Гипертензиялық криз – АҚҚ кенеттен жоғарылауымен, тіршілік үшін маңызды ағзалар функциясының бұзылу симптомдарының пайда болуымен немесе олардың қаупінің дамуымен, сонымен қатар нейровегетативтік бұзылыстармен сипатталатын клиникалық синдром.
Хаттама коды: Е-004 "Гипертензиялық криздер"
Жедел медициналық көмек
Жіктемесі
Гипертензиялық криздің ағымы бойынша жіктелуі бөлінеді:
1. Асқынған (қималы, emergency) милық, коронарлық, бауырлық қанайналымның нашарлауы белгілері қатар білінетін жəне парентералдық препараттардың көмегімен АҚҚ-н алғашқы минуттар немесе сағаттар ішінде түсіруді қажет ететін жағдай.
2. Асқынбаған (қималы емес, urgency) гипертензиялық криздер нысана ағзалар зақымдануы қатысуынсыз жəне тез арада бірнеше сағаттар ішінде АҚҚ төмендетуді қажет ететін жағдай.
Асқынбаған гипертензиялық криздердің түрлері:
1. Нейровегетативті.
2. Сулы-тұзды.
3. Құрысқақты.
Гипертензиялық криздердің асқынуы
1. Цереброваскулярлық:
- ми қанайналымының жіті бұзылысы (инсульт, субарахноидальдық қан құйылу);
- ми ісінуімен əйгіленетін жіті гипертониялық энцефалопатия.
2. Кардиальдық:
- жүрек функциясының жіті жеткіліксіздігі;
- миокард инфаркты, жіті коронарлық синдром.
3. Аортаның жіті қатпарлануы, аорта аневризмасының жыртылуы.
4. Бауыр функциясының жіті жеткіліксіздігі.
5. Көз торқабығына қан құйылуымен жүретін жіті ретинопатия.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп топтары
Гипертониялық криз дамиды:
1. Гипертониялық ауру.
2. Симптоматикалық артериялық гипертензия.
3. Реноваскулярлық артериялық гипертензия.
4. Диабеттік нефропатия.
5. Феохромоцитома.
6. Жіті гломерулонефрит.
7. Жүкті əйелдер эклампсиясы.
8. Дəнекер тіннің бүйректі қоса зақымдауымен жүретін диффузиялы ауруы.
9. Симпатомиметик заттектерді пайдалану (жиірек кокаинды).
10. Бас жарақаты.
11. Ауыр күйіктер жəне басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |