Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
МӘНЖАЗБА
Тақырыбы: Ақпараттық жүйелерді қорғау стандарттары мен құралдары
Пән: Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
Орындаған:Турдыбаева Айгул
Тексерген: Убаева Ж.К.
Топ: Ати-203
Ақтөбе 2024ж
Мазмұны
Кіріспе
Ақпараттық жүйе. Ақпараттық жүйені қорғау стандарттары
Ақпараттық жүйені қамтамасыз етудің маңызы
Ақпаратты қорғау құралдары
Ақпараттық жүйенің негізгі принциптері
Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі заманғы қоғамдағы өмірде берілгендерді өңдеуде автоматтындырылған жүйені күнделікті қолдану барысында берілгендерді енгізу, сақтау және шығару қажет болады. Жалпылама компьютерлендіру, пайдасымен бірге көптеген мәселелерді алдына қояды, соның ішінде ең қиыны ақпараттың қауіпсіздігі болып табылады. Адамдардың автоматтындыруда ең жоғарғы деңгейге ұмтылуы, көп қолданылатын арзан компьютерлік жүйелерге деген сұранысы берілгендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәуелділігіне әкеліп соғады. Дербес компьютерлердің пайда болуы тек қана қолданушылардың ғана мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай сонымен қатар жүйе бұзушыларғада кең жол ашып отыр. Компьютерлік жүйенің қауіпсіздігі әлден ғылыми зерттеуде өзіндік бағытқа ие болды. Бірақта осыған қарамастан шешілмеген мәселелер саны азаймай отыр. Мұның себебін ең алдымен ғылыми техникалық прогресстің өте үлкен жылдамдықпен даму барысымен түсіндіруге болады. Жаңадан пайда болған компьютерлік технологиялар шешілген мәселенің шешілмеген жаңа қырын ашады.
Бүкіл дүние жүзі бойынша компьютерлік қылмыс тек құқық қорғау орындарының ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың да назарын аударуда. Бұл мәселе бизнес саласына өте үлкен қауіп төндіруімен қатар, тағы бір жағынан оның компьютерлендіру және ақпараттандандыру деңгейінің көрсеткіші. Сол сияқты компьютерлік технологияларды жетілдіру және жаңа бағыт – есептеуіш техникаларда өңделетін ақпаратты қорғау бағытын дамытуға қозғаушы күш болып отыр.
Жаңа акпараттық технологиялардың пайда болуы және қуатты компьютерлік сақтау мен ақпаратты еңдеу жүйелерінің дамуы ақпаратты қорғау деңгейін арттырды жэне мәліметтерді сақтау сэулетінің күрделілігімен бірге ақпараттық қоргау тиімділігі өсетінін талап етті. Осылайша біртіндеп экономикалық ақпаратты қорғау міндетті болып табылады: ақпаратты қорғауға арналған барлық қүжаттардың түрлері әзірленуде; ақпаратты қорғау бойынша ұсыныстар жасалады; тіпті ақпаратты қоргау мәселелерімен айналысатын ақпаратты қоргау туралы заңмен және ақпараттарды қорғаудың міндеттерімен жүзеге асырылады, сондай-ақ ақпаратты қорғаудың бірегей мәселелерін шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: |