2.«Шатасқан мақалдар»
- Сайыскерлер мына кеспе сөздерде шатасқан сөздерден мақал құрастырыңыздар.
«Қыран» тобына:
а) Тәтті, тәтті, наны, жаны, еңбектің, жалқаудың. (Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті.)
ә) Жарады тас, тіл жармаса тас, жарады бас. (Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.)
«Сұңқар» тобына:
а) Іледі ұяда, соны ұшқанда, не көрсе. (Ұяда не көрсе, Ұшқанда соны іледі.)
ә) Қан, қан, аузы, жемесе де, жесе де, қасқырдың. (Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.)
«Барыс» тобына:
а) Ас, бидай тас,күміс, екен, арпа, екен, алтын. (Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.)
ә) Бала, бала, бала, бала, арлы, сорлы, әдепті, әдепсіз. (Әдепті бала арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала.)
«Жалын» тобына:
а) Төртеу, алтау, келеді, ала, төбедегі, кетеді, түгел, ауыздағы, болса, болса. (Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.)
ә) Өнер, тіл, алды, қызыл. (Өнер алды қызыл тіл.)
«Білгіштер» тобына:
а) Ырысы, жер, ел, батыр, жаңбыр, жауса, ырысы, туса. (Батыр туса – ел ырысы, Жаңбыр жауса – жер ырысы.)
ә) Атаңа, келер, сол, не, алдыңа, қылсаң. (Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.)
«Алтын жапырақ» тобына:
а) Еңбек, егін, өкпелеме, етпесең, елге, жерге, екпесең өкпелеме. (Еңбек етпесең елге өкпелеме-егін екпесең ,жерге өкпелеме).
ә) Қыз,гүл, көркі,өссе, елдің, көркі, өссе, жердің.(Қыз өссе –елдің көркі, гүл өссе жердің көркі)
3.«Мақал - сөздің мәйегі». Экранда мақал –мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады.
1. Кітап – білім бұлағы, ...... ( білім –өмір шырағы.
2. Досы көпті жау алмас, .....(ақылы көпті дау алмас).
3. Бала – бауыр, ..... (дос –тамыр)
4. Еңбек етсең ерінбей, ...... (тояды қарның тіленбей).
5. Жері байдың, .....(елі бай)
6. Ақыл – азбайтын тон, , ..... (білім таусылмайтын кен).
7.Жақсы кісі байқап сөйлер, .... (жаман кісі шайқап сөйлер).
8. Көз жетпеген жерге, ..... (сөз жетеді.) 9. Өнерлінің қолы алтын, ... (өлеңшінің сөзі алтын).
10.Еңбектің наны тәтті, .....(жалқаудың жаны тәтті). 11.Өз елім, ....(өлең төсегім).
12. Балапан ұяда не көрсе, .... (ұшқанда соны іледі) 13. Жүз сомың болғанша,........................(жүз досың болсын)
14. Досы көпті жау алмайды,... (ақылы көпті дау алмайды)
15. Бірлігі жоқ ел тозады –... (бірлігі күшті ел озады)
16. Ырыс алды,....... (ынтымақ).
17. Ердің атын....... (еңбек шығарады).
18. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ...............(..әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
Достарыңызбен бөлісу: |