«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/8
Дата05.07.2016
өлшемі0.89 Mb.
#179959
  1   2   3   4   5   6   7   8
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz, дата последнего изменения документа: 2012.09.14
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірдегі

393 қаулысымен



бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2012.17.08. № 1059 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және

жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау»

мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушыда электронды цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.



Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беруді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті ұйым бөлімшесі) және мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - орталық) арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына мобильдік орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 3-бабы 2, 3-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесінің негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:



1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;

2) уәкілетті ұйымның www.gcvp.kz  интернет-ресурсында;

3) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

4) орталықтағы, уәкілетті ұйым бөлімшесіндегі стенділерде;

5) порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны және уәкілетті ұйымның call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:



1) уәкілетті ұйымда немесе орталықта: мемлекеттік қызметті тағайындау не Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органы (бұдан әрі - бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық органдар) шешімінің көшірмесін бере отырып қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

2) порталда: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәкілетті ұйымның ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) орталық уәкілетті ұйым бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыдан қабылданған осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттармен қоса хабарлама береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі уәкілетті ұйымның бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушының өтініші немесе мемлекеттік қызмет алушыдан қабылданған құжаттармен қоса хабарлама тіркелген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде.

Уәкілетті ұйымның бөлімшесі мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде алушыны немесе орталықты хабардар етеді.

Порталда мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу - уәкілетті ұйым бөлімшесінің ақпараттық жүйесіне сауал түскен сәттен бастап - 30 минуттан аспайды.

2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін (тіркеу, талон алу кезінде) мемлекеттік қызмет алғанға дейін күтудің ең ұзақ шекті уақыты - 20 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты - 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті ұйым бөлімшесінің: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін азаматтарды қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді.

Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

2) орталықтың - мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электронды кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес.

3) порталдың - тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызмет мыналарда көрсетіледі:



1) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшелерінің жеке кіреберісі, күту залы бар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар көзделген, қажетті құжаттарды дайындау үшін орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен, ақпараттық стенділермен жабдықталған ғимаратында.

Уәкілетті ұйым бөлімшелерінің үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақталған.

2) мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша орталықтың мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар көзделген ғимаратында. Аумақтық органдардың үй-жайларында және орталықтың ғимаратында күту залы, ақпараттың стенділер бар.

3) порталда - жеке кабинетте.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті ұйымға немесе орталыққа мынадай құжаттарды тапсырады:



мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (жеке куәлігінің, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының, Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігінің) көшірмелері;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасын);

4) зейнетақы және жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемелерінің арнайы шот нөмірі туралы мәліметтер;

5) Комитеттің аумақтық органдарының медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері беретін белгіленген нысандағы анықтамадан үзінді көшірме.

Бұған қоса, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:

1) радиациялық әсерге ұшыраған адамдар ауруларының, мүгедектігінің себепті байланысын анықтау жөніндегі Ведомствоаралық сараптама кеңесі шешімінің көшірмесі;

2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссия шешімінің көшірмесі;

3) госпиталь берген ауруы туралы куәліктің көшірмесі не әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;

4) 16 жасқа дейінгі мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

Уәкілетті ұйым бөлімшесіне өтініш бергенде салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет алу үшін алушы орталық арқылы өтініш бергенде осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылады.

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (жеке куәлігінің, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының, Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігінің) көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы не нотариалды расталған көшірмесі;

3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);

4) зейнетақы және жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемелерінің арнайы шотының нөмірі туралы мәліметтер;

5) асыраушының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі не соттың адамды хабарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тану туралы шешімі.

Бұған қоса, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:

1) қайтыс болған адаммен туысқандық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесі (туу туралы, неке туралы, некені бұзу, әкелікті (аналықты) анықтау туралы куәліктер, жеке куәлігі және басқалары);

2) егер туу туралы куәлікте әкесі туралы мәліметтер анасының айтуы бойынша жазылған болса, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдарының белгіленген нысандағы анықтамасы;

3) қамқорлықты (қамқоршылықты) растайтын құжаттың көшірмесі;

4) оқу орнының 18-ден 23 жасқа дейінгі адамдар күндізгі оқу нысанының оқушылары болып табылатыны туралы анықтамасы;

5) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетінің көшірмесі не әскери қызметті өткеруі туралы анықтама;

6) әскери қызметшінің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын анықтама.

Қайтыс болған адамның сегіз жасқа толмаған балаларын, інілерін, қарындастарын немесе немерелерін бағып-күтумен айналысатын азаматтар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еңбек кітапшасының еңбек қызметінің тоқтатылғанын растайтын көшірмесі (көшірмесі еңбек кітапшасының түпнұсқасымен жыл сайын тексеріліп отырады);

2) салық органының тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы анықтамасы (жыл сайын жаңартылып отырады);

Уәкілетті ұйым бөлімшесіне өтініш бергенде салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет алу үшін алушы орталық арқылы өтініш бергенде осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылады.

жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (жеке куәлігінің, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының, Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігінің) көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы не нотариалды расталған көшірмесі;

3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);

4) зейнетақы және жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемелерінің арнайы шот нөмірі туралы мәліметтер.

Уәкілетті ұйым бөлімшесіне өтініш бергенде салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет алу үшін алушы орталық арқылы өтініш бергенде осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін:



1) уәкілетті ұйым бөлімшесінде өтініш нысанын мемлекеттік қызмет үшін өтініш берген мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның бөлімшесінде уәкілетті ұйымның маманы береді.

2) орталықтарда бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.

3) портал арқылы электронды сұрау нысанын толтыру қажет.

13. Құжаттарды қабылдау тікелей:



1) мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесінің ғимаратында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты адамның деректері www.gcvp.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкілетті ұйым бөлімшесі үй-жайларының көрнекті жерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

2) орталықта «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:



1) уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі;

2) орталыққа өтініш бергенде:

сұраудың нөмірі мен қабылдаған күні;

сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;

қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

орталықтың құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;

3) портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу үшін сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жолданады.

15. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама беру тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта алушы жеке өзі келген кезде жүзеге асырылады.



Мемлекеттік қызмет алушы қызметтің нәтижесін алу үшін белгіленген мерзімде келмеген жағдайларда, орталық оларды бір ай мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға тапсырады.

Алушы портал арқылы өтініш берген кезде мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.



Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздемелерде қаралады.

Мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат беріледі.

Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік органда не осы стандарттың 7-тармағында бекітілген мерзімдерде электронды құжат түрінде жеке кабинетте алады.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі



 

20. Осы стандартқа 1-қосымшада уәкілетті ұйым қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдемдесетін лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген.

Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағымдар мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша тікелей:



1) уәкілетті ұйымның басшысына. Уәкілетті ұйым басшысының азаматтарды қабылдау кестесі осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген, сондай-ақ www.gcvp.kz  интернет ресурсында орналастырылған;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлімінде;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» парағы);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жолданады.

22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге мемлекеттік қызмет алушылар шағымдарын:



1) уәкілетті ұйымда шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 21-тармағында көрсетілген уәкілетті ұйымның аумақтық бөлімшелерінің басшыларына не уәкілетті ұйымның тікелей басшысына;

2) орталықта шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген тікелей орталықтың басшысына не орталық РМК-ның басшысына беріледі;

3) порталда call-орталықтың (1414) телефоны бойынша жолдайды.

23. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызмет алушы қол қоюға тиіс. Шағым бергенде әрекетіне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды тұлғаның өтініш беру себебі және талаптары көрсетіледі.

25. Уәкілетті ұйымға жазбаша шағым жазған мемлекеттік қызмет алушыға жауап алу күні және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.



Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде өтініш иесіне пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

Орталық: пошта және қолма-қол қабылданған шағымды растау оны орталық немесе орталық РМК кеңсесінде тіркеу болып табылады (мөр, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады).

Мемлекеттік қызмет алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.

Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

Портал: мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы электронды хабар жөнелтілгеннен кейін (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) мемлекеттік органда өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады.

26. Уәкілетті ұйымның және оның бөлімшелерінің қызметі туралы ақпарат www.enbek.gov.kz., www.gcvp.kz  интернет-ресурстарында орналастырылады, телефоны 8 (7172) 75 37 10.



Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің орталық РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А, телефоны: 8 (7172) 94 99 95, интернет-ресурсы: http://www.con.gov.kz.

 

«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу



жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік

әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет