Microsoft Office Access деректер қорын басқару бағдарламасы


Программалық құралдарды тестілеу және ретке келтіру (отладка)



бет13/22
Дата14.11.2022
өлшемі207.67 Kb.
#464842
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
кенселик косымша

Программалық құралдарды тестілеу және ретке келтіру (отладка)
ПҚ ретке келтірілуі – бұл оның программаларын орындау үрдістерін қолданумен ПҚ-дағы қателерді табу мен түзетуге бағытталған іс-әрекет.
ПҚ тестілеу – бұл оның программаларын берілгендердің кейбір жинақтарында орындау үрдісі. Оған қолданылу нәтижелері алдын-ала белгілі немесе осы программаның тәртіп ережелері белгілі. Берілгендердің көрсетілген жинағы тесттік не жай ғана тест деп аталады. Осылайша, ретке келтіруді үш үрдістің көп ретті қайталануы түрінде көрсетуге болады: ПҚ-да қателер айырмашылығы тұрақтанатын тестілеу, ПҚ программасында және документациясында қате орнын табу және программалар мен документация-ларды анықталған қателерді жою мақсатымен редактрлеу. Басқаша сөздермен:
Ретке келтіру(отладка) = тестілеу+қателерді іздеу+редактрлеу
Шетел әдебиеттерінде ретке келтіруді жиі түрде айырмашылық факті тестілеу кезінде қойылатын тек қателерді іздеу мен түзету үрдісі түрінде түсінеді. Кейде тестілеу мен ретке келтіруді синонимдер деп қарастырады.біздің елімізде ретке келтіру ұғымы ретінде тестілеуді де қоса қарастырады, сондықтан орын алған дәстүр бойынша жүретін боламыз. Негізінен, бұл үрдістердегі бірігіп қарастыру көрсетілген түрлі оқуды аса маңызды етпейді. Бірақ айта кеткен жөн, тестілеу ПҚ аттестация үрдісінің бөлігі ретінде де қолданылады.
Программалық құралдарды ретке келтірудің (отладка) принциптері мен түрлері
Айтарлықтай дәрежедегі ретке келтіру жетістігін тестілеуді рационал ұйымдастыру анықтайды. Ретке келтіру кезінде негізінен болу-болмауы ПҚ-ды тестілеу кезінде орнатылатын қателер ізделінеді және жойылады. Тестілеу ПҚ-ның дұрыстығын дәлелдей алмайды, ол ондағы қателердің болу-болмауын тек қана көрсете алады. Басқаша айтқанда, ПҚ-ны орындалатын тесттер жиынымен тестілеу арқылы ондағы бар әрбір қатенің болуын орнату мүмкін екендігіне кепіл беруге болмайды. Сондықтан да екі тапсырма туындайды. Біріншісі: осындай тесттер жиынын дайындау және ондағы мүмкін болған қателердің үлкен санын анықтау үшін оларға ПҚ қолдану. Алайда тестілеу процесі ( сондай-ақ ретке келтіру де) неғұрлым ұзақ жалғасқан сайын, ПҚ бағасы да өсе береді. Осыдан екінші тапсырма шығады: ПҚ-ны (немесе оның жеке компоненттерін) ретке келтіруді аяқтау сәтін анықтау. Ретке келтіруді аяқтау мүмкіндігінің белгісі ПҚ тесттері арқылы ПҚ программасын орындау кезінде туындайтын өткізіліп алынған түрлі себептердің қоршап алу толықтығы(полнота) және тестілеу процесінің соңғы кесіндісіндегі ПҚ қателерін қатысты сирек анықтауы болып табылады. Соңғысы ПҚ-ның оның сапасының спецификациясында көрсетілген талап етілетін сенімділік дәрежесімен сәйкестікте анықталады.
Тест жиынын оптимизациялау үшін, яғни берілген санда (немесе берілген уақыт интервалында) қателердің үлкен санын анықтауға мүмкіндік беретін осындай тесттер жиынын дайындау үшін қажет, біріншіден, осы жиынды алдын-ала жоспарлау, және екіншіден, тестті жоспарлаудың рационал стратегиясын қолдану. Тестті жобалауды ПҚ-ның ішкі сипаттау этапын аяқтаған соң дереу бастауға болады. Тесттері жобалау стратегиясын өңдеудің екі келесі шектік жолдары арасында шартты түрде графикалық орналастыруға болатын (1 сурет) түрлі жолдар болуы мүмкін. Сол жақ шеткі жол тесттердің ПҚ спецификациясын (ішкі сипаттамасы, архитектура сипаттамасы және модульдер спецификациясы) меңгеру негізінде ғана жобаланатындығына негізделеді. Мұнда модульдерді тұрғызу еш ескерілмейді, яғни олар қара жәшіктер сияқты қарастырылады. Шындығында мұндай жол кіріс берілгендерінің барлық жиындарын толық іріктеп алуды талап етеді, өйткені тест ретінде осындай жиындардың бөлшектерін қолдану кезінде ПҚ-ның кейбір программалар участоктері ешқандай тесттерде жұмыс жасай алмайды, демек ондағы қателер білінбейді. Дегенмен ПҚ-ны кіріс берілгендерінің толық жиынымен тестілеу тәжірибе жүзінде іске аспайды. Оң жақ шеткі жол мынаған негізделеді, тесттер БҚ-дың әрбір бағдарламаларын орындаудың барлық жолдарын тестілеу мақсатымен бағдарламалардың текстерін сәулелендіру негізінде жобаланады. Егер программаларда қайталанудың айнымалы сандары бар циклдардың бар болуын есепке алатын болсақ, онда ПҚ бағдарламасын орындаудың түрлі жолдары өте көп болып кетуі мүмкін сондықтан оларды тестілеу тәжірибе жүзінде орындалмайды.
Тесттерді жобалаудың оптимал стратегиясы екі шектік жолдар арасындағы, бірақ сол жақ шетке жақынырақ интервалдар ішінде орналасқан. Ол принциптерден шыға отырып, тесттердің айтарлықтай бөліктерін жобалауды қамтиды: әрбір қолданылатын функцияға немесе мүмкіндікке – ең болмағанда бір тест, әрбір облыс пен қандай да бір кіріс шамасының өзгеруінің әрбір шекарасына – ең болмағанда бір тест, әрбір ерекше жағдайға немесе спецификацияларда көрсетілген әрбір ерекше ахуалға(ситуация)- ең болмағанда бір тест. Бірақ ол сонымен қатар кейбір тесттердің және принциптерден шыға отырып минимум сияқты) бағдарлама мәтіндері бойынша жобалауды талап етеді: ПҚ-дың әрбір бағдарламасының әрбір командасы ең болмағанда бір тестте жұмыс жасау керек.
Тесттерді жобалаудың оптималды стратегиясын келесі принциптің негізінде нақтылауға болады: ПҚ құрамына енетін әрбір программалық документ үшін (бағдарламалардың мәтіндерін қоса) ондағы қателерді анықтау мақсатымен өзінің тесттері жобалануы керек. Қандай жағдайда да, бұл принципті ПҚ-ды анықтаумен және программалау технологиясы ұғымын сенімді ПҚ-ды өңдеу технологиясы сияқты қамтумен сәйкестікте сақтау қажет. Осымен байланысты Майерс тіпті, тестілеудің түрлі түрлерін тест тұрғызылатын программалық документ түрінен тәуелділікте анықтады. Біздің елімізде ретке келтірудің(отладка) екі негізгі түрі(тестілеуді қоса отырып) ажыратылады: автономдық және комплекстік ретке келтіру. Автономды ретке келтіру ПҚ-ға енетін бағдрламаның тек қандай да бір бөліктерін қателерді тестілеу кезінде анықталатын іздеумен және түзетумен тестілеуді білдіреді. Ол шындығында, әрбір модульдің ретке келтіруі мен модульдердің түйіндесуінің(сопряжение) ретке келтіруін қамтиды. Комплекстік ретке келтіру ПҚ-ға жататын барлық документтердегі (ПҚ бағдарламалар текстерін қоса алғанда) қателерді тестілеу кезінде анықталатын іздеумен және түзетумен ПҚ-ды тестілеуді білдіреді. Мұндай документтерге ПҚ-ға талаптарды анықтау, ПҚ сапасының спецификациясы, ПҚ-дың функционалды спецификациясы, ПҚ архитектурасын сипаттау мен ПҚ бағдарламаларының текстері кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет