Мифология, дін және философияның арақатынасын анықтап философиялық ойлаумен пікір жазу қажет.
Миф – тарихи дүниетанымның ең көне түрі, қоғамның алғаш қалыптасуында рулық қауымнан бастап қалыптасқан. Мифтің құрылымында, яғни жырлардың, аңыздардың негізінде басты сұрақтарға, аспан әлемі мен табиғат жағдайларының, жануарлар мен адамның пайда болуы жайлы сұрақтарға жауап берілген. Мифологияда дүниетанымдық сұрақтарды шешудің негізгі ұстанымы генетикалық болатын. Дүниенің алғаш пайда болуы жайлы, табиғат құбылыстары мен қоғамдық құбылыстарды, «кім нені жаратты?» деген аңыздан құралды.
Дін – дүниетанымның екінші тарихи түрі, ол мифологиямен тығыз байланысты. Діни дүниетанымның өзіндік ерекшелігі – табиғаттан тыс күштерге, қасиетті басқа сену. Діни дүниетаным әрқашан мифологиядан тұрады, себебі онда түрлі мифтер, әулиелер мен Құдайлар өмірі жайлы баяндалатын аңыздар қатысады.
Философиялық дүниетаным – бұл әлем жайлы көзқарастар жүйесі және ондағы адам орны, оның шын екендігіне, қоршаған ортаның және өзінің өзіне деген қатынасы, сондай-ақ, осы көзқарастар негізінде пайда болған идеялар мен таным және әрекет ұстанымдары, құнды дүниелер.
Философия білім мен рухани қызметтің ерекше түрін анықтап оған анықтама жазыңыз.
Адам қашан терең ойлана бастайды? Бірінші мезетте, оның алдында дайын жауабы жоқ қандай да бір мәселе (проблема) немесе әлі де үйреншікті бола қоймаған жаңа ақпарат пайда болғанда. Екіншіден, адам бұл проблеманың жауабын табуға ұмтылыс жасағанда немесе жаңа нәрсені түсініп, оның байыбына жетуге тырысқанда.
Философия – қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі.
Философияның негізгі бөлімдерінің қысқаша сипаттамасы – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философия бөлімдеріне тоқталып олардың қызметін түсіндіріп жазыңыз.
Онтология – болмыс, болмыс туралы философиялық ілім. Жеке ғылымдармен байланысы жоқ, таза ақыл-ой жолымен құрылған
Гносеология – таным теориясы, таным мәні, заңдылықтары және формалары туралы ілім. Идеализм білім бастапқы, пәндік әлем білімден (Юм, Кант) шыққан нәрсе ретінде түсіндіріледі деп есептейді.
Философияда адам мәселелерін зерттеумен айналысатын бөлім «философиялық антропология» деп аталады.
Логика - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым.
Этика - адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі.
Эстетика - адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Ғылымның бұл саласы әсемдікті, көркем шығармашылықтың жалпы заңдылықтарын, адамның болмысқа сезімдік қатынасын зерттейді.
Әлеуметтік философия дегеніміз-қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория.
Саяси философия пәнін үш түрлі топқа бөлуімізге болады: саяси құндылықтар, шынайы саясатты мораль, ірі қоғамдық топтар мүддесі
Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны. Әр түрлі мамандық өкілдерін философия кем дегенде екі көзқарас тұрғысынан талдау жасаңыз және жазба конспектімен жіберіңіз.
Даналық адамның әлеммен күрделі қарым – қатынасын тендестіруге, үйлесімді білімге және іс – әрекетке, өмір салтын қалыптастыруға арналған деп есептелген ойларды жазып көрсетіңіз.
Философияның пайда болуы ерекше рухани жағдайдын пайда болуы – әлем туралы білімнін үйлесімділігін адамдар өмірінің тәжірибесімен байланысын талдап ашыңыз және жұмыспен көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |