МҰҒаліммен бірге орындайтын студенттің Өзіндік жұмысына әдістемелік нұСҚАУ



Дата01.07.2016
өлшемі185.28 Kb.
#171242













С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

2 АКУШЕРЛІК ІС ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

МҰҒАЛІММЕН БІРГЕ ОРЫНДАЙТЫН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



Мамандық 051 301 – «Жалпы медицина»
Кафедра – №2 акушерия және гинекология

    1. МҰҒАЛІММЕН БІРГЕ ОРЫНДАЙТЫН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Курс: 5 (бесінші)

Пән: акушерия және гинекология

Құрастырушы: №2 акушерлік іс және гинекология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Қалиева Л.Ғ.



Алматы 2011жыл.
Мұғаліммен бірге орындайтын студенттің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқаулар кафедра меңгерушісі Л.Ғ. Қалиева құрастырған. Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің қызметін атқарушының 2010 жылының 17 қыркүйекте шыққан №731бұйрығымен бекітілген 051301 – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006 жылғы Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес құрастырылған.

Мұғаліммен бірге орындайтын студенттің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқаулар №2 акушерлік іс және гинекология кафедрасының отырысында талқыланды

«22» сәуір 2011 ж., № 18 хаттама
Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д. Л.Ғ. Қалиева


1 Сабақ
Тақырыбы: Жүкті және босанғаннан кейінгі әйелді амбулаторлық жүргізу
Сабақтың мақсаты: Әйелдер консультациясында жүкті әйелді, құрсақ ішіндегі нәрестені және босанғаннан кейінгі әйел жағадайын бақылау жайында түсініктеме беру.
Сабақтың міндеті:

  • Ситуациялық есептерді шығару кезінде теориялық білімді қолдану дағдыларын студетте қалыптастыру

  • Сыртқы акушерлік тексеру дағдыларын қалыптастыру


Орындау түрі:

  • Студент ҚР ДМ протоколдары мен бұйрықтарына сүйене отырып, ситуациялық есепті шығару керек. Оқытушы студенттің білімін бағалайды.

  • Оқыту фильмін қарағаннан кейін студент сыртқы акушерлік тексеру жүргізу әдістемесін көрсетеді. Оқытушы студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалайды.


Тақырып бойынша тапсырма:

  • Ситуациялық есеп берілген. Болжама диагнозды қойыңыз. Зерттеу түрін тағайындаңыз. Зерттеу нәтижелерін талдаңыз. Қорытынды диагноз қойыңыз. Ем тағайындаңыз. ЖТД-нің келесі тактикасын анықтаңыз.

  • Оқулық фильмін қараңыз, кейін сыртқы акушерлік тексеру жүргізу әдістемесін көрсетіңіз


Студентке берілетін құжаттар:


  • Ситуациялық есептер

  • «Сыртқы акушерлік тексеру әдістері» ОСКЭ кезеңдері

1 ситуациялық есеп


М. И. 23 жаста.

Мекенжайы: Алматы.

Жүктіліктің 14 апталығынан диспансерлік тіркеуде тұр. Қазір жүктіліктің 35-36 аптасы.

ЖТД келген шағымы: 10 минут бұрын жыныс жолдарынан ашық қанды бөлінділер байқалды, қазір тоқтаған жоқ.



Өмір анамнезі: Соматикалық ауруы жоқ. Етеккірі14 жастан, ретті, 4-5 күннен, 28 күнде, орташа мөлшерде, ауыру сезімсіз келеді. Жыныстық қатынаста 18 жасынан. 2 жүктілік болған. Біріншісі 9-10 апталығында түсікпен аяқталды, жатыр қуысы қырылды. Осы жүктілік - 2-ші, 20-21 апталығында УДЗ арқылы плацентаның толық жатуы анықталды.

Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері, шырышты қабаттары таза, түстері қалыпты.АҚҚ 110/70мм.с.б., пулсі минутына 82 рет. Тынысы везикулярлық, сырыл байқалмайды. Жүрек шулары анық, ретті. Тілі таза. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыр, көк бауыры пальпацияланбайды. Тақылдату симптомы екі жағында теріс. Физиологиялық шығарымдары қалыпты.

Акушерлік статус: Жатыр көлемі овоидтық, 35 -36 апталық жүктілікке сай, ауыру сезімсіз, тітіркенбеген, кернелмеген, локалдық ауыру сезім байқалмайды. Нәресте ұзынынан орналасқан, басымен жатыр, кіші жамабас кіреберіс үстінде қозғалмалы. Жүрек соғымы анық, ретті, минутына146 рет.
Студентке тапсырма:

Дәрігердің тактикасы? Әйелді айнада, қынаптық қарап-тексеру қажет па?

Диагноз қою үшін қандай іс-әрекет жасау керек?

Болжам диагноз қойыңыз

Дәрігердің келесі тактикасы?

2 ситуациялық есеп

18 жасар бірінші жүкті әйел. Әйелдер консультациясына гинекологқа келді. Шағымдары жоқ, бұрақ зәрін тексергенде протеинурия анықталды.

Ауыру анамнезі: Әйелдер консультациясында жүктіліктің 8 аптасынан диспансерлік тіркеуде тұр. Қазір жүктілік мерзімі 24-25 апта.

Өмір анамнезі: Бұрын ауырмаған. Етеккірі қалыпты. Осы жүктілік - бірінші. Жүктіліктің бірінші жартылығы қалыпты өтті.

Объективті: Жалпы жағдайы қалыпты. Дене пішіні дұрыс, бойы 167см, салағы - 62кг. Өкпеде тынысы везикулярлық, сырылы жоқ. Жүрек тондары анық, ретті. Пульс – 88 рет минутына. АҚ 140/90 мм с.б.б. екі қолында. Ісіну лер жоқ. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыр, көк бауыры ұлғаймаған. Тақылдату симптомы екі жағында теріс. Зәр шығаруы ауру сезімсіз. Үлкен дәреті қалыпты.

Акушерлік статус:

Жатыр көлемі овоидтық, 24-25 апталық жүктілікке сай. Іш айналым өлшемі 80 см, жатыр түбінің биіктігі-24см. Нәресте ұзынынан орналасқан, басымен жатыр. Ұрықтың жүрек соғымы анық, ретті, минутына 136 рет.

Айнада және қынаптық тексерілмеген.
Тапсырма:


  • Болжам диагноз қойыңыз.

  • Қандай зерттеу жүргізесіз?

  • Зерттеу мәліметтерін алынғаннан кейін клиникалық диагноз қойыңыз.

  • Дәрігердің тактикасын анықтаңыз.

  • Клиникалық диагноз қойыңыз.

  • Дәрігердің тактикасы қандай? Емі?

3 ситуациялық есеп


Қайта жүкті 30 жастағы К. есімді әйелдің шағымдары: бас ауыру, жүрегі айну, мұрынымен дем алу қиындаған, көз алдында «шіркейлер» ұшу, аяқтарында айқын ісінулер.

Ауыру анамнезі: Соңғы 2 апта аралығында 2000,0грамм салмақ қосып, аяқтарында ісік пайда болды.

Өмір анамнезі: Жасына сәйкес өсіп, жетілді. Тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Етеккірі 13 жасынан, бірден тұрақталды, 28 күнде 5-6 күн, орташа мөлшерде, ауыру сезімсіз келеді. Жыныстық қатынаста 20 жасынан. Осы жүктілік - 4-ші. Мерзімінде босану - 2, 1 – мед.аборт. 4 жыл гипертониялық типті нейроциркуляторлық дистония себебімен диспансерлік тіркеуде тұр.

Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Беті гиперемияланған. Сұрақтарға айтқысы келмей, кідіріп жауап береді. Өкпесінде везикулярлық тыныс, сырылы жоқ. Жүрек тондары анық, ретті. Пульс – минутына 86 рет. АҚҚ оң жағында 150/100 мм с.б., сол жағында 140/90 мм с.б. Тілі таза, ылғалды. Іші жүктілікке байланысты өскен. Бауыр, көк бауыры пальпацияланбайды. Тақылдату симтптомы екі жақта теріс. Аяқтарында айқын ісінулер.
Акушерлік статус:

Іші овоид тәрізді. Жатыр көлемі 33-34 апталық жүктілікке сай, қозғыш емес. Іш айналым өлшемі 90см. Жатыр түбінің биіктігі 30 см. Нәресте ұзынынан жатыр, басы кіші жамбас кіреберісінен жоғары. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ретті, минутына 140 рет.


Тапсырма:

  • Болжам диагноз қойыңыз

  • Емхана жағдайында терапевт, окулисттің кеңесі кажет пе?

  • Әйелдер консультациясы дәрігерінің тактикасы?

4 ситуациялық есеп.


Әйелдер консультациясына 24 жастағы жүктілік мерзімі 18-19 апталық пациент келді. Шағымдары: ішінің төменгі аймағындағы тұрақты ауру сезімі.

Ауру анамнезі: Жүктіліктің 8-9 аптасынан диспансерлік бақылауда. Жүктілік қалыпты өтті. Ауру сезім 5 күн бұрын стресстен кейін (пациент мемлекеттік емтихан тапсырды) пайда болған, күшейгеніне екі күн болды.

Өмір анамнезі: Балалық шағында қалыпты өсті және жетілді. Етеккірі 14 жасынан, ретті, 3-4 күн. Жыныстық қатынаста 20 жасынан. Тұрмыста. Осы жүктілік - бірінші.

Объективті: Жалпы жағдай қанағанаттанарлық. Тері, шырышты қабаттары қалыпты түсті. Өкпеде тынысы везикулярлық, сырылы жоқ. Жүрек тондары анық, ретті. АҚҚ 120\80 мм с.б., пулсі минутына 80 рет. Іші жүктілік себебімен ұлғайған, пальпация кезінде ауыру сезімі төменгі аймағында байқалады. Бауыр, көк бауыры пальпацияланбайды. Тақылдату симптомы екі жақты теріс. Үлкен дәреті және зәр шығаруы қалыпты.

Акушерлік статус: Ішінің көлемі овоид тәрізді. Жатыр 18-19 апталық жүктілікке сай, қозғыш.

Айнамен тексеру мәліметтері: Қынаптың, жатыр мойынының шырышты қабаттары қалыпты түсті. Бөлінділер ашық түсті, аз мөлшерде, иіссіз. Сыртқы ернеуі жабық.

Қынаптық тексеру мәліметтері: Жатыр мойыны қалыптасқан, жұмсақтау, артқа қарай орналаскан. Сыртқы ернеуі жабық. Жатыр 18-19 апталық жүктілікке сай, қозғыш.


Тапсырма:

  • Болжам диагноз қойыңыз

  • Дәрігердің тактикасы қандай?

  • Емі қандай?


Сыртқы акушерлік тексеру

Леопольд тәсілдері

Сыртқы акушерлік тексерудің негізгі әдістеріне іштің пальпациясы жатады. Жүкті әйел ішінің пальпациясы белгілі жоспар бойынша жүргізіледі, Леопольдтің төрт тәсілі бірінен кейін бірін қоладанылады. Босанушы әйелді толғақтар арасында тексереді, оның тізелері аздап бүгілген, ал дәрігердің қолы жылы болуы керек. Дөрекі қимылдар жасамау керек, бұл жатырдың қозуын және толғақ шақыруы мүмкін.



Бірінші тәсіл

Мақсаты – жатыр түбі деңгейін және жатырдың түбіндегі ұрықтың ірі мүшесін анықтау.

Дәрігер әйелдің оң жағынан бетімен қарап тұрады. Әйел кушеткада жатады, дәрігердің қолы жатыр түбіне орналасады және тереңге жылжыта отырып, жатыр түбінің деңгейін, сонымен қатар жатыр бүбіндегі ұрықтың мүшесін анықтайды.



Екінші тәсіл

Мақсаты – ұрықтың арқасын және ұсақ мүшелерін, позициясын, орналасу түрін анықтау.

Дәрігердің екі қолы жатыр түбінен оның бүйірлеріне қарай жылжиды. Бір қолы бір орнында қозғалмай орналасады, ал екіншісі жатырдың бүйірімен қозғалады. Содан кейін осы қимылдарды екінші қолымен қайталайды. Арқасы жатқан жағында қол астында біркелкі ұзынша алаң сезіледі. Ұрықтың ұсақ мүшелері орналасқан қарама-қарсы жағында үлкен емес томпайған, жиі орнын ауыстырып тұратын қозғалмалы аяқ-қолдары анықталады.



Үшінші тәсіл

Мақсаты – ұрықтың жатушы бөлігін анықтау.

Дәрігер әйелдің оң жағынан бетімен қарап тұрады. Дәрігердің оң қолы симмфиздің үстінен орналасады, үлкен саусағы жатырдың ортаңғы сызығынан – оңға, ал қалған төртеуі – солға орналасады. Саусақтары біртіндеп тереңге жылжып, ұрықтың жатушы бөлігін ұстайды. Басы тығыз дөңгелек мүше ретінде сезіледі, ал жамбас бөлігі – дөңгелек емес, ірі жұмсақтау мүше ретінде.



Төртінші тәсіл

Мақсаты – жатушы бөлігінің деңгейін кіші жамбас кіреберісіне қатысты анықтау.

Бұл тәсіл алдыңғысына қосымша болып келеді. Дәрігер арқасымен бұрылады. Оның алақандары жатушы бөліктің оң және сол жағынан орналасады, саусақтары симфизге тиіп тұрады. Саусақтарымен кіші жамбас қуысына қарай тереңдетіп байқап жылжиды, жатушы бөлігі мен жамбас қабырғаларының арасына қарай жылжиды, содан кейін саусақтары басының бойымен жоғары сырғиды. Егер осы кезде қолдарының басы қосылса, онда басы үлкен сегментімен кіші жамбас кіреберісінде тұр немесе төменірек түсті. Егер зерттеушінің қолдары бірікпесе – басы кіші сегментімен кіші жамбас кіреберісінде тұр. Егер басы жамбас қуысына түссе, сыртқы тәсілдермен анықтау мүмкін емес. Басы биікте тұрса, оның астына саусақтарды жеткізуге болады.


Әдебиет:


  • Основные клинические протоколы и приказы МЗ РК по акушерству и неонатологии.- МЗ РК, 2010.-С. 6-68.

  • Учебный фильм «Наружное акушерское исследование»

  • Практические умения по акушерству и гинекологии: Учебное пособие / Р.Н. Степанова, С.П. Пахомов.- Ростов н/Д: Феникс, 2010.- С. 8-10.


Бақылау:

Тапсырманы орындау барысында оқытушы қажет түзетулер жасап отырады және баға береді.


2 Сабақ


Тақырыбы: ЖТД жұмысында кездесетін әйел жыныс мүшелерінң қабыну аурулары
Мақсаты: Ситуациялық есептерді шығару кезінде теориялық білімді қолдану дағдыларын студетте қалыптастыру; бактериоскопияға жағынды алу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:

  • Ситуациялық есептерді шығару кезінде студент теориялық білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетеді

  • Сабақтың соңында студент бактериоскопияға жатыр мойынынан және қынаптан жағынды алу әдістемесін көрсете алады

Орындау түрі:

  • Студент ҚР ДМ протоколдары мен бұйрықтарына сүйене отырып, ситуациялық есепті шығару керек. Оқытушы студенттің білімін бағалайды.

  • Оқыту фильмін қарағаннан кейін студент бактериоскопияға жатыр мойынынан және қынаптан жағынды алу әдістемесін көрсетеді. Оқытушы студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалайды.

Тақырып бойынша тапсырма:

  • Ситуациялық есеп берілген. Болжама диагнозды қойыңыз. Зерттеу түрін тағайындаңыз. Зерттеу нәтижелерін талдаңыз. Қорытынды диагноз қойыңыз. Ем тағайындаңыз. ЖТД-нің келесі тактикасын анықтаңыз.

Оқыту фильмін қараңыз, кейін бактериоскопияға жатыр мойынынан және қынаптан жағынды алу әдістемесін көрсетіңіз.
Студентке берілетін құжаттар:

  • Ситуациялық есептер

  • ОСКЭ «Бактериоскопияға жағында алу»

1 ситуациялық есеп


И. Р. 23 жаста.

Мекен жайы: Алматы.


Әйелдер консультациясына келесі шағымдарымен келді: ішінің төменгі оі жақ аймағындағы ауыру сезім, жалпы әлсіздік, кеше дене қызуының 37,70С көтерілуі.

Ауыру анамнезі: Ауырғанына 3 күн болды, соңғы етеккірі біткеннен кейін айтылған симптомдар басталды.

Өмір анамнезі: Соматикалық аурулары жоқ. 2 жыл бұрын жедел сальпингоофорит себебімен стационарлық ем қабылдады. Етеккірі 14 жасынан, ретті, 4-5 күннен, арасы ­-28 күн, орташа мөлшерде, ауыру сезімсіз келеді. Соңғы етеккірі 3 бұрын біткен.

Жыныстық қатынаста 19 жасынан. Жүктілігі – 2, бірінші жүктілік 3 жыл бұрын мерзімінде босанумен аяқталды, бір ай бұрын екінші жүктілігі медициналық аборт арқылы үзілді.



Объективті: Жалпы жағдай қанағанаттанарлық. Тері, шырышты қабаттары таза. Өкпе тынысы везикулярлық, сырылы жоқ. Жүрек тондары анық, ретті. АҚҚ 110/70 мм с.б., пулсі минутына 78 рет. Тілі ылғалды. Іші жұмсақ, төменгі аймақтары пальпация кезінде сезімтал, басым оң жақта. Щеткин – Блюмберг симптомы теріс. Бауыр, көк бауыр пальпацияланбайды. Тақылдату симптомы екі жақты теріс. Физиологиялық шығарымдары қалыпты.

Гинекологиялық статус: Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс қалыптасқан. Түтіктенуі әйел типтес. Уретра және парауретралді жолдары, бартолин бездері қалыпты.

OS: Қынаптың шырышты қабаты және жатыр мойыны таза, Бөлінділер ашық, иіссіз, аз мөлшерде.

PV: Жатыр мойыны цилиндрлік. Сыртқы ернеуі жабық, Жатырдың мөлшері орналасуы қалыпты, тығыз, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Жатыр қосалқылары оң жағында ұлғайған, ауыру сезімді, сол жағында анықталмайды. Күмбездер терең, бос.
Тапсырма:

Болжамалы диагноз койыңыз

Минималды лабораторлық зерттеу тағайындаңыз, мәліметтерін талқылаңыз
Бактериоскопияға жағынды алу

Мақсаты – бактериоскопиялық зерттеуге материалды дайындау.

Қажет құралдар– қынаптық айналар, корнцанг, Фолькман қасығы, мақта бөлшектері, таза затты әйнек.

Науқасты гинекологиялық креслоға жатқызады, сол қолдың саусақтарымен жыныс еріндерін ашамыз, оң қолдың сұқ саусағымен уретраға массаж жасайды; стерильді мақта тампонмен уретраның сыртқы тесігін құрғатады, уретрадан жағындыны алады және заттық әйнекке шетіне жақын етіп жағады.

Осыдан кейін қынапқа Куско айнасын жабылған күйінде бүйірімен енгізеді, оны бұрады, дұрыс қалпында орналастырады, құлақшаларын ашады, жатыр мойынын жалаңаштап, құлақшаларын бекітеді. Осыдан кейін жатыр мойынын құрғақ мақта шарикпен сүртеді, таза Фолькман қасығын цервикальді өзекке 0,5 см тереңдікте енгізеді, жағынды алып, заттық әйнекке келесі шетіне жақын етіп жағады. Содан кейін қынаптың артқы күмбезінен жағынды алып, заттық әйнектің ортасына жағады. Жағындыны ауада құрғатып, жолдамамен зертханаға жібереді.
Әдебиет:


    1. Гинекология: учебник\ под ред. Г.М. Савельевой, В.Г. Бреусенко.- 3-е издание перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР.-Медиа, 2006.- С.161-203.

    2. Гинекология от пубертата до постменопаузы. Практическое руководство для врачей.\ под ред. акад. РАМН, проф. Э.К. Айламазяна.- М.:МЕД\ пресс-информ, 2006.- 2-е изд., доп.-С.14-75, С.199-264.

    3. Практические умения по акушерству и гинекологии: Учебное попосбие / Р.Н. Степанова, С.П. Пахомов.- Ростов н/Д: Феникс, 2010.- С.148-149.


Бақылау:

Тапсырманы орындау барысында оқытушы қажет түзетулер жасап отырады және баға береді.

3 сабақ

Тақырыбы: Әйелдің әр жасында кездесетін етеккір циклінің бұзылыстары. ЖТД тактикасы.
Сабақтың мақсаты: Ситуациялық есептерді шығару кезінде теориялық білімді қолдану дағдыларын студетте қалыптастыру; бимануалдық тексеру жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:


  • Ситуациялық есептерді шығару кезінде студент теориялық білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетеді

  • Сабақтың соңында студент бимануалдық тексеру жүргізу әдістемесін көрсете алады.

Орындау түрі:

  • Студент ҚР ДМ протоколдары мен бұйрықтарына сүйене отырып, ситуациялық есепті шығару керек. Оқытушы студенттің білімін бағалайды.

Оқыту фильмін қарағаннан кейін студент бимануалдық тексеру жүргізу әдістемесін көрсетеді. Оқытушы студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалайды.
Студенттерге беретін құжаттар:

  • Ситуациялық есептер

  • ОСКЭ «Бимануладық тексеруді жүргізу»

1 ситуациялық есеп

И. М. 35жаста.

Мекен жайы: Алматы.

Әйелдер консультациясына 2 апта аралығында жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалып, әлісіздік, бас айналуына шағымданып келді.

Өмір анамнезі: Соматикалық аурулары жоқ. Етеккірі 16 жастан келеді, ретсіз, көп мөлшерде, ауру сезімді. Жыныстық қатынаста 21 жасынан. Жүктілік – 1, алты ай бұрын жүктілігі 9-10 аптасында өзіндік түсікпен аяқталды. Жатыр қуысы қырылды. 2 апта бұрын жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалып, қазіргі күнге дейін тоқталған жоқ.

Объективті: Терісі бозғылт, шырышты қабатары таза. АҚҚ 110/70мм.с.б., пулсі минутына 86 рет. Тынысы везикулярлық, сырылы жоқ. Жүрек тондары анық, ретті. Тілі ылғал, іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыр, көк бауыр пальпацияланбайды. Тоқылдату симптомы екі жақты теріс. Физиологиялық шығарымдары қалыпты.

Гинекологиялық статус: Сыртқы жыныс мүшелері қалыпты дамыған. Түтіктенуі әйел типтес. Уретра, парауретралді жолдары, бартолин бездері өзгермеген.

OS: Қынаптың шырышты қабаты, жатыр мойынын таза, бөлінділері қанды, орташа мөлшерде.

PV: Жатыр мойыны цилиндрлік. Сыртқы ернеуі саусақтың үшін жібереді. Жатырдың мөлшері, орналасуы қалыпты, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Жатыр қосалқылары екі жақты пальпацияланбайды. Күмбездері бос, терең.

Тапсырма:

Болжамалы диагноз?

Әйелдер консультациясы гинекологының тактикасы?

Осы әйелді диспансерлік бақылау қалай жүргізіледі?


2 ситуациялық есеп

К. С., 60 жаста.

Мекен жай: Алматы.

Әйелдер консультациясына келесі шағымдармен келді: екі күннен бері жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалады.



Өмір анамнезі: Дені сау, соматикалық ауруы жоқ. Етеккірі 14 жастан басталып, бірден тұрақталды, 4-5 күн, әр 28 күн келеді, орташа, ауру сезімсіз. Жыныстық қатынаста 17 жасынан. Жүктілік – 2, босану - 1, өздігінен түсік - 1.

Соңғы етеккірі 7 жыл бұрын. 2 күн бұрын қанды бөлінділер пайда болды, қаіргі уақытта жалғасуда.



Объективті: Терісі бозғылт, шырышты қабатары таза. АҚҚ 110/70мм.с.б., пулсі минутына 86 рет. Тынысы везикулярлық, сырылы жоқ. Жүрек шуы анық, ретті. Тілі ылғал, іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыр, көк бауыр пальпацияланбайды. Тоқылдату симптомы екі жақты теріс. Физиологиялық шығарымдары қалыпты

Гинекологиялық статус: Сыртқы жыныс мүшелері қалыпты дамыған. Түтіктенуі әйел типтес. Уретра, парауретралді жолдары, бартолин бездері өзгермеген.

OS: Қынаптың шырышты қабаты, жатыр мойынын таза, бөлінділері қанды, орташа мөлшерде.

PV: Жатыр мойыны цилиндрлік. Сыртқы ернеуі саусақтың үшін жібереді. Жатырдың мөлшері, орналасуы қалыпты, қозғалмалы. Жатыр қосалқылары екі жақты пальпацияланбайды. Күмбездері бос, терең.

Тапсырма:

Болжамалы диагноз қойыңыз

Әйелдер консультациясы гинекологының тактикасын айтыңыз

Қорытынды диагноз қойыңыз

Осы науқасты диспансерлік бақылау кестесі қандай?
Гинекологиялық науқастарды бимануалдық тексеру әдістемесі.
Мақсатыжыныс ағзаларының жағдайын анықтау. Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашып, қынапқа артқы қабырғасымен сырғи отырып алдымен оң қолдың ортаңғы саусағының ұшын, содан кейін сұқ саусағын енгізеді; аралықты аздап төмен баса отырып, саусақтарды артқы күмбезге дейін жеткізеді. Бұл кезде оң қолдың улкен саусағы алшақ, клитордан бүйірге бағытталған, ал қалған саусақтар алақанға жақын орналасады және негізгі фалангалардың сырт жағымен аралыққа тіреледі. Сол қол (сыртқы) алдыңғы құрсақ қабырғасына симфизден жоғары орналасады. Саусақтардың барлық бетімен (тек ұшымен ғана емес) пальпациялау керек.
Қынаптық тексеру кезінде қынапқа кіреберістің енін, қабырғаларының серпімділігін, көлемін (тар, кең), созылғыштығын, шырышты қабатының жағдайын (ылғалдылық дәрежесін, физиологиялық қатпарлығының сипаты, өсінділердің, тыртықтардың, ісіктердің, қалқаның, инфильтраттың бар-жоқтығы) анықтайды. Сосын саусақпен жатыр мойының қынаптық бөлігін тауып, оның пішіінн (конус, цилиндр тәрізді), өлшемін, сыртқы ернеудің жағдайын, жатыр мойынында тыртықтар, жыртылулар, ісіктердің бар-жоқтығын анықтайды. Күмбездердің жағдайын анықтайды (тереңдігі, оң және сол жақтарының симметриялығы, қысқаруы, жайылуы, ауру сезімді, инфильтраттар, ісіктер).
Қынаптық саусақтық тексеруден кейін бимануалдық тексеруге көшеді, ольқынаптық тексерудің жалғасы болып табылады. Бір қол (ішкі) қынапта орналасады, ал басқасы (сыртқы) – симфизден жоғары. Алғашқыда жатырды тексереді, ол үшін ішкі қолдың саусақтарын қынаптың алдыңғы, артқы, бүйір күмбездеріне біртіндеп жылжытады. Сосын саусақтармен жатыр мойынының қынаптық бөлігін фиксациялайды, ол үшін оны аздап алдыға және жоғары көтереді, соның арқасында жатыр түбін құрсақтың алдыңғы қабырғасына жақындатады. Оның орналасуын, пішінін, өлшемін және консистенциясын анықтайды. Қалыптыда әйелдің жатыры алмұрт тәрізді, алдыдан артқа қарай жаншылған; оның беті тегіс, кіші жамбаста ортаңғы сызық бойымен, симфиз бен сегізгөзден, сонымен қатар жамбастың бүйір қабырғаларынан бірдей ара-қашықтықта орналасқа. Жатырдың мойыны мен денесі аралығында бұрыш бар, алдыға ашылған. Жатырдың консистенциясы тығыз эластикалық.

Жатырды мұқият тексеріп болғаннан кейін, оның қосалқыларына (түтікшелері, аналық бездері, байламдары) көшеді. Ол үшін ішкі және сыртқы қолдың саусақтарын біртіндеп жатыр бұрышынан жамбастың бүйір қабырғаларына қарай жылжытады, кезекпен оңға және солға; бүйір күмбездердің біріне енгізілген саусақтарды сыртқы қолдың саусақтарымен түйістіру керек. Өзгермеген жатыр түтікшелері жіңішке, жұмсақ, болуы керек, әдетте олар сезілмейді. Аналық бездері миндаль пішінді, өлшемдері 3х4см түрде сезіледі, қозғалмалы және пальпация кезінде сезімтал. Оң жақ аналық безі сол жаққа қарағанда тексеруге басым беріледі.

Қынаптық тексеруден кейін саусақтарда қалған бөлінділерді қарап-тексеру керек.
Бақылау:

Тапсырманы орындау барысында оқытушы қажет түзетулер жасап отырады және баға береді.


4 сабақ


Тақырыбы: Жанұя жоспарлау мәселесі жөнінде кеңес беру.
Сабақтың мақсаты: Студенттің жанұя жоспарлау жөнінде кеңес беру дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:

  • Жанұя жоспарлау жөнінде кеңес беру дағдыларына үйрету


Орындау түрі:

  • Рольдік ойын «Науқас-кеңес беруші». Әр студент жанұя жоспарлау жөнінде кеңес беру әдістемесін көрсетеді


Тақырып бойынша тапсырма:

Сценарий (ситуациялық есеп) боыйнша науқасқа кеңес беру
Студентке беретін құжаттар:

  • Ситуациялық есептер




  1. есеп

Студентка контрацептив туралы кеңес алуға сізге келді. Студент тұрмысқа шықпаған, жыныстық қатынаста айына 2-3 рет болады, кейде одан да сирек. Серіктестері әр түрлі. Жүкті болмаған.



Тапсырма

Кеңес беріңіз

Қолайлы контрацептив тағайындаңыз

«Пациент-консультант» ретінде екі студент ролді ойын көрсетеді


2 есеп
25 жастағы тұрмыс құрған студент. Бір баласы бар. Аяқтарының көк тамырларының созылмалы тромбофлебиты бар.

Тапсырма

Кеңес беріңіз

Қолайлы контрацептив тағайындаңыз

«Пациент-консультант» ретінде екі студент ролді ойын көрсетеді

варикозды кеңіген.
3есеп

Әйел қорғауланбаған жыныстық қатынаста болғаннан кейін шұғыл оралды контрацепция қолданды. Пациент төмен дозалық қосарланған ауыз арқылы қабылдайтын контрацептив қолданғысы келетінін айтты және қарсы көрсеткіштер жоқ. Шұғыл оралдық контрацепция аяқталғаннан кейін қай мезгілден бастап ол осы таблеткаларды қабылдау керек.


Тапсырма

Кеңес беріңіз

Қолайлы контрацептив тағайындаңыз

«Пациент-консультант» ретінде екі студент ролді ойын көрсетеді


Әдебиет:

  • Поликлиническая гинекология /под ред. проф. В.Н. Прилепской.- 2-е изд., доп.-М.: МЕДпресс-информ., 2005.- С.376-432.




  • Планирование семьи. Универсальное руководство для поставщиков услуг по планированию семьи. Балтимор\Женева:ЦИП т ВОЗ, 2007г.-489 с.


Бақылау:

Тапсырманы орындау барысында оқытушы қажет түзетулер жасап отырады және баға береді.



бет беттен



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет