«Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы»



Дата24.02.2016
өлшемі33.51 Kb.
#17438


«Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы

64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан



Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Р/с №



Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттiгiнiң негiздемесi

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 12-р өкімі (5-т.)

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны iске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар


Республикалық бюджет қаражатынан қосымша қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны, қабылдаудың нақты мақсаттары, күтiлетiн нәтижелердiң мерзiмi және болжанатын тиiмдiлiгi

Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінде және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда жұмыс істейтін мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Үкiметтiң бұрын қабылданған кесiмдерi және олардың iске асырылу нәтижелерi туралы мәлiметтер

Жоқ

7.

3аңнаманы кейiннен жобаға сәйкес келтiру қажеттiгi

3аңнаманы кейiннен жобаға сәйкес келтiру қажеттiлігі жоқ

8.

Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргiзiлген жағдайда оның нәтижелерi

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Өзге де мәліметтер жоқ

10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Жоба:

1) 2014 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz веб-сайтына орналастырылды, файлдың атауы: «Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы

№ 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы», файлдың көлемі 173 КБ;

2) 2014 жылғы 14 наурызда мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастырылды, файлдың атауы: «Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы

№ 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы», файлдың көлемі 173 КБ.



Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі



Т. Дүйсенова

2014 жылғы «____»_____________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет