Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар



бет1/6
Дата23.04.2023
өлшемі24.45 Kb.
#472639
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6
жауап




Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабының 1‑ші тармағы Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік бірдей танылатындығын және қорғалатындығын көрсетсе, 2‑ші тармағы меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленетінін айқындап берген.


Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің нормалары меншікке нақты тұжырымдама беріп, меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауына мүмкіндіктер, құқықтар берген. Сондықтан, меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық‑құқықтық нормамен қорғалып, егер де меншік құқығына қандай да болмасын қауіпті іс‑әрекет жасалатын болса, онда ол қылмыстық‑құқықтық норма арқылы қорғалып қана қоймай, қылмыстық заңдылықтар шеңберінде сараланатыны белгілі.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық қасақаналық немесе абайсыздық жағдайында жасалуы мүмкін. Олай деуге себеп, қылмыстық іс‑әрекет екі жағдайда да меншік иесіне көптеген залал келтіреді немесе залал келтіру қаупін тудырады. Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісіне бірнеше қоғамдық қатынастарды жатқызуға болады, олар:
- меншік иесінің иелену құқығы;
- меншік иесінің пайдалану құқығы;
- меншік иесінің билік ету құқығы.
Қылмыстың тікелей объектісі - мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамның меншігі болып табылады.
Объективтік жағынан меншікке қарсы қылмыс материалдық қылмыс құрамын құрайды. Сондықтан, бұл жерде қылмыстың объективтік жағын негізгі үш міндетті белгі әрекет пен зардап және әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс құрайтынын айта кетсек, артық болмаған болар еді.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар субъективтік жағынан көбінесе тікелей қасақаналықпен жүзеге асады. Субъективтік жағының міндетті белгісі екі түрге бөлінеді:
- пайдакүнемдік ниет;
- мақсат.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъектісі он төрт жасқа толған адам болып табылады. (кейбір қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік он алты жастан басталады. ҚР ҚК 189, 190 , 193, 195, 196, 198, 200 бап 1-ші тармағы, 201, 202 бап 1-ші тармағы, 188).
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар көбінесе пайдакүнемдік ниетпен жасалатыны белгілі. Бұл әрине, меншікке қарсы қылмстардың барлығы бас пайдасын ойлап жасалады деген жаңсақ пікір тудырмаса керек. Меншікке қарсы қылмыстық әрекеттер пайдакүнемдікті ойламай жасалуы мүмкін екендігін еске салсақ, артықтық етпес.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға арналған тарауын саралайтын болсақ, бұл қылмыстарды екіге бөлуге болады:
- пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтар;
- пайдакүнемдік емес қылмыстық құқық бұзушылықтар;
Пайдакүнемдік қылмыстар өз кезегінде екі топқа:
-бөтеннің мүлкін талан‑таражға салу;
-меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтар болып бөлінеді.
Пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірінші түрі болып табылатын талан‑ таражға: ұрлық (ҚР ҚК 188 бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК 189 бап); алаяқтық (ҚР ҚК 190 бап); тонау (ҚР ҚК 191 бап); қарақшылық (ҚР ҚК 192 бап); ерекше құнды заттарды жымқыру (ҚР ҚК 193 бап) жатады.
Пайдакүнемдік қылмыстардың екінші түріне жататын меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтарға: қорқытып алушылық (ҚР ҚК 194 бап); алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру (ҚР ҚК 195бап); Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (ҚР ҚК 200 бап); көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу (ҚР ҚК 196 бап); мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу (ҚР ҚК 197 бап); авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу (ҚР ҚК 198-бап); өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу (ҚР ҚК 199 бап); жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚР ҚК 201 бап) қылмыстары жатады.
Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстық құқық бұзушылықтарға екі қылмыс құрам­дары жатады, олар: бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру (ҚР ҚК 202 бап); ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру(ҚР ҚК 203 бап); бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (ҚР ҚК 204 бап).
Талан-тараж қылмыстық құқық бұзушылықтары пайдакүнемдік мақсатта жасалады. Яғни кінәлі адам бөтен мүлікті өз пайдасына немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін алып қою арқылы мүлік иесіне көптеген залал келтіретіні айтпаса да түсінікті.
Пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірінші түрі болып табылатын талан‑ таражға: ұсақ-түйек жымқыру (ҚР ҚК 187 бап); ұрлық (ҚР ҚК 188 бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК 189 бап); алаяқтық (ҚР ҚК 190 бап); тонау (ҚР ҚК 191 бап); қарақшылық (ҚР ҚК 192 бап); ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (ҚР ҚК 193 бап) жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет