Методические указания по выполнению практических работ для специальности



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі4.25 Mb.
#3070
түріМетодические указания
  1   2   3   4




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева

Машина жасау және

Көлік факультетінің деканы

М. Дудкин

БЕКІТЕМІН

___________________2013 ж.
Машина жасау технологиясының негіздері
5В071200- «Машина жасау» мамандығы бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ОСНОВЫ ТЕХНОЛОГИИ В МАШИНОСТРОЕНИЯ

Методические указания по выполнению практических работ для специальности

5В071200 – «Машиностроение»

Өскемен


Усть-Каменогорск

2013


Әдістемелік нұсқаулар «Жоғарғы білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер» ҚР МЕМСТ және негізгі оқу жоспары негізінде «Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы» кафедрасында дайындалып 5В071200-Машинажасау мамандығында оқитын студенттерге арналған

МжҚМТ кафедрасының отырысында талқыланды


Кафедра меңгерушісі К.Комбаев
№____ хаттама ____________________2013 ж.

Жасаған Р. Ғабдысалық

Норма бақылаушы Т. Тютюнькова

КІРІСПЕ
Бұл әдістемелік нұсқау студенттердің «Машина жасау технологиясының негіздері» пәнін өзіндік талдауға және университеттегі дәрісханалық оқуға арналған.

Оқудың мақсаты – студенттердің машина өндірісіндегі жалпы салалық түсініктерін, өңдеудің дәлдіктері мен қателіктері, тетікті механикалық өңдеудегі орнықтырулар, механикалық өңдеудің тетік сапасына әсері, өңдеулердің әдіптері, тетіктерді және машинаны толық дайындаудағы технологиялық үдерістердің өнімділігі және үнемділігі, технологиялық үдерістерді жобалау негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Оқудың шарты болып машина жасау технологиясының негіздерін тетіктерді және машиналарды тұтастай дайындауда технологиялық үдерістерді дайындауда іс жүзінде қолдану болып табылады.

Бақылау жұмысын орындағанда студенттерге машинажасау технологиясы негіздерінің әлдеқайда күрделі сұрақтарын шешуге іс жүзінде біліктілігін арттыру шарты қойылады: өңдеудің ауытқуларын есептеу, сонымен қатар ауытқуларды орнықтыру, әдіптік есептеулерімен қарапайым операциялардың операциялық сұлбаларын ресімдеу, дайындамалар өлшемдері және операция аралық өлшемдер, машина жасау-технологы анықтамалық іс жүзінде пайдалану.

«Машина жасау технологиясының негіздері» пәні «Салалық машина жасау технологиясы» пәнінің бір саласы бола отырып, келесі пәндер білуге негізделген:




  • Машина жасау өндірісінің технологиялық үдерістері;




  • Металдарды термоөңдеу және құрылымдық материалдар;




  • Өзара ауысымдылық және стандарттау негіздері;




  • Металдарды кесу теориясы;




  • Металкескіш құралдарды жобалау;




  • Машина жасау зауыттарының жабдықтары;




  • Дайындамаларды жобалау және өңдеу.

1 БАҒДАРЛАМА ЖҰМЫСЫ


1.1 Өздік оқып үйрену бағдарламасы
1.1.1 Бұйымды өндіру. Өндіру объектілері: Бұйым, машина, тетік, құрастыру бірлігі, комплект, комплекс; олардың түрлері и сипаттамасы. Бұйымның пайдалану және технологиялық – өндіру сапа көрсеткіштері, олардың түсінігі. Өндіру үдерісінің мазмұны және өндірісті дайындаудың техникалық құрамы.
1.1.2 Механикалық өңдеудің үстірттерге және машина тетіктерінің пайдалануына әсері. Пайдалану қасиеттерін арттыру тәсілдері. Қақталма, қалдық кернеу, үстірттің кедір – бұдырлығы және толқындылығы, металдың құрамының және фазалық күйінің өзгеруі; оларға кесу процесінің әсері; олардың тетіктің пайдалану қасиетіне әсері.
1.1.3 Дәлдікке және өнімділікке технологиялық жүйенің әсері. БЖҚТ (білдек, жабдық, құрал, тетік) жүйесінің қатаңдығы мен берілгіштігі, статикалық және өндірістік тәсілмен қатаңдықты анықтау. Кесуші құралдың тозуының, қаттылықтың әсері, әдіп мәнінің, жабдықтың құрылысының әсері, БЖҚТ-ның (білдек, жабдық, құрал, тетік) серпімділік деформациясына әсері, БЖҚТ-ның (білдек, жабдық, құрал, тетік) қатаңдығының өнімділікке әсері, БЖҚТ қатаңдығын арттыру тәсілдері, автотербеліс және мүмкін тербеліс (діріл), олардың пайда болу мүмкіндіктері және алдын алу жолдары.
1.1.4 Механикалық өңдеудің қателіктері және оларды есептеу тәсілдері. Машинажасаудағы дәлдік, оған жету тәсілдері, олардың түсінігі, кемшіліктері және артықшылықтары. Өңдеудің жүйелік және кездейсоқ қателіктерінің түрлері. Өлшемнің сейілуі заңы, олардың практикада қолданылуы. Өңдеу қателіктерін есептеу.
1.1.5 Құрылымдық және технологиялық өлшемдік тізбектер және олардың есептелуі. Құрылымдық және технологиялық өлшемдік тізбектердің түрлері, олардың есептелуінің қолдану аймағы. Өлшемдік тізбектің теориясынан анықтамалар және түсініктемелер. Өлшемдік тізбектерді «максимум-минимум» және ықтималдықтар теориясы әдісі бойынша есептеу.
1.1.6 Механикалық өңдеу дәлдігін қамтамасыз ету. Өңдеу дәлдігін қамамасыз етуін қабағалау. Білдектерді дұрыстау тәсілдері, олардың түсінігі, сипаттамасы және қолдану аймағы. Кесу режімін есептеу, талап етілген дәлдікті және өнімділікті қамтамасыз ету. Білдектерді дәлдеу тәсілдері.
1.1.7 Тетіктерді дайындау технологиялық үдерістерін (ТҮ) жобалау негіздері (ТҚБЖ (ЕСТД), технологиялық үдерістін классификациясы, бастапқы мәліметтер, құрылымын технологиялыққа өңдеу, технологиялық үдерістін (ТҮ) жобалау концепциясы). Технологиялық үдеріс (ТҮ), жүмыс орны түсінігі, технологиялық жабдықтаудың мүмкіндіктері. Технологиялық операция және оның құрамы. Машинажамау өндірісінің түрлері және сипаттамасы. Технологиялық үдерістің қамту санына байланысты, комплекстілігіне, өндіру сатысына, бөлшектеу дәрежесіне байланысты классификациялануы, олардың сипаттамасы және қолдану аумағы. Бастапқы мәліметтер және технологиялық үдерісті жасау реті. Өнімнің құрылымының технологиялығы, технологиялыққа тексеру (анализ). Технологиялық үдерісті жобалау концепциясы. Технологиялық үдерістің ұйымдастыру формалары, технологиялық үдеріс жоспары және оны ресімдеу.
1.1.8 Жаппай өндіріс түріне технологиялық үдерісті жобалау ерекшеліктері, және сериялық өндірісте – өңдеу СББ -да (ЧПУ), ӨО-да (ОЦ) жүрсе. Технологиялық орныңтарды таңдау және сызбада өлшемдерді қою. Операциялардың шоғырлануы және дифференциациясы.
1.1.9 Еңбекті мөлшерлеу, өңдеу өнімділігі, технологиялық үдеріс түрін таңдауды экономикалық негіздеу. Уақыт мөлшері, еңбекті мөлшерлеу түрлері және әдістері. Уақыт мөлшері құрылымы, оның құраушылдарының сипаты, негізгі уақытты есептеу, кесу ұзындығының құрамы, кірекесу ұзындығын есептеу, даналық және даналық – калькуляциялық уақыт мөлшері. Жалақы есебі. Көпқұралды өңдеуді мөлшерлеу ерекшеліктері.Өңдеудің өнімділігімен өзіндікқұны және олардың өңдеу бетінің дәлдігінен және кедір – бұдырлығынан, жабдық түрінен, кеск режімінен тәуелділігі. Технологиялық операция өнімділігін арттру мүмкіндіктері.

1.2 Дәріс курсы
1.2.1 Машинажасаудағы орнық, дайындамаларды орнықтыру. Құрылымдық, технологиялық және өлшемдік орнықтар, олардың анықтамалары. Орнықтыру тәсіліне және технологиялық шартқа байланысты бетті еркіндік дәрежесінен айыруға байланысты технологиялық орнықтың түрлері. Түйіспелі, жасырынды, дәлдеу, тексеру, жасанды технолгиялық базалар және олардың анықтамалары. Бағыттаушы қыспақтың орнықтыру мәні.Қаралтым орнықты таңдау ережелері, машинажасауда орнықтыру принциптері. – 9 сағ.
1.2.2 Механикалықөңдеу әдіпі. Дайындаманың өлшемдерін есептеу, операция аралық әдіптер, Материалдар шығынын мөлшерлеу (НРМ), материал қолдану коефициенті (КИМ). Әдіп түсінігі және оның қолданылуы. Әдіптің және операция аралық өлшемдердің сызбада орналасуы, дайындаманың өлшемін және операция аралық өлшемдерді есептеу формулалары, барлық әдіпті есептеу реті. тердің, операция аралық өлшемдердің, дайындамалар өлшемдерінің есептелулері. Материалдар шығынын мөлшерлеу (НРМ) түсінігі, қор мөлшері, дайындама түріне байланысты материалдар шығынын мөлшерлеу (НРМ) құрамы. Материал жоғалуы және шығыны. Материалдар шығынын мөлшерлеу (НРМ) түрлері және оларды есептеу тәсілдері. Машинажасауда материалды үнемдеу бағыттары. – 3 сағ.
1.3 Машықтық жұмыстар
1.3.1 Орнықтыру сұлбасын таңдау, Орнықтыру қателігін анықтау және құрылымдық тізбектік өлшем арқылы есептеу, өңдеу қателігін табу. – 6 сағ.
1.3.2 Дайындаманы таңдауды негіздеу, тетікті дайындау технологиялық үдерісін жобалау, пішін қателіктерін тағауындау, өңдеу операцияларында бекітілуі және орналасуы, әдіпті есептеу, материалдар шығынын мөлшерлеу. – 6 сағ.

2 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


Сырттай оқыйтын студент «Машина жасау технологиясының негіздері» пәні бойынша төменде көрсетілген кестеден оқытушының таңдауымен бір нұсқа бойынша екі бақылау жұмысын орындауы керек
2.1 Орнықтыру, өңдеу қателіктері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет