"М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"кмм ашық тәрбие сакғаты



Дата25.02.2016
өлшемі113.96 Kb.
#23059
"М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ

Ашық тәрбие сакғаты

Тақырыбы
"Елбасының жалау еткен Жолдауы"

Өткізген 10 "ә" сыныптың жетекшісі

Нұрсейітов Т.О.

Зеренді-2015 жыл.


Мақсаты: Оқушыларға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін ,биылғы 2014 жылғы 11 қарашадағы жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Аудиториясы: 10 кл

Көрнекіліктері: интерактивті тақта,слайдшоу, бейнефильм, кітап - журналдар көрмесі,банер.

Барысы:

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және білім алушылар. Бүгінде елімізде мемлекет басшысының жолдауы белсенді талқылануда. Өз кезегінде

бізде өзіміздің білім беру ордамыз аясында ортақ іске үлес қосқанды жөн санап отырмыз. Себебі жолдау саяси мәселе ғана емес, сонымен қатар еліміздің әрбір тұрғынының өміріне қатысты мәселе, себебі жолдау – мемлекеттің тағдыры.



2-жүргізуші: Осыған орай бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Елбасының жалау еткен Жолдауы» тақырыбында болып отыр. Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін биылғы 2014 жылы 11 қарашадағы жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.

1-жүргізуші:Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне ХХ ғасырдың соңында жеткені мәлім. Бұл бостандық қазақ елі үшін қымбатқа түсті. Өйткені осы жолда қаншама кемеңгер қазақ хандары, қара қылды қақ жарған шешен-билер, жорықтарда ерліктің үлгісін көрсеткен қас батырлар, қарапайым халық өкілдері құрбан болды.
Данар: «Отан туралы»

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен асқар тау гүлін сүйем

Мен оның құдіретті үнін сүйем, мен оның қасиетті тілін сүйем

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған

Бәрі маған Отан деп сыбырлаған

Жаным менің кеудемді жарып шық та

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!



2-жүргізуші: Тарихқа жүгінсек,ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, қашанда бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған.Алайда, кең-байтақ жерін, елін қорғау үшін бабаларымыз қасық қаны қалғанша күресті.

Ал сол Тәуелсіздік тұғырына жету жолында талай ғасыр күреспен арпалысып келдік.


Нургұл:«Тәуелсәз ел»

Тәуелсіз ел дүниеге келді.

Егемендік иесі мен деген сөз,

Көптеген бері естілмеген ерен сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған

Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.

Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.

«Егемендік» деген сөзден естілер

Ата жұрттың арысы мен бергісі.

Н.Ә.Назарбаевқа арналған өлең жолдары.
Күнісіз қазақ көгінің,

Шуағын шашқан халқына.

Қазығы бостандығымның,

Қажымас қайсар нар тұлға,

Ұшырдың алыс айға адам

Халқымның мақсат арманын,

Түсінер сіздей қайда адам?!

Бес қару белге буынып,

Қол бастар көсем өзіңсің,

Жаныңды қиып бересің,

Қазақтың байтақ жері үшін.
1-жүргізуші:1980 жылдың аяғында саяси орталарда қысқа уақыт ішінде Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге оның шекарасынан тыс елдерде орасан зор құрметті иеленген, көбінесе өмір сүріп жатқан дәуірмен үндес адамның аты шықты. Бұл Н.Ә. Назарбаевтың аты болатын. Экономикалық және саяси реформаларды батыл, әрі белсенді түрде алға жылжытатын, республика қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ ел азаматтарын жанжалдар мен даулардан қорғайтын Қазақстан басшысы тұлғасының беделі мен тартымдылығы миллиондаған адамдарға үлкен жағымды әсер етті.

Толықсыған социалистік экономиканың шиеленісіне, ыдырап бара жатқан

Кеңес Одағының даму перспективалары мен жолдарын іздеуге толы, 1990-

1991 жылдардағы күрделі кезеңде Қазақстанның дағдарыстан, кеш қайта құру тұйығына тірелуден өз бетімен шығуына тура келетіні туралы ойландырды. Орталықтың күшіне енді ешкім сенбеді. Осы кезеңде ел аумағында біртұтас экономикалық кешен болмады. Қазақстан үшін бұл жағдайдың ерекше драмалық реңкі болды. Біздің кәсіпорындарымыздың 95 пайыздан артығы Орталықтан басқарылды. Сонымен бірге басқарушылық, қаржылық, әкімшіліктік байланыстар үзілген жағдай

ларда, дәрменсіз Орталық жағдайларында осының барлығы республика экономикасының жағдайына тікелей әсер етті. Толық күйреуге жол бермеу, мүлдем басқа экономикалық және саяси жағдай шарттарында ыдырау салдарын жұмсарту үшін мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны дайындау туралы шешім қабылданды.
1-жүргізуші:Тарих үшін тым аз, қас-қағым сәт болып есептелетін 24 жыл – біз үшін әрі ұзақ, әрі тарихи кезең болғаны рас. Өйткені, бұл жылдарда мемлекеттігін нығайтып, жер шарында дербестігін сақтап қалу – Қазақстан және Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін оның субъектілері болған жаңа мемле

кеттердің бәрі үшін үлкен сын болғаны ақиқат. Әркім сынақтан әрқалай өтті, бірақ, қай –қайсысы да мемлекеттік дербестігін сақтай білді.Бірақ, қалай ? Әңгіме осында.



2-жүргізуші:Экономикалық және әлеуметтік дағдарысты жеңу,басталған

реформаларды жылдам және қайтымсыз жалғастыру үшін елімізде бүкіл қазақстандық қоғамды шоғырлау талап етілді.

Алайда тәуелсіздікті алу және егемендікті жариялау әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның алдында өз есігін ашатынын білдірмеді. Халықаралық қатынастар саласында белгілі орынды алудан бұрын, жеңуі қажет болатын көптеген проблемалар болды.

1-жүргізуші: 1991 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н. Ә.Назарбаев ҚР-ның Президенті болып сайланды. Әрине, ел басқару екінің бірі, егіздің сыңарының қолынан келетін өнер емес.

Еркебұлан:Елбасының өмірбаяны./Слайдшоу/

2-жүргізуші: Тәуелсіз жас мемлекетке және оның көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевқа бірқатар проблемаларды шешу, соның ішінде Қазақстан Республикасының шын мәнінде нені білдіретінін көрсету, Қазақстанның халықаралық танылуын, оның қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, халықаралық экономикалық байланыстарға қосылу қажет болды.

1-жүргізуші: Қазақ елі ХХ ғасырдың соңында үлкен сыннан өтті.1997 жыл – кеңестік кезеңнен кейінгі бей-берекеттік түбегейлі еңсерілмеген, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияны және басқа да кейбір нарықтарды сансыратқан кезең болатын. Бізге де аса қиын соқты.

2-жүргізуші: Елбасының халыққа алғашқы стратегиялық жолдауы қай жылы, қандай атпен жолданды?

1-жүргізуші: 1997 жылдың қазан айында «Барлық Қазақстанның өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында ҚР 2030 ж дейінгі даму стратегиясы белгіленді.

2-жүргізуші:1997 жыл еске түсірсек елбасы Парламентте сөз сөйлегеннен кейін абдырау мен абыржу болды.Көпшілік: «Бұл не – насихат па? Әлде аспаннан түскен нәрсе ме?»  деп сауал қойып жатты.Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін.Дегенмен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой.

1-жүргізуші:Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз  басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді.

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында үлкен тарихи және саяси мәндегі құжат-«Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы қабылданды.

1-жүргізуші:Бағдарламада ағымдағы сәттегі республиканың жағдайы толық талданған, «Қазақстан миссиясы» ашылды, сондай-ақ «ұзақ мерзімді басымдық мақсаттары» анықталды.Қаралған мәселелер: 
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. 
2. Реформаларды аяқтау. 
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. 
4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.



2-жүргізуші: Біз «Алдымен экономика – cодан соң саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Саяси реформалардың әрбір кезеңі  экономика дамуының деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру

 жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша ғана елді жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге болады.

1-жүргізуші:Стратегия-2030 қабылданғаннан бері 18 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді.

Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз.



2-жүргізуші: Егер Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері көп қырлы бейбітсүйгіш сыртқы саясаты тұрғысынан қарасақ ғасырлық аңсаған арманындай көгілдір түске бөленген көк байрағы халықаралық аренада желбірейді. Елбасының саясаты нәтижесінде ұлтаралық кикілжіңдер орнығуы мүмкін мекеннен сан ұлттың достығы жарасқан елге айналдық.
Замзагуль:«Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым‐ Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей‐кейде дүниеден түңілсем де

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


Бақытым бар үшінші– Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы, от ал менен.


Үш бірдей бақытым бар алақанда,

Мені мұндай бақытты жаратар ма!

Үш Күн нұрын төгеді аспанынан

Атырау, Алтай, Арқа, Алаутауға!!!



1-жүргізуші:1997 жылдан 2015 жылға дейін Елбасы халыққа 19 жолдау жолдапты. Соңғы жылдардағы жолдауларды еске түсіре кеткеніміз жөн болар.

2008 ж - «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясатының басты мақсаты».

2009 ж – «Дағдарыстан жаңару мен дамуға».

2010 ж – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»

2011 ж – «Болашақтың іргесін бірге қалайыз»

2012ж -14 желтоқсан – «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»,

2013ж- «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»

2014жыл қаңтар-«Қазақстан-2050" Стратегиясы.Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ »

2014жыл қараша-«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»

2-жүргізуші: Жыл сайынғы Жолдауларда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдар, олардың жүзеге асырылатын нақты уақыттары аталып, жүзеге асырылуда.

1 жүргізуші: Қазақ елі өткен 24 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады.

2-жүргізуші: «Қазақстан -2050» Стратегиясын орындау Отанымыздың әрбір патриотының азаматтық борышы саналады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті екен.

Елбасының Жолдауындағы біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.



1-жүргізуші: Елбасының 2014 жылдың 11қарашасындағы Жолдауының жөні бөлек. Бұл дағдарыс уақытында халықты жұмылдырған, басын біріктіретін, қиындықтан шығудың жолдарын нақты көрсеткен жолдау болды.

(Жолдаудан үзінді тыңдалады)

Оқушылар негізгі бағыттарды атап өтеді.

2-жүргізуші: Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық  Қазақстанды ЭКСПО-2017 Халық

аралықк көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді.Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бермейді. Біздің еліміз  кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте  ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық ауқымдағы іс-шара – ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел екенін  айтсақ та жеткілікті.



1-жүргізуші: Ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын ұсынуы,2030 Стратегиясының міндеттерін орындау жалғасы болады. Уақыт пен жағдай 2030 бағдарламасы сияқты біздің жоспарларымызға түзетулерін енгізетінін нақты түйсінуіміз керек.2050 жыл — жай бейнелі дата емес. Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.

2-жүргізуші: Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

1-жүргізуші: Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Ән: "Көк тудың желбірегені" /Омар Самал және т.б./

2-жүргізуші:Тыйылғандай дағдарыста, даму да

Жылынғандай қаһарлы қыс, қарың да

Елбасының елге арнаған жолдауы

Жанымызға нұрлы шуақ құйғандай,- демекші Елбасымыздың жалау еткен Жолдауына әрбір қазақстандық жүгінуге міндетті. Біз үшін Отаннан асқан байлық, Отаннан асқан дәулет жоқ. Ендеше сол Отанымыз

дың тәуелсіздігін сақтап одан әрі дамуына баршамыз үлес қоса білейік.

Қорытынды:



1-жүргізуші:

-Жалпы, азаттық алғалы Қазақстан халқына қанша Жолдау жарияланды.

-Олардың өзгешеліктері мен бағыт-бағдары қалай болды?

-Бұл осымен 19-ші Жолдау десек, бұрынғы саяси құжаттардан несімен ерекше түсті?

- Жолдау туралы не түйдіңдер, осы айтылған тарауларда не айтылмады?

Оқушыларға өз ойларын айтқызу.



2-жүргізуші: Құрметті достар!Америка елінің саясаткері Теодор Рузвельт: "Сен өз елің үшін өлімге дайын болуың қажет, бірақ ол үшін өмір сүруге дайын болуың одан да қажет", -деген.Біздің ұсынған тәрбие сағатымыз бәріміз үшін ортақ іс –мемлекетімізді нығайтуға қосқан елеулі үлес болып, өз елінің шынайы отаншыл азаматын тәрбиелеуге көмектесетініне сенімдіміз.

1-жүргізуші: Осымен біздің ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Назарларыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет