Менің идеалды жұмыс орным



Дата03.01.2022
өлшемі184.56 Kb.
#450831
Байғали Ерасыл.Мөж1


Менің идеалды жұмыс орным
Әрбір адам баласы ересек бола бастаған кезінен-ақ,озінің болашақ мамандығын,яғни кандай жұмыс орнында істейтінін ойлана бастайды.Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек:жар таңдаудан және мамандық таңдаудан. Халық айтса,қалып айтпайды демекші,болашағың жарқын болсын десең,жұмыс орнын таңдаудан кателеспеу керек.

Менің идеалды жұмыс орным жайлы айтатын болсам,мен өзімді болашақта газ шаруашылығының маманы ретінде көремін.Бұл жасаған таңдауымада әсер еткен факторлар аз болған жоқ. Біріншіден,менің алып жатқан білімім осы мұнай-газ саласы.Екіншіден,қазіргі кезде еліміздің көп аймақтары газбен қамтылмаған.21 ғасырда,мұнай мен газға бай мемлекетімізде мұндай жағдайдың орын алып отырғаны дұрыс емес деп ойлаймын.Сол себепті де мен,оқуымды ойдағыдай аяқтап,осы мәселелердің шешілуіне өз үлесімді қосып,халқымыздың ризашылығын алсам деген ойдамын.

Бұдан бөлек,басқа да факторларды айтып кетейін.Идеалды жұмыс орны деп айту үшін,жалақы мөлшері,бірге жұмыс істейтін әріптестер,жұмыс уақытының колайлылығы деген сияқты мәселелерді де қарастырып өту керек.Жалақы мөлшері,болашағымыздың жарқын болуының белгілі бір бөлігі десем қателеспейтін шығармын.Жалақым бәсекелестікке қабілетті болса,мен өзімді де отбасымды да көп заттан шектетпеймін,яғни отбасымның ел қатарлы өмір сүруіне жағдай жасап беремін.

Қандай жұмыс істесеңде,әріптестеріңмен ара қатынасың дұрыс болмаса,ол жұмыстың берекесі кетеді.Сол себепті,менің әріптестеріммен ара катынасымызда,тусінушіліктің мол болғанын калаймын.

Жұмыс уақытының колайлылығына келетін болсақ,әр адамның жұмыстан бөлек,озінің жеке өміріне жеткілікті уақыты болуы керек.Жеке өмірі деп отырғаным,отбасыңа көңіл бөлу,өзіне ұнайтын заттарымен айналысу және т.б.Менің мамандығыма қатысты көп жағдайларда вахталық жұмыстар шығып жатады,ондай жұмыс ұақыты менің идеалды жұмысыма қарама-қайшы.Ел қатарлы 5 күн жұмыс істеп,2 күн демалсам,мүмкіндік болса ай сайын озіме берілген жоспарлы жұмысты аяқтап,қалған күндерім бос болса,осыдан артық жұмыс уақыты болмайтын еді мен үшін.

Осының бәрін қорытындылай келе,менің идеалды жұмыс орным,өзім жеке газ шаруашылығы компаниясының негізін қалап,сол компанияның директоры болып,халықты газбен қамтамасыздандырып,өз елімнің бетке ұстар азаматы болу.Осы идеал жұмысыма жету жолында аянбай еңбек ететін боламын.



Менің болашақ идеалды жұмыс орнымның көрсетушілік(визуациялық) бейнелері:

1-сурет.Менің жұмыс жасау процесім.


2-сурет.Әріптеріммен түскен фотосуретім.

3-сурет.Өзімнің компаниямды ашып,директор болған кезімдегі фотосурет.

Cуретте көрсетілген өзімнің атам болады ағай.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет