МұҒалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым – Қосымша нұСҚаулық



бет1/4
Дата07.11.2022
өлшемі68.5 Kb.
#464198
  1   2   3   4
6 Бастауыш 9к 5ҮМ Мұг.жетек.жаз. каз 1.1н 10.03.17


9-күн 5-үлестірме материал

МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖҮРЕТІН ЖАЗЫЛЫМ –
ҚОСЫМША НҰСҚАУЛЫҚ

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым – оқушыларды жазуға үйрету үдерісінің үшінші қадамы. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылымда оқушылардың жазылым дағдыларын дамыту мақсатында мұғалімдер үнемі кері байланыс ұсынып, оларды бағыттап және идеяларын кеңейтіп отырады. Жаттығу ретінде ол оқушылардың қазіргі кезде көздеген мақсаттарына және арнайы қажеттіліктеріне сәйкес мұқият ұсынылуы керек.


Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым – оқушылардың бірлескен жазылым мен өз бетінше жазу арасындағы қадамы. Сіз мұғалім ретінде жазуды ұйымдастыру және идеяларды дамыту үшін қандай да бір көмек түрін құруыңыз керек. Сіз шағын топтардағы оқушылармен жұмыс істейсіз немесе олар өз бетінше (кейде) жұмыс істейді. Жазуды бастамас бұрын, сөйлем мен идея құрылымы бойынша ауызша талқылау жүргізілу керек.


Жазылым дағдысын үйретудің төрт кезеңі - мұғалімнің жетекішілігімен сөйлем жазудан басталып, оқушының өз бетінше жазуына бағыт алатын саяхат.

Бұл кезеңдер – модельденген, бірлескен, мұғалімнің жеткешілігімен жүретін жазылым және өз бетінше жазу.


Кезеңдердің астарында оқушының жазылымды қарым-қатынас құру нысаны және оның қағаздағы ізі өзіне немесе өзгелерге мәлімет беретінін түсінуіне қатысты болып табылатын «қалыптасушы жазылым» термині жатыр. Бұл кезеңдердің реті нақты бекітілмеген және ол оқушының қазіргі кезде жазылымның қандай сатысында болуына және оқу мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Мысалы, оқушылар үшін модельденген, бірлескен және мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылымға 5 және 6-сыныптарда және одан кейін қатысу лайықты болуы мүмкін.


Оқушыларды топқа бөлу
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылымға арналған топтар шағын болып, 8 адамнан аспауға тиіс. Топ құрамын тұрақты негізде қайта қарап тұрған дұрыс, себебі оның уақытша болғаны абзал. Алдыңғы бағалау нәтижелеріне сүйеніп, мұғалімдер топты қалай құратынын шешеді. Ол төмендегі сияқты белгілердің негізінде жасалуы мүмкін (бірақ бұл толық тізім емес):

  • Оқылым қабілеті;

  • Оқушылардың қызығушылығы;

  • Дағдылар/ Үйрету көзделетін мақсат;

  • Жолдастық топтар;

  • Тақырып;

  • Басқа факторлар.

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым сабағы әдетте 20 минутқа созылады, бірақ кейде жасы үлкен және қабілетті оқушыларға қосымша уақыт бере алады. Сынып көлеміне қарай аптасына кемінде 1 рет осындай сабақ өткізілуі тиіс. Оқушыларға кезекпен өз ойларын айтып, әсіресе басқаның пікірі өзінікінен өзгеше болса, оны қабылдай отырып, әрі көзқарасы мен пікірін білдіру арқылы бір-біріне қолдау көрсетуде өзін жайлы сезінуі керек. Бұндай жұмыс барысында оқушылар тобы туындаған идеяларды талқылау үшін әрқайсысы бір-бірін көретіндей болып отыруы маңызды. Үстелді айнала отырғаны ыңғайлы болуы мүмкін, алайда тақтаны пайдалана отырым кілемде, немесе орындықтарда шеңбер құрып отыра алады.
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым әдетте модельденген немесе бірлескен жазылымнан кейін жүреді – бұл оқытылатын дағдыларды/мақсаттарды тікелей назарға ала отырып оқытуға септігін тигізеді. Қабілеттері әр түрлі сыныптарда топтардың ішінде шағын топтар ұйымдастыру қажет болады. Сонымен қатар, топ саны төрттен көп болуы да мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет