Меншік қатынастары, олардың экономикадағы рөЛІ



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата12.03.2024
өлшемі384.06 Kb.
#495145
  1   2   3
Экон.теория 6 такырып



 
МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ, ОЛАРДЫҢ 
ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ. 
1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
2. Меншік обьектілері мен субьектілері.
3. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру:
кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері. 
 
 
 
 


Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. 
Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және
өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын 
қоғамдық қатынастар. Меншік ќатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену 
ќатынастарымен салыстыру ќажет. Сөйтіп, меншік дегеніміз - бұл өндірістің 
нәтижесі мен құралдарын иемдену-иелену туралы адамдардың арасындағы 
объктивті қатынастар жүйесі.
Иемдену – затты меңгеріп алудың наќты ќоғамдыќ әдісі. Иемдену осы берілген 
меншіктің және оның наќты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін ќұрайды. «Меншік» 
және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрќайсы жеке танып білу ќажет: 
бұлардың жеке ұғымдар және экономикалыќ ќатынастар жүйесінде өздерінің жеке 
орындары болады. 
Иелену әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің өзекті мәселесі болып саналады. «Меншік» 
және «иелену» түсініктерін теңдестіруге болмайды. Меншік - тым абстракциялық 
түсінік, ал иелену - нақты түсінік.
Иелену - бұл затты (билеп) алудың нақты қоғамдық әдісі. Қоғам дамуының әр 
түрлі кезеңінде затты билеп алу әдістері, яғни иелену ауысып отырған. Өзінің 
қарапайым формасында иелену, ол адамдар материалдық игіліктерді өндіруді 
үйренгенге дейін, пайда болған. Мысалы адам қоғамының ерте басында адамдар 
табиғат байлығын оларды өндірмей иеленуді (аң аулау, балық ұстау, жинау. т.б.). 
Бұдан әрі өндірістің пайда болуымен және дамуымен, иелену объектісі табиғат 
байлығы ғана емес, сонымен қоса өндіріс өнімдері де болды.


Қазақстанда заңға байланысты жеке, мемлекеттік және басқа да меншік формалары бар.
Жеке меншік бұл - меншіктің объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы. 
меншіктің субъектілері – жеке тұлғалық шаруалар, қолөнершілер және өздерінің 
еңбегімен өмір сүретін басқа да тұлғалар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет