М-Ж. Көпеев шығармаларындағы шағатай тілінің элементтері
3. 1 Шағатай тілінің әдеби тілге қатысы
«Ағартушы ақын – жазушылардың шығармалары, 6ip жағынан, Шығыстың әлгі үлгілі әдебиеті дәстүрінде, екінші жағьнан қазақтың бұрынғы үлгілі әдебиеті дәстүрінде қисса, дастан, мысал, назым, өлең, жыр болып келеді. Оларда ескі, діни кітаби сөздер көп кездеседі. Әсіресе, назиралық шығармаларда «шағатай» тілі деп аталған ежелгі әдеби тілдің әсері бар». Осы пікірдегі «кітаби», «шағатай» деген сөздерді анықтап алайық. «Кітаби» деген атау ертеде хрестиян діндарлары арасында діни кітап «Инжіл» ережелерін бұлжытпай орындаған, бұлжытпай орындауды жақтаған, уағыздаған, адамдар жөнінде қолданылған. Оны біздің XX ғасыр басындағы ақындарымыз жөнінде қолдану мүлде орынсыз (Б.Кенжсбасв. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. «Мектеп» баспасы, Алматы, 1976, 28, 33 б.). Профессор М.Балақаев «көне әдеби тіл» - деп, түркі халықтарына opтақ орта ғасырлық тілді атайды да Ал «кітаби тіл» жаңа тіл, Октябрьден кейінгі «әдеби тіл», «қaзipгi әдеби тіл» - деп аталғаны жөн» - дейді (Қазақ әдеби тiлi және оның нормалары. Алматы, 1984, 35 б.). Р. Сыздықова: «...қазақ топырағында «кітаби» деп аталған тілде жазылған үлгілер» десе, С. Исаев: «…кітаби - тіл дәстүрі және оның қазақ әдеби тілі тарихында алатын орны туралы жан-жақты жаза келе «кітаби тіл дәстүрі» деген тілдік құбылыстьң үш анықтамасын береді де, былай қорытындылайды: «...кітаби тіл грамматикалық жағынан көптеген түркі халықтарына ортақ дәстүрі бар тіл» – дейді. Атақты ғалымдар С.Е.Малов ол кітаптар тілін «кітаби мұсылманша татарша жаргон» десе [8, 99 с.], белгілі шығыс танушы В.В.Радлов бұрын «қазақтардың өз жазба әдеби тіл болған жоқ», ал қазақша жазылған кітаптар тілі «шұбарланған қоспа тіл» -деп қарады [9, 18 с.] өзі айтқан кітаби өлең, кітаби ақындар деген, сөздері әдеби терминге айналып, жұртты бipaз әуреге салды.
Кітаби тіл туралы пікірлер қазақ, тілінде өрбiп жатты Ғ.Мұсабасв: «…бұқараға кең тараған тіл болды…», І.Кеңесбаев., Ғ.Мұсабаев «...кітаби тілдің дәстүрі тым ұзақтап кетеді…». Бұндай кітаби тіл туралы қилы ойларды тізе берсе бip жұмысқа арқау болары сөзсіз. «Кітаби тіл» деген үғым расында орыс тілінен ауысып бізге жеткен термин. Дәл осы айтылған қалпында мазмұны да, мәні де орыс әдебиетінде айтылып келген баламаға үш қайнаса да сорпасы қосылмайды. Қараңыз: Книга,-и, ж. 1. Произведение печати /в старину также рукописное/ в виде переплетных листов с каким н. текстом. 2. Сшитые в один переплет чистые; или разграфленные большие листы бумаги для записей. Книжник, – а, м. I. Любитель и знаток книг страстный к.2 Работник книжной торговли /разг./. II.ж. книжница, ы, ы/к I знаг./ Книжный, -ая, -ое. І.cm. книга. 2. Основанный только на изучении книг, оторванный от практики. Книжные знания. 3. Характерный для письменного изложения, несвойственный живой устной речи. К.стиль. Выражаться по-книжному /нареч././/сущ. книжность, – и, ж [10, 280 с.].
Көне дәуірде кітаптың екі түрін білген оның бipi /лента-свиток/ деп аталған. Қытайда, Египетте, Грецияда, Римде көне Шығыс мемелекетінде пайда болған. Бұл елдерде бет пен пластиннің бipлігін де кітап деген. Индия, Цейлон елдерінде кітаптың орнына пальма жапырақтарын қолданған. Б.з.д. 4 - 3 мың жылдықта Көне Египетта папирус жапырағын кітап деген. Ал, б.з.д. -2 ғ. пергаменді пайдаланған. Россияда 9 ғ ІІ жартысында жазу пайда болып, ең ескі қолжазба «Остромирова евангелие» (1056-57) 11 ғ – 7 кітап, 12-8 кітап тіркелген екен (БСЭ. 12 том. 3 издание. Москва. 1973 года, 993 с.). Ал «Повести временных лет» (1037) жылғы кітапта Ярослав Мудрыйдың кезінде кітап ісінің дамығаны сөз болып, «ученью книжному» дегенге мадақ айтылады (А.И.Горшков. История русского литературного языка. Москва 1969 года, 46 с.). Ярослав Мудрый кезінде Бұлғариядан келген көне славян мәтінін көшіріп қана қойған жоқ грек тілінен орыс тіліне де аударды. «Разумеется, в то время значение книг, литературы осознавалось прежде всего и главным образом в религиозно этическом плане...» (А.И.Горшков. История русского литературного языка. Москва 1969 года, 46 с.); «...Русский литературный язык имеет две формы устную (разговорную) и письменную (книжную) (Е.Г.Ковалевская. История русского литературного языка. Москва 1978, 41 с.). «После принятия христианства (988 год) у восточных славян появляются книги...» (История русского литературного языка. /Составитель А.Н.Кожина/ Москва, 1989, 10 с.) - деген пікірлер айтылды.
Мінекей, кітаби дегеннің сыр-сипаты орыс әдебиетінде осындай болған. Қазақ тілінде «кітап» араб тілінен ауысқан алғашқы мағынасы жазу деген мен ұғынылған. Кітап китап араб тілінде - ма//-му қосымшасы алдынан жалғанады мысалы: ма+китап /мектеп/, му+ғалым (мұғалім), му+хабба (мұқаба) т.б. Сондықтан ғалым Б.Кенжебаев айтқан алғашқы пікір шындыққа жуық келеді. Қалай дегенмен, «кітаби» сөзінің мағынасы орыс тіліндегі хрестиян дінімен байланысты, сәйкес келеді. Олардың «Русская правда» (История русского литературного языка. /Составитель А.Н.Кожина/ Москва, 1989, 19, 20, 21 с.) көне орыс қолжазбасын қазіргі орыстардың өзі де түсінбейді. Сондықтан орыс тіліндегі баламасы қазақтың XX ғасыр басындағы ақын - жазушыларына сай келе бермейді. ХX ғасыр басындағы шығармалардың дені жер, оқу ағарту, қазақ тілін жақсарту, әйел теңдігі, бодандық мәселесі т.б. «Дала уалаяты» газетін қараңыз. Тiптi XX ғасыр басындағы басылған кітаптардың мазмұны да әр қилы. Дінге тым кұлшылық ұра бермегендігі байқалады. Рас, бірді -екілі кітап бар: дінді ғалым ретінде қараған, тілі де жатық, ұғынықты осыған қарап «кітаби» ақын - жазушылар деуіміз келісе қоймас. XX ғасыр басында 200 кітап басылып шықты - дейді (Б.Кенжебаев. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. 1976, 23 б.). Ал, Ә.Жиреншин зерттеуі бойынша «XX ғасырдың бас кезінде Қазан, Петербург, Уфа, Ташкент, Орынбор, Семей, Омбы, Орал, Верный, Астрахань қалаларында орта есеппен 1000 – нан астам атаулы қазақ кітаптары басылып шыққан, олардың тиражы шамамен 5 миллион данаға жеткен» (Қазақ кітаптарының тарихынан. Алматы, 1971, 39 б.). Бұл кезде шыққан кітаптардың да мәні түрлі саланы қамтыған. Айталық: «Насихат қазақия» (Орынтай Қырымбайұлы), 1990 жыл, 20-бет; «Топ жарған» (М.Сералин) 1990 жыл, 13-бет, «Гүлкәшима» (М.Сералин) 1903, 97-бет; «Манзұмат қазақия» (Н.Наушабаев) 1903, 72-бет; «Ақмолла эфендіңің манзуматы» 1904, 24 – бет, «Әдебиет қазақия» (Әубәкір Керделі) 1905, 35 - бет; «Жапон соғысы» (Ғарип Сафиулланұлы) 1906, 23- бет; «Жас өмірім яки жастықтағы өкініш» (А.А. Жандыбаев) 1907, 15-бет; «Мәшһүр шағыр Ақмоланың мәрсиясы және басқа шағырлары» (Ақмола Мухамедияров) 1907, 36-бет; «Tiрлікте көп жасағандықтан көрген бip тамашамыз» (М-Ж. Көпеев) 1907, 23- бет, «Хал - әхуал» (М-Ж. Көпеев), 1907, 20-бет, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (М-Ж. Көпеев) 1907 жыл т.б. Дегенмен, әдеби тілдің белгілі 6ip ұстамы ретінде алынған «кітаби» деген атауды өз мағынасына емес, басқа ғасырлар әдебиет өкілдерінен бөліп қарастыру мақсатында да, айырып алу нәтижесін көздеп XX ғасыр басындағы бұқарашыл ақын-жазушыларды «кітаби әдеби тілдің өкілдері» деп атаған орынды. Ал, олардың тілін «кітаби әдеби тіл» деуіміз керек сияқты.
Негізінде «кітаби әдеби тілдік» аталымды орта ғасырлық әдебиет өкілдеріне қолданған дұрыс болар еді. «Дивану хикмет», (Ахмет Яссауи), «Бақырғани кітабы» (Сүлеймен Бақырғани), «Нухалайһи с – салам хикаялары» (Рабғузи), «Лұқман хаким хикаялары» (Рабғузи) т.б. Бұл шығармаларда расында таза діни ұғым мен ғақиалық насихат қатар келіп отырады. Нақты осы шығармалардың мазмұны XX ғасыр басындағы әдебиеттерде кездеспейді. XX ғасыр басындағы әдебиет әлеуметтік саланы көбірек жырлайды, жазады. Келесі мәселе: «Шағатайлық» әдеби тіл дегеніміз не соған тоқталыс жасалық. «Монғол» cөзі мұң және ол деген сөздерден шыққан, ... «Мұңның» мағынасы қайғы екенін барша түрік біледі, ал «ол» - дың мағынасы да қайғыға жақын, түнерген дегенге келеді. Сонда моңғол дегеніміз түнерген, қайғылы деген болады » (Әбілғазы. Tүpiк шежіресі. Алматы, «Ана тілі», 1992, 15 б.).
Қазақтың ежелден келе жатқан көршісі Монғол eлi (Монғол Улс) кезінде Жетісу жерінде өмір сүрген Моғолстан мемлекеті осы Моңғол елінің бip бөлігі. Монғол деген түрік сөзі мың+қол деген сөзден өрбіген. Мың сан eciмi моңғолда, түріктерде көптікті бiлдipeтін ұғым. Ал, «ғол» монғол тіліндегі төл сөз «гол». Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай Мәуреннахырды, Хорезімнің бірсыпырасын, Ұйғыр, Кашафур, Бадахшан, Балх, Ғазнинге Сыр суына шейін билегенін тарихтан білеміз. Шағатай өзі өлгеннен кейін де бұл аймақта Шағатай ұлысы деп атады. Монғол тілінің үстемдігінен жергілікті жердің тілі «шағатай тілі»-деп, аталды. Бірақ, бұл жердің тілі «түрік» және «түрки» тілі болды. Монғол өктемдігінде болғанмен «түркі» және «түрки» тілі жоғалып кеткен жоқ. Өйткені, әкімшілік тілі «шағатай тілі» болғанмен басқа түркі халқы өз тілдеріне сөйлесіп, хат - хабар алысып жүре берді. Жалпы шағатай тілі «түрки» тіліне ықпалы зор болды. Өйткені «түрки» тілі татар, өзбек, ұйғыр, т.б. тілдер болуы мүмкін. Ceбeбi, Махмұт Қашқари: «Ең таза тіл тек қана бip тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат жұртқа барып келіп, қарым-қатынас жасамайтын адамдардың тілі. Екі тіл білетін және шаһар халықтарымен араласып тұратын адамдардың тілдерінде шұбарлық бар. Соғдақ, қанжақ, арғу дәл сондай екі тіл білетіндерге жатады.... Сахара қыр халықтарынан шыққан жомұлдардың тілдері өз алдына жеке тіл. Олар түрікшені жақсы біледі». Кішілі - ұсақты рулардын бәрі түркі тілдерін жақсы білгенге ұқсайды. Бірақ олардың түрік тілімен қоса өзінің ішкі таңбасы сөзі болғандығын да айтады.
Енді бір де Махмұт Қашқари: «Ұйғырлардың тілдері таза түрікше. Олардың өзара сөйлесетін тағы бip тәсілдері бар» - дейді, демек ұсақ рулардың түрік тілі мен жергілікті ерекшеліктеріне байланысты, бөлініп қалғанына байланысты, басқа жақтан ауа келгеніне қатысты, қалдық тіл болған. Араб және моңғол шапқыншылықтарына дейін де түрік жері бөліністің талай дәмін татқан көрінеді. Ру - руға, тайпа - тайпаға, ел - елге ауысып, әлдісі әлсізді жеңіп, тіл үстемдігі жүріп отырған. Бұл территорияда субстрат /жергілікті жердегі қатпарлас келген tіл өктемдігі/, суперстрат /баска тілді мұралап алған тіл/ мысалы, «шағатай тілін», «түрк тілі» оның ішінде «қазақ тілі» жамап алған, адстрат /көп тілдің бірде бірінің үстемдігі жоқ/ кезеңді басынан өткергені байқалады. Былай айтқанда, XX ғасырдың басына дейін койнэ /ортақ жалпыға бip тіл/ «көне әдеби» оның ішіне «түркі», «түрки» қоса жамылып келген шағатай өзегі болып табылатын қазақ бастауы қыпшақ тілі келіп жеткен. Түркітанушы Баскаковтың түзген классификациясында изоголосса /белгілі бip шеңбердегі ғана диалектілік/ тілдер көрсетілген сияқты. Ал, көнетүркі тілдерінің арғы кезеңі «Орхон-Енисей» ескерткішіндегі елдердің немесе М.Қашқари атаған көптеген ұсақ рулардың белгісі байқалмайды. Бергі қалыптасып болып кесектелген тілдік айғақтық тіл тобын ғана көрсеткен-ді.Түрки тілі мен түркі тілі көп жылдарға дейін жарыса өмip сүрді көне дәуірден бермен қос тілділік құбылыс жазба әдебиетінде болса, мұнымен қоса С.Исаев ақын - жыраулардың шығармалар тілі қабаттаса келді дейді. Cөйтiп, қазақ тарихында үш тілдік құбылыс пайда болды. Оның бip бұтағы қазақ жұртының бөлектену, шеңберлену тарихында түрік тілінде қалып, жалғасын кітаби әдеби тіл жалғап әкетсе, екіншісі түрки тілі бұлар көне өзбек, ұйғыр, башқұрт тілдеріне қарай бөлінгенге ұқсайды. Қараханит дәуірінде түрік тілі үстемдік етті оны М.Қашқари шығармасынан білеміз бірақ сол кездегі түрік тілінде сөйлейтіндердің өзі әр тілде сөйлейді. Ал XVII ғасыр жазбасы Әбілғазының: «Бұл тарихты жақсылы - жаманды баршасы білсін деп түрки тілімен жаздым /түсініктемеде түркі-түрки/ XV-XIX ғ.ғ. Орта Азия мен Қазақстанда қолданылған түрік әдеби тілі / депті... түсінікті болсын деп шағатай түркісінен, парсы, араб тілдерінен бip сөз қоспаймын» - деп жазғаны әлі де өзінің құнын жойған жоқ. Шағатай түркісінен деген сөзге көңіл аударыңыз. Өзі түрки тілімен жазып отыр. Олай болса «түрки тілі» түркі тіліне өте жақын, түсінікте айтылғандай бip тіл емес. Кітаби тілде осы түркі тілінен (шағатай түркісінен) тарап жетті. Бабыр Захир ад-дин Мұхаммед: «Әндіжан тұрғындарының бәpi түркілер. Қалада да, базарда да түрікше сөйлеймейтін адам ұшыраспайды. Халықтың ауызекі сөзі әдеби тілінен айырғысыз. Mip Әлішер Науаи Гератта өзі сонда тәрбиеленгенімен, шығармалары түркі тілінде жазылған». Сол сияқты шағатай нәсілді жете моғолдар туралы деректі де осы кітаптан табамыз. Шағатай тілі туралы М.Томанов: «Шағатай әдеби тілі Орта Азияны, Еділ бойын мекендеген барлық түркі халықтарына ортақ» десе, Ә.Ибатов: «Шағатай тілі» деген терминнің осы күнге дейін 6ip жүйеге келіп, дәл айқындала қоймағанын» тіліне тиек қылған. Қ.Өміралиев, М.Мырзахметов: «...XIII-XIV ғасыр арасында үш ipi тілдік топ ұйғыр – қарлық оғыз, қыпшақ тілдік топ бөлектене бастағандығын» айтады. Осындай тілдік нысандар XX ғасыр басындағы әдебиетке әдеби тілге де алып келеді. Олай болса, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті әлеуметтік - саяси қоғамдық өмірмен тығыз байланысты. Әдеби тіл үшін тартыс прогрестік және регрестік күштер арасында үнемі болып тұрды. Бұл идеологиялық күрес ең маңызды саланы оның ішінде әдеби тілдің дамуын қоғамдық құрылыс саласында қарастырды. Қазақтың зиялды өкілдері өздерінің пікірлерін баспасөз бетінде жазып отырды. Бұндай шығып сөйлейтін мінбе «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті болып табылады. Зиялы қауымның баспасөзі XIX ғасырда дүниеге келген 1870 жылдан 1882 жылға дейін Ташкентте шығып тұрған «Түркістан уалаяты» мен 1888 жылдан бастап 1902 жыпға дейін Омск қаласында шығып тұрған «Дала уалаяты» атты газеттер болып табылды. «Бұл газеттердің «тілі мен стилі» негізінен бұрынғы мұсылманша оқыған зиялылар, тілмаштардың тілі мен стилі деуге болады» - деп жазды Т.Р.Қордабаев (Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. Алматы, 1996, 33 б.).
Осыған орай, «Қaзaқ арасындағы сауатты ақындар қиссаларды, кейбір әңгімелерді шығыс дәстүрі деп осы тілде жазған, бірақ қазақ тілінің ерекшеліктерін көп ендірген. (Қазақ тілінің ерекшеліктерін астын сызған-А.Қ.) Мәселен, Мәшһүр - Жүсіп Көпеевтің, Нұржан Наушабаевтің, Ақмолланың т.б. шығармаларының тілі осындай тіл»- деп жазды Н.Т.Сауранбаев. Немесе, «Әлгі аттары аталған кісілердің ішінен «Дала уалаятына» Мәшһүр - Жүсіп үзбей, белсеніп қатысқан: түрлі тақырыпта көптеген хабар, мақала жазған бірсыптыра өлең жазып, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап бастырған. Тегі Мәшһүр Жүсіптің «Мәшһүр» деп аталуы оның тек салдық құрып, ел қыдырып өлең айтуы арқылы ғана емес, сонымен қатар осы «Дала уалаяты газетіне» көп жазып, атағы шығуы арқылы да болуы керек» - дейді ғалым Б.Кенжебаев. М-Ж. Көпеевтің әдебиетте алатын орны айқындалды. Ал, әдеби тілде алатын орны әлі айқындалған жоқ, М-Ж. Көпеевтің шығармаларының тілі баяғы пікірлерден әлі аса алмай жүр. Шындықгың көзіне тура қарасақ М-Ж. Көпеевтің тілі адам ұқпастай шұбар ала емес. Онда әдебиетшілер қалай оқып, қалай талдап жүр.
Және барлық шығармалары діни сарында жазылған жоқ «Шайтанның саудасына» қарап, бірді - екілі басқа тілден енген сөздерге қарап, тілін қойыртпақ деуге бола қояр ма екен. Рас араб, парсы, орыс тілдерінен енген сөздер кездеседі. Ал, ондай сөздер қабаты кімде кездеспейді. Абайдың да, Ыбырайдың да тілінде ұшыраспаушы ма еді. Кейбір ақын - жазушылар дін мәселесіне келгенде де екі ұдай көзқараста болды, бірде даттады, бірде құдайдан қорқа бастады, өздері құлшылық етті. Бұл мәселеде М-Ж. Көпеев бip бағытта болды. Қазіргі кезең шығармалары да діни адамяттық сарында белгілі бip адам танымының құдайшылық жолында болмаса өзінің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, тіпті тілін ұмытатынын Ш.Айтматов «Жан пида», «Боранды бекет» романдарында тамаша көрсетіп те, жазып та берді ғой. Шексіз әлемге ұмтылу, таза экзотеориялық ғылымның нышанына тиеселі болу тек қана тазару жолымен болатынын, өмip өзі дәлелдеді емес пе?. Сондықтан рухани байлығымызды қайыра қарап, өшкенімізді жандырып, өлгенімізді тipілтiп жатқанда М-Ж. Көпеев пен Шәкәрім Құдайбердиевтер туралы расы айтылуы керек-тi. М-Ж. Көпеев пен Шәкәрім шығармалары лингвистикалық тұрғыдан дұрыс талданып әдеби тілдің тазаруына, түзелуіне үлестері бар екендіктері айтылу керек деп ойлаймыз.
М-Ж. Көпеев туралы: «Бұрын халықты ұлтшылдық мұсылманшылдық бағытта үгіттеп келген ұлтшылдардың әpекeтi мұндай жағдайда, әрине, бұрынғыдан да күшейе түсті. Мұсылманшылдық бағытта жазылып, басылып шыққан кейбір өлең, жырлар да халықты уламай қойған жоқ. Мәшһүр - Жүсіп Көпеевтің 1907 жылы шыққан «Хал-ахуал» және «Тірлікте көп жасағаннан не көрдік?» негізінде («Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бip тамашамыз» болуы керекті-А.Қ.) деген кітапшалары да осындай кертартпа, зәрлі кітаптар еді. Мұнда «Дін мұсылман, ояныңдар...», «Бас көтер, дін мұсылман балалары...», «Орысты біздің қазақ күндемейді, үстінен басып өтсе үндемейді... деген сияқты әpi панисламизмді, әpi ұлтшылдықты қоздыратын пікірлер барды» (Спандияр Көбеев (тандамалы шығармалары) Алматы. 1960, 258 б.). - деген С.Көбеевтің пікірін ескерсек, Шәкәрімнің шығармалары туралы да солай айтылды, мысалы: «Бipaқ бұл шежіре, біріншіден, XX ғасырдың бас кезіндегі жазбалар қатарына жататын материал болса, екіншіден, мұның тілінде, дыбыстық кейбір ерекшелік қана болмаса, айрықша тоқталып жатуды керек етерліктей мәз ештеме жоқ» (Қазақ жазбалар тілінің синтаксисі. ХІХ ғасыр жазбалары негізінде, Алматы 1966, 23 б.) - деді Т.Р.Қордабаев. Шығармаларын башқұрт, татар тілдерінде жазған басқа ұлт өкілдері болды. Соған қарап барлық ақын - жазушылардың шығармаларының тілі шұбар ала дей қою шындықпен жанаса қояр ма екен. Айталық Муфтахитдин (Ақмолла) Мұхамедияров Башқұрт жерінде туған, шешесі татар, Әкірәм Ғалымов ұлты татар т.б. қoc тілде жазып, сөйлеуі әбден заңды ғой.
Профессор Б.Кенжебаев: «Ал қазақ тілінде XIX ғасырда, XX ғасыр басында шыққан кітаптардың тіліне келсек, олардың көпшілігінің тілі шұбар: араб, парсы, татар, башқұрт, өзбек сөздері аралас келеді,... » - деді. Көрнекті тілші ғалым М.Балақаев: «Өйткені бip жағынан Абай, Ыбырайлар дәстүріне үн қоспай, сүзек ауруындай созылған ескі «шағатай тілі» үлгілері орынсыз көп қолданылып, әдеби тіл бөгде тіл сөздерінен тез арада арылмай қойды, шым - шытырық шұбар ала тілді өлеңдер, мақалалар баспасөзде кездесе береді» - деген еді. Бұл арада сөз: «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттері мен «Айқап» журналы туралы болып отыр. Мысалы, С.Көбеев: «Айқап» журналы қазақ тілін, татар, парсы, арап тілдерінен тазартып, қазақтың сап күмістей таза, өзіндік тілін калыптастыру қазақ тілінде «Жаңа әдіс» мектептерін ашу жөнінде елеулі мәселелер көтерді» - деп со кездегі тіл үшін күрес болғандығын да, хабардар етеді. Жалпы біздің ұғымымызда осындай араластырып сөйлеуді кейбір оқығандар ғана әдет қылды. Ол кезде туысқан тілдер төңірегінен қазақ тілін аршып алу жөнінде мәселе болса, бүгінде орыс тілінен аршып алу мәселесі туды. Ал, кең байтақ қазақ даласында, қаладан жырақ жерлерде қазақ тілі өзінің дәрежесін сақтап қалды. Тілді түзеуге үлес қосқандар да сол қалың қазақтар еді. Ауылды жерлерге татаршалаған молдалардың тілі сіңбеді. Қазақтар жазба тіл дәстүріндегі кейбір шағатайлық элементтерді бойына жақындатпады. Сондықтан XIX ғасыр, XX ғасырдағы тіл бұзылып кетеді шұбарланып кетеді, қойыртпақ деу тек қана жазба тілге қатысты болды. Дала ақын-жазушыларының, әншілері мен сал - cepiлepiнің тілі өте таза болып келді. Ат төбелі, тілі шұбарлар бүкіл кең байтақ қазақ даласына түкте істей алмады. Қазақ даласы тек осы ғасырларда ғана көрген құқайы емес еді, сан - салалы шапқыншылық пен теперішті қөpiп «мың өліп, мың тірілген» едi. Россия империясының ұзақ жылғы боданында болып та тіліміз жоғалған жоқ, орыс тілділер болып кеткен жоқ. Сайып келгенде алфавитімізде солардікі еді. Қазақ тілі күндердің - күнінде ешқандай зорлықсыз-aқ өктемдік ететін тіл болатыны сөзсіз. О кезде түрік тілдерінде түрліше жазып келсе, қазір орысша да араластырып жазып, сөйлегендер болғанын неге жасырамыз.Оның үстінде қос тіліділікті жақтап жүр емеспіз бе? Кезінде Бауыржан Момышұлы екі тілде сөйледі деп жазғырып едік, енді өзіміз екі тілде жиынды да бастап, өңгені де қостап беретініне несіне қайран қаламыз. Сондықтан XIX, XX ғасыр тілінде де осындай кезеңдер болды. Бірақ бұл өткінші уақытша кезең еді. Бірді - екілі адам сол тілді тазартты, түзеді дейміз бұл терісінен қате пікір еді.
Мысалы: «Писатели XX в. продолжают начатую Абаем и Алтынсариным борьбу за очищение литературного языка от устаревших элементов... » - деп жазған еді кезінде Н.Қарашаева. Бүкіл қазақ тілін қазақтардың өзi көмектеспесе, не болмаса ел арасында сақталған қазақ тілі болмаса, қазақ тілін түзеген дегенге кім сене қояр дейсіз. Рас, сонау көнеден жеткен ақын-жыраулардың тілдік дәстүрін сақтай отырып, жаңа заман талабына байланысты жаңа сапаға жазба тілдік дәстүрді көтерді. Ал жалпы қазақ тілін түзеді дегенге сену қиын. Ол туралы айтылып та, жазылып та қойды. Қазақ тілі жаңа өңделген дәрежеге тек қана жазбалықтардың нәтижесінде жеткен жоқ, ауыз әдебиетінің тамаша жыраулық салтын сақтаған ақын жыраулар арқылы да жетті. XX ғасыр басындағы газет, журналдар өте демократты болды. Қaзipгi бiз айта алмаған мәселелерді көтepiп отырды. Газет болсын, журнал болсын ел ішімен тығыз байланыста болды. Хат – хабар алысып, сұрақтарына жауап алып тұрды. Алфавиттің өзгерісін жақсылыққа жорымады. Қазіргі алфавит коммунистік интернационализмнің жемісі еді. Славян халқы мен түркі елін туыстастырудың, қолдан жақындастырудан туған әрекет болды. «Түркістан уалаяты» газет тілінің кейбір ерекшеліктері», «Айқап» журнал тіліндегі әдеби нормалану пpoцecтepi», «Түркістан уалаяты» газетінің лексикасы» бip шама жан - жақты талданып жазылды. Бұл газет, журналдың тілі ақын, жазушылардың тілі еді. Олардың көтерген мәселесі М-Ж. Көпеевке де ортақ болып табылды. Бұл жөнінде: «Мәшһүр - Жүсіп Көпеев өз мақалалары мен өлендерін жиі бастырып, ел өміріне маңызды деген мәселелерді өзінше көтеріп отырған» – деп жазды баспасөз бетінде белгілі ғалымдар (Қайым Мұхаметқанов, Қуандық Мәшһүр Жүсіпов//Мәшһүр - Жүсіп мұрасы жөнінде. («Жұлдыз» журналы. 1984 жыл).
«Дала уалаятының» газетіне М-Ж. Көпеевтің «Баянауылдан», «Біздің қазақ халқының ата-бабаларынан 6epi қарай келе жатқан әрбір нәрсені ырым қылатұғын әдеттері бар еді?», «Тұрмыс жайында болған хабарлар» т.б. қырық шақты мақаласы жарияланған еді. Мақалаларда: ұғылы, мырза, жәрмеңке, теңге, алым, салым, ауқатты, ділдә, болмайтұғын, ғақыл әдіс, айырыс, жұғыс, һәм, бек, жаһұт, рашын, кішік, ғибраттарының, муафиық, харамдық, баһза, сахабатына, құқы, ғадатінә, хазіретіне деген кейбір ғана әдеби нормадан ауытқыған сөздер кездеседі. Оның ішінде: мырза, жәрмеңке, теңге, алым, салым, құқық деген сөздер бүгінгі заманның үрдісінен орын алып отырған сөздер. Кішік сөзі «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдың құрамында сақталған, M-Ж.Көпеев бұл сөзді өзгеше арнада пайдалана білген.
Мақал-мәтелдер: «Жігіт жаманы қыз қориды, бip нәрсенің жаманы тұз қориды»; «Балам, базарда не арзан, не қымбат екен? »; «Бар мақтаса табылады, жоқ мақтанса шабылады»; «Жемесе де май жақсы, бермесе де бай жақсы»; «Keлін келсе аяғынан, шопан келсе таяғынан»; «Дүние деген шіркін тойға келген қыздай, кетеріне келгенде қолға ұстаған мұздай»; «Ұяда не көрсең ұшқанда соны көресің»; «Ұлың өссе ұлы жақсымен ауыл бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауыл бол»; «Опаға барған ағарады, күйеге барған қаряды», «Қатын алма, қайын ал, жақсы көрген тамырдың атын алма, тайын ал», «Анасын көpiп қызын ал, аяғын көріп асын iш», «Cүтпен берген мінез сол бағытымен кетеді», «Қатынды бастан, баланы жастан» деген ұлағатты сөздер ұшырасса.
Ақын жазған мақалаларда: қылатұғын, ғазиз, бұқара, саламаттылығына, хиса, құрметлі, хазіретлері, тафауал билқайр, ағзам, мәзкөр.т.б. Орыс сөздерінен: генерал губернатор, император, господин, кірме сөздер: ғайбаттайсыздар, жаһұт, немесе «он екі ай шығып, бip ай тығып», «бұрынғы жуан сорлы үзілуге тақалды» тұрақты тіркес ұшырасады. Біздің назар аудартпағымыз осы үш мақалада бip де бip ұғынықсыз сөз жоқ. Өте сауатты қазіргі әдеби нормадағы сөздерді тiзіп, жатық сөйлемдермен-ақ жазған. Қазақтың байырғы төл сөздері, афоризмдер, мақал-мәтелдер, идиома, фраза, троптың, фигураның түрлері толып жатыр. Ү.Субханбердина: «Дала уалаяты» газетінің Баянауылдағы тiлшiлepi Мәшһүр-Жүсіп Көпеев пен Сәдуақас Мұсаұлы Шормановтың мақалаларын атап өткен. Осы орайда, Б.Кенжебаев айтқандай: «Дала уалаяты» газетінде Абайдың басқа (екі өлеңін айтып отыр-А.Қ.) «Жазда шілде болғанда», «Болыс болдым мінекей» ешнәрсесі шықпаған деуі көңілге қонбайды. Ғалымдар Ү. Субханбердина, Қ. Өмірәлев бұл турасында жазды. Газетке Абай мақала жазбады дегенмен, оған Абай беделі түспеді. Мүмкін, Абай өз биігінде қалғысы келген болар. Шәкәрім Құдайбердиев, Абыз Сәбекұғлы, Аббас Айманов би Чонов, Зұлқарнайын Шөкіұлы Нұрлыханов, Асылқожа Құрманбаев т.б. қазақ зиялы қауымның мақалалары өзінің мәні мен мазмұнын күні бүгінге дейін жоғалтақан жоқ. Жалпы біздің байқағанымыз бұл газетте Баянауыл өңірінен хат-хабар көп жіберіп тұрған.
«Ш.Х» - деп көрсетілген лақап аттан «Редакцияға келген хат» Шәкәрімнің жазба стиліне ұксайды. Мәселе осы жазылған мақаланың сынына газет әpбip бабына дейін санамалап, тыңғылықты жауап бepiптi. Mыcaлы: «Opыстapдың Орта Азия ішінде тұрған мұсылмандармен қалай тұрмышлары», «Қазақтың нашар тартқаны турада», «Орда» деген сөздің мағынасы. «Мемлекет тілдері», «Қазақ жері», «Қазақтардың қамсыз еріншектігі турасында айтылған бірнеше сөздер» т.б оқып отырып, тілдері шұбар ала, ешкім ұқпайды деуге ауыз бармайды. Рас, қайсы бip мақалада бірен-саран шағатай тілінің элементі кездеседі соған қарап XX ғасыр басындағы газет, журнал, кітаптар тілі бәрі де тілі – шұбар ала болды деген пікірден біз аулақпыз. Бұл орайда: Т.Қордабаев былай деген-ді: «Өткенге қазіргі тіліміз мұнарасынан қараушылар, әдетте, көне жазбалар тілін «қойыртпақ», «қоймалжың», «шұбар тіл»т.б. деп тоқсан сақка жүгіртіп сықақ етеді. Бірақ, сол койыртпақтың қазақтың жазба тілінің, әдеби тілінің қалыптасу тарихындағы алғашқы кезең, алғашқы бір дәуір болғандығын мойындамау тарихқа қиянат жасау болар еді». Олай болса, XX ғасыр басындағы ақын- жазушылардың қай - қайсы да өз хал қадірінше халқына еңбек eттi. Һәм тілін дамытуға зор үлестерін қосты.
М-Ж. Көпеевтің мақаласындағы: мәрте (мәртебелі), мырза /қазір келелі сөз/ мырза чиновниктің баламасында/ алым, салым дегендер (налог) саласындағылардың, сауда саттықтардың ең бip өнімді сөзіне өcтi, өсім, теңге, базар т.б. сөздері де күнделікті дәрежелі орнын тауып адам игілігіне айналуда. Асылы, М-Ж. Көпеев қазақ тілі туралы, оның болашағы жөнінде сөз айтпады десек қателесеміз. Ол «Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата - бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым білім де осында, әулиелік те осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың бәpi жақсы болып, әулие болып өтті» - деп құнды пікір айтты. Бұл кімге болса да өнегелі сөз болар еді. М-Ж. Көпеев XX ғасыр басындағы ақын-жазушылардың қатарында бола отырып, шығармаларын таза жазуға ниет қылған кісі. М-Ж. Көпеев жазбаларын Қаздауысты Қазбек бидің, Кенесарының хатымен тiптi, бергі Амангелді жазба шежіресінің стилі мен еш салыстыруға болмайды. М-Ж. Көпеев шығармаларының тiлі бip сыпыра өнделіп, сұрыпталып, бізге екшеліп жеткен тіл. Осы арада «XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ әдебиеті тарихында жаңа жазба әдебиетінің негізі қаланды дей отырып, негізін салған Мәшһүр - Жүсіп пен Абай Құнанбаев делінеді» - деген С.Садуақасовтың сөзін тағы бір қайталасақ артық етпейді деп ойлаймыз. Қазақ әдеби тілінің даму барысын Абай және Ыбырай жетістігімен шектеу әдеби тіл тарихында айтылып та, жазылып та жүрді. М.О.Әуезовтың бұл жөніндегі пiкіpi өзгеше Мысалы: «...қазақтың барлық өкілдеріндегі тіл байлықтары тұтасып, қосылып, біріккен ортақ мол қазына болмай тұрған кезінде ақындық еңбек еткен Абайдың шығармалары әдебиет тілінің түгел негізін құрай қойды деуге сия ма» (Қазақ әдебиет тілінің мәселелері. Алматы, 1950, 12 б.) деген мақаласы да тілші ғалымдарды ойландыруға тиісті деп ойлаймыз. Сол сияқты бұл - сөз С. Садуақасовтың Мәшһүр - Жүсіпке де қатысты айтқан пікіріне де жауап сияқты.
М-Ж. Көпеев қазақ тілін шағатай тілінен тазарып, жаңа сападағы жазба әдеби тілдік арнаға тоғысқан тіл болып табылады. Былайша айтқанда, М-Ж. Көпеев кітаби әдеби тіл мен жаңа жазба әдеби тілді жалғастырып жатқан алтын көпір іспетті. Жалпы XX ғасыр басындағы ақын - жазушылардың қатарына, бipгe өскен төл М-Ж. Көпеев пен Ш.Құдайбердиев шығармаларын салыстыра зерттеген тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |