Мұхиттар атауларының топонимикасы



Дата07.11.2022
өлшемі3.3 Mb.
#464143
Мұхиттар атауларының топонимикасы

Мұхиттар атауларының топонимикасы

  • Орындаған: Шағамбай Әдемі

«Жалпы, бізде топонимика әлі де болса онша дамымай келеді ғой деймін. Қазақстандағы барлық жер атауларының сөздігін шығарып, қай атау қандай жағдайда, қандай мағынамен қойылған, ол сөздің түпкі түрі қандай болған дегенді ғылыми тұрғыдан анықтап, көрсету керек. Жеріңе қойылған ат еліңнің ұрпақтарға қалдырып кеткен хаты сияқты ғой» («Егемен Қазақстан», 14.10.2011 ж.)
Топонимика – жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін ғылыми сала. Бұл гректің «топос» – орын, жер, «онома» – атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Топонимдер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта: семантикасы (мағынасы); жасалу жолдары; этимологиясы тұрғысынан зерттеледі
1989 жылға дейін оқтын-оқтын қайта басылып шыққан бұрынғы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Әкімшілік-аумақтық бөліну» атты анықтамалығында 10,8 мыңға жуық әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекендердің атаулары жинақталды.
Жер-су аттары дегеніміздің өзі ертеде сол атырапта өмір сүрген халықтың сөйлеу тілінің қалдықтары. Ол халықтар мейлі жойылып кетсін немесе бөтен өңірге ауып, олардың орнына басқалар келсін, бәрібір топонимдер жойылмай ғасырдан-ғасырға өмір сүре береді. Топонимика сол жерде өткен және өзінің иесі болып табылатын халықтың тарихи сырын, аты-жөнін ажыратумен бірге оның этнографиялық шегін де ажыратады
Жер бедерлеріне байланысты табиғи қасиеттеріне орай қалыптасқан топонимдердің мысалы ретінде Айыртау, Ақшатау, Желтау, Сарытау, Найзақара, Қызыладыр, Көкшетау, Қызылтау, Шыңғыстау, Керегетас сияқты атауларды келтіруге болады. Желтау – тау жоталарынан қысы-жазы үнемі жел соғып тұруы себебінен аталған болса керек. Найзақара – жазық ортасында найзадай шошайып, алыстан қарайып көрінеді. Сарытау – жылдың төрт мезгілінде де өзгермей, өсімдіктердің бірқалыпты сары түсті болып тұруынан.
Айыртау
Керегетас
Сарытау
Қызыладыр
Шыңғыстау
Барлық ғұмырын Жезқазған өңірінде кен барлау саласында өткізген Қанышты сол аймақтағы жер-су, тау-қыраттың аттары өзінің геологиялық ізденісіндегі, минералды пайдалы қазбалардың аттарымен байланысты болғандығы ерекше таңғалдырды. Мысалға алатын болсақ: Майтөбе, Кенді, Ақтау, Борлықтау, Жезқазған, Жезді, Қорғасын, Көмірлі, Мысбұлақ, Алтынбел, Сужанар... Бір ғажабы осынау жерлердің бәрінен аттарына сай кен шыққан.
Жезқазған мыс қорыту зауыты
Нұрсұлтан Әбішұлының: «ономастика мәселелері әркез ел басшылығының назарында болады. Бұл ретте жалтақтаудың еш қажеті жоқ. Жердің байырғы тарихи атауына үйлеспейтін, халқымыздың абыройы мен беделіне көлеңке түсіретін, отарлық кезеңнен қалған атаулардан арылу керек»
Ономастика – тіл білімінің жалқы есімдерді, олардың пайда болуы мен өзгеріуінің тарихын зерттейтін бөлім.
Грек тілінен аударғанда «атаулар беретін өнер» деген ұғымды білдіреді. Осы ономастиканың өзі бірнеше бөлімдерді қамтиды: топонимика – географиялық нысандардың атауларын, олардың туындау, өзгеру, жұмыс істеу заңдылықтарын зерделейтін ономастика бөлімі; антропонимика – адамдардың (жалқы) есімдерін зерделейтін ономастика бөлімі; ойконим – топонимнің түрі, елді мекендердің (ауыл, кент, қала) атаулары; короним – топонимнің түрі, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары және тағы сол сияқты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылы 21 қаңтардағы № 45-Қаулысы мен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс Тұжырымдамасы мақұлданды.
Тұжырымдаманың мақсаты – тарихи-негіздерге сүйене отырып, өткеннің жинақталған ғылыми проблемаларын шешудің жолдарын табу, сондай-ақ ұлттық ономастика жүйесінің одан әрі даму бағыттарын анықтау.
Ономастикалық жұмыстың негізгі міндеттері:
– республикадағы ономастикалық қызметті реттеудің негізгі ғылыми негізделген бағыттарын айқындау;
– ұлттық ономастика жүйесін одан әрі дамытудың негізгі қағидаттарын айқындау;
– ономастикалық жұмыстың құқықтық негіздерін, қолданылу тетігін және іске асыру нысандарын әзірлеу болып табылады.
Бейбіт – құдық. Дариялық жазығының батыс бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Белқұдық – құдық. Дариялық Тақыр жазығының солтүстігінде. Бел және құдық сөздерінен жасалған. «Кезең астындағы асудың ар жағындағы құдық» немесе «орта тұстағы құдық» мәніндегі атау.
Бесарық – ауыл, өзімен аттас ауылдың округ орталығы. Тереңөзек кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 56 км жерде, Жаңадария каналының жағалауында, шөлді белдемде орналасқан. Іргесі 1948 жылы ескі «Тораңғылсай» арнасы бойында қаланды. Ауыл 1993 жылға дейін Жамбыл атындағы қаракөл қой кеңшарының орталығы болып келді.
Дариятам – құдық. Дариялық Тақыр жазығының шығыс бөлігінде.
Докилан – құдық. Бетпақдаланың солтүстік-батысында.
Еспе – сор. Арысқұм құмының солтүстігінде. Жағалауы құмдауыт келген борпылдақ, бостау, жазда құрғап қалатын жер болғандықтан қойылған атау болса керек.
Жайлыбай – жайлау. Арысқұм құмының солтүстігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Қалмас – құдық. Дариялық Тақыр жазығының солтүстік-шығыс бөлігінде.
Қамысбұлақ – бұлақ. Арысқұмның оңтүстік-шығыс бөлігінде. Бұлақ маңында қамыс көп өскендіктен қалыптасқан атау.
Каналықұдық – құдық. Дариялық Тақыр жазығында, Сырдария өзенінің аңғарында.
Қарабұлақ – құдық. Арысқұмның оңтүстік-шығыс бөлігінде. Бұлақ қыста да қатпай, алыстан қарағанда жағалауындағы аппақ қардан ерекше боп қарайып ағып жатқандықтан осылай аталса керек.
Қарадария – құрғақ арна. Жаңадария өзенінің алабында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Түркі-иран тілдеріндегі «үлкен өзен» мәніндегі атау.
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет