Стратегиялық жоспарлау өндірістің ұзақмерзімді жұмысына бағытталған және 10-20 жылдық мерзімді қарастырады. Фирманың жалпы мақсаттарын қамтиды, даму жобасын, қойылған міндеттерге жету шараларының реттілігі мен мазмұнын анықтайды.
Стратегиялық жоспар жан жақты зерттеулер мен нақтылы деректермен негізделуі тиіс. Бүгінгі бизнес заманда тиімді бәсекелестік жасау үшін фирма әрдайым сала, нарық және басқа да факторлар туралы ақпаратты жинап, оған анализ жасауы тиіс.
Стратегиялық жоспар шешім қабылдауға негіз бола алады. Шешім қабылдау кезінде қауіпті төмендетуге мүмкіндік береді. Жоспарлау, қойылған мақсаттарды тұжырымдауға бағытталғандықтан, ол ұйымның ішінде ортақ мақсат бірлігін жасауға көмектеседі.
Стратегиялық жоспарлау белгі бір алгориттмен жүзеге асады:
не істеу қажет (концептуалды аспект, негізгі мақсатты тұжырымдау);
қалай жасау керек (технологиялық аспект);
қандай құралдарды қолданып жасау керек (ресурсті аспект);
қандай мерзімде және қандай ретте жасау керек (уақыт аспектісі);
кім жасайды (кадрлық аспект);
ұйымдастыру құрылымы қандай болуы тиіс (ұйымдастыру – басқарушылық аспект).
Стратегиялық мақсаттар мен мерзімдерді басшылық анықтайды, ал оларды жүзеге асыруға барлық басқарушық және басқару деңгейлері қатысады.
Нарықтың қарқынды дамуында жоспарды сандық түрде көрсету мүмкін емес болғандықтан, жоспарлар сапалық көрсеткіштерде көрсетіледі. Олардың негізінді фирманың даму бағыттары жүзеге асады.