4.«Кім жүйрік ?» 10,20,30,40,50,60 сандарына қарай әр тақырыпқа 2 мақал айту.
10 саны-Ұстаз 1.Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы. 2.Шәкіртсіз ұстаз тұл. 20-саны-еңбек 1.Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. 2.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей 30 саны- оқу 1.Оқу инемен құдық қазғандай. 2.Оқу -білім бұлағы, білім өмір шырағы. 40-саны- мал Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл –көсір Ер қанаты –ат Сиырдың сүті тілінде 50 саны- Отан Отансыз адам , ормансыз бұлбұл Отан оттан да ыстық Ел іші алтын бесік 60 саны -дос Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын. Аққуды атпа, досыңды сатпа
5.Көрермендер көзайымы Балалар ендігі кезек көрермендерге келейік, көрермендермен жұмбақ шешу сайысын ойнап жіберсек. Құрметті көрермендер мен сіздерге жұмбақ жасырайын сіздер жауабын шешсеңіздер. 1.Шік түсті, бүк түсті, Алшы тұрды, тәйке тұрды, Шеше алады бұнны кім. (асық) 2.Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың (күз) 3.Тиіп кетсе жырлаған, дауысы көпке ұнаған (домбыра)
4.Бір кітаптың парағы, күнде азайып барады. (күнтізбе)
5.Таудан биік, теңізден терең. (Ақыл)
6.Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді. (Апта күндері)
7.Өзім сөзден тұрамын, аяқтаған ойды құрамын. (сөйлем)
6. «Жұмбақ шешу» сайысы Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шығады. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап, сипаттап айтады.Жұмбақ шешу сайсымызды бастайық. 1.Білімнен мол сый – асы Балғындардың ұясы (мектеп ) 2.Білімнің дәнін тереді, Балаға тәлім береді (ұстаз ) 3.Ұшымен қазық Тор көзді жазық Үстінен өттім Асыл сөз жазып (дәптер ) 4.Сағат сайын қағылады Тек мектептен табылады (қоңырау ) 5.Жұқа тақтай бөлшегі Ұзындықтың өлшемі (сызғыш ) 6.Оқу білім аспабы Қоймасының бас қабы Бөлмесі де бірнешеу Тиегі бар ашпалы (сөмке) 7.Ілулі тұр кең алаң Керегімді мен одан Жазып аламын көшіріп Сүртем сосын өшіріп (тақта ) 8.Қабат-қабат қапталған Асыл сөзбен апталған Парағы бар сөйлейтін Ол қазына өлмейтін (кітап )
9.Үй ішін аралап
Қаптарды жарып,
Түнде көп жортады,
Мысықтан қорқады ( тышқан)
10.Желден желігеді
Судан шегінеді. ( от)
11.Бұрасаң тетігін,
Өлшемін түн мен күн,
Соғады жүрегі.
Әркім-ақ біледі. ( сағат)
12.Еріксе, құйрығымен ойнайды,
Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. ( мысық)
13.Ақпыз, сары, көкпіз,
Жүреміз жайнап,
Түрлі, түрлі көппіз.
Арасында шөптің. ( көбелек)
14.Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді. ( жұлдыз)
15.Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)
16.Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
17.Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
18.Сақалы жоқ, шашы бар,
Бет-аузы жоқ, басы бар
Белін бекем байлаған
Қоқысты қоймай айдаған /сыпырғыш/
19.Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)
20.Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
21. Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)
22.Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. /кітап/
Көше бойлап аяңдайды,
23.Әжем уыстап сығып
Далада кептірген.
Қатты әрі, дәмді
Көп жесең, шөлдеткен /құрт/
24.Күмбір-күмбір күйі бар
Құлағыңа құйып ал! /домбыра/
25.Тақылдатып таңдайды
Уақыттан бір қалмайды /сағат/
26. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз)
Ұлдардың орындауында «Тәуелсіз ел ұланы» әнімен
Қорытынды. Ата-бабадан қалған асыл мұра – мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды ұмытпай, жадымызда сақтап жүрейік. Бүгінгі сайысқа қатысқан сайыскерлерге рахмет айтамыз. Сөз кезегі әділ-қазылар алқасында, жеңген топты марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |