Ислам дінін қабылдаған шығыс халықтары араб тілін, араб әліпбиін де қабылдады. Мұсылман халықтарының Қ. Өнері осы араб жазуына, араб әліпбиіне негізделеді



Дата28.03.2024
өлшемі22.65 Kb.
#496736
Араб жазуы


Араб жазуы
Ислам дінін қабылдаған шығыс халықтары араб тілін, араб әліпбиін де қабылдады. Мұсылман халықтарының Қ. Өнері осы араб жазуына, араб әліпбиіне негізделеді.
​Араб жазуы. Араб жазуының тарихы арабтардың мұсылмандықты қабылдауынан әлдеқайда ерте заманнан басталады. Көне араб жазуымен жазылған алғашқы ескерткіштер VI ғ.-дан жеткен, бірақ араб жазуының толық қалыптасып біткен уақыты VIII ғ., яғни, ислам дінін таралу барысында Араб халифатының құрылып, мәдениетінің гүлдену кезеңі. Араб әліпбиі 28 әріптен тұрады. Араб халқының төл жазуы қалай пайда болғаны туралы нақтылы ғылыми дерек жоқ. Ғалымдар оны көне «набатей жазуынан» дамып шыққан деп жоромалдайды. Ислам дінінің қалыптасуымен бірге пайда болған араб жазуының осы уақытқа дейн сақталған ең көне түрі «куфи» жазуы (қ. Жазу).
Бұл жазу V ғ.-да пайда болып, шыққан жері Ефрат өзенінің бойындағы Куфи қаласының атымен аталған. Мұсылман аңыз деректері Адам атадан (ғ.с.) Ыдырыс пайғамбарға (ғ.с) дейін қолданылған көне жазу түрін «макили» деп атайды да, ал «куфи» жазуын ойлап шығарған Хазрет Әлі ибн Әбу Талиб деп санайды.
Мұртаза/Әлі/ куфи жазуының негізін қалады және оның дамуы мен гүлденуіне әсер етті. Шеберлер ойлап шығарған жазулардың барлық түрі осы куфиден шыққан деп біл. Сұлтан Али Мешхеди. «Құснихат туралы трактат».
Көне Құран үлгілері осы куфи жазуымен жазылған. Мұхаммед ғалайһиссалам бұл жазуды «әл-хатт нысф үлилм» («хат – дүниедегі білімнің жартысы») деп атаған. Куфи жазуының алғашқы үлгісін «геометриялық (немесе квадраттық) куфи» деп атайды, себебі Куфи жазуы негізінен төртбұрышты формаларға құрылған болатын. VII ғ.-ларда куфидің көркем түрлері «әшекейлі куфи», «гүлденген куфи» деген нұсқалары дамып шығады. Куфи жазуын ойлап шығарған Хазреті Әлі саналғандықтан, ол суретші-хаткерлердің пірі саналып, кейін арабтың көркем жазуларының басқа да үлгілерін ойлап шығарған шеберлердің түсіне Әлі кіріп, аян берген делінеді.
X ғ.-да араб жазуының дөңгеленген форламаларға құрылған жаңа нұсқалары пайда болды. Бұл жазу нұсқаларының «насх», «сүліс», «мухаққақ» деп аталатын түрлерін ағайынды араб каллиграфтары Әли және Абдуллаһ ибн Муклалар ойлап шығарды. Оны шығарушы Әли ибн Мукла түсінде Әли ибн Талибтің кеңес беруімен жасаған
XI ғ.-да Әбул Хасан Әли ибн Халал ибн Баууаб «райхани» жазуын, XIII ғ.-да Бағдадтың ақын және құснихатшысы Әбул Фазл Динуари «тоуги» мен «рика» жазуын жасап шығарған. Сөйтіп араб көркем жазуының классикалық алты үлгісі қалыптасады. Бұл жазуларды «алтылық»-«ситте» деген ортақ атпен атайды. Бұл жазулар үлгісін мешіт, медресе және т.б. ғимараттарда, кітаптарда, заттарда көруге болады. Бұлардың ішінде ең бірінші пайда болғаны «сүліс» жазуы. Қалғандары соның негізінде дамып шықты. Сондықтан сүліс «уммүл-хутут» - «жазулардың анасы» деп аталады. Сүліс – «үштен бір» деген сөз, яғни күшкентай жазылатын әріптердің биіктігінің үштен біріне тең, дөнгелектері үштен бір, ал түзулер үштен екі болып келеді. Сүліс хатымен мешіт, т.б. ғимараттарды құран аяттары жазылған. Кейін «мухаққақ» және «тоуги», қаламды жіңішке қылып ұштау арқылы «насх», «райхани» және «рика» хаттары пайда болды.
Сүлістің негізінде дамып шыққан «насх» хатының атауы «ығыстыру» дегенді білдіреді. Бұл жазу түрі куфи жазуын қолданыстан ығыстырып шығарғандықтан солай аталған. Осы уақытқа дейін Құран текстері насх жазуымен жазылады да, куфи жазуымен сүренің аттары, тараудың тақырыптары жазылатын болды. Сол себепті «насх» жазуын «құрани» деп те атайды. «Рика» («төрт бөлігі» деген сөз) насхтың тез жазылатын варианты. «Тоуги» («мөр», «таңба» дегенді білдіреді) хатымен патша жарлықтары, сот шешімдері жазылды. «Мухаққақ» сөзі «анық» дегенді білдіреді.
«РАйхани» (райхан гүл - базилик) – гүл аты. Классикалық алтылықтың куфиден айырмашылығы – шеңберге құрылып, дөнгелене жазылуында. Кейін ислам дінін қабылдаған елдерде араб жазуын дамытуға басқа халықтар да үлес қосты. XIV ғ.-да Иранда араб жазуының парсылық нұсқасы (тоуғи мен риканың негізінде) «талиқ» жазуы пайда болады. Оны ойлап шығарған Исфахандық каллиграф Тадж Салмани деп айтылады. Бұл хат түрімен көбіне кітаби ақындардың шығармалары, ғылыми еңбектер жазылатындықтан оны «наме» (кітаби деген сөз) деп те атаған. Ал XIV ғасырдың аяғында атақты құснихатшы Мир Әли Тебризи насх пен таликтің қосылған түрі «насталиқ» (насх-е-талик) жазуын жасайды. Аңыз бойынша насталик жазуының жасалуы былай болған. Атақты суретші Мир Әли Тебризиге түсінде Мұртаза Хазрет Әлі аян берип: «Ей Алланың құлы! Үйректің пішініне назар сал да, жазудың жаңа түрін жаса!» - дейді. Ол: «О әлемнің сұлтаны! Үйрекке қарап қалайша жазу шығаруға болады» - деп сұрағанда Хазреті Әлі: «Үйректің көзіне, тұмсығына, мойынына қара, олар қалай иіліп дөңгеленуіне назар сал. Жазуды солай қыл» - депті. Шынында да үйректің бейнесін бір сызықпен салсақ, онда насталиқ хатының элементтерін көруге болады. Бұл аңыздың негізгі шындығы – мұсылман хаткерлерінің жазудың көркем үлгілерін жасауда айналадағы табиғаттың сұлулығына сүйенгені. Яғни, мұсылман суретшілері көркемдікті табиғаттан үйренген. Кейін талиқ, насталиқ жазуларының тез жазылатын нұсқасы «шикесте» пайда болды. Оны жасаған – биік өнері үшін «Шафиа» деген лақап атқа ие болған иран хаткері Мұхаммед Шафи.
XIV-XVIII ғ.-ларда араб жазуын дамытуға түркі халықтары өзінің мол үлестерін қосты. Осман түркілері сұлтан сарайларында, дивандарында (жиналыстарында) қолданылатын ресми жазу түрі «диуани» «диуани жәмил» жазуларын жасады. Тиын ақшаларға қолданылатын «ижазет» «гырма», сұлтан тұғраларын жазатын «туграни» т.б. көркем жазу түрлері де шыққан. Түркістанда пайда болған көркем жазу үлгісі «сиягет» деп аталған.
Әртүрлі хат (жазу) үлгілерінің көлемімен, пішінімен, лигатуралық сипатымен, сызықтарының қалыңдығы мен иілуімен, әріптердің өзара орналасу әдістерімен айырықшаланатын өзіне тән қалыптасқан ерекшелігі, қолданылатын орыны, жазғанда қаламның ұшталу әдісі және т.б. тәсілдері болды. Әр жазу үлгілерінің өзіндік қолдану аясы болды. «Куфи» жазуымен құлпытастардағы, металл ақшалардағы, мемлекеттік мөрлердегі жазулар орындалған, XV ғасырға дейінгі қолжазба кітаптарда «куфи» жазуымен шығармалардың тақырыптары және тақырыпшалары жазылды. «Насх» жазуымен Құрандар көшірілді, ал «тауки» және «рика» сияқты курсивтік жазулармен мемлекеттік кеңселердің іс қағаздары, сот шешімдері жазылған. «Талиқ», «насталиқ» жазулармен әдеби шығармалар жазылды. Ал көлеміне қарай үлкен жазулар – «жали», ұсақ жазулар – «хафи», өте кішкентай жазулар – «губар» деп аталған. Бір мәтінде әртүрлі жазу нұсқаларын, әр түрлі көлемін қолдануда жазудың көркемдігін арттырды. Өрнекті жазулар Қ.қа арналып, әшекейлі жазбалар тудырды. Мысалы, «куфи» хатының «әшекейлі куфи», «гүлденген куфи» деген көркем түрлері бар. Араб жазуының осы айтылған кең тараған үлгілерінен басқа, «тауыси», «баһор», «гюлзар», «хелали» т.б. сияқты әртүрлі көркем-фантастиқалық үлгілері де болды.
Құснихат өнерінің пайда болуы. Араб жазуының көркемдік, сұлулық негізі оның өрнектік сипатында жатыр. Көркемдік сипат араб жазуының өзінде о бастан бар болған, осы жазу түріне ғана тән ерекшелік деуге болады. Егер Еуропа алфавиттерінің әріптері көлемі жағынан біркелкі болып, бір жол бойына жазылса, араб әліпбиінің әріптері көлемі жағынан әртүрлі, олардың ені, ұзындығы әрқилы болып келеді және жолдың астына да, үстіне де, бойында да жазыла береді. Әріптердің суреті сөздің басында, аяғында, ортасында келуіне байланыстыда өзгеріп отырады. Араб жазулардың әсемдігі әліпби түрінде онша көрінбейді, тек жазғанда ғана ашыла түседі.
Әріптердің бұл өрнектілік сипат жазуды мың құбылтып, көркемдеп жазуға мүмкіндік береді. Араб жазуының осындай құбылмалығы шығармашылық ізденістерге және эстетикалық талаптарды қанағаттандыруға көптеген бейнелік-көркемдік мүмкіншіліктер берді және Қ. Өнерін биік өнер деңгейіне көтерудің алға шарттары болды. «Алла сұлу, ол сұлулықты сүйеді» - деген Құран сөзін негізге алған мұсылман хаткерлері Құранның сүрелерін, аяттардың қасиетті сөздерін әдемі, көркем жазуға тырысты. Әріптердің әдемілігі оларды сұлудың, адамның дене мүшелеріне теңеткізіп, қасиеттеуді туғызды. Мысалы, «әліп» әрпі – сұлудың сымбатына, «син» әрпі – сұлудың тісіне, «нун» әрпі – сұлудың қасына, көзіне теңеледі, «дәл» әрпі – адамның еңкейген еңсесіне, «ләм әліп» - екі бұрымға т.б. сияқты. Мұсылман ақындары да өз жырларында дене мүсінін араб әріптеріне теңеп жырлаған. Ертедегі ұлы Шығыс шайырларынан бастап, XIX ғ.-дағы Абайға шейін сұлуды араб әріптерімен, жазу белгілерімен сипаттау поэзияда көркемдік тәсіл болған. «Ол – құдырет, мүсіні – әлиф, ауызы – мим, тұлымы - нун» («Кабуснаме». Xiғ.).
Көз де берді. Тек адамның ісі ғып,
Жүрек берді – алсын деп түсінік.
Сезімде бар, көзің де бар, дауысың,
Екі аяқ бар – «әліп» әрпінен аумайсың
Муслихаддин Сағди
Ләм-әлиф – Лә иләһа илла Алла деп.
Я – ярым, қалай болар жауап сөзің
Мәт – қасың, тәштит – кірпік, сәкін – көзің.
Үтір мен асты-үстілі жазу да бар,
Болуға асты-үстілі көңсең өзің.
(Абай Құнанбайұлы).
Әдебиетте ғана емес, хұснихат өнерінде де әріптің бейнелілігін қолданып жазу арқылы адамның, жануардың, құстың суреттерін салу – бейнелік тәсілдің бірі болды.
Мұсылман хаткерлерінің араб жазуының бейнелік мүмкіндігін толық қолданып,дамытып, оны көркемөнер дәрежесіне көтеруі заңды құбылыс еді. Көркем жазу өнері өмірдің бар саласын қамтыды, мұсылман хаткерлері көркем жазумен ғимараттарды, тұрмыстық заттарды, киім, қару-жарақтарды әшекейледі. Мұсылман хаткерлері көркем жазуды ғимаратта, кітап, тұрмыс заттарын әшекейлеудеқолданып қана қоймай, жеке өнер жанрын да қалыптастырып, каллиграфиялық шығармалардың өзіндік туындыларын да жасады. Қ. Өнерінің алғашқы теориялық негіздерін ибн Мукла және ибн Баууаб жасаған болатын. Ал XIII ғ.-да белгілі араб хаткері Жамал аддин Якут Мустасими Қ. өнерінің теориясын әрі қарай дамытып жетілдірді.
Қазақ мәдениетіндегі құснихат өнері. Қазақстан территориясына араб жазуы ислам діні арқылы VII-IXғ.-ларда таралған. Қазақ жерінен шыққан ортағасырлық ғалымдар әл-Фарабидің философиялық трактат-туындылары, Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғати-т-Түрк» сөздігі, Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди», Ахмет йүгнекидің «һибуат-л-хақайиқ», Насыр ад-Дин Бухран ад-Дин Рабғузидің «Қиссасу-л-әнбия», Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білік» атты еңбектері және т.б. әйгілі туындылар араб хатының түрлі үлгілерімен жазылды. XX ғасырға дейін қазақтың ақын, ағартушы, тарихшыларының еңбектері де араб жазуымен басылып келді.
Орта ғасырлық сәулет өнері ғимараттарының қатарына жататын Түркістандағы Қожа-Ахмет Ясауи кесенесі (XIII-XIV ғғ.), Тараздағы Қарахан ата кесенесі (X ғ.), Талас ауданындағы Қарақожа мешіті (XX ғ.) және Маңғыстау өніріндегі Сейсен ата (XI-XX ғғ.), Шопан ата (XIII-XX ғ.), Шақпақ ата (XIV-XX ғғ.), Ескі Бейнеу (XVIII-XX ғғ.) тарихи ескерткіштеріндегі құлыптастар, жер асты және дер үсті мешіт-медресе түрлері, мазарлар, сағанатамдар, бейіттер осы Қ. түрлерімен безендірілді (қ. Жерасты мешіттері; Құлпытас; Мазар; Медресе; Мешіт).
Қазақстан территориясында әр кезеңдерде құрылған түрлі мемлекет билеушілерінің аттарынан соғылып шыққан теңгелер мен батыр бабаларымыз ұстаған тулар ұштықтары, олар ұстанған қару-жарақтар, әртүрлі бұйымдарға дейін көркем жазу үлгілерімен әшекейленген.
Ислам дінін қабылдап, араб жазуын қолданған барлық мұсылман халықтарындай, қазақтар да Қ. өнері дамып, қазақ хаткерлері де әсем жазумен өрнекті де бейнелі көркем шығармалар жасады. Араб графикасын қолданылатын Қытайдағы бауырларымыз бұл өнерді бүгінге дейін сақтап келеді.
Ал КСРО құрамында болған Қазақстанда кириллица әліпбиіне ауысуымен бұл өнер ұмытылып, жоғалып кетті. Дегенмен кеңес заманы кезінде де қазақ суретшілері кітап безендіруде кириллица жазуын араб жазуына сәйкестендіре стилизациялап, көркем жазу жасауға тырысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет