Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы»



Дата11.06.2016
өлшемі57.89 Kb.
#128757
Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 Қаулысы



      «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Сауықтыру жөнiндегi кеңес құрылсын.
      2. Қоса берiлiп отырған Сауықтыру жөнiндегi кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 660 қаулысымен  
құрылған     

Сауықтыру жөнiндегi кеңестiң құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.31 № 409 Қаулысымен.

Мәсiмов                       - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы               Министрi, төраға

Келiмбетов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-


Қайрат Нематұлы                 Министрiнiң орынбасары, төрағаның
                                орынбасары

Дәленов                       - Қазақстан Республикасының Қаржы


Руслан Ерболатұлы               вице-министрi, хатшы

Жәмiшев                       - Қазақстан Республикасының


Болат Бидахметұлы               Қаржы министрi

Жұмағалиев                    - Қазақстан Республикасының Көлiк және


Асқар Қуанышұлы                 коммуникация министрi

Жұмағұлов                     - Қазақстан Республикасының Бiлiм және


Бақытжан Тұрсынұлы              ғылым министрi

Исекешев                      - Қазақстан Республикасының Индустрия


Әсет Өрентайұлы                 және жаңа технологиялар министрi

Қайырбекова                   - Қазақстан Республикасының Денсаулық


Салидат Зекенқызы               сақтау министрi

Мамытбеков                    - Қазақстан Республикасының Ауыл


Асылжан Сарыбайұлы              шаруашылығы министрi

Мыңбай                        - Қазақстан Республикасының Мәдениет


Дархан Қамзабекұлы              және ақпарат министрi

Сағынтаев                     - Қазақстан Республикасының


Бақытжан Әбдiрұлы               Экономикалық даму және сауда министрi

Әбдiрахымов                   - Қазақстан Республикасы


Ғабидолла Рахматоллаұлы         Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң
                                (Монополияға қарсы агенттiк) төрағасы

Ермегияев                     - Қазақстан Республикасы Спорт және


Талғат Амангелдiұлы             дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң
                                төрағасы

Нокин                         - Қазақстан Республикасы Құрылыс және


Серiк Кеңесұлы                  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
                                iстерi агенттiгiнiң төрағасы

Тәжияқов                      - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi


Бисенғали Шамғалиұлы            төрағасының орынбасары (келiсiм
                                бойынша)

Аханов                        - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы


Серiк Ахметжанұлы               кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)

Баталов                       - «Қазақстан кәсiпкерлерiнiң форумы»


Райымбек Әнуарұлы               қауымдастығы» заңды тұлғалар
                                бiрлестiгi кеңесiнiң төрағасы
                                (келiсiм бойынша)

Ошақбаев                      - «Қазақстан экономистерi қауымдастығы»


Рахым Сәкенұлы                  қоғамдық қорының атқарушы директоры
                                (келiсiм бойынша)

Мырзахметов                   - «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық


Абылай Исабекұлы                экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                                 бiрлестiгiнiң басқарма төрағасы
                                (келiсiм бойынша)

Оразғұлов                     - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық


Расул Қабдоллаұлы               партиясының орталық аппараты
                                басшысының орынбасары (келiсiм
                                бойынша)

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 660 қаулысымен  
бекiтiлген    

Сауықтыру жөнiндегi кеңес туралы ереже

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «сауықтыру жоспарын», «сауықтыру жоспарларын», «сауықтыру жоспарлары» деген сөздер тиiсiнше «оңалту (сауықтыру) жоспарын», «оңалту (сауықтыру) жоспарларын», «оңалту (сауықтыру) жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Сауықтыру жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.


      2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      3. Кеңестiң мiндетi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекiтiлген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасының (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) (бұдан әрi - Бағдарлама) қатысушыларын анықтау болып табылады.


      4. Осы мiндеттi орындау үшiн Кеңес:
      1) Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
      2) Жұмыс органы жасақтаған әлеуеттi қатысушылардың деректерiн, оның iшiнде әлеуеттi қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларын қарайды;
      3) әрбiр әлеуеттi қатысушы бойынша қорытынды дайындайды;
      4) мынадай:
      Жұмыс органына кредиторлардың кәсiпорынды банкрот деп тану туралы талап арыз беруiне мораторий енгiзу туралы сот шешiмi ұсынылмаған жағдайда;
      Бағдарламаға қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларын iске асыру мониторингi барысында мүдделi тараптардың оңалту (сауықтыру) жоспарын орындамағаны не оңалту (сауықтыру) жоспарының нәтижелерiне қол жеткiзiлмегенi анықталған жағдайда қатысушыларды Бағдарламадан шығару туралы шешiм қабылдайды;
      5) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң уақытша бос ақшаны екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне орналастыруы үшiн олардың кәсiпорындарды сауықтыруға қатысу дәрежесi жөнiнде ұсынымдар бередi;
      6) Бағдарламада туындайтын өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
      5. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн өз құзыретi шегiнде:
      1) мемлекеттiк органдармен, орта және iрi кәсiпкерлiк саласындағы республикалық, облыстық және салалық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауға;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан Кеңестiң құзiретiне кiретiн мәселелер бойынша ақпарат сұрауға және алуға құқылы.

3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      6. Кеңестi төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi басқарады, ол оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.


      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
      8. Кеңестiң жұмыс органы:
      1) Кеңес отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады;
      2) Кеңес шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
      3) Кеңес мүшелерiнiң жұмысын үйлестiредi;
      4) Бағдарламадан туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      9. Жұмысты ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткiзуге дайындықты, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңестiң отырыстарынан кейiн хаттаманы ресiмдеудi Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Кеңестiң мүшесi болып табылмайды.
      10. Кеңес отырыстарының материалдары Кеңес мүшелерiне Кеңестiң отырысына дейiн 15 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жiберiледi.
      11. Кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен көпшiлiк дауыспен қабылданады және егер оған Кеңестiң отырысына қатысып отырған мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Кеңес мүшелерi оның отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.
      12. Кеңес отырыстарының нәтижелерi бойынша мiндеттi түрде оның барлық мүшелерi қол қоятын хаттама жасалады.
      13. Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Кеңес отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
      14. Кеңестiң отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi және егер оларға оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, заңды болып саналады.
      15. Кеңестiң отырыстарына Кеңестiң мүшелерi болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.

4. Кеңестiң қызметiн тоқтату

      16. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес тоқтатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет