Методические рекомендации по определению уровня готовности к школе нур-Султан 2020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет1/14
Дата09.04.2024
өлшемі164.14 Kb.
#498205
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1612249647371 (13)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ
ПО ОПРЕДЕЛЕНИЮ УРОВНЯ ГОТОВНОСТИ К ШКОЛЕ

Нур-Султан


2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген

Балалардың мектепке дайындық деңгейін анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар. Нұр-Сұлтан, 2020 – 50 бет.




Пікір жазғандар:
З.Б. Куанышбаева, п.ғ.к.;
Г.С. Биртаева, меңгеруші;
Н.Қ. Жолдыбаева, әдіскер.

Әдістемелік ұсынымдар балалардың мектепке дайындығын анықтау үшін мектепалды даярлық педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленген.


Аталған әдістемелік ұсынымдар 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлығын ұйымдастыратын мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтерге, бастауыш сынып мұғалімдеріне, қосымша білім беру педагогтеріне, ЖОО мен колледждердің педагогикалық мамандық студенттеріне, болашақ бірінші сынып ата-аналарына сондай-ақ мектепалды білім беру мәселелерімен айналысатын мүдделі тұлғаларға арналған.

Балалардың мектепке дайындық деңгейін анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының Ғылыми әдістемелік кеңесінде (2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 7 хаттама) қаралып, ұсынылған.


«Мектепке дейінгі балалық шақ»


республикалық орталығы, 2020 ж

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Қазастан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі басты міндеттердің бірі әрбір бала өмірінің табысты қадамы ретінде балалардың сапалы мектепке дейінгі білімге қолжетімділігін кеңейту болып табылады.


Бұл мәселенің өзектілігі, бастауыш сыныпта бірінші сынып оқушысы жүйелі оқу жағдайларында, оқу материалын меңгеруде, тәртіптің қажетті деңгейін ұстауда және т.б. белгілі қиындықтарға тап болады. Бұл баланың мектепке дайындығын қамтамасыз ету үшін оны бастауыш мектепте оқуға дайындау үшін арнайы жүйе қажеттігін білдіреді. Бұл материал түрлі себептермен мектепке дейінгі ұйыммен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін де өзекті болып табылады.
Мектепке даярлық – жоспарлы процесс болғандықтан мектепке барудың алдында ғана емес мектепке дейінгі кіші жастан бастап тек қана ұйымдастырылған оқу қызметінде емес сондай дербес әрекетте ойындарда, еңбекте, ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынаста дайындықты ұйымдастыру қажет.
Педагог-ғалымдар баланың мектепте оқуға дайындығын анықтайтын белгілі компонентттерді әзірледі.
Қәзіргі психологияда «даярлықтың» біріңғай және нақты түсінігі айқындалмаған. Мысалы Л.А. Венгер мектепке даярлықты құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасай білуді, жағдайды бағалауды және өзін ұстауды реттейтін оларсыз оқыту мүмкін еместігін немесе қиындық тудыратынын алға тарта отырып, сол функцияларды дамытатын әлеуметтік біліктердің белгілі деңгей ретінде түсіндіреді.
Л.М. Безруких «баланың мектепте оқуға интелектуалды дайындығы – жүйелі оқыту талаптары шамадан тыс болмайтын және бала денсаулығының бұзылуына әкелмейтін баланың морфологиялық, функционалды және психикалық даму деңгейі» деп, есептейді.
Бүгінде баланың мектепте оқуға даярлығы – практикалық тұрғыда психологиялық зерттеулер кешенін талап ететін көп компонентті білім. Мектеп табалдырығын аттаған бала белгілі физикалық, ақыл-ой, эмоционалдық және әлеуметтік дамуға сәйкес болуы керек. Бұл оның балашақ мектепте үлгірімінің кепілдігі болып табылады.
Әдістемелік ұсынымдарды әзірлеудің мақсаты баланың мектепте оқуға табысты дайындығы үшін білім беру ұйымдарының мектепалды даярлық топ/сынып педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Негізгі міндеттері:
- тәрбиеленушілердің мектепте оқуға табысты даярлығы үшін бастапқы тең мүмкіндіктерді құру;
- баланың мектепке даярлығын айқындайтын компоненттерді анықтау;
- балалардың мектепке оқуға даярлығының диагностикасы бойынша түрлі әдістемелерді қолдану;
- мектепалды жасындағы балалардың бастапқы құзыреттіліктерді меңгеруі және олардың түрлі әрекеттер мен мінез-құлықтарда көрінуі үшін жағдай жасау
- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіру;
- оқу қызметіне алғышарттар мен танымдық ынтаны қалыптастыруға мүмкіндік беру;
- белгілі себептермен мектепке дейінгі ұйымға бармаған балалардың ата-аналарына әдістемелік көмек көрсету.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында мектепке дейінгі жастағы балалардың дайындық деңгейіне және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеруге талаптар айқындалған. Стандарта мектепке дейінгі ұйым бітірушісінің дайындық деңгейіне талаптар және туғаннан бастап 1 сыныпқа қабылданғанға дейін біліктері мен дағдыларының тізбесі айқындалған және Үлгілік бағдарламаның білім беру салаларының мазмұнын меңгеру барысында жарты жылдық бойынша күтілетін нәтижелер берілген.
Мектепке даярлық балаға оқу қызметін жеңілдетеді, табысты және жаңа жағдайға жылдам үйренуді қамтамасыз етеді.
Балабақшаның мектепалды даярлық топтарында балалармен бірнеше рет жүргізілген сауалнама балалардың өздерінің қалауымен түрлі себептерді белгілей отырып, барлығы да мектепке барғысы келетінін дәлелдеді. Балалардың бір бөлігі мектеп өмірінің тартымды сәті деп білім алуды көрсетсе, ал екінші бір бөлігі сыртқы аксесуарларды қоңырауды, үзілістерді белгілеген.
Ресей білім академиясының зерттеулерінің нәтижелері бойынша бірінші сыныпқа барған балалардың бір бөлігінің дамуы паспорттағы жасына сәйкес келмейтінін, 5-6 жастағы 60% дейін балалар әрекетті ұйымдастыруы қалыптаспаған болса, 60% балаларда тілдің дұрыс қалыптаспағаны, 30% дейін ұсақ моториканың қалыптаспағанын, ал 35% дейін кеңістікті көрудің және көріп есте сақтаудың қалыптаспағанын, 30% дейін есту-тірек үйлесімділігінің жетерліктей дамымағанын көрсеткен. Баланың оқуға ынтасының төмен болуы немесе мүлде болмауы оларды алдын-ала оқуға мерзіміне бұрын қосуы салдарынан болып отыр.
Сонымен мектепке дайын бала – бұл мектеп бағдарламасы талаптары бойынша оқи алатын, жазатын және санай алатын емес, бұл мектепте оқуға дағдылары қалыптасқан бала.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет