Методикасы кафедрасы



бет1/3
Дата11.06.2016
өлшемі409 Kb.
#128866
  1   2   3



ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
НИЗАМИ АТЫНДАҒЫ ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК

ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ

МЕТОДИКАСЫ КАФЕДРАСЫ

КУРС ЖҰМЫСЫ
Тақырып: 5-СЫНЫПТАРДА ЗАТ ЕСІМДІ ОҚЫТУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

Қабылдады: Дүйсебаева Білбар

Орындады: Бүркітбаева Мөлдір

ТАШКЕНТ - 2013
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 ЗАТ ЕСІМНІҢ ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ, МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СИНТАКСИСТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Зат есімнің лексика – грамматикалық ерекшеліктері........................................5

1.2 Зат есімнің морфологиялық ерекшеліктері.......................................................10
2 V СЫНЫПТАРДА ЗАТ ЕСІМДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
2.1 Зат есімнің «Қазақ тілі» бағдарламасы мен оқулықтарында алатын орны............................................................................................................................35

2.2 V сыныптарда зат есімді оқытуда жиі қолданылатын тиімді әдістер мен жаттығулар, оқыту эксперимент қорытындысы....................................................40


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................47

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бесінші сыныптарда қазақ тілі жүйелі курстың дайындығы болғандықтан, бұл курс практикалық курс екендігі бастауыш сынып бағдарламысында атап көрсеткендігін айта кеткен жөн.

Бесінші сыныптардағы қазақ тілі курстың негізгі мақсаты оқушыларды қажетті дағдыларды меңгеруге үйрету, оқу мен жазуға үйретуде оқушылардың көргені мен білгенін пайдалана отырып, олардың өзін қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыра түсу, сол арқылы өз ойларын келтіруде, тілін дамыту, оқушыларды бақылағыштыққа, ана тіліне деген сүйіспеншілікке, әдеби тіліміздің байлығын кеңінен пайдалана білуге үйрету және т.б. мақсаттарды көздейтінін бағдарлама анықтап толық белгілеп берген. Осы негізгі мақсаттар оқушының сөз қорын кеңейту, сөз байлығын арттыру сияқты мәселелермен тығыз ұштасып жататынын ескере кеткен жөн [1].

Сауат ашу, оқу, бағдарлама, емле бөлімдерін оқыту барысында дыбыс пен әріп, буын мен тасымал, диктант пен шығарма үстінде ұйымдастыру барысында да оқу материалының негізгі өзегі сөз екендігі айқын.

Сондықтан сөз және оның мағынасы, формалары жөнінде де бағдарламада кеңінен орын берілген.

Біз сөз еткенде айтылған зат есім туралы тісінік бірінші – сыныптан бастап оқушылар санасында қалыптаса бастайды.

Бірінші сыныпта әліппені оқыту, үйрету барысында, нақтылы заттар әріптерді үйрету негізінде жалпы түсінік береді. 2 – ші, үшінші сыныптарда, зат есімді таныту ретінде оқыту, үйрету кеңейе түседі. Мектепте өткізген практика барысында оқушылар білімін, зат есім жөніндегі оқу материалдарын игеру зат есімді және оның грамматикалық формаларын дұрыс та анық қолдана білу мәселелерін бақылау нәтижесінде олардың білімі мен оқу дағдыларын, әлі де олқылықтар мен қателіктер кездесетініне көзіміз жетті.



Диплом жұмысының мақсаты. Бағдарламаның зат есім және басқа да тақырыптарын оқушыларға оқыту мен үйретуден, осы тақырыптарды оқыту мен үйретуді, оны меңгеруде кездесетін олқылықтар мен кемшіліктерді зерттеп үйретуді кейбір әдістемелық қорытынды мен ұсыныстарды белгілеп беру - диплом жұмысының негізгі мақсаты деп анықтадық.

Бұл көрсетілген негізгі мақсат біздерге төмендегі міндеттерді жүктейді:



  • ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасап, зат есімге сөз таптары ретінде теориялық сипаттама беру;

  • оқу әдістеме әдебиеттер мен әдістемелік журнал беттерінде жарияланған мақалаларды оқып үйрету, талдау жасау;

  • бастауыш сынып бағдарламасының қазақ тілі курсы мен қазақ тілі оқулықтарын мұқият үйреніп, талдау жасау, тиісті қорытындыға келу;

  • мектептердің бастауыш сынып оқытушыларымен байланыса отырып, олардың жұмыс тәжірибесін үйрену, оқушылардың білім деңгейін көтерген мәселелер негізінде тақырыптарды игеруге кездесетін кемшілік пен олқылықтарды анықтау;

  • төменгі алынған сыныптарда әдістемелік эксперимент өткізіп, кейбір қорытынды мен рекомендациялар беру.

Зеттеу объектісі. Орта мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқыту процесі.

Зерттеу пәні. Бесінші сыныптарда қазақ тілін оқытуда жаңа педагогикалық және ақпарат технологияларын пайдаланудың жолдары.

Зеттеудің болжамы. Егер, бастауыш сыныптарда «Қазақ тілі» пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану мүмкіндіктері ғылыми педагогикалық тұрғыдан негізделсе жаңа педагогикалық және ақпарат технологиялардың мазмұны жүйеленсе, тиімді әдіс-тәсілдер анықталса, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануда оқытушының шығармашылығын дамыту жолдары нақтыланса және тәжірибелік мүмкіндіктері анықталса, пәнді оқыту әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілсе, онда тақырып бойынша зеттеу жұмысының ұтымды нәтижесін көруге болады.

Зерттеудің әдістері:

- зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми - әдістемелік еңбектерге теориялық тұрғыдан талдау жасау;

- мектеп құжаттарымен танысу;

- сауалнама, әңгімелесу және педагогикалық бақылау, іс-тәжірибелерді сараптау;

- математикалық, статистикалық сараптаулар жүргізу.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 ЗАТ ЕСІМНІҢ ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ, МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СИНТАКСИСТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Зат есімнің лексика – грамматикалық ерекшеліктері

Бесінші сыныптарда қазақ тілі негізінде практикалық курс болғаныменен мазмұны мен структурасы ғылыми негізінде құралатынын ескере отыра, диплом жұмысының І – бөлімінде теориялық мәліметтер беріліп, практикалық жұмыс барысында сол негізінде ұйымдастыру керек екендігін ескере кетуді жөн көрдік, сондықтан бұл бөлім зат есімнің лексика – семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктеріне сипаттама беруге бағытталған.

Зат есім дегеніміз – лексикалық тұрғыдан алғанда өз алдына мағыналық дербестігі бар сөздер. Өзімізді қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға барша құбылыс оқиға болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәріде зат есімдер [2].

Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын, дүниедегі нақтылы заттардан (тағам, жылқы, су, жұлдыз, жел, көйлек, терек, түтін, қайың) бастап адамның тек ақыл-ойы қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстракциялы ұғымдардың (мінез, ырым, ұялшақтық, пікір, наным, шама, нарық, ынсап, жоқшылық, күдік, ырыс) аттарын да білдіре алады.

Зат есімнің семантикалық өрісі мейлінше кең екендігін аңғарту үшін бұл тұста оның қамтуына кіретін сөздердің мына секілді лексикалық топтарын ішінара атап өтудің өзі-ақ жеткілікті. Мысалы, оған тұрмыстағы түрлі заттар мен нәрселердің аттары да (қасық, үй, қалам, асық, жүген, тұз, ерік, жан-жануар аттары да (түйе, бөрі, ара, шіркей, балық, үйрек, лашын) өсімдік атаулары (терек, шынар, қайың, тобылғы) табиғат денелері мен құбылыстарыны аттары (тас, дауыл, боран, қар) адамның кәсібін, мамандығын, тегін қоныс-тұрағын білдіретін сөздер де (етікші, шопан, дәрігер, ғалым, ақын, суреткер, өзбек, қыпшақ), әдеп-ғұрыпқа, салтқа, ойын-сауыққа байланысты айтылатын сөздерде (той, шілдехана, аужар, айтыс, көкпар) жатады.

Тұлғасы жағынан зат есімдердің бір қатары түбір сөздер болып келетін болса (көз, ат, мал) бір қатары әр түрлі сөз табынан жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер болып келеді (аңшы, тебінгі, білім). Сол сияқты зат есімнің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалғсан түрлері (кері қыз, бірқазан, баспа сөз) мен қос сөз тұлғалы түрлері де (жүн-жұрқа, сай-сала, келін-кепшік) бар. Екі сөздің тіркесі белгілі заттың атаушы ретінде қолданылғанда да ондай лексикаланған тіркестер (көк құтан, теке, тікен) зат есім қатарында танылады [3].

Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді қамтиды. Бұдан зат есімнің лексикалық, семантикалық сипаты салалы да, қарымды да байқалады. Зат есім деп аталатын сөздердің өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар. Олар өздерінің лексика семантикалық сипаттарына қарай, сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға аса қажетті, тәуелдік, көптік, септік, жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады, екіншіден зат есімдердің сөз тудыратын және тудыратын арнаулы жұрнақтар бар.

Зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар негізінен алғанда біркелкі болғандарымен іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық, даралық және жинақтылық сияқты семантикалық категорияларды да қамтиды. Мысалы, ағаш, су, темір, шөп тәрізді сөздер әдетте көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлықтай нақтылы, деректі заттармен байланысты ұғымдарды білдірсе, ақыл, сана, ой, ықпал, әсер, жақсылық қабілеттері арқылы танылатын абстракты (дерексіз) заттар мен байланысты ұғымдарды білдіреді. Осы себептен қазіргі тілдегі абстракты ұғымдарды білдіретін көп сөздердің мағыналары конкретті ұғымдармен түйісіп те отырады. Сонымен қатар тілде бастапқы ақықат нәрсенің атынан туғанымен, одан мүлдем қол үзіп, тіпті алыстап кеткен абстракты ұғымдарды білдіретін сөздер де көп.

Сол сияқты, керісінше, бастапқы абстракты ұғымдардан туғанымен, мағына жағынан тіпті конкреттеніп кеткен сөздер көп. Сол сияқты, керісінше, бастапқы абстракты ұғымдардан туғанымен мағына жағынан тіпті конкреттеніп кеткен сөздедер де көп. Сөйтіп, сөз мағынасының конкретсіз я абстрактану (деректену я дерексіздену) дәрежесі әр қилы және әр түрлі болады. Бұған оқыту, оқушы, оқушылық, жүріс, құбылыс, құбылмалық, білім, білімділік, ұйым, ұйымшылдық тәрізді зат есімдер толық айғақ бола алады.

Зат есімдерді іштей семантикалық өзара аралас аттас болуларына қарай, зат іштей жануар атаулары, өсімдік атаулары, құрт-құмырсқа атаулары, қора-қопсы атаулары және үй мүліктерінің атаулары, қоғамдық тұрмыстық, саяси - әлеуметтік саласында қолданылатын атаулар деген сияқты неше алаун топқа жіктеуге әбден болады, дегенмен, зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтарда да жоқ емес. Ондай, семантикалық, грамматикалық ерекшеліктері бар топтарға адамзат (кімдік) және ғалым зат (нелік) есімдерді, көптік мәнді есімдерді, эмоциялы эксперессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады [4].

Тіліміздегі зат есімдерді семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан талдап қарасақ, олардың бір саласы адам атаулары, екінші саласы адамнан өзге жан – жануарлар ме,н заттардың атаулары болып келеді. Осы аталған екі топтың біріншісіне қатысты сөздердің бірі тек кім?

Деген грамматикалық сұрауға жауап берсе, екіншісіне қатысты сөздердің бәрі де тек не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді. Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, шал, көке, бөпе, кемпір, келіншек, әйел, еркек, қалындық т.б.), туыс атауларын (әже, шеше, әке, ата, аға, іні, сіңлі, немере, шөбере, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, құдаша), іс-әрекет пен кәсіп, мамандық иелерінің атаулары (әнші, атшы, арбашы, егінші, суреткер, диқан, ғалым, мұғалім, дәрігер, композитор, сатушы т.б.) әр алуан қызмет баптары мен лауазым атаулары (директор, лейтенант ұлық, бастық, төре, ханым, мырза т.б.) кісі аттарын (Нұрсұлтан, Роза, Марат, Талғат, Камила, Мереке т.б.) және басқа да осылар сияқты адамдарға тән атауларды айтамыз.

Зат есімнің бұл тобына, жалпы алғанда, адам атауларымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары енетіндіктен, оларды осы семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдер деп атауға болады. Ал формальдық жағынан кім? деген грамматикалық сұрау, әдетте адамнан өзге барлық жан жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады. Не? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге я деректі я дерексіз заттар мен заттық ұғымдардың атаулары (мысалы: құм, шаш, тас, темір, топырақ, су, ойын, күйініш, құаныш, реңіш, ақыл, әлем т.б.) өсімдік атаулары (ағаш, шөп, жусан, қарағай, тобылғы, жүзім, алма, жиде т.б.) ас пен ішімдік атаулары (ет, сүт, май, ірімшік, қымыз, айран, қаймақ т.б.) хайуанаттардың аң мен құстардың атаулары (жылқы, қой, сиыр, ешкі, құлан, бекен, киік, арқар, жолбарыс, ғаз, үйрек, бүркіт т.б.) балық аттары (сазан, шортан, көксерке т.б. ) жәндік аттары (кесіртке, шыбын, ара, сона т.б.) қора-қопсы, құрал-жабдық атаулары (ай, дала, терезе, қора, астау, табақ, қасық т.б.) тағы басқа неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары жатады.

Сөйтіп, зат есімдердің бұл тобы адамнан өзге жан-жануарлардың заттар мен нәрселердің, заттық ұғымдардың атауларын түгел қамтитындықтан оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарап ғаламзат есімдері деп атауға болады, ал формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді.

Егерде әдет бойынша кім? деген сұрау қойылатын кісі атын (ономастика) дейтін жағдайларға сәйкес, жер-су я мекен атауына (топонимика) ауысса, соңғы атауына кім? деген сұрау қойылмайды, не? деген сұрау қойылады. Мысалы, Төребай жаңа ғана оқу бітірген жас инженер, Төребайда білім де бар дегендердегі Төребай сөзіне кім? деп, Төребай да сөзіне кімде? деп сұрау қойса болады. Керісінше не? деген жауап беретін жайғана жалпы есім (мысалы, Марат, Мұрат т.б.) кісі аты ретінде қолданылатындай болса (мысалы, Мұрат Қасымұлы т.б.) тек қана кім? деген сұрауға жауап беретін болады. Сөйтіп бұлардың кім? Я не? деген сұраудың қайсысына жауап беретініне қарамай, зат есімдердің семантикалық және грамматикалық жағынан іштей екі үлкен топқа бөлінетіндігі айқын көрінеді.

Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер, әдетте жалпы есімдер деп аталады. Мысалы, ағаш, ат, арал, ас, арба, бас, бала түсінік, ер, су, көмір сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады. Ал заттар мен заттық ұғымдарды жалпылама түрде осындай жалпы есімдермен қатар белгілі бір ғана зат арнайы даралай атайтын жалқы зат есімдер де бар. Оларға кісі аттары (мысалы, Асқар, Арқалық, Ағыбай т.б.), үй хайуандарына берілген арнаулы заттар (мысалы, Тайбұрыл, Теңбілкөк т.б.) өндіріс, мекеме, ұйым аттары «Еңбек», «Қайрат» т.б. газет, журнал, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары «Ботагөз», «Сергер» т.б. географиялық атаулар (мысалы, Алатау, Қаратау, Ертіс т.б.) қала, көше, өлең аттары (Алатау, Алматы, Теміртау, Амангелді алаңы, Абай) тағы басқа жалқы атаулар жатады.

Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі ат ретінде ғана жұмсалады.

Жеке дара заттарға берілген осындай зат есімдерді жалқы есімдер дейміз.

Сөйтіп, жалқы есімдер деп жалпы есімдерден ажырату үшін қойылатын арнаулы атауларды айтамыз. Жазу дәстүрімізде жалқы есімдер бас әріппен басталып жазылады да, жалпы есім бірыңғай кіші әріппен жазылады. Тілімізде жалпы есімнен жалқы есім, жалқы есімнен, жалпы есім туа береді. Бірақ жалқы есімдердің жалпы есімдерден жалқы есімдердің жасалуы көбірек кездеседі. Мысалы, Алатау, Ақтөбе, Қарағанды сияқты жер су, мекен аттарын білдіретін жалқы есімдер әуелі жалпы есімдерден туған. Керісінше, ақтөбелілік, қарағандылық, мичуринші сияқты жалпы есімдер бастапқы жалқы есімдерден жасалған.

Жалқы есімдердің жалпы есімдер категориясына, жалпы есімдердің жалқы есімдер категориясына осылай келуі сөздердің қызметтерінің, соған сәйкес, олардың мағыналарының, кейде тіпті формаларының өзгеруіне байланысты болады.

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз еткенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі кісі аттары (ономастика), екіншісі географиялық атаулар (топонимика). Жалқы есімдердің осы екі саласының екеуіне де ортақ жалпы сипаттарымен қатар, әр саласының өзді-өзіне ғана тән ерекше сипаттары да бар.

Кісі аттарына да, жер-су аттарына да әдетте көптік жалғау жалғанбайды.

Егер оған қосымша жалғанбайтындай болса, ондай жалқы есімнің мәні я өзгереді, я оған үстеме семантикалық рең жасалады. Бірақ жер-су атауларынан да, сондай-ақ, жалпы есімдердің өзге топтарына да кісі аттарының ерекшеленетін кейбір грамматикалық айырмашылықтары бар. Мысалы, Ертіс жағасы, «Мәдениет және тұрмыс» журналы дегендегі жалқы есімдер өздеріне анықтайтын сөздерге ілік формасы (жалғаудың түсу я түспеуі шарт емес) арқылы тіркессе, кісі аттары өзі анықтайтын сөздерге ілік септік формасы арқылы да (Бейсеннің баласы, Асанның Үсен т.б.) атау түрінде де тіркесе береді. Мысалы, Қажымұқан балуан, Тапрғын батыр, Байжан ұста т.б. сонымен қатар, белгілі бір адамның өз аты, әкесінің аты, фамилиясы бірін – бірі анықтау қатар, бәрі құрылып бір күрделі есім де бола береді. Мысалы, Әмре Жақсыбай ұлы, Тәжібай Жанбота ұлы, Сапарғали Алтынбек ұлы т.б. Жалқы есімдердің өзге топтарына кісі аттарының ерекшеленетін тағы да бір айырмашылығы – адам аттарына тән категориясы. Кісі аттары қалпындағы атау күйінде қолданумен қатар, атау формасына арнаулы қосымша жалғанып та жұмсалады. Мысалы, Қали деген аттарды құрметтегенде, сыйлағанда, я үлкен тұтып аталғанда, Себе, Қалеке деп атауға болады да Әли, Сәуле деген аттарды еркелете, кішірейте сөйлегенде, Әлкен, Сәулеш деп атауға болады. Рас кейбір жалпы есімдерді де осылай қолдануға болады. Мысалы, Құлыншақ, інішек, балақай, көкешім т.б.

Бірақ жалқы есімдермен адам аттарындағы бұл категорияның семантикалары да, қолдану өрістері де бірдей емес.

Зат есімдердің көпшілігі тікелей атау формада тұрып, белгілі бір бірыңғай заттардың бәріне тән жалпы атау ретінде жұмсалуымен қатар, тиісті заттың бір данасының ғана атауы есебінде қолданылады. Егер осы атаулар арқылы аталатын заттар біреу емес, әлде нешеу, я көп екенін білдіргіміз келсе, осы зат есімдерге көптік жалғауын жалғап айтамыз. Мысалы, кісілер, сөздер, балалар, көлдер т.б.

Сонымен қатар, атау формада тұрғанда, өзі арқылы аталатын заттың біреуін емес, жиінін топтап я қамтып атайтын зат есімдер де бар. Мысалы, сүт, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын деген зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жеке-дара ғана атамайды, оны тобымен атайды.

Осындай затты жеке даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді көптік мәнді есімдер деп атаймыз.

Көптік мәнді есімдердің ерекшедіктері семантикасында ғана, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады. Сондықтан, өздеріне тән, осындай семантикалық ерекшеліктері мен грамматикалық өзгешіліктеріне қарай, зат есімдердің бұл тобы өз алдына категория делініп танылып, жоғарыдағы көптік мән есімдер деп аталады [5].

Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:

1. Сұйық заттардың аттары: айран, шай, тұздық, ауқат т.б.

2. Газ тектес заттардың аттары: қан, бу, түтін, тұман т.б.

3. Уақ, ұнтақ заттардың ұйымдасқан майда заттармен бытыранды (тарынды), үгітінді заттардын аттары: ұн, бетеге, жусаң, жүн, түбіт, шаш, кірпік т.б.

4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, ақыл, дау, қайрғы, қасірет т.б.

5. Өздігімен табиғий бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қала, шойын т.б.

6. Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар, жел, құйын, т.б.

Бұлардың басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғий жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, пайпақ, құлақ, етік, туфли, кебіс, шаңғы т.б.). Сондай-ақ нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да көбінесе, көмекші есімдер, мысалы, асты, үсті, жаны т.б. негізінде осы топқа жатады.

Зат есімдердің ішінде затты я заттық ұғымды әдеттегінше атаумен қатар, сол аталған заттың сын сипаты жағынан қандай екендігін қоса-қабат білдіре атайтын, олардың кейбір өзіндік сипатын нақтылай түсіп, әсерлеу не бейнелеу жолымен сезімді түрде қолданылатын топтары бар. Мысалы, қол, тау, төбе, арба деген сияқты жалпы есімдердің көлшік, таушық, төбешік, арбашық т.б. деген тәрізді зат есімдердің отанша, өгізше, кітапша деген түрлері бар. Осы аталған екі топ сөздің көлсымақ, төбесымақ, кітапсымақ деген түрлері де бар.

Сол сияқты адамға байланысты әке, шеше, апа, тәрізді туыс атауларын әкей, шешей, әпке деп те, шешетай, әкетай, апатай деп те, шешежан, әкежан, апажан деп те қолдану үйреншікті әдет.

Сондай-ақ бала, бота, лақ сөздерін балақан, ботақан, лақан деп те айту қандай үйреншікті болса, бөпе, қалқа, сәуле секілді жалпы есімдер мен Сапарғали, Қали, Әлия тәрізді жалқы есімдерді бөпеш қалқаш, Сапаш, Қалыш, әлкен деп айту да соншалықты дағдылы нәрсе.

Сөйтіп кейбір зат есімдердің әдеттегінше бейтарап (қалыс) түрде жалпы қолдануларымен бірге, үлкен тұтып құрметтеу я сыйлау кіші тұтып еркелету, кем тұтып қамсыну тәрізді эмоциялық әсер экспрессивті рең бере қолданылатын формалары болады. Бұл формалар мен жай түрде табылған сөз формалардың негізгі лексикалық мағыналары бір болғанымен, араларында өзара ерекшеленетін семантикалық айырмашылық болады, ал формалардың араларындағы семантикалық айырмашылықты мазмұн ерекшелігі деп түсінумен бірге, олардың сыртқы формаларының аралығындағы айырмашылықты сол мазмұнның формасы деп есептеуге болады. Дегенмен, жоғарыдағы мысалдарда ұшырасатын –шық, -шік, -ша, -ше, -сымақ, -й, -еке, -ке, -тай, -жан, -қан, -қай, -ш, -ыш, -ни, -кен жұрнақтары сол аталған мазмұнның тілдік формасы есебінде қызмет етеді. Осындай жұрнақтар арқылы жасалған зат есімдер туынды зат есімдер болғандарымен, жаңа сөздер емес, олар өздері туған төркіндерінен тек сол басқаша айтылған формалар есебінде жұмсалады. Ендеше бұл формалар арқылы жасалған сөздер зат есімнің ішінде ерекше сезім реңкі сөздер ретінде қаралуға тиіс. Бұл сияқты сөздер тобы зат есімнің эмоциялық және экспрессивтік реңдерді білдіретін ішкі категория есебінде есептелуі керек [6].





    1. Зат есімнің морфологиялық ерекшеліктері

Зат есімнің морфологиялық сипатын сөз етекенде, біріншіден, зат есімдердің құрылымы туралы, екіншіден, жасалу тәсілі туралы, үшіншіден, зат есімдердің түрлену (өзгеру) жүйесі туралы мәселелер талдануға тиіс.

Құрылымы жағынан зат есім жалаң да күрделі болады.

Жалаң зат есімдер екі түрге болінеді: біріншісі – түбір зат есімдер, екіншісі – туынды зат есімдер.

Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбір және жұрнақ) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды атаймыз.

Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенеді, демек түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.

Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:


  1. Біріккен зат есімдер.

  2. Қосарланған зат есімдер.

  3. Құрама зат есімдер.

  4. Қысқарған зат есімдер.

1.Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: байтерек, бәйшешек, белбеу, көкпар, қолқанат т.б.

2.Қосарланған зат есімдерге тек түбір морфемадағы қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: абысын-ажын, ақыл-айла, ата-ана, әл-құат, ас-су, жауын-шашын, отын-су, ұрыс-керіс т.б.

3.Құрама зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: ауыл шаруашылығы, балалар бақшасы, күн тәртібі, сары май т.б.

4.Қысқарған зат есімдерге бірнеше сөзден құралып қысқарған зат есімдері жатады, Мысалы: КазМИ, Пединститут, ем, мм, га, т, кв, т.б.

Сөйлемдегі өзге сөздермен грамматикалық қарым-қатынасқа түсуіне орай зат есімге тәуелдік, жіктік, септік жалғаулары жалғанып отырады, сондай-ақ олар сөйлем ішінде не жекеше, не көпше тұлғада айтылады. Осыған сәйкес оның өзгерілу жүйесін зат есімнің жіктелуі, тәуелденуі көпше түрде қолданылуы деп аталатын ірі-ірі категорияларға бөліп көрсетуге болады. Сонымен бірге тән басты грамматикалық категориялар қатарында жалқылық пен жалпылық (яки жалқы есім мен жалпы есім) жақтылық пен жақсыздық категорияларын өз алдына бөліп атаудың орны бар. Төменде осы аталған категориялардың әрқайсысы өз алдына жеке-жеке сөз болмақ.

Өзге сөз таптары сияқты зат есімнің жасалуы да тіліміздегі сөз тудырушы тәсілдерінің жәрдемі арқылы болады. Олар:

1.Морфологиялық тәсіл немесе синтез тәсіл.

2.Синтаксистік тәсіл немесе анализ тәсілі.

Морфологиялық тәсіл деп сөздердің, жұрнақтардың көмегімен жасалуын айтады.

Зат есім тудыратын жұрнақтардың белгілі тобы бар. Олардың бір қатары есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар. Жұрнақтардың осы тәрізді қызметіне орай зат есімдердің жасалуын есімдерден жасалған зат есімдер деп аталатын екі топқа бөліп қарауға болады.


Есімдерден жасалған зат есімдер
Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтардың саны біраз бар. Олардың басты-бастылары мыналар; -шы, -ші бұл жұрнақ есім түбірлер мен етістіктің туынды түбірлеріне жалғанып, адамның кәсібін, мамандығын, қабілетін, әлеуметтік күйін білдіретін зат есімдер жасайды. Мысалы: еңбекші, етікші, сауыншы, барлаушы, домбырашы т.б. (-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік). Бұл жұрнақтар құралдың атын білдіретін зат есімдер мен адамның мекен жайын, тұрғанын, шыққан жерін білдіретін нақтылы мағыналы зат есімдерден бастап, жинақтық, молшылық бір нәрсеге төнділік, молшылық тәрізді абстракциялы ұғымды білдіретін зат есімдер жасайды. Мысалы, оқулық, ауыздық, кедейлік, достық, жетілік, кербездік т.б. –шылық (-шілік). Бұл құранды жұрнақтар арқылы абстракциялы мағынадан түрлі зат есімдер жасалады. Мысалы: молшылық, кеңшілік, айырмашылық, жоқшылық т.б. –шық, -шік, -шақ, -шек бұл жұрнақтар есімдерден кішірейтпе мағыналы зат есімдер тудырады. Мысалы, үйшік, қапшық, түйіншек, келіншек, жұтқыншақ т.б. –ша, -ше есім сөздерден кішірейтпе мағыналы зат есім жасайтын құнарлы жұрнақтардың бірі. Мысалы, кітапша, сандықша, көрпеше т.б. –кер, -гер адамның кәсібі қызметін, әлеуметтік күй – жайын білдіретін туынды зат есімдер жасайды. Мысалы, қызметкер, дәрігер, саудагер т.б. –дас, -дес, -тас, -тес бұл жұрнақ адамдардың арасындағы жақындық, туыстық қарым – қатынасты білдіретін зат есімдер жасайды. Мысалы, аталас, әріптес, жолдас, отандас т.б.

-дана, -деме, -нама. Мысалы: баяндама, жарнама, сәлемдеме т.б.

-кеш. Мысалы: арбакеш, кірекеш т.б.

-қор. Мысалы: бейнетқор, шайқор т.б.

-паз. Мысалы: аспаз, өнерпаз т.б.

-хана. Мысалы: асхана, кітапхана т.б.

-ғой, -кей. Мысалы: ақылғой, демеғой т.б.

-тай, -қай, -жан. Мысалы: апатай, көкетай, еркетай, балақай, апажан, ағажан т.б.

-ек. Мысалы: тікенек т.б.

-лақ. Мысалы: тайлақ т.б.


Етістіктен жасалған зат есімдер
Етістік сөздерден зат есім тудыратын жұрнақтардың негізгілері деп төмендегі бір топ жұрнақты айтуға болады, -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек). Етістік түбірлерге жалғанып, көбіне абстракциялы мағыналы зат есімдер жасайды. Мысалы, табыспақ, ажыраспақ т.б. Жоғарыдағы көрсетілген абстракциялы зат есімдерден тыс тілімізде қазір бірлі – жарым, нақтылы мәндегі сөздердің құрамында да ұшырайды. Мысалыс, құймақ, ілмек, сырмақ т.б. –іс етістіктен қимылдың, істің атын, процесті білдіретін зат есімдер жасайды. Мысалы, жүріс, тұрыс, ағыс, таныс, кіріс т.б. –ым, -ім іс әрекеттің нәтижесін, қимылдың, істің атын, өлшемді білдіретін зат есім тудырады. Мысалы, білім, құрылым, бөлім, өрім, ұғым, бойлам, жұтым т.б. –ма, -ме бұл жұрнақтардың жәрдемімен нақтылы және абстракциялы ұғымды білдіретін зат есімдер жасалады. Мысалы, тартпа, бөлме, жарма, көшірме, басқарма, аялдама т.б. [7].

-қы, -ғы, -кі, -гі жұрнағы арқылы жасалған зат есімдер құрал – сайманның, нәрсенің, іс - әрекеттің процестің атын білдіреді. Мысалы, қондырғы, ашытқы, күлкі, ұйқы т.б. –шылық (-шілік) мысалы, тамыздық, жыртық, көрік, білік, сезік, тесік, кірпі, емзік т.б. –кіш (-гіш, -қыш, -ғыш мысалы, көрсеткіш, жыртқыш, басқыш, тұтқыш, қысқыш т.б.) –мыс мысалы, қылмыс, тұрмыс, болмыс т.б. –қын мысалы, тасқын, басқын т.б.

-қан мысалы, қапқан, тышқан т.б.

-ін, ын, -н мысалы, жиын, жауын, боран, тығын, түйін, егін т.б.

-ман мысалы, аларман, берермен, көрермен, оқырман, өлермен т.б.

-ақ, -ек, -ік мысалы, бұтақ, қонақ, тарақ, құшақ, пышақ, орақ, төсек, тілек, күйрек, жүрек, түнек т.б.

-ыш, -іш мысалы, таяныш, сүйеніш т.б.

-дық, -лық мысалы, қолдық, құлдық т.б.

-ды мысалы, қиындық, жуындық, шайынды т.б.

-дақ мысалы, қуырдақ т.б.

Сөздерді синтаксистік тәсіл немесе анализ тәсілі арқылы жасалуының үш түрлі жолы бар:

1.Сөздердің бірігуі.

2.Сөздердің қосарланып айтылуы.

3.Сөздердің тіркесуі.

Сөздердің бірігуі. Қазақ тілінде біріккен сөздердің дені – зат есімдер. Сөздердің тілімізде қабысу, меңгеру, қиысу, матасу тәрізді синтаксистік байланыс тәсілдері арқылы бірігеді, яғни сөздердің бірігуі жолы мен тіркесу жолының арасындағы принциптік айырма жоқ. Кейде сөздердің біріккен сөз я сөз тіркесі екенін ажыратудың қиындық келтірудің де осыдан. Алайда сөздердің жалпы табиғатындағы заңдылықтардың сонда-ақ емле – ережелеріндегі шарттарды жақсы білген ережелердегі сөздердің бірігуі мен тіркесуіндегі шекті ажырата әбден білуге болады.

Бірігу арқылы жасалған зат есімдерді олардың құрамындағы сыңарларының түстаңбасына қарай мынадай жіктерге көрсетуге болады:

1.Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер: болауыз, егеу құйрық, итқонақ т.б.

2.Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер: керіқыз, қарасаң, сарысу, ақсу т.б.

3.Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер: қырықбуын, қырықсаяқ, жетіқарақшы, жетісу т.б.

4.Зат есім мен етістіктің бірігуі арқылы жасалған сөздер: орынбапсар, күнбағыс, атбасар, құланетпес, қалмақырған т.б.

Жоғарыдағы біріккен сөздердің құрамындағы сыңарларының дербес айтылғандығы күйінен ешбір өзгеріссіз қолданылып тұрғанын көреміз. Біріккен сөздердің бұдан басқа да тобы бар. Олардың жоғарыдағы біріккен сөздердің айырмашылығы құрамындағы сыңарларының фонетикалық тұрғыдан өзгеріске (деформация) ұшырауы. Мысалы, белбеу сөзінің екінші сыңардағы беу әуелдегі бау сөзінен шыққан, яғни бұрын белбеу айтылған сөз тілімізде бертін келе белбеу болып өзгерген. Осы тәрізді қазақ тіліндегі беуыр, қарағұс, ағайын, алабұға сөздері де басында екі сөздің бірігуі арқылы жасалғанымен, бір сыңары фонетикалық деформацияға ұшырағандықтан қазір этимологиялық жағы көмескілене бастаған.
Сөздердің қосарланып айтылуы
Қазақ тіліндегі қос сөздердің де дені зат есімдер. Қос сөздер мағына жағынан бір-бірімен тең келетін сөздердің қосарланып айтылуы арқылы жасалады. Осы жағынан алғанда қос сөздер – сыңарлар бірінің бірі синоним есепті [8]. Қос сөз тұлғалы зат есімдер сыңарларының мағыналық ерекшелігіне қарай тілімізде төмендегідей болып бөлінеді:

1. Дербес алғанда екі сыңарының да мағынасы бар қос сөздер: ыдыс – аяқ, тамыр-таныс, ойын-сауық, той-думан, ел-жұрт т.б.

2. Бір сыңарының мәні бар, бір сыңарының мәні жоқ қос сөздер: жүн-жұқа, майда – шүйде, тері – терсек, шай – пай т.б.

3. Соңғы сыңары бірінші сыңарының еліктеуі түрінде айтылатын қос сөздер: жігіт – мігіт, түйе – мүйе, ат – мат т.б.


Сөздердің тіркесуі
Қазақ тіліндегі бір қатар зат есімдер екі сөздің тіркесі түрінде ұшырайды. Тұтас алғанда мұндай зат есімдер жеке сөздер тәрізді белгілі бір ғана мағыналық көрсеткіші ретінде айтылады. Оларға мынадай тіркестер жатады: көк құтаң, алты бақан, аяқ киім, тау теке, ат тікен т.б.

Барлық зат есімдерді жалқы есім мен жалпы есім деп аталатын негізгі екі топқа бөліп көрсетуге болады. Жалқы есімдер деп жеке адамдарға, дүниедегі жеке – жеке заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін сөздерді айтады да, жалпы есімдер деп бір – біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан – жануарлардың жалпылама атауыш реңі де жұмсалатын сөздерді айтамыз. Жалқы есім болатын сөздердің қазақ тілінде мынадай топтары бар:

1. Адамның кәдімгі аты – жөні мен лақаб аты: Абай, Мұхтар, Әлия, Мәншүк, Балуан Шолақ (шын аты – Нұрмағамбет).

2. Жер-су аттары мен әкімшілік териториялық атаулар, кәсіпорындар мен мекемелердің, қоғам ұйымдарының аттары: Ұлытау, Маңғыстау, Торғай, Сарыарқа, Сыр, «Қайрат» (футбол командасының аты) Сырдария т.б.

3. Әдебиет пен өнер ғылым шығармаларының аты: «Абай жолы», «Ер Тарғын», «Елім-ай» т.б.

4. Астрономиялық атаулар: Шолпан, Ай Күн, Ақбозат т.б.

5. Ел өміріндегі елеулі тарихи оқиғалардың аттары: Ұлы Отан соғысы, Ақтабан шұбырынды (1923 жылғы оқиға) т.б.

6. Жүйрік атқа, ауға салатын құсқа, итке қойылатын аттар: Құлагер, Тайбұрыл, Байбөрі, Бөрібасар, Ақтас т.б.

Ал жалпы есім болатын зат сөздердің тіпті жалпы есім болатын сөздердің типімен салыстырғанда әлдеқайда мол. Өйткені кез келген жалпылық ұғымды білдіретін заттық атау жалпы есім болып есептеледі: бала, шөп, қора, торғай, ыдыс, кітап, маман т.б. [9].

Жалпы есімдердің көпшілігінің-ақ екі бірдей түрде жұмсала беретіндігін көреміз. Мысалы: үй – үйлер, дос – достар, мұғалім – мұғалімдер. Бұл айтылғандар жалқы есім атаулыға әсте көптік жалғауы жалғанбайды деген түсінік тумайды, жалқы есімге де көптік жалғауының аракідік жалғанатын кездері бар, біз мұндайда жалқы есімдер жалқылық мәнді емес, көбіне, жалпылық (әрі көптік) мәнді аңғартады. Мысалы, Айша (жеңше) Алматыдан Айшалар келе жатыр. Мұндағы –лар қосымшасы көптік мағына үстеудің сыртында жалқы есім категориясына жалпы есім категориясына ауыстырушы қызмет атқарып тұр.

Қазақ тіліндегі зат есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесіне ерекшеленетін белгілердің бірі, осы жақтылық пен жақсыздық категориясы. Зат есімдерді бұлайша екі топқа бөліп көрсетуге белгілі бір заңдылық бар.

Лексика мағынасы тек «адамды» білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен (мен, сен, ол, біз) предикаттық қатынаста айтыла алады, ол зат есімдердің түрлері еш уақыт жіктеу есімдіктермен предикаттық қатынасқа түсе алмайды. Мысалы, балықшы, ұшқыш, қызметкер, дәрігер, құдаша деген секіл адамға қатысты зат есімдерді алатын болсақ, бұлардың кез келгенін жіктеу есімдіктерімен тіркестіріп: Мен балықшымын, Сен балықшысын, ол құдаша деген тәрізді ретпен бірінші жақта да, екінші жақта да, үшінші жақта да айта беруге болады. Ал енді өзен, сай, кереге, төбе, ықылас, аяз, төңкеріс секілді адамнан өзге барлық нәрселер мен құбылыстарға, жан – жануарға қатысты айтылатын зат барлық есімдерге келсек, бұлардың жайы бір басқа. Мұндай зат есімдердің бірде бірі өзінің тура мағынасы да жұмсалғанда, әсте жіктік жалғауын қабылдамайды.

Мінекей, осы сияқты қасиеттері тұрғысынан алғанда, барлық жіктелу бар зат есімдер жақтылық категориясына, жіктелу қабілеті жоқ зат есімдер жақсыздық категориясына жатады.

Қазақ тілінде сөйлем ішінде кім? сұрауды тек адам жөнінде ғана, сосын фольклор шығармалары мен ұғым – нанымдарға және жоғарыда айтылған тәрізді поэзияда адам бейнесінде ұшырайтын образдар жөнінде ғана қоярға болады. Бұлардан тысқары барша жан – жануар мен нәрсе атаулары не? деген сұрауға жауап береді. Сая болып тұрғанда екі категорияның бір – бірінен даралайтын басты бір белгі осы.

Қазақ тілінде зат есімдер нақтылы лексикалық мағынасына орай сөйлем ішінде не жекеше, не көпше түрде қолданылады. Қазақ тілінде көптік жалғаулар: -лар, -лер, -дар, -дер, тар, -тер. Мысалы: оқушылар, терезелер, дәптерлер, келіншектер т.б.

Қазақ тілінде сөз тура мағынасында жұмсалғанда көптік тұлғаны қажет етпейтін біраз сөздер бар. Бұған негізінде мынадай жұрнақтар жатады: -шылық, -шілік, -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары арқылы жасалған зат есімдер. Мысалы, шаруашылық, саудагершілік, ақындық, достық т.б.

Зат есімдерге тән грамматикалық категориялардың бірі – тәуелдік.

Тәуелдік категориясы деп белгілі заттың, нәрсенің кімнің меншігі екендігін білдіретін грамматикалық категорияны айтамыз [10].

Зат есімнің тәуелденуі. Белгілі бір затты, нәрсені не қоғамды басқа бір заттыаң иесі, меншігіне ете сөйлейміз. Ол үшін оған тәуелдік жалғауының көрсеткішін жалғап, нәрсенің зат пен меншіктілік – тәндік табиғи қатысып көрсетеміз. Мұндай тіркестегі сөздің меншіктелу (иеленуші) сөзі – жіктік есімдігі ілік жалғаулы болып, меншіктелуші (иеленуші) сөздер тәуелдік жалғауылы болады: менің мақалам, біздің, біздердің мақалаларымыз, сенің мақалаң. Сендердің мақала-лар-ың, сіздің мақалаңыз. Сіздердің мақалаларыңыз, оның мақаласы. Олардың мақалалары. Бұл мысалдағы мақалам сөзі мақаланың маған меншікті екендігін көрсетсе, мақалаң сөзі – мақаланың саған (екінші жаққа) тәндігін көрсетіп тұр. Сондай-ақ мақаласы десек, мақаланың бөгде біреуге меншіктігін көреміз. Мұндай тәуелдік жалғаулы сөздер бірінші жақта – мендік, екінші жақта – сендік, үшінші жақта – бөгделік болып, белгілі бір жаққа телулі тұрады.

Менің мақалам деген жай сөйлемдегі екі сөздің екеуі де жалғаулы, алдыңғысы (менің) ілік жалғауында, соңғысы (мақалам) тәуелдік жалғауында. Осындай екі сөздің екеуі бірдей жалғауда тұрып тіркескенде бір – біріне матаса бағынады. Мұны екінші сөзбен айтқанда, ілік жалғаулы сөз өзінен кейінгі тәуелдік жалғаулы сөзге, тәуелдік жалғаулы сөз өзінен бұрынғы ілік жалғаулы сөзге тіркеседі. Мұндай тіркесте тұлғаланған грамматикалық формаларының өздерінше беретін мағыналары бар. Мәселен, ілік жалғаулы сөз өзіне тәуелдік жалғауылы затты меншіктеуші болса, тәуелді болған сөз оған меншіктелуші болады.

Мақалам деген тәуелдік жалғаулы сөзден меншіктелуші – ие болушы – жақтың белгісі де, меншіктелінетін – иеленетін заттың өзі де көрініп тұрады. Мәселен, мақалам сөзі де ие болушы жақтың көрінісі, көрсеткіші –м болса, иеленуші, меншіктелуге тән нәрсе – мақала. Осындай белгілі бір заттың үш жақта біріне меншікті екендігін білдіретін грамматикалық категорияны тәуелдік категориясы дейді. Олай болса, меншіктеуші – ие болушы жақтың көрсеткіші –м, -ым, -ң, -ың, -ің, -ы, -ң, -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз болады да, меншіктелінетін зат: кітап, қалам, қағаз сияқты нәрсе болады.

Тәуелдік жалғауы жоғарыда айтқандай жақтың көрсеткіші болғанымен (кібым, кітабың, кітабы), субъектінің (бастауыш болатын сөздер) жағын көрсететін қосымша емес, сол субъектіге ие болып тұрған (менің, сенің, оның) сөздің жағын көрсететін белгі (бала-м, бала-ң, бала-сы). Бұл тұлғадағы бастауыш болатын сөзбен жақ жағынан байланысы болмайды: менің балам келді, сенің балаң келді. Біздің баламыз оқиды, сіздердің балаларың оқиды сияқты тәуелдеулі сөз бастауыш болса, баяндауыш онымен жақ жағынан қиысып тұрған жоқ.

Тәуелдік жалғаулы сөз өзінен бұрынғы ілік жалғаулы жіктік есімдіктерімен жақ жағынан байланысса, менің әкем, сенің әкең, оның ікесі т.б. осы тәрізді жалпы ережеден (мен) өзім оқыдым, (біз) бәріміз сонда бардық, (ол) екеуіміз бардық, үшеуіміз келдік сияқты жақтық көрсеткіштері өздік, жалпылау есімідіктері мен сан өздердің грамматикалық формаларымен жақ жағынан қиыспайды. Нше, тәуелдеулі сөз өзінен бұрынғы сөздің ілік септікте тұруын талап етеді. Мұндай сөз тіркестеріндегі (мектептің директоры) матасу – қазақ тілінде жиі ұшырайды. Көптеген тюркологиялық еңбектерде мұндай тіркесті изофет деп атайды. Изофет араб грамматикасынан алынған, оның бастапқы мағынасы, мазмұны – қатынас, толықтау деген сөз.

Сөз тіркесіндегі екі зат есімнің не басқа екі есім сөздердің алдыңғысы ілік жалғауында, соңғысы тәуелдік жалғауының І, ІІ, ІІІ жағында тұрып байланысқан сөздер шын мәнісіндегі матасудың нақ өзі болып есептеледі: Мектептің дирокторының орынбасарының көмекшісінің інісінің кітабы. Сондай-ақ менің қаламым десек, қаламның бір кісіге меншікті екендігін білдірсе, біздердің қаламдарымыз десек, қалам, қаламдар, бірнеше кісіге тәндігін көреміз.

Бұлардың басты – басты мағыналары мыналар:

Заттың бір затқа меншіктілігін білдіреді: машынаның дөңгелегі, әйелдің көйлегі баланың кітабы.

Заттың сапалық меншік белгісін білдіреді: ақынның таланты, иттің сыртаны, құстың қыраны.

Заттың арнаулы материалдық тегін көрсетенді: есіктің тақтасы, стаканның шынысы, етіктің былғарысы.

Затқа тән меншікті қарым – қатынасын, көрінісін білдіреді: баланың ұйқысы, аттың жүрісі, әртістің әні.

Заттың негізі неден жалғанын, болғанын көрсетпеді: жүзімнің суы, бидайдың наны, күннің сәулесі.

Заттың арнаулы бір мақсатқа белгіленгенін білдіреді: ұйқының дәрісі, тіс дәрігері, қыздар мектебі.

Белгілі бір ұлттың өзіне тән ерекше қасиетін білдіреді: орыс әдебиеті, қазақ тілі, ағылшын фллоты, өзбек ертегілері.

Бүтіннің бөлшегін білдіреді: ағаштың жапырағы, столдың аяғы, ешкінің мүйізі.

Жоғарыдағы мағыналы тәуелденген сөздер оңаша, ортақ тәуелдік болып, екіге бөлінеді: бір не бірнеше затты бір кісіге, не бір ұйымға, не басқа бір нәрсеге (маған, саған, оған) меншіктілігін көрсетіп, сөйлеушіге (маған – менің қаламым), не тыңдаушыға (саған – сенің қаламың), не ұшінші бөгде біреуге (оған – оның қаламы) тәндігін көрсетсек, оны тәуелдік дейміз.


Қойым өрді өріске,

Қозыларым салды ойнақ...

Колхоз менің бұлағым (Жамбыл).
Оңаша тәуелдік морфологиялық көрсеткіштері: -м, -ым, -ң, -ың, -ің, -сы, -сі, -ы, -і.

Қонаққа келді міне Жамбыл атаң,

Сан жылдар жүк көтерген бүкіл жотам,

Қарт бабаң дәуірінен мейірі қанған,

Қуанып жастығына сендей ботам (Жамбыл).
Тәуелдік жалғауының оңаша түрінің қосымшалары зат есімнің негізгі түбіріне де, туынды түбіріне де, көптік жалғаулы сөзге де жалғана береді. Мұндай тұлғалы сөзде жекеше, көпше тәуелдік жалғаудың өзінде, яғни қосымшасында болмайды, жалғанатын сөзінің көптік, жекелігіне байланысты болады:

Жекеше: бөлмем, қағазым, мектебім, бөлмең, қағазың, мектебің, бөлмесі, қағазы, мектебі.

Көпше: бөлмелерім, қағаздарым, мектептерім, бөлмелерің, қағаздарың, мектептерің, бөлмелері, қағаздары, мектептері.

Ортақ тәуелдік. Зат құбылыс т.б. бір кісіге ғана тән болмай, бірнеше кісіге, коллективке не бірнеше затқа ортақ болып келеді. Мұндай мағыналы сөз жасау үшін ол сөздерге тәуелдік жалғауының мынандай көрсеткіштерін жалғаймыз: -мыз, -міз, -ымыз, -іміз, -ыңыз, -іңіз, -сы, -сі, -ы, -і.

Жекеше: машынамыз, үйіміз, машинаңыз, үйіңіз, машинасы, үйі.

Көпше: машыналарымыз, үйлеріміз, машыналарыңыз, үйлеріңіз, машыналары, үйлері.

Тәуелденген сөздер бір заттың не бір тектес көп заттың тек бір адамға ғана емес, көп адамға – коллективке меншіктігін білдіретіндіктен, оны ортақ тәуелдік дейміз. Сондай-ақ тәуелденген көптік жалғаулы зат есімге тіркесетін есімдіктері (біз, біздер, сіздер) ілік жалғаулы болып келсе, ол заттың көп адамға тәндігін білдіреді: біздің кітаптарымыз деуге де, біздердің кітаптарымыз деуге де болады. Осы сияқты сіздердің кітаптарыңыз деудің орнына екінші жақтың ортақ түрінің көпшесін сіздердің кітабыңыз деп те атайды.

Жіктеу, сілтеу есімдіктеріне не зат есімге –нікі жұрнағы қосылу арқылы жасалынатын сөздер, ілік жалғаулы не тәуелдеулі сөздер, бір – бірімен тіркесе келуі мүмкін:


Менің ұлым сенікі,

Сенің ұлың менікі,

Ер туған ұл елдікі,

Бақытты біздің жердікі. (Жамбыл)


Мұндай тіркесте келетін (тәуелдік, ілік және –нікі жұрнақты) сөздерді меншік категориялы сөздер деп атайды.

Тәуелдік жалғаулы сөз ілік жалғаулы сөзбен тіркесе келгенде, олардың морфологиялық тәсіл деп атайды: Еріншектің ертеңі таусылмайды.

Жамбылдың шығармасы. Ағаштың жапырағы. Бұған қарама – қарсы жалғауы жасырыну (аморгно – синтетикалық тәсіл) арқылы тіркесетін қол сағат (қолдың сағаты)ғ ас қатық (астың қатығы), көз әйнек (көздің әйнегі) т.б. сияқты тіркестер бар.

Жіктеу есімдіктері біз сіз ілік жалғауында анықтауыш болып келсе, оған тіркесе келген зат есім тәуелдік жалғауы жалғанба-ақ біздің үйіміз дегенді біздің үй, сіздің үйіңіз дегенді сөздің үй деп айтылса, біздің колхоз, сіздің сөз сияқты тіркестермен қатар кейде ілік жалғаулы сөз айтылмай ойда сақталып, тәуелдеулі сөздің өзі ғана айтылады: күшігім мен тұрымтайымды сұрамаған екенмін (С.Мұқанов)

Егер ілік жалғауының көрсеткіші тасаланса, мұндай тұлғалы сөз біреуге меншіктіліктен гөрі жалпылама, тұтас бір ұғымды білдіреді: Арал теңізі дегенде Аралдың теңізі болып айтылмауы ілік жалғауының көрсеткіші түсіп қалып, тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесе айтылуынан, ол бір-ақ лексикалық единицаға айналған: Балқаш көлі, Абай көшесі т.б.

Негізгі және туынды түбірлі сөздер ешбір жалғаусыз тәуелденеді: кітаб-ым, құс-ым, бала-сы. Көптік жалғаулы есім сөздер тәуелденеді: балалар-ым, машиналар-ың, кітаптр-ың. Сондай-ақ біріккен, қысқарған түбірлі есім сөздер тәуелденеді: қолқаб-ым, қолқаб-ың, колхоз-ым, колхоз-ың. осы сияқты қос сөздер де тәуелденеді: бала-шаға-м, бала-шаға-ң, бала-шаға-сы т.б.

Зат есімнің септік жалғауы. Басқа тілдер сияқты, қазақ тілінде де, белгілі бір жүйемен қалыптасқан септік категориясы бар. Сөйлем мүшелерін анықтауда және оларды бір-бірімен байланыстыруда, тіркестіруде септік категориясы грамматикадан ерекше орын алады [11].

Септік жалғаулары бір сөзбен екінші сөзді тіркестіру үшін грамматикалық байланыста жұмсалумен бірге, ол сөздер септелу арқылы өзінің грамматикалық қызметін өзгерт іп отырады. Мәселен, Асан институтка колхоздан келді десек, мұндағы әр сөз айтайық деген ойымызға лайық, тиісті қосымшалар жалғаған. Егер бұл сөйлемдегі сөздерді қосымшасыз, түбір күйінде жеке-жеке айтсақ. Асан, институт, колхоз, кел болып, бір-бірімен байланыспай, айтайық деген ойымыз түсініксіз болар еді. Мұндағы түбір тұлғалы сөздерді грамматикалық қарым-қатынасқа түсіріп, олардың қызметін өзгертіп тұрған-ақ, -дан, ді формалары. Олай болса, белгілі бір сөзге жалғанып, оған грамматикалық мән беретін және олардың басқа сөздерге әр алуан қатынасын білдіріп, сөзді бір – бірімен байланыстыратн қосымшаны – септік жалғау дейміз.

Септік жалғауының морфологиялық көрсеткіштері белгілі бір сөздерге жалғанып, дәнекер боуымен бірге, ол сөздерді өзара бір

Бірімен мағыналық жағынан қиыстыру арқылы сиснтаксистік қызмет те атқарады: Теріскей жаққа қарай тартатын жолмен шұбала жөнелген арбалардың шағы аспанға көтерілді. Сіздің жақта жоқ па ондай ағаш. Отанымыз дүниенің көркіндей, өмір бар ма біздің бақытты өмірдей. Жолдасын жауға қалдыру – жамандықтың белгісі, жолдасын жаудан құтқару – адамдықтың белгісі. Жаманды жаман десең, бөркі қазандай болады. Жоғарыдағы мысалдарға қарағанда, септік категориясы зат есімге тән қасиет болуымен бірге, есімдікке де, тұйық етістік тұлғалы қимыл есіміне де, сондай-ақ септелу арқылы субстантивтенетін сын есім, сан есім, есімше және кейбір модаль сөздерге де жалғанады.

Зат есімнен басқаа сөз таптары (есімдік бұған енбейді) септелсе өзінің негізгі номинативтік мағынасына үстеме мән қосып, субстантивтенетін, заттық мағынаға ие болады. Екіншіден, септелінген заттың сөйлемде қызметі өзгергені болмаса, ол сөздің лексикалық мәні өзгермейді, басқа сөз таптары олай емес. Сондықтан да септік жалғауы – зат есімге тән категория.

Сөздерді грамматикалық қарым – қатынасқа түсііретін септік категориясы сөйлемдегі қызметіне және оған қо йылатын сұрауына қарай өзара грамматикалық (ілік, табыс, атау) және кеңістік (пространственный, локативный – барыс, жатыс, шығыс, көмектес) септік болып екіге бөлінеді. Ілік (анықтауыш), табыс (тура толықтауыш) септігіндегі сөздердің сөйлемдегі қызметі тұрақты болса, кеңістік септікті сөздер беретін мағынасмына, қойылатын сұраудың ыңғайына қарай бірде толықтауыш, бірде пысықтауыш болады: Асанға бардым, колхозға барды.

Тілге сымбатты сипат беретін, грамматикалық категория болып табылатын септік жалғаулар – морфологиялық көрсеткішсіз болмайды. Әрбір септік жалғаудың өзіне тән көрсеткіші болады. Осындай формалар грамматикалық мағына тудырып, олар сөздердің нақты, анық тұжырымдалуына көмек етеді.

Әр тілдің өзіне тән даму ерекшелігін ескеретін болсақ, тіпті бір тектес тілдің грамматикалық категорияларының өзі де бәрі бірдей болып келмейцтіндігін тіл фактілерінен анық көрінеді. Мәселен, көпшілік түркі тілдерінде алты септік болса, қазақ тілінің өзінің ерекшеліктеріне орай, жетінші – көмектес септігі бар. Ал енді өзбек тілінде бұл септіктің көрсеткіші билан болып, шылаулық демеу арқылы беріледі.

Атау. Арнаулы морфологиялық көрсеткіші болмайтын, бірақ басқа септік жалғаулардың негіз болатын сөздерді атау тұлғалы сөз деп атайды. Ешбір жалғау жалғанбаған ол сөздер негізгі, туынды, біріккен, қысқарған, қосарлы түбірлі және көптік, тәуелдік жалғаулы сөздер атау тұлғада болады: мал, малшы, белбеу, колхоз, аяқ-табақ, балалар, апам т.б. [12].

Атау тұлғалы сөздер Кім? Не? Кімдер? Нелер? Нелерім? Нелерің? Нелері? Кіміңіз? Ненің? Нелеріңіз? деген т.б. сұраулардың біріне жауап береді де, өзінен кейін мынандай шылау сөздерді талап етеді: арқылы, жөнінде, туралы, үшін, сайын, сияқты, тәрізді, секілді, шақты, шамалы, турасында, бойы, бойынша, құрлы, түгіл т.б.

Атау тұлғалы сөздер сөйлемде бастауыш (Асан биыл оқуға түсті. Баламыз оқуда), баяндауыш (Жамбыл – ақын. Студент – Асан), екі зат есім қатар келіп қандай? деген сұрауға жауап берсе, анықтауыш (Асан темір күрек алды) болады.

Ілік. Ілік септік буын, дыбыс үндестік заңы бойынша түбір сөздің соңғы буыны мен соңғы дыбыстың ыңғайына қарай құбылатын ілік жалғау көрсетікшінің (-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің) біреуі ғана негіз болады да, қалғандары соның фонетикалық варианты болып саналады.

Ілік жалғаулы сөз өзінен кейін үшін шылауынан басқа шылау сөзбен тіркеспейді: сенің үшін, менің үшін т.б. синтаксистік қызметі жағынан ілік жалғаулы сөз барлық түркі лілінде ұқсас, анықтауыш болып келеді, бірақ олардың морфологиялық көрсеткіштерінде айырма бар. Мәселен, өзбек тілінде ілік септіктің негізгі көрсеткіші –нинг болғанымен, сөйлеу тілінде –нинг қосымшасының орнына –ни түрі қолданылады: укувчини (нг) дафтари. Отани (нг) хурмати. Бизди бйдай.

Сондай-ақ түркі тілдерінде ілік фонетикалық вариантының қалыптасуы да біркелкі емес. Мәселен, башқұрт тілінің грамматикасын жазған Н.К.Дмитриев септік жалғауларын оңтүстік, солтүстік түркі тілдері деп екіге бөліп, оңтүстік түркі тілдерінің барлық жалғауларының алдыңғы дыбысы әр уақытта дауысты дыбыстан басталады да, солтүстік түркі тілдерінің барлық септік жалғауларының алдыңғы дыбысы дауыссыз дыбыстан басталатындықтан, ілік септіктің жалғауының (-ның, -ң, -ың) түрінде қатарласып жүретіндігін айтады. Сондай-ақ қырғыз тілінің ілік септігінің көрсеткіші –ың, -ің, (елің) түрінде жұмсалуы да, тарихи жағынан қарағанда, кездейсоқ нәрсе емес.

Қазіргі якут тілінің ілік септік жалғауының көрсеткіші жоқ, бірақ ол форманың ертеде болғандығы әр түрлі пікірлер бар.

Кісі атына, қоғамның не қоғамдық топтың, мемлекеттің атына, не солардың орнына жұмсалатын сөздердің біріне ілік жалғауы жалғанса, ондай ілік жалғаулы сөздер меншік, өзіне тәндік, иелік мән береді: Қазақстанның жері. Абайдың өлеңі. Асанның кітабы. Сондай-ақ осы тіркестегі сөздер коллективке, мекемеге, ұйымға не тағы бір басқа затқа қатысты да білдіреді: партбюроның секретары, колхоздың прелседателі, мұндай тіркестегі изофет екі заттың арасында болатын табиғи байланысты көрсетеді: жердің қыртысы, өзеннің суы. Мұнда ілік жалғаулы сөз – меншіктеуші, тәуелдік жалғаулы сөз – меншіктелуші.

Табиғи байланыста жұмсалатын изафет сөздердің мағыналары әр түрлі болады, яғни бүтіннің бөлшегін білдіреді: ағаштың бұтағы, үйдің есігі, сондай-ақ көмекші есім сөздермен қапастағы жұмсалса, мекендік ұғымды білдіреді: өзеннің жағасы, үйдің жаны. Заттың мезгілдік қарым – қатынасын білдіреді: қыстың бораны, жаздың желі. Нәрсенің сынын, сапалық қатынасын білдіреді: ұнның жақсысы, қойдың үлкені, сиырдың семізі, мұндай сапалық қатынаста жұмсалатын екі сөздің екеуі де сын есім болса, күшейтпелі шырай мағынасын береді: жүйріктің жүйрігі, күштінің күштісі, ердің ері. Зат пен заттың материалдық қатынасын білдіреді. Мұның екі түрі бар: бірі – соңғы заттың алғашқы заттан бөлшектеніп пайда болғандығын білдірсе (қардың суы, күнбағардың майы, бидайдың ұны) екіншісі – ілік жалғаулы зат тәуелдік жалғаулы сөзден болатындығын (жасалатындығын) білдіреді: орындықтың тақтасы, орақтың темірі. Мөлшерлік сандық қатынасты білдіреді: көптің бірі, егіздің сыңары, екінің бірі. Қимыл иесінің өзіндік сапасын білдіреді: аттың жорғасы, Асанның жүрісі. Сонымен қатар сапалық қатынаста да жұмсалады: сабынның иісі, адамның ақылы, халықтың бақыты.

Ілік жалғауы жасырын түрде де, ашық түрдеде келеді. Мәселен, колхоздың егіні, колхоз егіні ьолып бірде ілік жалғаудың көрсеткіші тұсіп, бірде түспей келуі – оның грамматикалық және стильдік ерекшелігіне байланысты.

Ілік пен тәуелдік жалғауының арасында болатын меншіктілік өзара бір – біріне жақын болған жағдайда меншік иесі болатын заттың (жер бөлімі, қала халқы, сөз қоры, мал азығы, тұқым қоры) ілік жалғауы түсіп, оны тәуелдеулі сөз бағындырып тұрады. Мұндай ілік жалғауының тасалануынан жоғарыдағы екі зат есімнің екеуі де меншікті мағынасы солғындап, бір заттың аты сияқтанып кетеді. Бірақ барлық жағдайда бұлай бола бермейді. Егер жіктеу есімдігі мен жалқы есімдер тәуелдік жалғаулы сөзбен жақ жағынан қиысса, ілік септіктің көрсеткіші тасаланбайды: менің кітабым, сенің кітабың, оның кітабы деуге болады, бірақ мен кітабым, сен кітабың деуге болмайды. Ал енді біз, сіз сияқты жіктеу есімдері ілік жалғауын жалғаса, онда кейінгі сөз тәуелдік жалғауын жалғама-ақ біздің іс, біздің мінез, біздің кітап, сіздің үй, сіздің бала, сіздің колхоз болып тіркесе береді.

Жалпы есімдермен тіркесе келген тәуелдік жалғаулы сөздің мағынасын дәл айқындау үшін ілік жалғауының көрсеткіші сақталады. Ондай тіркестегі ой екпіні күшті айтылады: қойдың терісі, (басқаның терісі емес), сиырдың сүті (басқаның сүті емес), бидайдың ұны (басқаның ұны емес).

Тәуелденген зат есім ілік сепетіктің ашық түрде тұруын талап етеді: колхозымның малы, елімнің көркі. Осы сияқты субстантивтенген сөздердің де ілік септігінің көрсеткіші ашық түрде келеді: шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ. Еріншектің ертеңі таусылмайды.

Ілік жалғауының көрсеткіші тасаланып, тәуелдік жалғаулы сөзбен қабыса байланысқанда, араларына сөз сала бермейді. Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы (Абай)

Георграфиялық атаулар мен мекеме, ұйым, көше аттарын айтқанда, ілік септіктің көрсеткіші жасырын келеді: Ойыл ауданы, Жамбыл колхозы тәріздес сөздердің араларына ілік септік жалғауы түссе, ол сөз жоғарыдағы айтайық деген мағынада жұмсалмай, басқа бір иелік мағынаға ауысады: Арал теңізі деген Аралдың теңізі десек, Арал деген бір кісі бар екен, соның иелігінде, меншігінде теңіз бар деген ұғым туады. Сондай-ақ Жамбылдың колхозы десек, онда да Жамбыл деген кісінің меншігінде колхоз бар деген ұғым шығады.

Барыс. Барыс септік жалғауының морфологиялық көрсеткіші –ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е. Буын, дыбыс үндестік заңы бойынша түбір сөздің соңғы буыны мен соңғы дыбысының ыңғайына қарай бұлардың варианттары өзгеріп отырады.

Барыс жалғаулы сөздің меңгеретін бару, жату, келу, отыру, кету, жету, сену, налу, ұмтылыу, айту, қамау, шығу, түсіну, таяну, қону сияқты етістіктермен тіркесе келгенде, Кімге? Неге? Қайда? деген сұраулардың біріне жауап береді, сонда-ақ бұл жалғау өзінен кейін сын есімді де тілейді: Жамбыл – жер жүзінде даңқты ақын. Абай – елімізге әйгілі адам.

Барыс септікті меңгеретін шылаулар: дейін, шейін, қарай, қарап, таман,тарта, таяу, жарық, жақын, тақау, қарсы, қарағанда, орай, байланысты, болат т.б. сіздің айтуыңызға қарағанда осылай болуы керек. Жоғарыдағы таман, тарта, таяу, жуық, жақын, тақау сияқты демеулік шылаулар өзінен бұрыңғы сөздердің көбінесе сан есім болуын керек етеді: жүзге жуық, мыңға таман.

Барыс жалғаулы сөзді меңгеріп келетін демеулік шылаулар өзінен бұрыңғы барыс септікті сөзбен тіркесе келіп, сөйлемнің бірақ мүшесі болады: Бұл екеуі көпке шейін үнсіз келе жатты. Колхоздың малы жайлауға қарай кетті.

Табыс. Табыс жалғауының морфологиялық көрсеткіші –ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, -н. Мұндай фонетикалық варианттар үндестік заңына байланысты: Біз Отанымызды сүйеміз. Бейбітшілік соғысты жеңеді.

Табыс септігінің негізгі сұраулары - кімді? нені? Болады да тәуелдік жалғауының үшінші жағына несін? кімін? Деген сұрау қойылады. Басқа септік жалғаулар іспен, амалмен тікелей байланыспай, жанамалап барып байланысатын болса, табыс септік тікелей байланысады: Берген сертті сақтаймын. Ел тілегін ақтаймын.

Табыс септікті кес, ұр, шап, ал, бер, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, таста, көзде, қолда, кемі, азап, қында, жібер, қала, жама, тік, іш, же сияқты сабақты етістіктер игереді. Әр түрлі қатынаста жұмсалатын жоғарыдағы сабақты етістіктер табыс септікті меңгергенде, оның жалғауы ашық түрде де, жасырын түрде де келеді.


Москваға бардым, не көрдім,

Туысқан, туған ел көрдім (Жамбыл)


Мұндай табыс септігінің тасалануы – сөйлемнің стилдьдік мәнін, грамматикалық қызметін өзгертпейді.

Табыс септігі сөйлемде істің тура объектісі болатындықтан, ондай сөз заттың белгілілігін білдіру үшін жалғаулы, белгісіздігін білдіру ү.шін (тура толықтауыш) жалғаусыз өқолданылады деген пікір бар. Мәселен, белгілі бір сөз бір етістіктің меңгеруінде тасаланбай, екінші бір етістіктің меңгеруінде тасаланып келеді: қоян аттым, түлкі ауладым, сиыр көрьдім, тәрізді адамның іс - әрекетінің, қимылын білдіретін сабақты етістіктер, табыс септікті зат есімнің көрсеткіші ашық түрде тұрмайды.

Жатыс. Жатыс септік буын, дыбыс үндестігіне қарай жалғанатын морфологиялық көрсеткіш –да, -де, -та, -те, -нда, -нде: Сахарада қонысың. Алма оңаша үйде бой жазады.

Тәуелдік жалғаулы сөздің ІІІ жағынан соң нда, -нде болып жалғанады: жер жүзінде махаббатттың шаттық нұры жанып тұр.

Жатыс септікті сөзді меңгеретін етістіктер: отыру, тұру, жүру, жату, сайрау, жүзу, тыңдау, жолығу, болу, істеу сияқты сөздермен байланысты жұмсалып, кімде? неде? қайда? Деген сұраулардың біріне жауап береді: Жылқыда өт болмайды, құста сүт болмайды. Сондай-ақ жатыс септіктегі сөздер бар, жоқ деген сөздермен де тіркесе алады: Күндіз бар да, түнде жоқ, бізде бар да, сізде жоқ. Осы тәрізді жатыс септігі өзінен кейін –да, -де, -та, -те шылауымен де тіркеседі. Сендей бір кемпір үйде де күтіп отырған шығар. Мал қораларында да су өзі келіп, сиыр сауылады.

Жатыс септікті сөз қимылдың, мекендік мағынасын білдірумен бірге, ол істің және қимылдың болып жатқан мезгілін не орнын білдіреді: Кең дүниеде талай тамашалар болып жатыр.

Сан есімге жатыс жалғауы жалғанса, мөлшерлік мағына береді: Тоқсанда қайтып алып жиырма бесті, жасырып қарт бабаңның тұрған кезі. Сондай-ақ сөйлем ішінде жоғарыдағы мөлшерлік мағынадан басқа да мағына береді: ол алтыда, мен он сегізімдемін болып, адамның жас мөлшерін көрсетеді.

Есімшеге жатыс септігі жалғанса, істің қайтіп, қалай орындалуының мерзімін, уақытын білдіреді: Әбіштер тысқы шыққанда, ұзын кермеде көп ерттеулі ат тұр екен.

Тұйық етістік тұлғалы қимыл есіміне жатыс септігі қосылса, ол байырғы мағынасынан басқа грамматикалық қызметте жұмсалады: шаруашылығымыз жылдан – жылға өсуде халқымыз қызықты өмір сүруде деген сөйлемде, жатыс септеулі сөздердің шақтық мағынада баяндауыш болып акелуі – грамматикалық формалардың ілгеру даму процесі нәтижесінде пайда болған жаңа амал, тәсілдері.

Шығыс. Шығыс септіктің көрсеткіші –дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен сұраулары кімнен? неден? қайдан? дыбыс, буын үндестік заңы бойынша жалғанады: талдың бұтақтарынан жасалған биік, жасыл қабырғаларды көресің. Ұйқыдан оянып кеткендей болды.

Шығыс септігі қимылдың, іс әрекеттің жерін, өкше ізін, мекенін көрсетеді. бұл мағына барыс септіктің негізгі мағынасына қарама – қарсы болып келеді: Екеуі де асығып үйден шықты. Теңізден соққан салқын леп.

Заттың неден жасалған материалдық тегін көрсетеді: Өнер – білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды.

Бір нәрсенің айырым белгісіне қарай оның басқа заттан ерекшелігін көрсетеді: - Төлеубекпісің, - деді, Жанат дауысынан танып.

Бір нәрсенің тең бөлшегін, бөлшектің тобын білдіреді: Әрқайсысында бір – бірден автомат. Сондай ақ мезгіл мәнді сөзге жалғанса, ол жалғау, жұрнақ қызметін атқарып, сан есім үстеуге айналады: Үшеуі бірден күліп жіберді.

Мезгіл мәнді сөздерге сан есім анықтауыш болып тікссе, іс - әрекеттің басталу мерзімін көрсетеді: бір минуттан соң, екі жылдан кейін.

Бір нәрсені екінші бір нәрсемен салыстырып, теңеу мағынасында жұмсалады: жұлдыздан көп жарығы, Еңбек қымбат алтыннан.

Есімшеге –дық жұрнағы қосылу арқылы зат есімге айналған сөзге шығыс септігі жалғанса, қимыл процесінің себебін білдіреді: Абай алғашқы сөз Дәрменнен шыққандықтан әуелі соны мүдірткен ойларға тоқтады.

Сонымен бірге, шығыс септігі өзінен кейін бастап, басқа, өзге, бұрын, бері, кейін, тыс, тысқары, гөрі, әрі, бетер, шет, шеткері т.б. сияқты шылау сөздермен тіркесе келіп, сөйлемде толықтауыш, пысықтауыш болады: үйде Амантайдан басқа жат кісі жоқ. Сондай –ақ шығыс септікті сөз сөйлемнің бірыңғай мүшесі болып та келеді: тілінен, әдетінен, түсінен, туысқандағы көрініп тұрады.

Көмектес. Көмектес септік – грамматикалық кейбір тұлғалардың өзгеріске түсіп, жанама мағынаға ауысуын, - олардың аз да болса, баяу өзгеріп отыратындығын көрсетеді.

Түркі тілдерінің септік жалғауларының саны да, қосымшалары да үнемі бірдей бола бермей, әр алуан бола береді. Көпшілік түркі тілдерінде көмектес септік жалғауы жоқ, оның орнына шылау жүреді. Бірақ якут тілінде келетін (құралдық, бірлестік мағынада) көмектес септіктің қосымшасы қазақ тіліне ұқсамайды. Ал ноғай тіліндегі көмектес септіктің көрсеткіштері қазақ тіліндегідей болғанымен, үндестік заңы бойынша –мен, -бен, -пен түрлерімен қатар, жуан түрлері –ман, -бан, -пан болыпта келеді.

Көмектес септіктің көрсеткіші - -мен, -пен, -бен және мұның –менен, -пенен, -бенен түрі әдеби тілімізде сирек қолданылады да, оның орнына ықшамдалған түрі жүреді.

Көмектес септігінің жалғауы буын үндестігіне бағынбай, жуан буыннан кейін де, жіңішке буыннан кейін де жіңішке болып жалғанады: шындықты өмірмен өлше, әсіресе халық ойымен арманымен өлше.

Көмектес септіктің қосымшасы сыртқы формасы жағынан жалғаулық шылауға – мен, -бен, -пен ге ұқсас келеді, Бірақ бұлардың сыртқы ұқсастығымен бірге, олардың айырмашылықтары да бар.

Қазақ тілінде сөзге тәуелдік мағына үстейтін арнаулы қосымшалар тәуелдік жалғауы деп атайды.

Тәуелдік жалғауының әрқайсысы жіктеу есімдіктерімен (мен, сен, ол, біз, сіз) мағыналық іліктестікте айтылып грамматикалық үш жақтың үшеуіне де тән болып келеді.

Тәуелдік жалғауларын өз ара екі топқа ажыратуға болады:

Бірінші топ Екінші топ

І. –м, -мыз, -міз, -ым, -ім, мек

Анам Қолым Інім Жерім

Анамыз Қолымыз Ініміз Жеріміз

ІІ. –ң, -ңыз, -ңіз, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз

Анаң Қолың

Інің Жеріңіз

Анаңыз Қолыңыз

Ініңіз Жеріңіз

ІІІ. –сы, -сі

Анасы Қолы Інісі Жері
Аталған екі топтан тек құрамында дыбыс бар тәуелдік жалғауларын бұдан әрі де ішінен жуан (-ым, -ымыз, -мыз, -ың, -ыңыз, -ңыз, -сы, -сі), жіңішке (-ім, -іміз, -міз, -ңіз, -іңіз, -сі, -і) деп аталатын варианттарға ажыратуға болады.

Зат есімге тән грамматикалық категориялардың бірі септік категориясы. Септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септік жалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтады.

Септіктің грамматикалық деп аталып отырған тобына жататын жалғаулардың негізгі қызметі бастауышты білдіру (атау септігі), тәуелдікті білдіру (ілік септік), іс - әрекеттің объектісін білдіру (барыс, табыс септігі).
Атау септік оқушы

Ілік септік оқушының

Барыс септік оқушыға

Табыс септік оқушына

Жатыс септік оқушыда

Шығыс септік оқушыдан

Көмектес септік оқушымен

Зат есімнің көптік жалғауы.

Көптік жалғау –түркі тілдерінің бәрінде бар категория. Бірақ оның атқаратын қызметі барлық жерде бірдей емес. Мәселе, ұйғыр, өзбек, татар тілдерінде етістіктердің негізгі түбіріне көптік жалғауы бірден жалғана беретін болса, қазақ тілінде негізгі түбір етістікке ол тұрадан-тұра жалғанбайды, жалғану үшін етістік белгісі бір грамматикалық категорияда тұруы керек. Мәселен, етістік жіктелу арқылы (сіздер келіңіздер, алыңыздар, көріңіздер болып) көптеледі.

Есім сөздерге қосылу арқылы көптік мағына тудыратын формалар (-лар, -тар, -тер,-дар,-дер). Бұлар-әртүрлі мағынада жұмсалатын бөлек-бөлек қосымшаның көрінісі емес, бір қосымшаның дыбыс үндестігі мен буын үндестік заңы бойынша түрленген фонетикалық варианты.

Дыбыс үндестігі бойынша түбірдің соңғы дыбысының қатаң, ұяң, үнді болуына қарай, көптік жалғаудың көрсеткіші жалғанып отырады: бала-лар, терезе-лер, кітап-тар, жүрек-тер, қаз-дар, сен-дер.

Буын үндестік заңы бойынша көптік жалғауы бірде жуан дауысты –а болып, бірде жіңішке –е болып келеді.

Көптік категория үш түрлі жолмен жасалады. Соның бірі –қосымша (көптік жалғау) қосылу арқылы көптік мағына туғызатын морфологиялық тәсіл.

Зат есім белгілі бір заттың атын білдіргенде, ол заттар біріу болуы да , бірнеше болуы да мүмкін. Мәселен, көл дегенде бір-ақ көл жөнінде аытылса, көлдер сөзі бір ғана көл емес, бірнеше көл жөнінде айтылады. Мұндағы заттың (көлдің) көптігін білдіруге негіз болып тұрған –дер морфемасы. Осындай көптік мағына тудырушы қосымша сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады. Негізгі, туынды түбірлі етістікке қосымша қосылып барып көптелсе, сондай-ақ зат есім, есімдіктер де көптелсе, бір сөзді екінші бір сөзбен байланыстыру үшін жұмсалып, жалғаулық қызметін атқарады: Сіздер келіңіздер, сендер өздерініңге міндеттелген жұмысты орындаңыздар, колхоздарға жәрдем беріңіздер деген сөйлемдегі көптік жалғаулары сөзді байланыстыру, қиыстыру үшін тұр.

Көптік жалғауы сын есім, сан есім және есімшелерді субстантивтендіріп, жана мағыналы сөз тудыру үшін жалғанса, онда –лар морфемасы жұрнақ қызметін атқарады: үлкендер, біріншілер, оқығандар т.б.

Көптік жалғауы сөзге тәуелдік жалғауын жалғап айтқанда, өзінің жалғанып тұрған сөзінің көптігін көрсетсе (менің балаларым, сенің кітаптарың), бірге жалғанған сөзінің көптігін көрсетпей, тәуелдік жалғауымен байланыстырып ілік жалғауы сөздің көптігін білдіреді: бұлардың жас мқлшерлері бір-біріне жақын:Балтабек жиырма алтыда, Балғабай жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде, әкелері Тұяқбай ерте өлген, шешелері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы қырық бестегі кісі (С.Мұқанов) деген сөйлемде бұлар тікелей көптік мағынаны берсе, мөлшерлері, әкелері, шешелері деген сөздер амалға қатысушы ағайынды адамдардың (Балтабек, Балғабай, Кенжетайды) көптігін көрсетіп тұр. Сондай-ақ жатақхананның ішінде отырған он шақты адамға қарап: Жатақханаларыңызда газет барма? Десек, мұнда жатақхананың көптігін білдіріп тұрған жоқ, өзінен кейінгі тәуелдік жалғауы (-ыңыз)арқылы жатақханаға ие болып тұрған кісілердің (сіздердің) көптігін білдіріп тұр. Осы сияқты мектептеріңізде не бер? Кітапханаларыңызда қандай кітап бар? Десек, мұндағы көптік жалғауы жалғанып тұрған сөздер бір ғана мектеп, бір ғана кітапхананың көптігін көрсетіп тұрған жоқ, тәуелдік жалғауы (-ыңыз) арқылы оған ие болып тұрған адамдардығ көптігін білдіреді. Сондай-ақ жоғарыдағы аталған заттар бір адамның меншігі емес, көпке ортақ, бірақ мұндай ерекшелік әр уақытта да бола бермейді. Бірнеше адамға ортиақ нәрсені көрсететін зат есімдер көптелсе, ол өзіннің жалғанған сөзінің көптігін көрсетумен бірге, оның иесі болып табылатын сөздің де көптігін білдіреді: Жұмыстарыңды аяқтаңдар. Кітаптарыңды оқып бітіріңдер.

Туыстық қарым-қатынасты білдіретін тәуелдік зат есімге көптік жалғауы жалғанса, ол қасындағы бір тектес адамдардың көптігін білдіреді: Апамдар, әжемдер, әкемдер.

Көптік жалғауы жалқы есімдерге жалғанса,ол жалғанған сөзінің көптігін көрсетпей, қасындағы адамның көптігін көрсетеді: қалаға Абайлар жүріп кетті деген сөйлемде, жалғыз Абай жүріп кеткен жоқ, оның қасында өзге адамдар да жүріп кетті деген ұғым.

Біреудің жасын анық көрсетпей, шамамен айтқанда, сондай-ақ мезгілдік мәнде зат есімнен кейін келетін сан есімдерге көптік жалғауы жалғанады: Оның үлкен баласы отыздарға келген жігіт. Жиналыс сағат жетілерде болады. Осы сияқты, мезгіл мәнді үстеулер көптелсе, шамалау, болжау мағынасын береді: Былтырлары (ы), биылдары (ы), ертеңдер (і), бүгіндері (і).

Тәуелдік жалғаулы қалам-ың-ыз, қалам-ым-ыз дегенді –ың көрсеткіші ескі жазуларда көптік жалғаудың көне түрі болғандығы айтылады. Олай болса, сі-з, бі-з сияқты жіктеу есімдігіндегі ұяң –з дыбысы ол –сөздердің көптігін көрсететін морфема деп жорамалдауға болады.

Көптелмей-ақ кейбір сөздерді топтары көптік мағынада жұмсала береді. Мәселен, өзінен-өзі белгілі болып тұрған жалпы есімнің бәрі бірдей көптік жалғауын жалғай бермейді: Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу (Абай) деген сөйлемде қой, түйе біреу емес, бірнешеу. Бұл сөздерде көптік мағына белгілі бір форма арқылы берілмей, қайта сөздің өзінің мәні арқылы берілген. Әдетте көптік мағынаның мұндай тәсілін лексикалық жолмен берілуі деп атайды. Сондай-ақ географиялық жер-су аттарына көптік жалғауы жалғанбайды (Москва, Ленинград, Ташкент, Алматы Алатау, Сырдария) ал жалғанса, мәселен, Біз Москваларды арладық десек, Москва сияқты қалаларды аралағандығын білдіреді. Планета ұғымын білдіретін Күн, Ай, Марс, Жер жалқы есімдермен табиғат құбылыстарын білдіретін жаңбыр, қар, тұман, боран, шық, қырау сияқты есімдерге де көптік жалғауы жалғанбайды.

Зат есімдерді іштей семантикалық өзара аралас аттас болуларына қарай, зат іштей жануар атаулары, өсімдік атаулары, құрт-құмырсқа атаулары, қора-қопсы атаулары және үй мүліктерінің атаулары, қоғамдық тұрмыстық, саяси - әлеуметтік саласында қолданылатын атаулар деген сияқты неше алаун топқа жіктеуге әбден болады, дегенмен, зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтарда да жоқ емес. Ондай, семантикалық, грамматикалық ерекшеліктері бар топтарға адамзат (кімдік) және ғалым зат (нелік) есімдерді, көптік мәнді есімдерді, эмоциялы эксперессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады [13].

Тіліміздегі зат есімдерді семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан талдап қарасақ, олардың бір саласы адам атаулары, екінші саласы адамнан өзге жан – жануарлар ме,н заттардың атаулары болып келеді. Осы аталған екі топтың біріншісіне қатысты сөздердің бірі тек кім?

Деген грамматикалық сұрауға жауап берсе, екіншісіне қатысты сөздердің бәрі де тек не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді. Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, шал, көке, бөпе, кемпір, келіншек, әйел, еркек, қалындық т.б.), туыс атауларын (әже, шеше, әке, ата, аға, іні, сіңлі, немере, шөбере, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, құдаша), іс-әрекет пен кәсіп, мамандық иелерінің атаулары (әнші, атшы, арбашы, егінші, суреткер, диқан, ғалым, мұғалім, дәрігер, композитор, сатушы т.б.) әр алуан қызмет баптары мен лауазым атаулары (директор, лейтенант ұлық, бастық, төре, ханым, мырза т.б.) кісі аттарын (Нұрсұлтан, Роза, Марат, Талғат, Камила, Мереке т.б.) және басқа да осылар сияқты адамдарға тән атауларды айтамыз.

Зат есімнің бұл тобына, жалпы алғанда, адам атауларымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары енетіндіктен, оларды осы семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдер деп атауға болады. Ал формальдық жағынан кім? деген грамматикалық сұрау, әдетте адамнан өзге барлық жан жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады. Не? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге я деректі я дерексіз заттар мен заттық ұғымдардың атаулары (мысалы: құм, шаш, тас, темір, топырақ, су, ойын, күйініш, құаныш, реңіш, ақыл, әлем т.б.) өсімдік атаулары (ағаш, шөп, жусан, қарағай, тобылғы, жүзім, алма, жиде т.б.) ас пен ішімдік атаулары (ет, сүт, май, ірімшік, қымыз, айран, қаймақ т.б.) хайуанаттардың аң мен құстардың атаулары (жылқы, қой, сиыр, ешкі, құлан, бекен, киік, арқар, жолбарыс, ғаз, үйрек, бүркіт т.б.) балық аттары (сазан, шортан, көксерке т.б. ) жәндік аттары (кесіртке, шыбын, ара, сона т.б.) қора-қопсы, құрал-жабдық атаулары (ай, дала, терезе, қора, астау, табақ, қасық т.б.) тағы басқа неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары жатады.

Сөйтіп, зат есімдердің бұл тобы адамнан өзге жан-жануарлардың заттар мен нәрселердің, заттық ұғымдардың атауларын түгел қамтитындықтан оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарап ғаламзат есімдері деп атауға болады, ал формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді.

Егерде әдет бойынша кім? деген сұрау қойылатын кісі атын (ономастика) дейтін жағдайларға сәйкес, жер-су я мекен атауына (топонимика) ауысса, соңғы атауына кім? деген сұрау қойылмайды, не? деген сұрау қойылады. Мысалы, Төребай жаңа ғана оқу бітірген жас инженер, Төребайда білім де бар дегендердегі Төребай сөзіне кім? деп, Төребай да сөзіне кімде? деп сұрау қойса болады. Керісінше не? деген жауап беретін жайғана жалпы есім (мысалы, Марат, Мұрат т.б.) кісі аты ретінде қолданылатындай болса (мысалы, Мұрат Қасымұлы т.б.) тек қана кім? деген сұрауға жауап беретін болады. Сөйтіп бұлардың кім? Я не? деген сұраудың қайсысына жауап беретініне қарамай, зат есімдердің семантикалық және грамматикалық жағынан іштей екі үлкен топқа бөлінетіндігі айқын көрінеді.

Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер, әдетте жалпы есімдер деп аталады. Мысалы, ағаш, ат, арал, ас, арба, бас, бала түсінік, ер, су, көмір сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады. Ал заттар мен заттық ұғымдарды жалпылама түрде осындай жалпы есімдермен қатар белгілі бір ғана зат арнайы даралай атайтын жалқы зат есімдер де бар. Оларға кісі аттары (мысалы, Асқар, Арқалық, Ағыбай т.б.), үй хайуандарына берілген арнаулы заттар (мысалы, Тайбұрыл, Теңбілкөк т.б.) өндіріс, мекеме, ұйым аттары «Еңбек», «Қайрат» т.б. газет, журнал, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары «Ботагөз», «Сергер» т.б. географиялық атаулар (мысалы, Алатау, Қаратау, Ертіс т.б.) қала, көше, өлең аттары (Алатау, Алматы, Теміртау, Амангелді алаңы, Абай) тағы басқа жалқы атаулар жатады.

Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі ат ретінде ғана жұмсалады.

Жеке дара заттарға берілген осындай зат есімдерді жалқы есімдер дейміз.

Сөйтіп, жалқы есімдер деп жалпы есімдерден ажырату үшін қойылатын арнаулы атауларды айтамыз. Жазу дәстүрімізде жалқы есімдер бас әріппен басталып жазылады да, жалпы есім бірыңғай кіші әріппен жазылады. Тілімізде жалпы есімнен жалқы есім, жалқы есімнен, жалпы есім туа береді. Бірақ жалқы есімдердің жалпы есімдерден жалқы есімдердің жасалуы көбірек кездеседі. Мысалы, Алатау, Ақтөбе, Қарағанды сияқты жер су, мекен аттарын білдіретін жалқы есімдер әуелі жалпы есімдерден туған. Керісінше, ақтөбелілік, қарағандылық, мичуринші сияқты жалпы есімдер бастапқы жалқы есімдерден жасалған.

Жалқы есімдердің жалпы есімдер категориясына, жалпы есімдердің жалқы есімдер категориясына осылай келуі сөздердің қызметтерінің, соған сәйкес, олардың мағыналарының, кейде тіпті формаларының өзгеруіне байланысты болады.

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз еткенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі кісі аттары (ономастика), екіншісі географиялық атаулар (топонимика). Жалқы есімдердің осы екі саласының екеуіне де ортақ жалпы сипаттарымен қатар, әр саласының өзді-өзіне ғана тән ерекше сипаттары да бар.

Кісі аттарына да, жер-су аттарына да әдетте көптік жалғау жалғанбайды.

Егер оған қосымша жалғанбайтындай болса, ондай жалқы есімнің мәні я өзгереді, я оған үстеме семантикалық рең жасалады. Бірақ жер-су атауларынан да, сондай-ақ, жалпы есімдердің өзге топтарына да кісі аттарының ерекшеленетін кейбір грамматикалық айырмашылықтары бар. Мысалы, Ертіс жағасы, «Мәдениет және тұрмыс» журналы дегендегі жалқы есімдер өздеріне анықтайтын сөздерге ілік формасы (жалғаудың түсу я түспеуі шарт емес) арқылы тіркессе, кісі аттары өзі анықтайтын сөздерге ілік септік формасы арқылы да (Бейсеннің баласы, Асанның Үсен т.б.) атау түрінде де тіркесе береді. Мысалы, Қажымұқан балуан, Тапрғын батыр, Байжан ұста т.б. сонымен қатар, белгілі бір адамның өз аты, әкесінің аты, фамилиясы бірін – бірі анықтау қатар, бәрі құрылып бір күрделі есім де бола береді. Мысалы, Әмре Жақсыбай ұлы, Тәжібай Жанбота ұлы, Сапарғали Алтынбек ұлы т.б. Жалқы есімдердің өзге топтарына кісі аттарының ерекшеленетін тағы да бір айырмашылығы – адам аттарына тән категориясы. Кісі аттары қалпындағы атау күйінде қолданумен қатар, атау формасына арнаулы қосымша жалғанып та жұмсалады. Мысалы, Қали деген аттарды құрметтегенде, сыйлағанда, я үлкен тұтып аталғанда, Себе, Қалеке деп атауға болады да Әли, Сәуле деген аттарды еркелете, кішірейте сөйлегенде, Әлкен, Сәулеш деп атауға болады. Рас кейбір жалпы есімдерді де осылай қолдануға болады. Мысалы, Құлыншақ, інішек, балақай, көкешім т.б.

Бірақ жалқы есімдермен адам аттарындағы бұл категорияның семантикалары да, қолдану өрістері де бірдей емес.

Зат есімдердің көпшілігі тікелей атау формада тұрып, белгілі бір бірыңғай заттардың бәріне тән жалпы атау ретінде жұмсалуымен қатар, тиісті заттың бір данасының ғана атауы есебінде қолданылады. Егер осы атаулар арқылы аталатын заттар біреу емес, әлде нешеу, я көп екенін білдіргіміз келсе, осы зат есімдерге көптік жалғауын жалғап айтамыз. Мысалы, кісілер, сөздер, балалар, көлдер т.б.

Сонымен қатар, атау формада тұрғанда, өзі арқылы аталатын заттың біреуін емес, жиінін топтап я қамтып атайтын зат есімдер де бар. Мысалы, сүт, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын деген зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жеке-дара ғана атамайды, оны тобымен атайды.

Осындай затты жеке даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді көптік мәнді есімдер деп атаймыз.

Көптік мәнді есімдердің ерекшедіктері семантикасында ғана, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады. Сондықтан, өздеріне тән, осындай семантикалық ерекшеліктері мен грамматикалық өзгешіліктеріне қарай, зат есімдердің бұл тобы өз алдына категория делініп танылып, жоғарыдағы көптік мән есімдер деп аталады.

Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:

1. Сұйық заттардың аттары: айран, шай, тұздық, ауқат т.б.

2. Газ тектес заттардың аттары: қан, бу, түтін, тұман т.б.

3. Уақ, ұнтақ заттардың ұйымдасқан майда заттармен бытыранды (тарынды), үгітінді заттардын аттары: ұн, бетеге, жусаң, жүн, түбіт, шаш, кірпік т.б.

4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, ақыл, дау, қайрғы, қасірет т.б.

5. Өздігімен табиғий бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қала, шойын т.б.

6. Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар, жел, құйын, т.б.

Бұлардың басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғий жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, пайпақ, құлақ, етік, туфли, кебіс, шаңғы т.б.). Сондай-ақ нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да көбінесе, көмекші есімдер, мысалы, асты, үсті, жаны т.б. негізінде осы топқа жатады.

Зат есімдердің ішінде затты я заттық ұғымды әдеттегінше атаумен қатар, сол аталған заттың сын сипаты жағынан қандай екендігін қоса-қабат білдіре атайтын, олардың кейбір өзіндік сипатын нақтылай түсіп, әсерлеу не бейнелеу жолымен сезімді түрде қолданылатын топтары бар. Мысалы, қол, тау, төбе, арба деген сияқты жалпы есімдердің көлшік, таушық, төбешік, арбашық т.б. деген тәрізді зат есімдердің отанша, өгізше, кітапша деген түрлері бар. Осы аталған екі топ сөздің көлсымақ, төбесымақ, кітапсымақ деген түрлері де бар.

Сол сияқты адамға байланысты әке, шеше, апа, тәрізді туыс атауларын әкей, шешей, әпке деп те, шешетай, әкетай, апатай деп те, шешежан, әкежан, апажан деп те қолдану үйреншікті әдет.

Сондай-ақ бала, бота, лақ сөздерін балақан, ботақан, лақан деп те айту қандай үйреншікті болса, бөпе, қалқа, сәуле секілді жалпы есімдер мен Сапарғали, Қали, Әлия тәрізді жалқы есімдерді бөпеш қалқаш, Сапаш, Қалыш, әлкен деп айту да соншалықты дағдылы нәрсе.

Сөйтіп кейбір зат есімдердің әдеттегінше бейтарап (қалыс) түрде жалпы қолдануларымен бірге, үлкен тұтып құрметтеу я сыйлау кіші тұтып еркелету, кем тұтып қамсыну тәрізді эмоциялық әсер экспрессивті рең бере қолданылатын формалары болады. Бұл формалар мен жай түрде табылған сөз формалардың негізгі лексикалық мағыналары бір болғанымен, араларында өзара ерекшеленетін семантикалық айырмашылық болады, ал формалардың араларындағы семантикалық айырмашылықты мазмұн ерекшелігі деп түсінумен бірге, олардың сыртқы формаларының аралығындағы айырмашылықты сол мазмұнның формасы деп есептеуге болады. Дегенмен, жоғарыдағы мысалдарда ұшырасатын –шық, -шік, -ша, -ше, -сымақ, -й, -еке, -ке, -тай, -жан, -қан, -қай, -ш, -ыш, -ни, -кен жұрнақтары сол аталған мазмұнның тілдік формасы есебінде қызмет етеді. Осындай жұрнақтар арқылы жасалған зат есімдер туынды зат есімдер болғандарымен, жаңа сөздер емес, олар өздері туған төркіндерінен тек сол басқаша айтылған формалар есебінде жұмсалады. Ендеше бұл формалар арқылы жасалған сөздер зат есімнің ішінде ерекше сезім реңкі сөздер ретінде қаралуға тиіс. Бұл сияқты сөздер тобы зат есімнің эмоциялық және экспрессивтік реңдерді білдіретін ішкі категория есебінде есептелуі керек.

Жұпталып келетін қолқап, галош, құлақ, көз, мұрын қас сияқты сөздерге көптік жалғауы мүлде жалғанбайды деп түсінуге болмайды. Мәселен, мұғалімге қара көздер қадала қарады дегенде, жұпталып келетін көз сөзіне көптік жалғауы жалғану арқылы оның мағынасы өзгеріп кеткен. Осы тәріздес жекелеп, талдап санауға келмейтін (шаш, сақал, ұн, бидай) жалпы есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды, егер жалғанса жоғарыдағы сяқты да мағынасы өзгеріп кетеді: талай шаштар ағарды.

Жалпылық мағыналы мал, аң, хайуанат, өсімдік сияқты зат есімдер көптік жалғауын жалғамай-ақ көптік ұғымды білдіреді: колхоз жылқысы, тоғайдың аңы, қырдың қояны. Сондай-ақ ру, ұлт атаулары да көптелмей-ақ көптік ұғымда қолданылады: орыс, қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, Найман, Үйсін, Жаппас,Қаңлы.

Заттың көптігі септік сан есім арқылы белгілі болып тұрғанда көптік жалғауы жалғанатын бір орын бар. Мәселен,

Мың-мың қолдар

Миллион милар

Милар миллион қимылда (Т.Жароков) деген сөйлемде зат есімдер көптік жалғауын жалғап, өз алдына ерекше бір стильдік мәнде жұмсалуы-өте орынды. Мұндағы қолдар, милар адам мағынасында қолданылып, соның көптігін білдіріп тұр.

Бірнеше , әлденеше, бірсыпыра, талай, бірталай, аз, көп сияқты мөлшерлік мәнде жұмсалатын сөздермен зат есім тіркесе келсе, ондай зат есімдерге де көптік жалғауы жалғанбайды: бірнеше кісі, бірсыпыра үй, талай мал, көп кісі т.б.


  • лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) және –шылық (-шілік) жұрнақтары қосылу арқылы жұмсалатын абстрактылы сөздер көпше , жекеше мағынада жұмсала беретіндіктен, бұл сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды және бұл сөздердің анықтауышы сан есім болып келмейді: биіктік, ұзындық, үлкендік, балалық, оқушылық, адамщылық, егіншілік.

Анықтауышы қайталамалы мәнді қос сөздер көптелмей-ақ, көптік мағынада жұмсалады: қора-қора қой, мая-мая шөп. Егер жалпылық мәнді қос сөздерге көптік жалғауы жалғанса, ол сөздер өзінің жинақтық мағынасымен бірге ,сол сияқты ұқсас заттардың көптігін білдіреді: бала-шағалар, киім-кешектер, азық-түліктер, көрпе-төсектер, қазан-аяқтар.

Жоғарыда айтылғандай, қандай сөзбен тіркесуіне және орында тұруына қарай, зат есім анықтауыш та, баяндауыш та бола береді.

Зат мен олардың грамматикалық формалары жөніндегі ұғым, түсінік зат есімдерді оқыту, үйрену барысында сауат ашу, оқу, жазу емле сабақтарында бірте – бірте өалыптаса береді. Зат есімдеді оқушылардың өз сөздерінде қолдана білу дағдысы тіл дамыту сабақтарында біржолата қалыптаса баратынын есекерген жөн. Сондықтан да диплом жқмысын орындау бырысында осы мәселеге баса көңіл бөлініп, оқыту процесінде оқушылардың зат есімді өз сөздерінде неғұрлым жиі қолдана білу қабілетін қалыптастыру мәселесі негізгі мақсат ретінде белгіленіп, оны жүзеге асыру шаралары мен жұмыс түрлері анықталды.

Осыдан кейін мұғалім оқушылардан оларға жаңа таныс болған сөздерді сұрап, олардың мағынасын қалай түсіндіретіндігін анықтайды. Әр оқушының сөз білуі әр түрлі, сондықтан олардың жаңа деп танитын сөздері де ұқсас болмайды. Оқушылардың көпшілігіне балықтың түр – түрінің аттары қызық көрінуі мүмкін. Мұғалім жиі ұшырасатын балықтарды атап еске түсіріп, жүйелеп айтқызады, олардың суретін көрсетеді, қажет болса, орысша баламасын салыстырады. Кейде сөздердің біріккен сөз я сөз тіркесі екенін ажыратудың қиындық келтірудің де осыдан.

Мысалы: Біздің болысқа қаладан өпкіл келді. (Б. Майлин); Түйелердің жанында нөкендерді қозылап жатыр (С. Сейфулин) деген сөйлемдердегі

болысқа, қаладан, түйелердің жанында, нөгендерде деген пысықтауыштар зат есімдерден жасалған. Сондай-ақ, солқ-солқ еткен өрім талмен, жас алма пісіп тұрған шекер балмын (С. Торайғыров) дегендегі баяндауыштарда зат есімдерден жасалған.

Қазақ тілінде зат есімнің анықтауыш болуын оның зат есімінің негізгі қызметі мен қабілетінің бірі негізгі синтаксистік сипатының бірі.

Ал зат есімнің негізгі синтаксистік сипатының төркіні де, себебі де қазақ тілінде (сондай-ақ өзге түрк тілдерінде де). Зат есімдер тек басқа сөз таптарымен ғана емес, өзді - өздері де бір – бірімен тіркесе беретін ерекшелігімен байланысты. Демек тілімізде зат есімге сын есімде (жақсы адам), сан есімде (бес адам), есімдікте (осы адам), есімше (оқыған адам) анықтауыш болумен қатар, бір зат есімге екінші бір зат есімде анықтауыш бола алады.

Зат есімнің өзді өзі, бір – бірімен тіркесу жүйесі, әдетте түрк изафеті деп аталатынын өз алдына категория екені мәлім.

Ал, бұл категорияның қалыптасқан заңы бойынша, бір зат есімнен екінші бір (басқа бір) зат есім үш түрлі жолмен тіркесетіні аян, оның бір жолы екеуіне де қосымша (алдыңғысына ілік септік жалғануын, соңғысына тәуелдік жалғануын) қосылып тіркесу жолы (үйдің иісі, баланың киімі), екінші жолы зат есімнің біреуіне (тек соңғысына) қосымша қосылып, біреуіне (алдыңғысына) қосылмай тіркесу жолы (қала азаматы, үй шаруашылығы), үшінші жолы зат есімнің екеіуне де бірдей (алдыңғысына да, соңғысына да) еш қандай қосымша қосылмай тіркесу жолы (тас, үй, қой қора).

Рас изафетінің үш түрінің мағынасы мен өрісі бірдей емес және бірдей болуы мүмкін де емес, өйткені оның әрқайсысы алды алдына жеке дара форма.

Солай болса, ол үш форманың мағыналарында да, қызметтерінде де өзді өздеріне ғана тән ерекше қасиеттері болуы тиіс және бар. Олардың мұндай ерекше қасиеттері бар екенін сол изафеттің белгілі бір түрін жасауға я қолдануға болмаған жағдайда екінші бір (басқа бір) жасауға я қолдануға болатынын көреміз. Мысалы: Тас бақа деп те тастың бақасы деп те я тас бақасы деп те айтуға болғанымен, бірінші тіркескен бақаның тасқа ұқсастығы аңғарылса, кейінгі тіркестерден тасты жердің бақасы я тасты жерде өмір сүретін бақа деген мән түсініледі. Ал, қол арба, қол айна, қол ағаш, қол жаулық, қол диірмен, қол орамал, қол өнер, қол сағат, қол хат сияқтыларды алсақ, олар изафеттің бірінші, екінші былай тұрсын, іштей арақатнастары жақтарынан бірдей емес.

Тілімізде тас қақпа және қақпа тас, тасқорған және қорған тас, ағаш деген тіркестердің қажетіне қарай қолдана беруі де зат есімнің анықтауыш қабілетімен өрісі өзге сөз таптарының қай қайсысынан болса да кең емес екендігін дәлелдейді. Солай болса, зат есімнің осылайша озді - өзі, бір – бірімен тіркесіп анықтауыш болып қызмет ету қабілеті бұл сөз табының өзіндік ерекшеліктерінің ең басты белгісінің бірі болып санауға тиісті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет