ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына орай Қызылорда облысындағы 10-11 сынып оқушылары арасында Информатика пәнінен өткізілетін олимпиада
Қазақстан республикасы, Қызылорда қ-сы, 30 наурыз 2012 жыл
Құрметті мұғалімдер мен оқушылар!
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 668 бекітілген бұйрығымен оқушылардың республикалық олимпиадасын өткізу ережелеріне сәйкес, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына орай Қызылорда облысындағы мектеп оқушылары арасында ИНФОРМАТИКА пәнінен олимпиада өткізеді.
Олимпиадаға Қызылорда облысы көлемінде орналасқан мектептерден 10-11 сынып оқушылары қатыса алады. Оқушылар мектептің штаттық бірліктегі мұғалімінің басшылығымен келуі керек. Олимпиадаға оқушылар мектеп директорының ұсынымы арқылы келуі тиіс. Олимпиадаға қатысу (келу, қайту жол шығыны, тамақтану, жатын орын) шығынын жіберуші мекеме көтереді.
Өткізілетін орны: Қызылорда қ-сы, Жахаев к-сі 75 үй, Физика-математика факультеті, 211 дәрісхана
Олимпиада екі кезеңде өтеді:
1-кезең: теориялық
2-кезең: практикалық
Программалау тілдері: Pascal, Basic
Олимпиаданың өткізілу тілдері – қазақ, орыс
Есептер шығаруға төмендегі бағдарламалық жабдықтамалар ұсынылады:
-
Delphi 7
-
Microsoft Visual Studio 6.0
-
Free Pascal
1-кезеңде оқушылар Информатика пәнінен мектеп бағдарламасы бойынша тест сұрақтарына жауап беруі тиіс. Әр сұраққа жауап беру уақыты 1 мин.
2-кезеңде оқушыларға программалау бойынша есептер шығару ұсынылады. Есептер шығаруға 3 астрономиялық сағат беріледі.
Егер қатысушыларға көрсетілгеннен басқа бағдарламалық жабдықтама қажет болса, қажетті компиляторды ұсыныс-хатта көрсету қажет. Егер қажетті компилятор көрсетілмесе, қатысушылар көрсетілген компиляторлармен ғана жұмыс жасайтын болады.
Олимпиадаға қатысуға ұсыныс хат (қосымша 1) мектеп басшысының мөрімен расталып, сканерленген электронды форматта және тіркеу карталары (қосымша 2) 27 наурызға дейін inf_olimp@mail.ru электронды жәшігіне жіберілуі тиіс. Ұсыныс хаттың түпнұсқасын олимпидаға келгенде жауапты мұғалім алып келеді.
Қосымша 1
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына орай Қызылорда облысындағы мектеп бітіруші түлектер арасында Информатика пәнінен олимпиадаға қатысуға
Ұсыныс хат
__________________________________________ олимпиадаға қатысу үшін
(мектеп туралы мәлімет)
төмендегі оқушыларды жібереді:
-
____________________________
(оқушының аты-жөні)
-
____________________________
(оқушының аты-жөні)
Жетекші мұғалім: ____________________________
(аты-жөні)
Телефон:
Факс:
e-mail:
Мектеп басшысының қолы, мөр
Қосымша 2
Олимпиадаға қатысушының тіркеу картасы
-
Оқушының аты-жөні (толығымен)
-
Мектеп номері, атауы, сыныбы
-
Қатысшының мекен-жайы, телефон/факс, e-mail
Ескерту: Тіркеу картасы әр қатысушыға жеке толтырылады
Жетекші мұғалімнің тіркеу картасы
-
Жетекші мұғалімнің аты-жөні (толығымен), қызметі
-
Мекен-жайы, телефон/факс, e-mail
Ұйымдастыру комитеті
120014, Қызылорда қ-сы, Жахаев к-сі 75, “Информатика және ИОӘ” кафедрасы, 207 кабинет
Телефон: 8 (724) 2271160
e-mail: inf_olimp@mail.ru.
Құлмырзаев Нұрлан Серікұлы (+7 777 280 89 08)
Достарыңызбен бөлісу: |