2.2. Кафедрадағы оқу үдерісі универ-
ситеттің оқу үдерісі графигі жəне мамандықтың
оқу жұмыс жоспарына сəйкес жүргізілді. Қысқы
жəне жазғы сессия, мем-лекеттік аттестаттау
комиссиясының жұмыстары университет рек-
торының бұйрығына сай өткізілді. Аралық
бақылау, кеңес беру тиісті тəртіпте бекітілген
кесте бойынша жүзеге асырылды. 2010-2011 оқу
жылында оқытушылардың жеке жоспарларында
көрсетілген жүктемелері толығымен орын-
далды. Оқу үдерісінің ұйымдастырылуы мен
педагогикалық жүктеменің орындалуы кафедра
мəжілістерінде қаралып, мəжіліс хаттама-
ларында көрініс тапты.
Есепті оқу жылында кафедраның барлық
мүшелері тəжірибе алмасу, кəсіптік машық-
тарын таныту, оқытудың жаңа əдістерін мең-
геру мақсатында ашық сабақтар өткізді жəне
бекітілген кесте бойынша өзара сабаққа қаты-
сып отырды. Мəселен, профессорлар А.Жақсы-
лықовтың, Ə.Тарақтың, доценттер Л.Мұсалы-
ның, А.Шмыреваның өткізген ашық сабақтары
мазмұны, технологиясы, құралдары жағынан
нағыз инновациялық сапасымен дараланды.
Ашық сабақтар кафедра мəжілісінде талқы-
ланып, мəжіліс хаттамаларында көрініс тапты.
2010-2011 оқу жылында кафедра мү-шелері
оқу үдерісін оқу-əдістемелік жəне оқу құрал-
дарымен қамтамасыз ету саласында да біршама
еңбек сіңірді. Барлық пəндер бойынша бұрынғы
электронды курстар жаңартылды, таңдау пəн-
дері бойынша жаңа 9 лекциялық курс жасалды.
Барлық оқу пəндері бойынша мульти-медиялық
фрагменттер, слайдтар жасалып, өндіріске
енгізілді. Кафедра профессорлары мен доцент-
терінің көркем аударманың теориясы мен
практикасына арналған оқу жəне оқу-əдіс-
темелік құралдары жарық көрді.
1)Тарақ Ə. Аудармашы кəсіби қызметінің
негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. -
120 б.
2)Тарақ Ə. Аударма ісінің негіздері жəне
стилистикасы. – Алматы: Қазақ университеті,
2011,-32 б.
3)Дəдебаев Ж. Əдеби компаративистика
жəне көркем шығарма. Оқу құралы. – Алматы:
Қазақ университеті, 2011. – 218 б.
4)Жақсылықов
А.Ж.
Практикум
по
художественному
переводу (10 п.л.).Оқу
құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.
5)Жақсылықов
А.Ж.
Практикум
по
художественному переводу (10 п.л.). Оқу
құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.
6)Есембеков Т., Адаева Е. Аударматану
бойынша
библтографиялық
көрсеткіш. –
Алматы: Ценные бумаги. 2011.
7)Шмырева А. Литература Востока и
проблемы
художественного
перевода. –
Алматы: Қазақ университеті, 2011. 11 п.л.
8)Шмырева А. Методические указания по
выполнению и оформлению дипломных работ
для студентов специальности 050207-перевод-
ческое дело. – Алматы: Қазақ университеті,
2011.
9)Мұсалы. Л. Көркем тəржіма тəжірибесі
бойынша практикум. –Алматы: Қазақ универ-
ситеті, 2010.
10)Ашимханова С.А. Проза Г.Мусрепова в
переводах. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.
11)Ашимханова С. 2. История литературы
страны изучаемого языка (Английская литера-
тура от романтизма до наших дней). – Алматы:
Қазақ университеті, 2011.
|