға тереңінен оқыта отырып,ашылмаған сырларын жеткізу және киелі мекенге барудың туризмдық жолын дамыту.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет