«Павлодар қаласының № 29 орта білім беру мектебіі» ММ
Ә.Апсалямова
«Қобыланды батыр» жырын оқыту
Павлодар, 2011 жыл
КІРІСПЕ
Бүгінгі уақыт барлық өркениетті елдерде білім беру ісін адамзаттық құндылықтарға негіздеу және ұлттық сананы құрметтеумен ерекшеленетіндіктен, қазақ мектептеріндегі қазақ әдебиет пәнін оқыту мәселесі де заман талаптары мен әлеуметтік сұраныстарға сай жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Сол себепті де пәнді оқытудағы өзгерістер мен жетістіктер оның даму үрдістерінің үздіксіз екендігіне көз жеткізеді.
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды мәселелердің бірі- олардың ізеттілігін , тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық қасиеттерін қалыптастыру қажет екені Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” жолдауында жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ халқының өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде оқушыларды қалыптастырып, шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді.
Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде қазақ әдебиеті пәні бойынша батырлар жырын оқытудың маңызы зор. 6-9 сыныптарында батырлар жырын оқытудың маңызы - оның өзіне тән ерекшеліктерін, негізгі қағидаларын, жалпы ондағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататынын айқындап көрсету.
Батырлар жыры өздерінің тақырыптары жағынан сан алуан болды. Айталық олар батырлар туралы, салт-дәстүрлерді, достық пен махаббатты жырлады. Мысалы: батырлар жырына “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер тарғын”, “Қамбар батыр” эпостарын жатқызуға болады.
Қазақ халқының сүйіп тыңдайтын жыры – “Қобыланды батыр” . Деректерге қарағанда, бұл жыр он жетінші ғасырдың аяғынан айтылып келе жатыр делінген. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында “Қобыланды батыр” жырын эпик ақын Марабай Көлбаев жырлаған. Бұл жырды ең алғаш рет Ыбырай Алтынсарин Марабай ақыннан жазып алып, 1879 жылы бастырған. 1914 жылы Қазанда Тұяқбай нұсқасы, 1922 жылы Ташкентте Ә.Диваев жинаған нұсқалар жарық көрген.
“Қобыланды батыр” жыры – эпикалық поэма. Оның 10000-нан астам сөзі Қобыландының ғажайып тууы, ата-анасы, балалық шағы, қаһармандықпен үйленуі, оның Қазанмен, Алшағармен, Көбіктімен т.б сыртқы дұшпандармен соғыстары, Қарлығамен арадағы қарым-қатынасы, ерлігі, жауға шапқан жорығы суреттеледі.
Сөйтіп, батырлар жырын оқыта отырып, оқушыларды батылдыққа, ерік-жігерге тәрбиелеп, олардың патриоттық сезімдерін оятуға болады.
“ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР” ЖЫРЫН ДӘСТҮРЛІ
ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОҚЫТУ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде кез келген пәнге байланысты жүргізілетін сабақтар дәстүрлі және дәстүрлі емес түрінде болады. Бұл екі сабақтың өзіне тән ерекшеліктері бар. Екеуінің де маңыздылығы мен тиімділігі сабақтың тақырыптарына сай қолданылады.
Сабақ дегеніміз - оқытуды ұйымдастырудың басты формасы, екіншіден, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын ұйымдастырудың басты формасы. Кез келген сабақ қоғаммен, оның идеологиясымен, саясатымен, қоғамдық іс-әрекеттің басқа түрлерімен байланысты.
Әрбір сабақтың алдында мынадай мақсаттар тұрады: білімді меңгерту, икемділікті қалыптастыру, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Дұрыс қойылған сабақтың мақсаты – мұғалім еңбегінің мәдениеттілігінің көрсеткіші.
Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу мен, дәстүрлі емес жаңаша оқытудың айырмашылығына мынадай анықтама береді: дәстүрлі оқыту үрдісінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді дайын күйінде меңгертеді. Ал жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргендірін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей піірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес , жетекші бағытты ұстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әр түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, екеуі де бірлік одақта қызмет істейді. Дәстүрлі оқыту процесінде “проблемалы жағдай”, “оқу проблемасы”, “мәселенің принциптері” сияқты ұғымдар болған емес. Проблемалық оқытуда оқушы меңгерген теориялық білімдерін блок-блокпен жинақтап отыруға ынталанады. Проблемалық оқыту жүйесінің атқарар функциясы – білімді ғылыми негізде меңгерту. Сөйтіп, іс-әрекетте ғылыми зерттеушілікке бағыттайды. Нәтижесінде, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, қажетін дидактика әлемінен өздігінен іздейтін іс-әрекетке даярлайды. Оқушыда эмоциялық-еріктілік және уәждік қажетсіну іс-әрекеті ұшталады. Әрине, мұндай оқытуды іске қосудың өзі оқулықта міндетті түрде байланысты болып келеді.
Әдеби нысанында оқушының жанрларға жіктей білуі, егер эпикалық жанр болса, кіші әңгімеден эпопеяға дейінгі басқыштарды ажыратады, олардың жасалу жолдарын айқындауы, бейнелер, кейіпкерлер, қаһармандарды топтастырып, автордың позициясын құбылыстар менгеру процестер, суреттер, сұхбат түрлері мен монологтары арқылы түйсінуі, егер поэзия жанры болса, одан элегияға дейінгі басқыштарды жіктеп беруі, лирикалық қаһарманнның позициясы, өлең өрнегіндегі троп пен фигурасының түрлерін талдауы және тағы басқа.
Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы - ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту 5-9 сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек: