Қазақстан Республикасының Министерство
Білім және ғылым образования и науки
министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ им. Д.Серикбаева
ШҚМТУ
УТВЕРЖДАЮ
Декан факультета инженерии
_________ М.В.Дудкин
«___»___________2015
ӘЛЕУМЕТТАНУ
Барлық мамандықтар бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге семинар сабақтарын және СОӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
СОЦИОЛОГИЯ
Методические указания к семинарским занятиям и СРСП
для студентов всех специальностей дневного отделения
Өскемен
Усть-Каменогорск
2015
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
С.К. УАЛИЕВА
ӘЛЕУМЕТТАНУ
Барлық мамандықтар бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге семинар сабақтарын және СОӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Өскемен,
2015
Әдістемелік нұсқаулар барлық мамандықтар бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге семинар сабақтарын және СОӨЖ орындау үшін, философия және адамзаттың дамуы мәселелері кафедрасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты бойынша жасалынды.
Әлеуметтану пәнінен әдістемелік нұсқаулар «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының отырысында талқыланды
Кафедра меңгерушісі Н.Л. Краснобаева
№ _____ Хаттама ________
МКФ әдістемелік комиссиясымен бекітілді
Басшысы А.В.Вавилов
№ _____ Хаттама ________
Жасағандар С.К.Уалиева
Рецензия жасаған: ф.ғ.к., доцент Л.И. Абдығалиева
Нормабақылаушы Т.В. Тютюнькова
ӘОЖ 316
Уалиева С.К. Әлеуметтану: барлық мамандықтары бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге семинар сабақатарын және СОӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. – Өскемен: ШҚМТУ, 2015. – 19 бет.
Әдістемелік нұсқауларға кредиттік технология жүйесі бойынша оқитын студенттерге арналған философия пәнінің бағдарламасы, семинар сабақтарының жоспарлары, СОӨЖ, СӨЖ-на арналған тапсырмалар, кестелер, схемалар, терминологиялық сөздіктер және аттестациялық қорытындылау тесттері, әдебиеттер тізімі кіреді.
МТФ әдістемелік комиссиясының отырысында бекітілді
Хаттама №
Рецензия жасаған: ф.ғ.к., доцент Абдығалиева Л.И.
© Д.Серікбаев атындағы Шығыс
Қазақстан Мемлекеттік
Техникалық Университеті
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ........................................................................................................................ 4
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері және оның оқу үрдісіндегі орны .................... 5
2 Дәріс сабақтарының мазмұны ................................................................... 7
3 Семинар сабақтарының мазмұны және студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары ............................................................................................................ 9
4 Әдебиеттер тізімі .......................................................................................17
КІРІСПЕ
Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік деңгейімен бірге рухани-адамгершіліктік және әлеуметтік келбетінің де биік болуы бүгінгі күнде ерекше қажет, әрі өзекті. Осы тұрғыдан алғанда жоғарғы оқу орнының қабырғасында білім алушы студент жастардың қарапайым индивид-пенде емес, өзіне, қоғамға, өмірлік процестерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін әлеуметтану ғылымының маңызы зор.
Әлеуметтану бүгінде адамзаттық қоғамның аса маңызды құрамды бөлігі ғана емес, қоғам дамуын анықтар және бағыттар ғылымның бірі болып табылады. Ертеден қалыптасып дамып келе жатқан философиялық-әлеуметтік дүниетаным жалпыадамзаттық мәселелер, адам мен қоғам арақатынасы сұрақтарына жауап іздеп, жауабын тауып келді. Қоғам күрделенген сайын әлеуметтану ғылымының рөлі де жоғарылай бермек. Бұл жағдайды өмірдің өзі де, қоғам дамуының бет алысы да дәлелдеп отыр. Әлеуметтану қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік процестердің заңдылықтары мен тенденцияларын анықтауға, қоғамның болашағын болжауға көмектесетін теориялық және эмпирикалық ғылыми зерттеулер негізі.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің 1, 2 және 3 курс студенттеріне екі кредиттік деңгеймен, бір семестр көлемінде әлеуметтану пәнін оқыту үшін дайындалынған бұл әдістемелік нұсқау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сай етіп жасалынған. Бұл әдістеме бойынша студенттер әлеуметтану ғылымы классиктерінің теориялары мен қазіргі әлеуметтанушылардың көзқарастарын, қоғамда орын алып отырған құбыластар мен процестерді, солардан туындайтын заңдар мен олардың әрекет ету деңгейін, т.б. күрделі мәселелерді оқып білуге, өмірде оларды басшылыққа алуға, жүзеге асыру жолдарын үйренуге бағдар бола алатын көмекші құрал. Аталмыш пәннің зерттеу объектісі және мақсатымен, құрылымы және заңдарымен, макро және микросоциологиялық мәселелермен, арнаулы әдістерімен студенттер оқытушының беретін дәріс сабақтарынан таныса алады. Сонымен қатар, студенттер осы сияқты жекелеген әлеуметтік проблемалар мен арнаулы теорияларды семинар сабақтарында және оқытушылардың басшылығымен жүргізілетін өздік жұмыстарында да оқып-біліп, өз білім деңгейлерін жетілдіре түседі. Ол үшін студенттер жеке тапсырмалар, реферат және зерттеу жұмыстарын орындап, оларға талдау жүргізіп, білімдерін одан әрі шыңдауларына мол мүмкіндіктер қарастырылған.
Қорыта келе, әлеуметтану пәнін теориялық тұрғыда оқып-біле отырып, түсініп, күнделікті өмірде оларды басшылыққа алып, практикада қолдану жолдарын үйренуге тырысамыз. Бүгінгі таңда өмірлік дүниетанымы кең, терең ойлы студент, ертеңгі білікті маман, халқының қалаулы азаматы болары әбден мүмкін.
1 ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОРНЫ
1.1 Пәннің мазмұны
Әлеуметтану – теориялық және практикалық тұрғыдан аса қызықты да пайдалы ғылым. Ол маңызды әрі күрделі объектіні, яғни адамзат қоғамын, оның құрылымы мен даму заңдарын, адамдар мен қауымдастықтарда және әлеуметтік топтарда қандай әлеуметтік өзгерістердің жүріп жатқанын, әлеуметтік өмірдің әр түрлі бағытта өзгерістерге ұшырауының мазмұнын және нәтижесін түсіндіреді.
1.2 Курстың мақсаты
Әлеуметтану тұлғаның қалыптасып, дамуында маңызды роль атқаратындығын ескере отырып, әр адамға, әр студентке бұл пәнді оқып, меңгеруінің мақсаты және курстың маңызды қырларын төменде көрсете кетелік:
- Қоғамның әр саласында қызмет етуге өзін рухани тұрғысынан дайындай отырып, студенттерге өзінің қоғамдағы орны мен атқаратын ролін түсініп, бағалауға дағдылану, іскерлікті қалыптастыру;
- Өмірде өз көзқарасын білдіре отырып, оны тұрақты ұстануға өзін-өзі тәрбиелеуге үйрену;
- Басқа қоғам мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру;
- Басқа адамдардың көзқарастарын бағалауға, құрметтеуге үйрену.
1.3 Курстың міндеті
Өмірге, қоғамға және айналасына көзқарасын дұрыс, гуманды бағытта тұрақтандыру әдістерін танып, қабылдауға және оны ары қарай дамытуға үйренуді социология курсы қамтамасыз етуге тиісті. Студент аталмыш пәннің төмендегі сұрақтардың жауабын қалтқысыз білуі керек:
- Әлеуметтану ғылымының зерттеу нысаны қандай?
- Қоғамды жүйе ретінде түсінудің мәні?
- Адамзаттық қоғамның негізгі өлшемдері қандай?
- Тұлғаның әлеуметтену үрдісінің сатылары?
- «Адам», «индивид», «тұлға» ұғымдарының арақатынасы?
- Девианттық мінез-қылық дегеніміз не?
- Әлеуметтік тап және топ ұғымдарының айырмашылығы?
- Әлеуметтік институттардың санқырлылығы?
- Отбасының әлеуметтік мәні неде?
- Әлеуметтанудың арнаулы әдістері қандай?
1.4 Курстың құрылымы
Социология пәнін қазіргі заманда оқыту барысында, оның адамзат мәдениетінің ерекше де дербес саласы және заманымыздың әлеуметтік-мәдени тұтастығының ажырамас бөлігін құрайтын дамушы жүйе екендігін ескеру аса қажет. Әлеуметтану курсы үш бөлімнен тұрады: әдістемелік, теориялық және практикалық бөлім. Әлеуметтану ғылымы арқылы студент жастарға теориялық тұрғыдан білім және жан-жақты тәрбие беріп, өмірде олардың тұлға болып қалыптасуына ықпал етуге мол мүмкіндіктер қарастырлыған.
1.5 Талаптар
Барлық аудиториялық сабақтарға (лекция және семинар сабақтары) әрбір студент кешікпей келіп, қатысып отыруға міндетті. Сабаққа екі рет кешігу сабақты бір рет босатқанға тең болып есептелінеді. Сабақты себепсіз босатқан жағдайда студент сол тақырыпты өтеуге тиісті. Ал себепті босатқан жағдайда анықтама қағазын көрсеткені дұрыс. Әрбір семинар сабағына студент дайындалып келуі қажет. Оқытушы студенттің жазба дәптерін тексеруге құқылы. Лекциялық материалды тест алу арқылы ешбір ескертусіз тексере алады. Тест нәтижесінде алынған бағалар қорытынды бағаға әсер етеді. Студент жұмысын өз уақытында өткізіп отыруы тиіс. Жазба түріндегі кесте жұмыстары уақытынан кешіктірілсе, қабылданбайды. Бақылау және тест жұмыстарын басқа біреуден көшіру тыйым салынады. Студент сабаққа дұрыс киіммен келуі тиіс, студентке тән ішкі және сыртқы мәдениетті сақтауға міндетті. Семестр барысында сабаққа қатысты туындаған сұрақтар болса Г-1-325 ««Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және Қазақстан халқы Ассамблеясы»» кафедрасына келіп, сұрауларыңызға болады.
2 ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Әлеуметтану ғылым ретінде
1 Әлеуметтанудың зерттеу объектісі, пәні мен әдістері
2 Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері
3 Әлеуметтанудың атқаратын қызметі
4 Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен арақатынасы
2.2 Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму тарихы
1 Әлеуметтану ғылымына дейінгі қоғамдық алғашқы ой-пікірлер
2 Әлеуметтану ғылымының пайда болып, қалыптасуының классикалық кезеңі
3 ХХ ғасырдағы жаңа әлеуметтік теориялар
2.3 Әлеуметтік зерттеулер
1 Эмпирикалық зерттеу бағдарламасы
2 Әлеуметтік зерттеулердің кезеңдері
3 Эмпирикалық зерттеудің түрлері (құжаттарды талдау, бақылау, сауалнама, тәжірбие)
2.4 Тұлғаның әлеуметтену үрдісі. Әлеуметтену үрдісі. Тұлға.
1 Тұлға ұғымының мәні және тұлға түсінігі туралы ғылыми тұжырымдамалар
2 Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер
3 Тұлғаның әлеуметтену процесі
2.5 Жүріс-тұрыстың ауытқу (девиация) социологиясы
1 «Әлеуметтік девиация» ұғымы
2 Девиацияның әлеуметтік теориялары (Э. Дюркгейм, Р. Мертон, Г. Беккер)
3 Девиацианың негізгі типологиясы
2.6 Әлеуметтік қатынастар мен арабайланыстар
1 Әлеуметтік қатынастар түсінігі
2 Әлеуметтік қатынастардың түрлері
3 Әлеуметтік қатынастар мен арабайланыстар туралы ғылыми теориялар (Дж.Хоманс, Дж.Мид, Дж. Адамс, Дж. Уолстер, И.Гоффман)
2.7 Әлеуметтік жанжалдар
1 Әлеуметтік жанжал ұғымы. Жанжалдың әлеуметтік теориялары (К. Маркс, Ральф Дарендорф, Р. Парк, Льюис Козер, К.Боулдинг)
2 Әлеуметтік жанжалды жіктеу типологиясы.
3 Жанжалды шешу жолдары (К. Томас және Р. Килменн)
2.8 Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
1 Қоғамның әлеуметтік құрылым ұғымы
2 Қоғамның әлеуметтік стратификациясы ұғымы. Әлеуметтік стратификация теориясының типологиясы
3 Әлеуметтік таптар және олардың қалыптасуының үрдісі
2.9 Әлеуметтік мобильдік
1 Әлеуметтік мобильділік ұғымы және түрлері
2 Әлеуметтік мобильділіктің арналары (каналы)
3 Әлеуметтік мобильділік туралы тұжырымдамалар
2.10 Әлеуметтік институттар
1 «Әлеуметтік институт» ұғымының мәні
2 Әлеуметтік институттардың негізгі түрлері және олардың қызметі
3 Әлеуметтік институттың әрекетсіздігі (дисфункция)
2.11 Дін социологиясы
1 Дін ұғымының мәні және анықтамасы
2 Қазіргі халықаралық саясаттағы діни мәселелер
3 Әлеуметтік сана және діни экстремизм, радикализм
2.12 Отбасы социологиясы
1 Отбасының қоғамдағы рөлі, құрылымы, қызметі, түрлері
2 Некенің мотивтері, түрлері және ажырасудың себептері
3 Қазіргі күнгі өмірдегі отбасы жағдайы, ұрпақ жалғастығы мәселесі
2.13 Демография және әлеуметтік қауымдастық
1 Демография ұғымының мәні және мазмұны
2 Әлемдегі демографиялық құбылыстар
3 Қазақстан қоғамының этнодемографиялық жағдайы
2.14 Миграциялық үрдістер
1 Миграциялық үрдіс түсінігі
2 Миграцияның түрлері: эмиграция, иммиграция және т.б.
3 Қазіргі күндегі әлемдік миграциялық үрдістер
2.15 Жаһандану процессі
1 Жаһандану ұғымының мәні
2 Жаһандану үрдісінің маңызды және зиянды жақтары
3 Жаһандық мәселелердің қазіргі әлемдегі дамуының беталысы
3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
3.1 Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы және дамуы
1 Әлеуметтану ғылымына дейінгі қоғамдық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдері (Конфуций, Платон және Аристотель, Ибн-Халдун, Н. Макиавелли, Т. Гоббс, Ж.Ж.Руссо, Ф.Вольтер).
2 Әлеуметтану ғылымының пайда болып, қалыптасуының классикалық кезеңі (О.Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер).
3 Әлеуметтану ғылымының Ресейдегі даму үрдісі (Л.И.Мечников, Н.Я.Данилевский, П.Л.Лавров, Н.К.Михайловский, П.Б.Струве, П.А.Сорокин).
4 Әлеуметтік көзқарастардың қазақ ағартушылары мен зиялы қауым өкілдерінің еңбектерінде көрініс табуы (Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов).
5 Қазіргі заманғы социологиялық теориялар (Т. Парсонс, Р. Мертон, Г. Гарфинкель, Э. Гидденс, П. Бурдье).
Студенттердің өздік жұмыстары
1-кесте: Әлеуметтанудың ғылым болып қалыптасып дамуы кезеңдерінің хронологиясын анықтап, кестені толтырыңыздар. Атаулар: Конфуций, Платон, Аристотель, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, О.Конт, Г.Спенсер, К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, П.Сорокин, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Т. Парсонс, Р. Мертон, Г. Гарфинкель, Э. Гидденс, П. Бурдье
Ойшылдардың аты-жөндері
|
Басты еңбектері
|
Негізгі идеялары мен принциптері
|
|
|
|
3.2 Қоғам – жүйе ретінде
1 Қоғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру тұжырымдамалары
2 Қоғамның типтері, белгілері мен даму заңдары
3 Қоғамдық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар. Қоғамның қызметі
Студенттердің өздік жұмыстары
2-кесте: Қазіргі күнгі тұжырымдамалар бойынша қоғамды қандай түрлерге бөледі, осы сұрақты анықтап, кестені толтырыңыздар:
Сипаттамасы
|
Дәстүрлі
|
Индустриалды
|
Постиндустриалды
|
Экономиканың негізі
|
|
|
|
Мәдениеттік сипаттамасы
|
|
|
|
Әлеуметтік қатынастары
|
|
|
|
3.3 Әлеуметтік зерттеулер
1 Зерттеу бағдарламасы. Зерттеулерді сұрыптау тәсілдері
2 Әлеуметтік зерттеулердің кезеңдері және түрлері
3 Ақпарат жинау әдістері. Құжаттарды талдау әдісі және контент-анализ
4 Бақылау әдісі. Эксперимент.
5 Сауалнама (жазбаша жауап алу) және сұхбат (ауызша жауап алу). Фокус-группа
6 Таңдамалы зерттеу және зерттеу этикасы.
Студенттердің өздік жұмыстары
9-кесте: Әлеуметтік зерттеу сұрақтарының түрлері
Сұрақтардың классификациясының критерийлері
|
Сұрақтың түрлері
|
Қолданыстың мақсаты
|
Сұрақтардың мазмұны
|
Сұрақтарға мысал
|
Формасы бойынша
|
ашық
|
|
|
|
жабық
|
|
|
|
Тұжырымдау тәсілі бойынша
|
тікелей
|
|
|
|
жанама
|
|
|
|
Мазмұны бойынша
|
негізгі
|
|
|
|
негізгі емес
|
|
|
|
Фильтр-сұрақтар
|
|
|
|
Тұзақ-сұрақтар
|
|
|
|
3.4 Мәдениет социологиясы. Әлеуметтік нормалар
және әлеуметтік бақылау
1 Әлеуметтанудағы мәдениет ұғымы, құрылымы, мазмұны және функциялары
2 Мәдениеттің элементтері. Тіл, құндылықтар, нормалар
3 Әлеуметтік норма ұғымы. Әлеуметтік нормалардың түрлері: міндетті және міндетті емес (құқықтық нормалар, табу-тиымдар, дәстүрлер, машық, әдет-ғұрыптар)
4 Әлеуметтік нормаларды ұстану механизмі (әлеуметтік бақылау жүйесі). Құқық, мораль және адамгершілік ұғымдарының арақатынастары
5 Әлеуметтік бақылаудың мазмұны мен қызметі. Әлеуметтік бақылаудың құралдары
Студенттердің өздік жұмыстары
5-кесте: Әлеуметтік санкциялардың түрлері және оларға тән сипатты белгілерді анықтаңыздар:
Санкциялардың (шара) мазмұны | Формальдық | Формальдық емес | Позитивті | | | Негативті | | |
3.5 Жүріс-тұрыстың ауытқу (девиация) социологиясы
1 «Әлеуметтік девиация» ұғымы, девианттық жүріс-тұрысқа баға беру (позитивті және негативті). Негативті (жағымсыз) девианттық жүріс-тұрысты биологиялық және психологиялық тұрғыдан түсіндіру (Ч. Ламброзо, У. Шелдон, З. Фрейд)
2 Девиацияның әлеуметтік теориялары (Э. Дюркгейм, Р. Мертон, Г. Беккер): аномия теориясы, мәдени өзгеріс теориясы, жанжал теориясы, стигматизм теориясы
3 Қылмыс және сот төрелігі жүйесі (заң қорғау органдарының жүйесі, қылмыс, нашақорлық және заң бұзушылық, қамауға алу, тоталитарлық институт)
Студенттердің өздік жұмыстары
6-кесте: Девиация теорияларын анықтап, кестені толтырыңыздар:
Девиация теориялары
|
Авторлары
|
Негізгі идеялары және принциптері
|
биологиялық
|
|
|
психологиялық
|
|
|
социологиялық:
- аномия теориясы
- мәдени өзгеріс теориясы
- жанжал теориясы
- стигматизм теориясы
|
|
|
3.6 Әлеуметтік жанжалдар
1 Әлеуметтік жанжал ұғымы, шынайы және жалған жанжалдар, жалған жанжалдардың пайда болуының себептері.
2 Жанжалдың әлеуметтік теориялары (Г. Спенсер, К. Маркс, Ральф Дарендорф, Р. Парк, Льюис Козер, К.Боулдинг)
3 Әлеуметтік жанжалды жіктеу типологиясы (өзіндік тұлғалық, тұлға аралық, тұлға және топтық аралық, топтық аралық).
4 Жанжалдардың жіктелуі (қатысушылардың санына, ұзақтығына, ауқымына, мүдденің қақтығысының мазмұнына байланысты жіктелу; экономикалық, саяси, этносаралық, конфессияаралық)
5 Жанжал стратегияларын топтастыру. Жанжалды шешу жолдары, «компромисс», (келісім, мәміле, ымыра) «консенсус» (пәтуа) ұғымдары (К. Томас және Р. Килменн)
Студенттердің өздік жұмыстары
7-кесте: Негізгі әлеуметтік жанжалдардың әлеуметтік тұжырымдамаларын анықтап, кестені толтырыңыздар:
Карл Маркс
|
Льюис Козер
|
Ральф Дарендорф
|
Кеннет Боулдинг
|
Әлеуметтік-таптық жанжалдар теориясы
|
Позитивтік-функционалдық жанжал теориясы
|
Қоғамның жанжалдық үлгісі (конфликті моделі)
|
Жанжалдардың жалпы теориясы
|
|
|
|
|
3.7 Әлеуметтік құрылым және стратификация
1 Әлеуметтік құрылым және стратификация ұғымы. Тарихи типтері
2 Әлеуметтік стратификацияның жіктелуі
3 Қазіргі Қазақстан қоғамының стратификациялық құрылымы
4 Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері
5 Қазіргі Қазақстанның миграциялық көрінісі
Студенттердің өздік жұмыстары
3-кесте: Қазіргі постиндустриалдық қоғамдағы таптық бөліністерді анықтап, оларға талдау жасаңыздар:
Таптар
|
Тап ішіндегі таптар
|
Таптарға тән өлшемдік белгілер
|
Жоғарғы
|
|
|
|
|
Орта
|
|
|
|
|
|
|
Төменгі
|
|
|
|
|
3.8 Әлеуметтік институттар
1 «Әлеуметтік институт» ұғымының мәні, әлеуметтік институттардың пайда болуының алғы шарттары
2 Әлеуметтік институттардың негізгі түрлері және олардың қызметі
3 Әлеуметтік институттың әрекетсіздігі (дисфункция), заңды және заңсыз әлеуметтік институттар
4 Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі нысандары және даму тенденциялары
Студенттердің өздік жұмыстары
4-кесте: Әлеуметтік институттар және олардың мазмұнын анықтайтын кестені толтырыңыздар:
Әлеуметтік институттардың негізгі түрлері
|
Нақты әлеуметтік институттар
|
Қызметтері
|
Дисфункциясы
|
Сипаттық белгілері
|
Әлеуметтік-репродуктивтік
|
Отбасы, білім беру, денсаулық сақтау
|
|
|
|
Экономикалық
|
Үкімет, Тұтынуды үлестіру
|
|
|
|
Әлеуметтік-мәдени
|
Ғылым, Өнер
|
|
|
|
Діни
|
Секта, деноминация, мешіт, шіркеу, т.б.
|
|
|
|
Саяси
|
Мемлекет, Саяси партиялар
|
|
|
|
3.9 Әлеуметтік-репродуктивтік институттар: отбасы, білім беру және денсаулық сақтау социологиясы
1 Отбасының қоғамдағы рөлі, құрылымы, қызметі, түрлері
2 Некенің мотивтері, түрлері және ажырасудың себептері
3 Қазіргі күнгі өмірдегі отбасы жағдайы, ұрпақ жалғастығы мәселесі
4 Отбасында рөлдерге бөліну және отбасындағы басқарушылыққа ұмтылу мәселесі
5 Білім берудің әлеуметтік маңыздылығы. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі білім беру жүйесі
6 Денсаулық сақтау жүйесі. Халық денсаулығының көрсеткіштері
Студенттердің өздік жұмыстары
Жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына кезекті жолдауы бойынша талдау және сараптау жұмыстарын орындау:
-
Білім беру жүйесіне қатысты сұрақтар;
-
Денсаулық сақтау мәселелері бойынша жаңа енгізулер.
3.10 Дін социологиясы
1 Дін ұғымының мәні және анықтамасы. Әлемдік діндер
2 Діни ұйымдардың әлеуметтік құрылымы
3 Қазіргі халықаралық саясаттағы діни мәселелер
4 Әлеуметтік сана және діни экстремизм, радикализм
Студенттердің өздік жұмыстары
1 Дін социологиясы мен діни ұйымдардың қызметінің айырмашылығын анықтап, еркін үлгідегі кесте толтырыңыздар;
2 Қоғам өміріне қауіп төндіретін діни секталар мен ұйымдар туралы ақпарат беретін слайдтық-көрнекілік жұмыстарын дайындаңыздар
3.11 Жастар социологиясы
1 Жастар – болашақ қоғамды жасаушы күш. Жастардың мәдениеті мен білім деңгейлері мәселелері
2 Жастардың қоғамда тұлға болып қалыптасуы
3 Тұлғаның әлеуметтену үрдісі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
4 Бос уақыт және оның әлеуметтік мәні. Бос уақытты ұйымдастырудың мәселелері (Ауытқуға қарсы күрестің әлеуметтік қырлары)
5 Жастардың суб және контрмәдениетке еліктеушілігі мәселесі
Студенттердің өздік жұмыстары
8-кесте: Әлеуметтену үрдісінің жүру жолы көрсетілген кестенің мағынасын түсіндіріп беріңіздер:
Әлеуметтену үрдісі
Әлеуметтік рөлдерді игеру
Мәдени рөлдерді меңгеру
Өзіндік әлеуметтену
Инкультурация
3.12 Еңбек социологиясы және жұмыссыздықтың
әлеуметтік қыры
1 Еңбек – адам қызметінің негізгі формасы. Еңбектің әлеуметтік мазмұны (жай, күрделі, өнімді, өнімсіз және т.б.)
2 Нарықтық экономикада еңбектің уәждігі (мотивация) және еңбекке ынталандыру. Еңбектің қажеттілігі және еңбекке мұқтаждық
3 Тұрғындардың «жұмыс бастылығы» және «жұмыссыздық» ұғымдары
4 Жұмыссыздықтың түрлері (бүркемелі, құрылымдық және т.б.).
5 Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық және психологиялық салдарлары
3.13 Демография және қазіргі әлемдік қоғамдастық.
Қала мен ауыл социологиясы
1 Демография ұғымының мәні және мазмұны. Әлемдегі демографиялық құбылыстар
2 Миграциялық үрдістер: Миграция, Эмиграция, Иммиграция және т.б.
3 Қазақстан қоғамының этнодемографиялық жағдайы (Демограф М.Татимовтың қазақстандық демографиялық ахуал жайындағы пікірлерімен бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы танысу және талдау)
4 Әлеуметтанудағы қала мәселесі. Урбанизация процессі. Мегаполис. Агломерация
5 Ауылдың қазіргі әлеуметтік жағдайы. Ауыл мен қаланың әлеуметтік арақатынасы
Студенттердің өздік жұмыстары
10-кесте: Демографиялық өзгерістерге ықпал ететін негізгі факторларды анықтаңыздар:
Демографиялық өзгерістерге ықпал ететін негізгі факторлар
|
|
|
|
3.14 Саясат әлеуметтануы.
Қоғамдық ұйымдар және басқару социологиясы
1 Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары
2 Саяси қатынастар, мүдделер, процестер және институттар
3 Билік социологиясы. Мемлекет – биліктің басты субъектісі
4 Қоғамдық ұйымдардың пайда болуы және құрылымы. Саяси партиялар
5 Әлеуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
3.15 Жаһандану процесі және қазақстанның дамуы.
Әлеуметтік өзгерістер
1 Жаһандану ұғымының мәні. Жаһандану процесіндегі – Қазақстан
2 Жаһандану үрдісінің нәтижесінде белең алған кемшіліктер (саяси, эконмикалық, мәдени, экологиялық)
3 Әлеуметтік өзгерістердің қайнар көздері (өзгерістердің әлеуметтік факторлары, әлеуметтік прогресстің концепциялары, үлгілендіру (модернизация) және индустриаландыру, қоғамның трансформациялануы (өзгеру, ауысу), әлемдік жүйе және жаһандану үрдісі)
4 Ұжымдық тәртіп (үлгілердің (модель) әртектігі, ұжымдық тәртіптің алғышарттары, топтың мінез-құлқын түсіндіру)
5 Әлеуметтік қозғалыс (әлеуметтік қозғалыстардың түрлері, әлеуметтік төңкеріс, лаңкестік, әлеуметтік қозғалыстардың себептері, әлеуметтік проблемалар)
Студенттердің өздік жұмыстары
11-кесте: Жаһандану үрдісіне қатысты бірқатар ғалымдардың теориялық тұжырымдамаларын кестеге толтырыңыздар:
И.Валлерстайн
|
Э.Гидденс
|
М.А.Чешков
|
М.Шимаи
|
|
|
|
|
12-кесте: Жаһандану үрдісіне қатысты мәселелерді толықтырып, сызбаны толтырыңыздар
ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
ИНТЕРӘЛЕУМЕТТІК
МӘСЕЛЕЛЕР
«АДАМ – ҚОҒАМ» ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕСІ
«ТАБИҒАТ-ҚОҒАМ» ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕСІ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
-
Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы. / Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов ; ҚР білім және ғылым министрлігі). - Толықт., жаңарт. ек. бас. - Алматы : Қарасай, 2009. - 383 б.
-
Артемьев, А. И. Әлеуметтану және Тұлға психологиясы : оқу құралы / А. И. Артемьев. - Алматы : Бастау , 2013. - 382 б.
-
Адамгершілік социологиясы / Ғылыми мақалалар жинағы "Патриотизм-қазіргі инновациялық дамушы қазақстандық қоғамның әлеуметтік мәдениетінің заңды құрылымдаушы құбылысы" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Өскемен қаласы, 27-28 маусым 2007 ж.). - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2007. - 307 б.
-
Биекенов, К. У. Әлеуметтану : оқу құралы / К. У. Биекенов, С. К. Биекенова, Г. А. Кенжакимова. - Алматы : Раритет, 2012. - 447 б.
-
Қалдыбаева Т. Әлеуметтану : техникалық университеттердің студенттеріне арналған оқу құралы / Т. Қалдыбаева ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, ШҚМТУ. - Өскемен : ШҚМТУ, 2009. - 99 б.
-
Қалдыбаева, Т. Ж. Әлеуметтану: бағдарлама, лекциялар мен практикалық сабақтардың жоспарлары, СОӨЖ-на арналған тапсырмалар мен тест сұрақтары / Т. Ж. Қалдыбаева, Т. Ж. Жақиянов ; ҚР білім және ғылым министрлігі, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ. - Өскемен : ШҚМТУ, 2009. - 54 б.
-
Рахметов Қ. Ж. Социология : оқу құралы / Қ. Ж. Рахметов, А. Н. Болатова, З. Н. Исмағамбетова. - Алматы : Өлке, 2014. - 255 б.
-
Сәрсенова Ж. Н. Әлеуметтану: оқу құралы / Ж. Н. Сәрсенова. - Алматы : Нур-Принт, 2011. - 237 б.
-
Сәрсенова Ж. Н. Әлеуметтану: оқу құралы / Ж. Н. Сәрсенова. - Алматы : Нур-Принт, 2013. - 236 б.
Достарыңызбен бөлісу: |