Мәртөк ауданының
2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму
БОЛЖАМЫ
Мәртөк с, 2014 ж.
Кіріспе
Ақтөбе облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай – әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 Қаулысымен бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасау Ережелеріне сәйкес әзірленді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес, Елбасының жыл сайынғы Жолдауы мен еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары ескеріле отырып дайындалған.
Аталған құжат ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы көрсеткіштерін, басымдықтарын, үрдісін, болжамын, 3жылға арналған бюджеттік параметрлердің болжамын, экономикалық, инвестициялық және салықтық-бюджетттік саясатты қамтиды.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы аудан бюджетін үш жыл мерзімге әзірлеуге және аумақты дамыту бағдарламасы үшін негіз болып табылады.
МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БЕТБҰРЫСТАРЫ
2013 жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өсімінің серпіні аудан аумағында екі ірі кәсіпорындарының өндірістік қызмет атқаруымен байланысты «Дженгиз Иншаат» ЖШС- жол құрылысы үшін құм-саз қоспасы және «Ойл техногрупп» ЖШС-жерқойнауын барлау, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының құрлысымен айналысты, құрылыс қызметі 2013 жылы аяқталды.
Аудан өнеркәсібі 2013 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1561,6 млн.теңгені құрады немесе өткен жылға 137,1 %. Кәсіпкерлік нысандарының салалық құрылымында өнеркәсіптің үлес салмағы 1 %.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның НКИ 9879,1 млн.теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 73,5 %. Көлемнің төмендеуі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолы құрылысының аяқталуымен және «Ойлтехногрупп» ЖШС өндірістік қызметінің (жер қойнауын барлау) тоқтатылуымен байланысты.
Ауыл шаруашылық саласының жалпы өнімі 10 775,8 млн.теңгені құрады (ағымдағы бағамен), НКИ – 86,1 % құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 13,9 % төмен., оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері – 4 506,8 млн.теңге, мал шаруашылығы – 6 529,0 млн.теңге.
Аудан экономикасының салалық құрылымында кәсіпкерлік субъектілердің көпшілігі ауыл шаруашылығына келеді – 41,6 %.
Ауыл шаруашылық саласының 58,2 % -мал шаруашылығының өнімі , өсімдік шаруашылығының өнімі- 41,8 %.
Таза салмақта 7,4 мың тонна ет өндірілді, 38,6 мың тонна сүт сауылды, 5,4 млн.дана жұмыртқа алынды, 60,3 тонна жүн, 87,1 мың тонна шөп, 20,0 мың тонна сабан, 12,7 мың тонна көкөніс, 16,8 мың тонна картоп және өзге 2,0 мың тонна алынды.
Өндіріс көлемінің көрсеткіштерінің төмендеуінің негізгі себебі құрғақшылық болып табылады, осыған байланысты дәнді дақылдар өнімі төмендеді – 5,1 ц/га, бұл өсімдік шаруашылығы өнімінің төмендеуіне әсерін тигізді. Осыған байланысты 2013 жылы егіс алқабтары қысқартылды.
ІҚМ бас саны көбейді -23,8 мың бас (2012 жыл мерзіміне-22,7 мың бас), шошқа – 1,3 мың бас немесе 118,4 %.
Өзге түрлері бойынша қой және ешкі саны төмендеді- 25,0 мың бас немесе 99,8 %, жылқы -2,7 мың бас немесе 83,3 %, құс- 40,0 мың бас немесе 99,0 %.
Асыл тұқымды малдар сапасының нығайту бойынша ауданда жұмыстар жетілдірілуде, 17 қолдан ұрықтандыру пункттері қызметін атқаруда, 2780 бас ұрықтандырылды, жоспар 100% орындалды.
Құрылыс секторы, 2013 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 186,16 млрд.теңге немесе 2012 жыл мерзіміне 142,6 %.
2013 жылғы жоспар көлемі 455,5 мың кв. Болса, салынған тұрғын үй көлемі 461,2 мың кв. немесе 2012 жылмен салыстырғанда 105,8 % құрады.
2013 жылы орташа еңбекақы көлемі 116,4 % көбейіп, 64685 теңгені құрады. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2 % құрады.
609 жаңа жұмыс орындары құрылды, тұрақты жұмыс орындарына 552 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 384 адам қатысты, 116 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді, 39 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Бөлшек сауда тауар айналымы 1908,6 млн.теңгені құрады.
Аудан бюджетіне 480,6 млн.теңге көлемінде салықтар мен өзге де төлемдер түсті, өсу қарқыны 103,8 % құрады. Мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің көлемі 531,3 млн.теңгені құрады, өсу қарқыны 83,2 % .
Шағын және орта бизнесте кәсіпкерлік субъектілердің саны 1178 бірлік, немесе 109,2 % (2012 г-1079). Экономикалық қызметтің түрлері бойынша шағын бизнес құрылымында жетекші орынды ауыл шаруашылығы (41%) және сауда (16%) иеленуде. Белсенді кәсіпорындар саны 53 бірлікті құрайды немесе тіркелгендер санынан 56 %, немесе өткенжыл жеңгейіне қарағанда 103,9 %.
Кәсіпкерлік субъектілерінен салықтық түсімдердің өсу қарқыны 141,2% тең немесе 538,1 млн.теңге.
2013 жылы шағын кәсіпорындармен және жеке кәсіпкерлермен 13 157,2 млн.теңгеге өнім, жұмыс өндіріліп және қызмет көрсетілді, бұл өткен жыл мерзіміне қарағанда 105 % құрайды.
2014 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 1654,5 млн.теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 94,4 %. Бұл облыстық көрсеткіштен 0,3 % төмен (облыстық -94,1%).
9 ай қорытындысы бойынша көлемнің төмендеуі келесі себептерге байланысты: «Дженгиз иншаат» ЖШС- жол құрылысы үшін құм-саз қоспасы, «Ойл техногрупп» ЖШС- жер қойнауын барлау, жол құрылысы саласында қызметтерінің аяқталуы, «Ремонтник» ЖШС – темір жол саласы бойынша тапсырыстардың төмендеуіне байланысты (металлөңдеу)-54,5 %.
Аудан экономикасы құрылымында ауыл шаруашылығы климат жағдайы, топырақ құнарлығы және өзге де параметрлер бойынша негізгі орынды иеленеді және бірінші дала зонасына жатады. Жеке өндіріс есебінен аудан тұрғындарын азы-түлікпен қамту тапсырмалары табысты шешімін табуда.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 7445,4 млн.теңге немесе 95 % құрады.
ІҚМ саны көбейді – 25,8 мың бас немесе 108,2 %, қой және ешкі -31,5 мың бас немесе 117,3 %, жылқы – 3,2 мың бас немесе 109,6 %, құс-50 мың бас немесе 109,7%.
Негізгі капиталға салынған инвестиция өсімі 3431,7 млн.теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 41,7 %. Инвестицияның 58,3 % төмендеуі 2013 жылы халықаралық магистральдың құрылысының аяқталуына байланысты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 675,5 млн.теңгені құрады, пайдалануға 8,7 мың кв. тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жалпы ауданның дамуы әлеуметтік-экономикалық саясаттың дамуы тиімді жүзеге асырылуы есебінен жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылы экономиканың дамуы еңбек нарығында тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.
2015–2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МАҚСАТЫ МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ
Мәртөк ауданының 2015 - 2019жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айқындалған іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталады.
Мәртөк ауданының орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі мақсаты – бұл дамудың жаңа курсын жүзеге асыруды жалғастыру, табыстар өсімінің, өндіріске және адам капиталына салынған инвестициялардың өсуі есебінен экономиканың тиімді және сапалы өсімін қамтамасыз етуді жалғастыру болып табылады.
Ауданның экономикалық табысы адам капиталының даму деңгейімен, денсаулығымен, әлеуметтік жағдайымен, инклюзивтілігімен, қоршаған орта қаууіпсіздігімен және мемлекеттік басқару тиімділігімен анықталады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу және ауданның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясат ықпал етеді.
Орта мерзімді кезеңге ауданның әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі басымдықтары болып келесілер анықталған:
1)әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау;
2) экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету;
3) әлеуметтік жаңғырту;
4) өңірлік даму және урбанизация процессін басқару
Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету
Экономикалық саясат экономиканы әрі қарай индустриализациялау, агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту, еңбек өнімділігін өсіру, іскерлік белсенділікті, салалардың инвестициялық тартымдылығын көтеру, транзиттік әлеуетті өсіру мен жаңа жұмыс орындарын құру есебінен орта мерзімде экономиканың 5-6,8 % өсімін қамтамасыз етуге бағытталады.
Аудан экономикасын әрі қарай инновациялық индустриализациялау өңірлік ерекшелікті ескере отырып белгілі басымды секторларда өңдеу өнеркәсібінің дамуына бағытталған индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдық аясында жүзеге асырылады.
Шағын бизнеске қолайлы жағдай туғызу үшін және жергілікті мемлекеттік қолдау көрсету үшін жұмыс әрі қарай жалғастырылады.
Әлеуметтік жаңғырту
Әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру және халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету есебінен адам капиталын сапалы жаңарту және адам капиталын дамыту арқылы қоғамды әрі қарай жаңғыртуға бағытталады.
Зейнеткерлік жүйені жетілдіру 2030 жылға дейінгі зейнеткерлік жүйені одан әрі жетілдіру Концепциясы шеңберінде қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік саланың басымдылықтарының бірі ретінде анықталып отырған- шектеулі мүмкіндіктері бар адамдарға арнап әлеуметтік жағдай туғызу және оларды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал жасау.
Өңірлік даму және урбанизация процесін басқару
Өңірлік саясат экономикалық әлеуетті өңірлік аумақтық ұйымдастыру жұмысын қалыптастыруға, урбанизация процесін ынталандыру және реттеу арқылы халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар туғызуға және ауданның 13 елді мекені кіретін агломерацияны дамытуға, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар тірек ауылдық елді мекендері мен шекара аймағындағы елді мекендерді дамыту және қолдауға бағытталған.
Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру
Әкімшілік реформа шеңберінде жалпы қоғамның және бизнестің, азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын қанағаттандыруға бағытталған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Экономикада жеке бизнес және мемлекет рөлдеріннақыт бөлінуін қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді тиімді басқару үшін бөлек мемлекеттік кәсіпорындарды және квазимемлекеттік компанияларды жекешелендіру жалғасын табады.
Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары
Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
Құнсыздықты ұстап тұру мақсатында тұтынушылық нарығында бағалар өзгерісіне ықпал ететін факторлар жіті бақылауда болады.
Тұтыну нарығын реттеу және бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу үшін, сонымен қатар маусымдық ауытқуларды басу үшін азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қолдану бойынша жұмыс жалғастырылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында оларға бөлшек бағалардың шектік мәнін қолдану тәжірибесі әрі қарай жалғастырылады.
Нарықты отандық азық-түлік тауарларымен толтыру үшін отандық өндірушілерді қолдау ісі қамтамасыз етіледі.
Бюджеттік және салықтық саясаттың негізгі басымдықтары
Орта мерзімдік кезеңдегі жаңа бюджеттік саясаттың Тұжырымдамасына сәйкес бюджеттік саясат мемлекеттік қаржылардың теңгерімділігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтануына бағытталады.
Осыған байланысты бюджеттік саясаттың негізгі шешімдері болып табылады:
- әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған басымды бағыттардағы бюджеттік шығындарды шоғырландыру;
- бюджеттік қаржыларды пайдалану тиімділігін арттыру.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа шығындар бастамалары
Елбасының нұсқауларын ескере отырып, сондай-ақ мемлекеттік және салалалық бағдарламаларды әрі қарай жүзеге асыруда 2015-2017 жылдары аудан бюджетінің шығындарының жаңа бағыттары болып табылады :
- білім беру саласында – 3 ауысымды білім беру жүйесін және апатты мектептер үлесін төмендету үшін жаңа нысандар құрылысы, мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік тапсырысты арттыру;
- денсаулық сақтау саласында- салауатты өмір салтын қалыптастыру және қол жетімді, сапалы медициналық көмекті ұсыну;
- «Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау;
- Көліктік және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
Жоспарлық кезеңге бюджеттік инвестициялық саясаттың (оның ішінде бюджеттік инвестициялар) негізгі басымдылықтары
Бюджеттік инвестициялық саясат Елбасының 2014 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айқындалған стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен нұсқаулардағы мақсаттар мен шешімдерді жүзеге асыруға бағытталады.
Бюджеттік инвестициялардың басты бағыттары болып табылатын:
Өңірлік дамыту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту, халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін әрі қарай көтеруді қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және су қайтарғы жүйесін дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәскелестікке қабілетін көтеру арқылы.
Өңірлік дамудың негізгі тетігі болып агломерацияларды, тірек және шекаралас елді мекендерді дамыту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешу бойынша іс шараларды қаржыландыру болып табылады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының және салалық бағдарламалар іс шараларын қаржыландыру басымды бағыт болып табылады.
Әлеуметтік саланы жаңғырту
Әлеуметтік саланы жаңғырту білімге бәскелестік қабілетін көтеру арқылы, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында халықтың сапалы қызметке деген қажеттілігін қанағаттандыру, тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамытуды қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын жақсарту, тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыссыздықты қысқарту.
Қазақстан Республикасында 2011 — 2020жж. білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша, 2011-2015жж. «Саламатты Қазақстан», 2010-2020жж. «Балапан» және «Жол жұмыспен қамту картасы 2020» бағдарламалары бойынша денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру ісі жалғастырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер мен денсаулық сақтау объектілері желісін кеңейтуді қаржыландыру апат жағдайындағы және үш ауысымды мектептерді жабу бойынша шешілуі тиіс мәселелерді бірінші орында шешу ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер сапасын көтеру және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нәтижеге бағыт алған мемлекеттік жоспарды енгізу бойынша реформаларды тереңдету арқылы іске асырылады.
2015 – 2017 ж.ж. басымды бюджеттік инвестциялар тізілімдемесі 2 қосымшада берілген.
Экономика салаларын дамыту
2015 жылдан бастап ауданда «Желэнерго»ЖШС инвестициялық-инновациялық жобасын жүзеге асыру жоспарлануда, жел – энергия қондырғысын орнату үшін Тәңірберген ауылдық округінде 0,4 га жер бөлінді. Жоба құны шамамен 0,5 млн. доллар, шығынның көп бөлігін еуропа компанияларының гранттары болып табылады. Шығынды қайтару мерзімі 6 жыл. Жел энергетикалық қондырғының болжамдық қуаттылығы 500 кВт, жылдық өндіру 1млн. кВт электрлік энергиясы. Қазіргі мерзімде геодезия және жер жобасын әзірлеу жұмыстары аяқталды. Жобаны әзірлеу жүргізілуде, жел қондырғысы сатып алынды.
Инвестициялық-өнеркәсіптік кооперация шеңберінде аудан аумағында титан-цирконий шикізатын пайдалану арқылы бірлескен өнідірісті құру жоспарлануда. Қазіргі таңда «Экспоинжиниринг» ЖШС титан-цирконий кен орнын қайта құру бойынша жобасы дайындалды.
«Шоқаш» Шанды селосында Табиғи ресурстар Министрлігене келісім жолдады. Жоба құны 51 млн.АҚШ доллары, жобаық қуаттылығы жылына 1150 мың кубметр.
Ауданда Қаратоғай селолық округі аумағында «Эко құс» ЖШС құс фабрикасының құрылысы жоспарлануда. Жоба құны 40 млн. евро.
«Kaz vilomix» ЖШС-не Мәртөк селосында бірлескен кәсіпорын құрылысы үшін дайын комбикорм шығару үшін жер учаскесі бөлінді.
Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы
Ауданның ауыл шаруашылық саласы Қазақстан Республикасында 2013 – 2020 жылдары «Агробизнес – 2020», (әрі қарай – Бағдарлама) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша Бағдарлама аясында дамиды.
Өсімдік шаруашылығында негізгі күштер дақылдарды өңдеудің дымқыл қорларын сақтайтын технологияларға көшу, ауыл шаруашылық бағытындағы жерлерді оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық айналымдарына жаңа және осы кезге дейін пайдаланып келген жерлерді тарту арқылы ауыл шаруашылық өнімін өсіруге бағытталады.
Басымды ауыл шаруашылық дақылдарын (майлы, жем-шөп, бақша) егуге егіс алаңдарын кеңейту үшін егіс алаңдарын диверсификациялау жалғастырылады.
Саланың қолайсыз ауа-райына тәуелділігін төмендету мақсатында суарылатын жерлердің алаңдары қайта қалпына келтіріліп, ылғалды үнемдейтін технологияларды қолданумен қатар, инвестициялық субсидиялау механизмі іске қосылады.
Ауданда Қаратоғай селолық округі аумағында «Эко құс» ЖШС құс фабрикасының құрылыс жоспарлануда. Жоба құны 40 млн.евро.
Мәртөк селосында бірлескен өндіріс ашу үшін дайын комбикорм өнідірісіне «Kaz vilomix» ЖШС-не жер учаскесі бөлінді. Жоба құны 2,5 млн.еуро.
Мал шаруашылығы саласында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша және ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерді етті мал шаруашылығын ынталандыру бойынша жұмыс жалғастырылады, малдың генетикалық және асыл тұқымды базаны дамыту бойынша жұмыс жалғасытырлады, оның ішінде келешекте репродукциялау үшін асыл тұқымды мал импорты есебінен.
Жайлымдылық мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығының дамуын ынталандыратын іс-шаралар кешені жүзеге асырылады. Сондай-ақ, отбасылық үлгідегі шағын және орта фермаларды құру бойынша жұмыс жандандырылады.
Жайлымдарды суару үшін шахталық және құбырлы құдықтарды қайта құру, азықтық дақылдарды өсіру үшін суарамлы желілерді енгізу және сатып алу кезінде мал шаруашылығы үшін азық түлік қорын құру үшін инвестициялық салымдардың бөлігі төленеді, сонымен қатар мал, құс шаруашылықтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін комбикормдық зауыттар салынатын болады.
Ауыл шаруашылық малдарына су ішу жерлерін қамтамсыз ету үшін құрғақшылық зоналарды суды сақтау жүйелері және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мал шаруашылығында заманауи технологиялар енгізілетін болады.
Орта мерзімдік кезеңде мал шаруашылығы саласында мал шаруашылығы кешендерінің, оның ішінде агломерация зонасында 3, мал бордақыланатын база құрылысы, сүт-тауарлы фермалар құрылысында 2 жоба, асыл тұқымды репродукторлар және т.б. құрылды.
Ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу саласында негізгі күштер өндірістің техникалық және технологиялық қайта жарақтануына, халықаралық сапа стандартына көшуге, КО бойынша серіктес елдермен бәсекелестік жүргізе алуда бірдей тең жағдайлар құру үшін азық-түлік тауарлары ассортиментін кеңейтуге бағытталады. Болжамды кезеңде «Айс» ЖШС сүт өндірісі және айына 11000 тонна сүт өндіретін зауыт құрылысы жобасы, «Алғабас» ЖШС сүт цехын жаңғырту жобалары жүзеге асырылады.
Құрылыс индустриясында құрылыс индустриясының индустриялық-инновациялық дамуы, құрылыста сметалық баға қойылу жүйесін жетілдіру және құрылыс салысын техникалық реттеу жүйесін реформалау есебінен тұрақты және теңдестік құрылыс материалдарының өндірісі, елді-мекендердің қала құрылыстық дамуы және өңірлердің аймақтық жоспарлауын жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі.
Тұрғын үй құрылысына бағытталған белсенді инвестициялау жоспарына байланысты 2019 жылға дейін сала дамуының келешегі зор деп сипаттауға болады: әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысына республикалық трансферттер қарастырылған. Қабылданып жатқан шаралар тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындауға мүмкіндік береді.
Бірыңғай бизнес инфрақұрылымды қамтамасыз ету мақсатында инвесторларға арналған, басқаша айтқанда жүйелестіруші болып саналатын инвесторларға қызмет көрсету Кәсіпкерлікті (инвесторларды) қолдау ортиалығы ашылды.
Орта мерзімде кезеңде ШОК белсенді субъектілерінің саны 2019 жылға 4,9 % дейін өседі және 1269 бірлік құрайды, аталған салада жұмыс жасайтындар саны орта есеппен 6,6 мың адамды құрайды.
ШОК субъектілерімен 2019 жылы өнім шығару 11031 млн. теңге бюджетке түсетін салықтар мен басқа төлемдер – 275,5 млн. теңге құрайды.
Орта мерзімді кезеңге көлік инфрақұрылымының дамуында басымды бағыт болып табылатын - ауданның облыс орталығымен сапалы көлік байланысын орнатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ облыс аудандары ішінде көлік инфрақұрылымының жағдайын дұрыстау.
Аудан аумағы бойынша ұзындығы 95,8 км болатын халықаралық теміржол өтуде. Жалпы қоданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 486 км құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар -81км, облыстық маңызы бар 100 км, аудандық маңызы бар 305 км.
Көліктік салада жүк және жолаушылар айналымының өсуі негізінде жаңа технологияларды, электрондық қызмет және басқарудың тиімсді механизмдерін енгізу арқылы өзгентулер жүргізілетін болады.
Агломерацияны дамыту шеңберінде ауданның автомобиль жолдарны дамыту қажет:
- Хлебодаровка селосынан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолына дейін 3км жолды орташа жөндеу, мал айдау жол белгісі;
- Мәртөк-құрмансай 25 км жолын ортаща жөндеу қажет;
- Мартук-Қазан 7 км тас жолын орташа жөндеу;
- Мартук-Қаратоғай 25 км жолын орташа жөндеу;
-Родниковка-мартук жолын орташа жөндеу 43-97 км;
Жасанды құрылғыларды және жергілікті автожол желілерін жөндеу және құру:
- дорог Мартук-Байтурасай, Мартук –Шевченко 60 км автожолын орташа жөндеу, (ЖСҚ жоқ). 2015 жылы жөндеуге 2100,0 млн.теңге қажет;
- Бөрте өзені арқылы 19 шақырымдағы көпірді күрделі жөндеу, (ЖСҚ жасалуда,2014 жыл наурыз айы);
- Мартук-Студент 80 км аудандық маңызы бар жолды жөндеу;
- Елек өзені арқылы көпірді жөндеу Қаратоғай селосынан Ақтөбе-Мартук жолына дейін (Жасанды құрылғы);
- Мартук-Веренка-Жанажол -60 км жолын орташа жөндеу;
Жолдарды жөндеу жобалар келешегі бар болып саналады, себебі жөндеу 1970 жылдан бастап жүргізілген жоқ, тозу 80 % құрайды. Автомобиль жолдарын жөндеу жобаларын жүзеге асыру тұрғындар үшін маңызды инфрақұрылымдық нысан болып табылады: әлеуметтік бағыт бойынша (аудандық аурухана, Банк, ХҚКО), ауыл шаруашылығын, шағын бизнесті дамыту үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін енгізіг нысандардың барлығы аудан орталығында орналасқан.
Коммуникациялық және ақпараттық технологияларды дамыту шеңберінде келесідей ірі жобалар қарастырылған, ауыл және қала тұрғындары арсындағы ақапараттық тепетеңдіктің төмендеуін қаматамасыз ететін сандық телерадиотаратуды дамыту.
Сауда
Ауданның ішкі саудасын дамыту үшін жергілікті тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған саясат жүргізіледі.
Орта мерзімде сауданы дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру шеңберінде келесі жұмыстар жалғасытырылады:
заманауи форматтағы сауда алаңдар санын арттыруды және бөлшек сауда айналымында үлесін арттыруды ынталандару;
Электрондық сауданы дамыту, қашықта орналасқан өндірушілерді негізгі тауар қозғалысына жақындату, нарық қатысушыларының саудасының және ақпараттылығының айқындығын арттыру және қатысушылардың кәсіби қабілетін арттыру.
Жалпы аталған шара сауда инфрақұрылымын және бөлшек сауда секторын қайта құруға мүмкіндік береді, нәтижесінде халықаралық талаптарға сәйкес болады.
Мәртөк аудан орталығында коммуналдық сөрелер аумағын кеңейту және 15 заманауи дүкендердің құрылысы жоспарлануда.
Әлеуметтік сала және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту
Білім
Инновациялық экономиканы құру үшін білім беру жүйесін жетілдіру жалғастырылады,
Білім беру секторының әлеуетінің өсімі білім беруді жаңарту, білім беру-әдістемелік әдебиетті дамыту арқылы жүзеге асырылады. Педагогикалық технологиялар балалар денсаулығын сақтау және күшейтуге бағытталған ортаны қалыптастырады.
Білім беру сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.
Шағын орталық, мемлекеттік және жеке бала бақшаларды ашу және құру арқылы мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымды кеңейту жалғастырылады, мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдерін дамыту.
2015-2019 жылдары құрылыс жоспарлануда, оның ішінде: бала бақша құрылысы: Мәртөк селосында 280 орындық, Хлебодар селосында 140 орындық; Мәртөк селосында 150 орындық интернат құрылысы, Мәртөк селосында 300 орындық музыкалық мектеп құрылысы.
Болжамданған мерзімде мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 % болады. Білім беру саласында, міндетті орта білім беру негізгілерінің бірі болып қалады.
Білім беру мекемелерінде Назарбаев Университет тәжірибесі кезеңмен енгізілетін болады.
Қол жетімді және сапалы білім беру ортасын құру үшін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беруді одан әрі кешенді дамыту іс әрекет жоспары құрылатын болады.
Кәсіптік және техникалық білімі бар мамандарды қайта даярлауға мемлкеттік тапсырыс жыл сайын көбейеді. Кәсіптік, техникалық, жоғары білім беруге арналған оқыту бағдарламалары нақты экономика секторы қажеттілігіне сай бағытталады.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында жұмыс сапалы, қолжетімді медициналық көмек ұсынуға және сапалы, қауіпсіз дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге бағытталады.
2015 жылдан бастап туберкулезді, науқастарды тиімді емдейтін стандарттар жетілдіріледі, ВИЧ –инфекция таралмауы бойынша жаңа лабораториялық диагносика стандарттары енгізіледі.
«Смарт-медицина» қызметі, дистанциялық профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтері енгізіледі және азаматтарды міндетті сақтандыруды енгізу сұрақтары жетілдіріледі.
Жоспарлы мерзімде ауданда Жайсан, Родниковка, Коминтерн елді мекендерінде 3 медициналық пункт құрылысы жоспарлануда.
Жоғарыда аталған салаларды дамыту халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығын халықтың 1000 санына шаққанда халықтың жалпы өлімін 5,9% дейін төмендету арқылы, 2019 жылы 72,5 жасқа дейін өсіруге мүмкіндік береді.
Жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыздық
Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсімін төмендету және болдыртпау өздігімен жұмыс жасайтындарды, жұмыссыздарды және халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға ықпал жасаудың белсенді шараларына тартуды көздейтін «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» (әрі қарай – Бағдарлама) бағдарламасын жүзеге асыру, кадрлық әлеуетті дамыту, мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру арқылы жалғастырылады.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2015-2017 жылдары 1840 жұмыс орындары құрылады, құрылған жұмыс орындарына Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1024 бағдарлама қатысушыларын орналастыру жоспарлануда.
Жеке ісін кеңейту немесе ашуға микронесиені 105 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына -105 адам, жастар тәжірибесіне 110 түлек жіберілетін болады.
Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсімін төмендету және болдыртпау өздігімен жұмыс жасайтындарды, жұмыссыздарды және халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға ықпал жасаудың белсенді шараларына тартуды көздейтін «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» (әрі қарай – Бағдарлама) бағдарламасын жүзеге асыру, кадрлық әлеуетті дамыту, мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру арқылы жалғастырылады.
Еңбек нарығына жүргізілген болжамның тиімділігін арттыру мақсатында өңірде жұмыспен қамту Картасы әзірленеді, соның нәтижесінде еңбек ресурстарының балансы қалыптастырылады (сұраныс және ұсыныс).
Мәртөк ауданы бойынша кадрларға қажеттілік барлығы болжам жасалып отырған кезеңде орташа есеппен 600 адам.
Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту
Халықты өмір сүрудің қолайлы жағдайымен, қолжетімді тұрғын үймен, сапалы ауыз сумен және су жүргізу қызметімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыру жалғастырылады: «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» және «Ақ бұлақ» 2011 – 2020 жылдар» осыларды біріктіру негізінде пайда болған «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүргізіледі, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді..
Аталған Бағдарлама аясында тұрғын үйге қолжетімділікті көтеру мақсатында мемлекеттік қаржы есебінен тұрғын үйлерді енгізу көлемін өсіру мәселесі қаралады.
Теңгерімді өңірлік даму және урбанизация процесін басқару
Өңірлік саясат экономикалық даму үшін бәсекелестік мүмкіндіктері бар аумақтарда инвестициялардың және еңбек ресурстардың , өндіріс қуаттардың шоғырлануына бағытталады.
Агломерацияның дамуы елдің одан әрі урбанизациясымен байланысты болады, агломерацияны қалыптастыру қарқыны ірі қалалардың экономикалық дамуы және тұрғындардың тығыздығына тәуелді болады, бұл елдің кеңістікте және тең дамуына мүмкіндік береді.
2015 – 2019 ЖЫЛДАРҒА МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ
Болжамдық кезеңде, яғни 2015 – 2019 жылдары экономиканың өсуі орташа есеппен 100,3 % құрайды.
Экономика дүниежүзілік экономиканың өсімінің баяу қарқындары және шикізат тауарларына сұранысты қалпына келтіру жағдайында дамиды. Сонымен қатар, мемлекеттік инвестициялардың инфрақұрылымға және тұрғындардың тұтынуына өсуі есебінен тұрақты және қарқынды экономикалық серпін күтіледі.
Экономика салаларының серпіні 2015 – 2019 жылдары экономиканың салалық құрылымы өткен кезеңдердің пропорцияларымен салыстырғанда елеулі өзгерістерге ұшырамайды. Божамды кезеңде экономиканың елеулі өсімі күтілмейді, өнеркәсіптің өнімінің көлемі орташа есеппен 100,3% құрайды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің индексі 104 – 107 % шегінде болады.
Құрылыс жұмыстары көлемінің орташа жылдық көлемі 2015-2019 жылдары 0,2 % деңгейінде.
Жұмыссыздық деңгейі 0,1 % дейін төмендейді.
2015 – 2019 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1 қосымшада көрсетілген.
Мәртөк ауданы бойынша 2015-2017 жылдарға жергілікті бюджет болжамдары
Базалық сценарий бойынша экономиканың дамуының сыртқы болжамдық шарттарын және экономика салаларының болжамды даму қарқындарын ескере отырып, 2015-2017 жж. жергілікті бюджет табыстарының (трансферттерсіз) өсімі болжаммен 2015 жылы 512250 мың. теңгеден 2017 жылы 522150 мың . теңгеге дейін өседі.
Жергілікті бюджет табыстарының болжамы (трансферттерсіз), мың. теңге.
Атауы
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
Табыстар ( трансферттерсіз)
|
512250
|
517750
|
522150
|
Салық түсімдері
|
450868
|
458291
|
464177
|
Салықтық емес түсімдер
|
49882
|
47459
|
45473
|
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер
|
11500
|
12000
|
12500
|
2015-2017 жылдарға жергілікті бюджет табыстарының болжамы Салық кодексінің ережелері мен басқа да нормативтік құқықтық актілер ескеріле отырып, орта мерзімдік кезеңге көрсеткіштер болжамы негізінде есептелген.
Бюджет табыстарының өсімі, негізінен, жергілікті бюджеттегі табыстардың 15 % алып отырған салық түсімдерінің болжамды өсуімен қамтамасыз етіледі.
Салық түсімдерінің өсуіне болжам бойынша экономиканың , тауарлар импортының өсуі, оның ішінде индустриализациялау Картасының инвестициялық жобалары аясында жаңа өндірістерді енгізу ескеріле отырып, салалардағы өндірістің өсуі.
2015-2017жылдарға жергілікті бюджет параметрлерінің болжамы 2 қосымшада келтірілген.
2015-2017 жылдарға бюджет шығындарының басымдықтары
Әлеуметтік-экономикалық дамудың алға қойған шешімдерін ескере отырып, 2015-2017жж. аудан бюджетінің шығындарының негізгі басымдылықтары болып табылады :
1) мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;
2) халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
3) халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы және өмір сүру инфрақұрылымын сапалы жаңарту;
4) әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру;
5) шағын және орта бизнесті қолдау;
6) құқықтық тәртіпті нығайту және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |