Ата-аналарға арналған жадынама «Балалар мен жас жеткіншектерде суицидалдық белгілердің болуы»



Дата16.06.2016
өлшемі23.55 Kb.
#139821
Ата-аналарға арналған жадынама

«Балалар мен жас жеткіншектерде суицидалдық белгілердің болуы»

Өзін-өзі өлімге қию (суицид) – бұл саналы түрде өзін өмірден айыруы. Бұндай әрекетке өзін –өзі өмірден айырылуына бағытталған,қандайда бір болмасын бір әрекетпен бағытталмайтын, ойды, әрекетті жатқызуға болады. Суицидты шартты түрде екі түрге бөлуге болады:

шынайы

Бопсалау

Өзін-өзі өмірден қиюы

Қоршаған ортаға қысым көрсету, қандай да бір табысты шығару, басқа адамдардың сезімі, өзін өмлімге қимау т.б.

Балалар мен жас жеткіншектерді суицидке итермелеу мотивтері:

1)ренішті уайымдау, жалғыздық, түсінбеушілік.

2)ата-ана махаббатының жетіспеушілігі, сезім, қызғаныш.

3) біреуден айырылу, ата-аналардың ажырасылуы, үйден кетуі т.б.

4)Күнә, ұят сезімі.

5) Күлкі болу, ұятты болудан қорқу.

6) кешірім сұрағысы келмеушілік.

7) махабатқа ренжу, сексуалдық қатынас, жүктілік.

8) кек алу, ашулану, жеңілу, бопсалау, тартып алу.

9) өзіне көңіл аудару, өзіне аяушылық таныту,келеңсіз жағдайлардан қашқақтау,қиын жағдаятан шығу 10) досына, кітап,кино кейіпкерлеріне аяушылық немесе еліктеу.

Күйзеліс белгілері:

Балалар

Жас жеткіншектер

* мұңлы көңіл-күй

*Ішкі мұңын байқау

* ұйқысын бұзу

* жиындық шағымдар

*тәбеттің,салмақтың өзгерілуі,

* үлгерімнің нашарлануы

* қарым-қатынасқа деген қызығушылықтың төмендеуі

*сәтсіздіктен қорқу

* тұйықтылық

* агрессивті тәртіп


  • Мұңлы көңіл-күй

  • Жалығушылық

  • Шаршау сезімі

  • Ұйқының бұзылуы

  • Мазасыздық

  • Тұйықтылық

  • Агрессивті тәртіп

  • Тыңдамау

  • Айғай-шуға бейімділік

  • Алкогольді, нашаны қолдану

  • Үлгерімнің нашарлануы

  • қыдырулар

Балалардың эмоционалды уайымдауына ата-аналардың жауапты әрекеті:

- қамқор болу

-мұңлы жағдайларды жиі талқылау

- қайғырудың шынайы екендігін түсіндіру

- Қолдау көрсетудің жүйесі туралы ақпараттандыру(психологиялық, медициналық)

- тұғырықтан шығу жолдары

- оң эмоцианы көрсету

Құрметті ата-аналар!!!

Егерде балаңыздың бойынан өзінің жасына тән емес қылықтарды байқасаңыз, тез арада психолог мамандығына барыңыз.

Есіңізде болсын!

Сіздің балаңыздың өмірі және денсаулығы- сіздің қолыңызда!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет