Мұғалімдерді аттестаттау тесті Қазақ әдебиеті



Дата25.02.2016
өлшемі58.5 Kb.
#19230


Мұғалімдерді аттестаттау тесті

Қазақ әдебиеті

1-нұсқа
1. Мәңгілік өмірді аңсайтын аңыз кейіпкерін анықтаңыз.

A) Асан қайғы.

B) Алдар көсе.

C) Қорқыт.

D) Қожанасыр.

E) Жиренше шешен.


2. Төле бидің қай ғасырда өмір сүргенін табыңыз.

A) XVI-XVII.

B) XVII- XVIII.

C) XV-XVI.

D) XVII-XIV.

E) XVIII-XIX.


3. «Ер Төстік» ертегісінде Темір хан еліне аттанған сапарында Төстікке үшінші кезіккен досы кім екенін табыңыз.

A) Желаяқ.


B) Баукеспе ұры.

C) Саққұлақ.

D) Көлтауысар.

E) Таусоғар.

4. Заттың болмыс-бітіміне қарап сипаттайтын жұмбақты анықтаңыз.

A) Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.

B) Тау басына шөп шықты, шөп шыққанда көп шықты.

C) Есек құлақты, мысық аяқты, түйе ерінді.

D) Сақалы жоқ, шашы бар; бет-аузы жоқ, басы бар.

E) Қуаты ыссы керемет, үйге лебін жаяды.


5.

Алтын тақтың үстінен,

Қояндай қарғып түседі,

Ақ маңдай жарқырап,

Танадай көзі жалтылдап,

Жүйрік аттай ойқастап,

Кер маралдай керіліп,

Өзгеден асқан келбеті...

Үзіндіде лиро-эпостың жырдың қай ару кейіпкері сипатталғанын табыңыз.

A) Ақжүніс.

B) Баян сұлу.


C) Айман.
D) Шолпан.

E) Қыз Жібек.


6.

Байлауда қалған ақсұңқар,

Бұрынғыдай бола алмас.

Көлден үйрек ала алмас,

Кетпек болсаң-алғаным-

Неғылғаным сенен қалғаным?! деген жыр жолдары қай жырдан алынғандығын анықтаңыз.

A) «Алпамыс батыр»

B) «Ер Тарғын батыр»

C) «Қамбар батыр»

D) «Қобыланды батыр»

E) «Ер Қосай»


7.

Бұқар жыраудың толғауын табыңыз.

A) «Бұл заманда не ғаріп?»
B) «Жауға шаптым ту байлап»

C) «Айналасын жер тұтқан»

D) «Еңсегей бойлы ер Есім»

E) «Бұл дүниенің мысалы»

8.

Дулат Бабатайұлының Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баян ететін өлеңін анықтаңыз.



A) «Тегімді менің сұрасың»

B) «Хан – сарқыты Кененің»


C) «Бесінші сөз»

D) «Әуелгі қазақ деген жұрт»

E) «Ақтанға»

9.


Махамбеттің Исатайға арнаған өлеңін табыңыз.

A) «Күн қайда?»

B) «Тарланым»

C) «Махамбеттің Жәңгірге айтқаны».

D) «Мұңайма».

E) «О, Нарын!».


10.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,-деп, Шортанбай нені айтқанын табыңыз.

A) Ағаш.


B) Шошқа.

C) Темір.

D) Ақша.

E) Ит.
11.

1868 жылы «Жаңа низам» заңы шығып, қазақ елін билеу жүйелі өзгеріске ұшыраған тұста, хандық дәуірді аңсап жырға қосқан реалист ақынды анықтаңыз.

A) Жиембет.

B) Доспамбет.
C) Шалкиіз.

D) Шортанбай.

E) Дулат.

12.


Ш.Уәлихановтың орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланған жылын анықтаңыз.

A) 1856ж.

B) 1857 ж.

C) 1853ж.

D) 1865 ж.

E) 1856 ж


13.

Шоқан Уәлихановтың ғылыми мүмкіндіктерін жоғары бағалап, Орыстың императорлық географиялық қоғамына мүшелікке ұсынған атақты ғалымды анықтаңыз.

A) Н.Ф.Костылецкий.
B) П.П.Семенов-Тяншанский.

C) Ф.М.Достоевский.

D) Г.Н.Потанин.

E) В.Г.Белинский.

14.

Абайдың мына үзіндісі қай өлеңнен алынғанын табыңыз.



Қайнайды қаның,

Ашиды жаның

Мінездерін көргенде...

A) «Жігіттер, ойын арзан».

B) «Интернатта оқып жүр».

C) «Сегіз аяқ».

D) «Ғылым таппай мақтанба».

E) «Тайға міндік».


15.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Қарасам, қайғырар жұрт бұл заманғы» өлеңі қай ақыннан аударылғандығын табыңыз.

A) И.А.Крыловтан.

B) Гетеден.


C) А.С.Пушкиннен.
D) Н.Некрасовтан.

E) М.Ю.Лермонтовтан.


16.

Абайдың Тоғжанға арнаған өлеңін анықтаңыз.

A) «Көзімнің қарасы»

B) «Жарқ етпес қара көңілім»

C) «Айттым сәлем қаламқас»

D) «Білектей арқасында өрген бұрым»

E) «Сап-сап көңілім...»
17.

«Кешегі сентябрдің базарында, көтердім елу келі кірдің тасын» дейтін ән шығарған серіні табыңыз.

A) Жаяу Мұса.

B) Ақан сері.

C) Сегіз сері.

D) Біржан сал.

E) Балуан Шолақ.


18.

Қарлығып қарттың дауысы,

Жалтар желдей ескен күн.

Берейін, жастар, батамды,

Сендерге тізгін көшкен күн, - деп болашақ жолын жастарға ұсынған ақынды көрсетіңіз.

A) Ақан сері.

B) Жаяу Мұса.
C) Үкілі Ыбырай.
D) Біржан сал.

E) Сегіз сері.


19.

Әсет Найманбаевтың қисса-дастанын көрсетіңіз.

A) «Салиха-Сәмен».
B) «Шеризат-Гүлшат»
C) «Көлбай-Жанбай»

D) «Қалқаман-Мамыр».

E) «Еңлік-Кебек».
20.

Көрнекті ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармасын анықтаңыз.

A) «Адамдық борышың».
B) «Қос перне».

C) «Насихат гумумия».


D) «Қарыз пен парыз».

E) «Бұл дүниенің жүзінде».


21.

Ахмет Байтұрсыновтың тілші, әдебиетші ретінде жазған оқшау, дара тұрған мақаласын көрсетіңіз.

A) «Оқу жайлы».

B) «Қазақтың бас ақыны».

C) «Қазақ өкпесі».

D) «Тәні саудың – жаны сау».

E) «Қазақша оқу жайынан».
22.

Ахмет Байтұрсыновтың 1909 жылы Петербургта басылып шыққан жинағын көрсетіңіз.

A) «Азамат»

B) «Домбыра»

C) «Маса»

D) «Терме»

E) «Қырық мысал»
23.

Ахмет Байтұрсыновпен тізе қосып «Қазақ» газетінде тең редактор болып еңбек еткен жазушы, ақын, қайраткерді анықтаңыз.

A) Мұхтар Әуезов.

B) Міржақып Дулатов.

C) Мағжан Жұмабаев.

D) Жүсіпбек Аймауытов.

E) Шәкәрім Құдайбердіұлы.
24.

1923 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орны мен әлеуметтік-қоғамдық істерін дұрыс көрсетіп, әділін айтып, елу жылдығына орай мақала жазған адамның кім екендігін анықтаңыз.

A) Міржақып Дулатов.
B) Мұхтар Әуезов.

C) Сұлтанмахмұт Торайғыров.

D) Сәкен Сейфуллин.

E) Мағжан Жұмабаев.

25.

М.Дулатовтың ақындық талантының юморлық, сатиралық қырларын көрсететін әзіл-қалжыңмен жазылған өлеңін табыңыз.



A) «Сағыну».

B) «Қапастағы ұрының мінажаты».

C) «Сөз ақыры».
D) «Жұмбақ».

E) «Шағым».

26. І.Жансүгіровтің өмір мен өлім, фәни тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес идеясын арқау еткен туындысын анықтаңыз.

A) «Құлагер».

B) «Жастар».

C) «Күйші».

D) «Жанартау».

E) «Ұлы күнде».


27.

«Өткен күндер» өлеңдер жинағының авторын табыңыз.

A) І.Жансүгіров.

B) С.Сейфуллин.


C) Б.Майлин.

D) М.Жұмабаев.


E) Х.Досмағанбетов.
28.

Мына өлең жолдарының авторын табыңыз.



Кедей боп туғам, кедей деп өлем.

Не көрсем де кедейден көрем...

A) Абай Құнанбаев.

B) Сәбит Дөнентаев.

C) Сәкен Сейфуллин.

D) Мағжан Жұмабаев.

E) Бейімбет Майлин.


29.

Ж.Жабаевтың 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты суреттеген өлеңін белгілеңіз.

А) “Зілді бұйрық”.

В) “Амангелді батыр”.

С) “Өстепкеде”.

D) “Бекболат”.

Е) “Сұраншы батыр”.
30.

Қасым Аманжоловтың соғыстан кейінгі шығармашылығына жататын өлеңін табыңыз.

A) “Сарыарқа”.

B) “Үстімде сұр шинелім”.

C) “Қапанға”.

D) “Дариға”.

E) “Елге хат”
31.

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында Бөжейлердің Құнанбай үстінен арыз айтқалы қай дуанға барғандығын көрсетіңіз.

A) Қарқаралыға.

B) Жидебайға.

C) Керекуге.
D) Семейге.
E) Қарауылға.
32.

Мұхтар Әуезовтің айтуынша, Қасымбек ағасы оны неше жасында Семейдегі училищеге түсіргендігін көрсетіңіз.

A) 8 жасында.

B) 11 жасында.

C) 7 жасында.
D) 9 жасында.
E) 10 жасында.
33. «Эпикалық «Абай романы» ... ХХ ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі» деген пікірдің иесін көрсетіңіз.

A) Л. Арагон.

B) Л. Соболев.

C) С. Қирабаев.

D) З. Қабдолов.

E) К. Федин.


34.

Жұман бай - қай жазушының кейіпкері.

A) Ғ.Мұстафин.

B) С.Мұқанов.

C) Ғ.Мүсірепов.

D) Ә.Нұрпейісов.

E) Т.Ахтанов.


35.

С.Мұқановтың өлеңмен жазылған романын белгілеңіз.

A) Сұлушаш.

B) Ақ аю.

C) «Октябрь өткелдері».

D) «Батырақ».

E) Теміртас.
36.

«Құс жолы», «Ақ кеме», «Жан пида» шығармаларының авторы.

A) Қ.Жұмаділов.

B) Ә.Кекілбаев.

C) Ш.Айтматов.

D) М.Мағауин.

E) Ә.Нұрпейісов.
37.

Сөйлемдегі гиперболаны(әсірелеу) табыңыз.



Әр атқанда садағы жүз кісіден құлатты; Айқайлаған дауысы айшылық жерді алады. Күркілдеген дауысы күншілік жерді алады.

A) Әр атқанда садағы.

B) Садағы құлатты.

C) Күркіреген дауысы.

D) Айқайлаған дауысы.

E) Садағы жүз кісіден құлатты, дауысы айшылық жерді алады.Дауысы күншілік жерді алады.


38.

Алмастыруды (метонимия) табыңыз.

A) Мен-арыстан.

B) Сұр бұлт.

C) Ауыл қалың ұйқыда.

D) Қобыланды батыр ұйықтап жатыр.

E) Желсең аттай.
39.

Дулат Исабековтің алғашқы әңгімелері республикалық газет-журналдарға қай жылдан жариялана бастағанын белгілеңіз.

A) 1971 жылдан.

B) 1940 жылдан.


C) 1993 жылдан.

D) 1955 жылдан.

E) 1962 жылдан.

40.


І.Есенберлинге қай романы үшін Мемлекеттік сыйлық берілгенін анықтаңыз.

A) «Айқас» романы.

B) «Маңғыстау майданы».

C) «Қатерлі өткел» романы.

D) «Ғашықтар» романы

E) «Алтын құс» романы.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет