Микрокредиттерді беру бағдарламасы



Дата25.02.2016
өлшемі368.03 Kb.
#18353









АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»









«Әлемдік маңызға ие құнды сулы-сазды аумақтарды қоныс аударатын құстардың мекендейтін орны ретінде кешенді сақтау: үш жобалық аумақтарда көрсету» ГЭҚ/БҰҰДБ/ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жобасы шеңберінде

2010-2011 жылдарға арналған

«Табиғи орта»

МИКРОКРЕДИТТЕРДІ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2010 ж.

КЕЛІСІЛДІ:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

ОРМАН ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІ
«_____»______________2010 жыл
_____________________ И.КОВАЛЬ
КЕЛІСІЛДІ:

«ауыл шаруашылығын қаржылый қолдау қоры» АҚ


«_____»______________2010 жыл
___________________Г. Атамқұлова
КЕЛІСІЛДІ:

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰҰ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ


«_____»______________2010 жыл
_____________________С. НЕДЕРА


«Әлемдік маңызға ие құнды сулы-сазды аумақтарды қоныс аударатын құстардың мекендейтін орны ретінде кешенді сақтау: үш жобалық аумақтарда көрсету» ГЭҚ/БҰҰДБ/ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жобасы шеңберінде

2010-2011 жылдарға арналған

«Табиғи орта»

МИКРОКРЕДИТТЕРДІ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2010 ж.


МАЗМҰНЫ








БЕТ




КІРІСПЕ…………………………...……………...…………………..………..

5

1.

ЖОБА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ………………………………...………..............

6

2.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ МИКРОКРЕДИТТЕРДІ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ШОЛУ………………….….



6

3.

МИКРОКРЕДИТТЕРДІ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТІ ………..…..

7

4.

БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ ………………...…..

7

4.1.

Тараптардың қатысуы……………………………………………………....….

7

4.2.

Бағдарлама тараптарының қызметі ……………………………………....…

8

4.3.

Әлуетті заемшылар топтарын құру және ақпараттық компаниялар өткізу …………………………………………..


8

4.4.

Микрокредиттерді беру тәртібі ……...……………….............

9

4.5.

Микрокредиттерді беру механизмі…………………………………….……...

9

4.6.

Несиелендірілетін жобалардың мониторингі және бағасы……….……….

10

4.7.

Бағдарламаны іске асырудың барысын қарау тәртібі ……….……….…...

11

4.8.

Оң тәжірибені тарату...……………….………………….....................................

11

5.

БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР..

12

6.

ЖАЛПЫ РЕТТЕУШІ ҮРДІСТЕР ………………………………….............

12




ҚОСЫМША…..…………………………………………………………….....




1.

Қызметтің баламалы түрлерін дамыту үшін несиелендірілетін түрлердің тізбесі ……….………....................................




2.

Бағдарламаны іске асыру АЕМ тізбесі ……………………………...….




3.

Ақпараттар беру келісімімен Жоба талаптарын сақтау туралы міндеттемелер нысаны




4.

Микрокредиттерді беру шарттары ………………………..





Пайдаланылатын аббревиатуралар мен қысқартулардың толық жазылуы:


БҰҰДБ

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы

Бағдарлама

Микрокредиттерді (шағын несие) беру бағдарламасы

Жоба

«Әлемдік маңызға ие сулы-сазды аумақтарды қоныс аударатын құстардың мекендейтін орны ретінде кешенді сақтау: үш жобалық аумақтарда көрсету» ҒЭҚ/БҰҰДБ/ ҚР Үкіметі жобасы

ССА

Сулы-сазды аумақтар

ҒЭҚ

Ғаламдық экологиялық қор

МКҰ

Микрокредиттік ұйымдар

ЖЖҰТ

Жобаны жүзеге асырудың ұлттық тобы

АЕМ

Ауылдық елді мекен

АШҚҚҚ

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

ҚБСҚ

Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қоры

ЕҚТА

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар


КІРІСПЕ
Әдеттегідей табиғатты қорғау аясындағы жобалар көбінесе коммерциялық емес негізде жүргізіледі. Бұл негізінен қоғамдық ұйымдар мен ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың қызметкерлері орындайтын жобалар. Сонымен бірге тәжірибе көрсетіп отырғанындай, коммерциялық негіздегі көптеген жобалар ЕҚТА биоәртүрлілігін сақтауға елеулі дәрежеде өз үлесін қоса алады. Мұндай жобаларды іске асыру құралдарының бірі жергілікті тұрғындарға миникредит беру.

Ауыл тұрғындарына миникредит беру, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда (бұдан әрі – ЕҚТА) тұрып жатқан халықты еңбекпен қамту мен табыс табу деңгейін көтеру құралдардың бірі ғана емес, сонымен қоса жергілікті тұрғындарға өз туған жерінің биоәртүрлілігін сақтауға өздерінің үлестерін қосуға мүмкіндік тудыру болса керек.

2008 жылы «Әлемдік маңызға ие сулы-сазды аумақтарды қоныс аударатын құстардың мекендейтін орны ретінде кешенді сақтау: үш жобалық аумақтарда көрсету» жобасы шеңберінде 2011 жылға дейін микрокредит берудің үш жылдық бағдарламасы іске қосылған болатын. Ол ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға, микроқаржы секторының қоршаған табиғи ортаның биоәртүрлілігін сақтауға және қатысушы ұйымдардың үш жобалық аймақты (Теңіз-Қорғалжын, Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйлерсі және Жайық өзенінің атырабы) қолайлы несилендіруге қол жеткізу арқылы өзара тиімді ынтымақтастық құралы ретіндегі дамудың тамаша тәжірибесін көрсетуге мүмкіндік берді.

Микрокредит беру бағдарламасының нәтижелерін бағалау кезінде, ауыл тұрғандары үшін мұндай микрокредиттердің қажеттілігі, олардың жоғары сұранысқа ие екендігі анықталды, сондай-ақ ауыл тұрғындарының өз жобаларын қоршаған ортаны қорғау бағытын ескере отырып іске асыруға дайын екендіктері белгілі болды.

Қазіргі уақытта осы Микрокредит беру бағдарламасының шеңберінде 11 жоба іске асырылуда. Жобаның орындаушылары ЕҚТА маңында орналасқан ауылдардың нақты пайда тапқан және табиғатты қорғау контекстінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму процесіне тікелей тартылған тұрғындары болды.

Жаңа «Табиғи орта» Микрокредит беру бағдарламасы шеңберінде қазіргі кездегі 10 қорықтың, 11 ұлттық парктің және 4 резерваттың айналасында орналасқан елді-мекендер тартылатын болады.

Бұл бағдарлама ауыл, орман, балық және аңшылық шаруашылықтары қызметтерінің баламалы түрлерін дамытуға және тұрақты экологиялық қауіпсіз әдістерін енгізуге бағытталады.

«Қызметтің баламалы түрлері» деген ұғым биоәртүрліліктің жойылу себептерінің алдын алуға бағытталған қызмет түрлері, сондай-ақ сулы-сазды аумақтар ресурстарын тиімді пайдаланудың, ауыл тұрғындары үшін тұрақты түрде табыс табуға мүмкіндік беретін оңды тәжірибелерді енгізу болып табылады. Жобада қызметтің баламалы түрлерін кешенді тәсілмен дамыту, соның ішінде микрокредиттерді беру механизмі арқылы іске асыру көзделген.

Микрокредиттерді берудің жаңа бағдарламасы биоәртүрлілікті сақтаудың және ауылдағы кедейлікті жоюдың барлық проблемаларын толық шешеді деп айта алмаймыз, бірақ ол жергілікті тұрғындардың жобаны іске асыруда тек коммерциялық біліктілігін ғана емес, сонымен қатар табиғи ортаның биоәртүрлілігін сақтау элементтерімен өзара байланысын, сондай-ақ ЕҚТА мен жергілікті тұрғындар арасындағы тығыз байланыс болудың мүмкін екендігін көрсете алады.

Микрокредит беру механизмі белгілі бір дәрежеде ҚР Үкіметінің ауыл тұрғандарының микрокредит алуға, кәсіпкерлік аясындағы білім деңгейін көтеруге, және БҰҰДБ үшін айырықша бағаланатын – ЕҚТА іргелес жергілікті тұрғындардың табиғатты қорғау жөніндегі сауаттылықтарын ашуға қол жеткізудегі бастамасын толықтыра алады.


  1. ЖОБА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Әлемдік маңызға ие сулы-сазды аумақтарды қоныс аударатын құстардың мекендейтін орны ретінде кешенді сақтау: үш жобалық аумақтарда көрсету» жобасы (бұдан әрі - Жоба) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі - ҚРҮ), Ғаламдық экологиялық қордың (ҒЭҚ) және БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасы (бұдан әрі – БҰҰДБ) қолдауымен жүзеге асырылады. Осы Жобаның атқарушы агенттігі Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті болып табылады.



Жобаның негізгі мақсаты ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің (сулы-сазды аумақтардың) биологиялық ресурстарын сақтау мен тұрақты пайдалануда жаңа тәсілдерін мынадай үш жобалық аймақта көрсету болып табылады:

- Жайық өзенінің атырабы мен оған іргелес орналасқан Каспий теңізінің жағалаулары (Атырау облысы);

- Теңіз-Қорғалжын аймағы (Ақмола облысының Қорғалжын және Егіндікөл аудандары мен Қарағанды облысының Нұра ауданы);

- Алакөл-Сасықкөл көлдерінің жүйесі (Алматы облысының Алакөл ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы).




Жобаның негізгі компоненттері:

1. Сулы-сазды аумақтардың биоәртүрлілігін сақтаудың ұлттық бағдарламасын жасау.

2. Ерекше қорғалатын аймақтардағы басқаруды бекіту.

3. Қатысушы жақтардың жұмысына қолдау көрсету және жариялылық дәрежесін арттыру.

4. Құнарлы ландшафтарда биологиялық әртүрлілікті тұрақты пайдалану және сақтау.

5. Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қорын құру.

Жобаның 4-компоненті шеңберінде сулы-сазды аумақтардың биоәртүрлілігіне түсетін ауыр жүктемесін төмендету үшін, шаруашылық қызметті тұрақсыз жүргізудің орнына қызметтің баламалы түрлерін енгізу жөніндегі іс-шаралар іске асырылып жатыр. Осы бағытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жүзеге асқан жобалар айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Үш ғаламдық маңызы бар сулы-сазды жерлердің айналасында тұратын ауыл халқына арналған микрокредит берудің пилоттық үшжылдық (2008-2011) бағдарламасын аясында алынған оңды тәжірибелерді тарату үшін, республикалық деңгейде микрокредит берудің басқа «Табиғи орта» бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр.

Қаржыландыру көздері ҒЭҚ-ның табиғатты қорғау іс-шараларын тұрақты қаржыландыру механизмін құруға көзделген гранттық қаржысы болып табылады.


  1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МИКРОКРЕДИТТЕРДІ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ШОЛУ

Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алған сәттен бастап халықтың жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген топтарына қолдау көрсету әлеуметтік-экономикалық дамуда мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығы болып табылады. Өтпелі экономикасы бар көптеген басқа елдердегі сияқты орта және шағын кәсіпорындарды дамыту кедейшілікпен күрестің барынша тиімді әдістерінің бірі ретінде қарастырылды, бұл орайда микроқаржыландыру түйінді құраушы болып есептеледі.

Микрокредит берумен тұтастай бір қатар қаржы институттары, екінші деңгейдегі банктер, жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар, микрокредиттік ұйымдар, негізінен қала тұрғындарына микрокредит беретін кредиттік серіктестер айналысады. Сонымен, 2009 жылдың қорытындысы бойынша МКО берген микрокредиттердің жалпы саны жалпы сомасы 40 844 035 мың теңгеге 197 448-дай займдарды құрайды (2008 жыл қорытындысы бойынша осыған ұқсас көрсеткіштер 32 412 276 мың теңгеге 170 981 микрокредиттерді құрайды). МКО негізгі мақсатты сегменті жеке тұлға болып табылады. Жеке тұлғаларға жалпы көлемде берілген микрокредиттердің саны 2009 жылы 196 894 займды құрады, оның 7 107 ауылдық жерлерде.

Бірақ, бұл ұйымдар, негізінен қалалық жерлерді қаржыландырады. Екінші деңгейдегі банктер ауылдағы үй шаруашылығындағы әйелдерді және кішігірім фермерлік құрылымдарды, тәуекелдің жоғары дәрежесін, бір кредит көлемінің аздығын және әрбір заемды жылжытумен байланысты шығын дәрежесінің жоғарылығын ескере отырып, қызметтің төмен табысты түрі деп қабылдайды. Сөйтіп, ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 01.01.2010 жылғы жай-күй бойынша екінші деңгейдегі банктер тарапынан 7 644 036 млн. теңге берілген, оның ішінде ауылшаруашылығын қаржыландыруға небары 281 807 млн. теңге бағытталған. Демек, елдің 6,2% ЖІӨ өндіретін сала екінші деңгейдегі банктер беретін 3,7% кредитті алады.

Бұдан басқа, ауылға қаржылық қызмет көрсететін ұйымдардың саны қалалық жерлерге қарағанда едәуір аз екенін атап өту қажет, сөйтіп 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша республикада 1 712 микрокредиттік ұйымдар тіркелген, оның ішінде 465 ауылдық жерлерде орналасқан (тіркелген МКО-ның ішінде белсенділері 712 және 147 тиісінше), және бұның барлығы халық санының болмашы айырмашылығына қарамастан (ҚР халқының 47% ауылда тұрады).

Қазақстанның микро қаржылық ұйымдары пайдаланатын микрокредит беру әдістемесі халықаралық тәжірибеден алынды. Бірақ дамудың осы кезеңінде тек біздің елге ғана тән әдістемелер бар. Қазақстанда микро қаржылық ұйымдардың көбі кепілдік қамтамасыз етумен жеке кредиттер мен ипотекалық кредиттер береді.

Республикада шағын бизнесті қолдаудың түрлі бағдарламалары дамуы мен микрокредит беру аясының кеңеюіне қарамастан, ауыл тұрғындары үшін сұранысын қанағаттандыратын қаржы жетіспейді.

Жобалық аймақтардағы микрокредит беру жағдайын талдау нәтижесінде жобалық аймақтардағы ауыл тұрғындарына өз қызметтерін дамыту үшін микрокредит алу әлі де күрделі болып отырғаны анықталды. Мұнда аймақтық та, процедуралық та проблемалар бар.

Үш жобалық аймақта жұмыс істейтін ең ірі және ауылдық жерлерге кредит беруде жеткілікті тәжірибеге ие микроқаржылық ұйым «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі – АШҚҚҚ) болып табылады.

АШҚҚҚ –микрокредит беру қызметін тек ауыл тұрғындарына ғана көрсететін және тарам-тарам желісі мен өкілдіктері бар аздаған ұйымдардың бірі. АШҚҚҚ 11 филиал мен 3 өкілдіктен тұратын дамыған инфрақұрылымы бар ұйым. Барлық селолық аудандарда кредиттік офицерлер өз жұмысын атқарады, олар ауылдық жерлердің 100% географиялық қамтуын жүзеге асырады.

АШҚҚҚ өз қызметін көрсеткен жылдары 63 мыңнан астам микрокредит берілді, бұл қазіргі бар филиалдық желілер тарапынан, сондай-ақ жарғылық капиталдарында АШҚҚҚ қатысатын микрокредиттік ұйымдар есебінен де бөлінді.

АШҚҚҚ айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді, соның ішінде ол халықаралық деңгейде танылды, атап айтқанда, Дүниежүзілік Банктің жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, АШҚҚҚ заем алушылардың саны бойынша Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінің ішінде ең ірі 10 банктік емес ұйымдардың құрамына енді. 2010 жылы АШҚҚҚ MIX Market «5 бриллианттар» (мүмкін 5 «бриллианттардың» ішінде) халықаралық ғаламдық ақпараттық портал сертификатын алды, ол АШҚҚҚ қызметі транспарентті, сапалы және ұсынылатын барлық ақпарат шынайы екенін растайды. Сондай-ақ ағымдағы жылы АШҚҚҚ Microfinanza Rating халықаралық рейтингтік агенттігінің әлеуметтік «ВВ+» рейтингін алды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, АШҚҚҚ Қазақстандағы ауылдық микрокредит беру ұйымдарының ішінде ең ірісі және Бағдарламаны іске асыру үшін барлық алғышарттары бар неғұрлым лайықты ұйым болып табылады.


  1. МИКРОКРЕДИТТЕРДІ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТІ

Осы Бағдарламаның мақсаты ЕҚТА-ға іргелес орналасқан жобалық (ауылдық) аумақтардағы халыққа шаруашылық қызметтің баламалы түрлерін дамыту және жергілікті тұрғындардың тыныс-тіршіліктерін жақсарту үшін, ЕҚТА жақын маңдағы құнарлы ландшафттардың антропогендік жүктемесін төмендетуге мүмкіндік беретін микрокредиттерді беруге жәрдемдесу болып табылады. Жобалық аймақтар үшін қызметтің кредит берілетін түрлерінің тізбесі № 1 қосымшада, Микрокредит беру бағдарламасына енгізілген АЕМ тізімі осы Бағдарламаның № 2 қосымшада келтірілген.

Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделген:

- жергілікті халықты Бағдарлама туралы хабардар ету;

- АШҚҚҚ-ның шағын несие беруі туралы әлуетті заемшыларды/клиенттерді хабардар ету;

- қызметтің баламалы түрлерін дамытумен байланысты жобаларға шағын несие беру;

- бағдарламаға қатысушы жергілікті фермерлер мен жеке сектор өкілдеріне техникалық, ұйымдастырушылық қолдау көрсету;

- Жобаның қолдауымен шаруашылық қызметтің баламалы түрлерін жүргізудегі оң тәжірибе туралы ақпараттар тарату.


4. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ
4.1. Тараптардың қатысуы
ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) сулы-сазды аумақтарды сақтау шеңберінде Микрокредиттерді беру жобасын іске асырудың бастамашысы болып табылады. Ол осы мақсатта АШҚҚҚ-мен ынтымақтастық орнатты. АШҚҚҚ-мен БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қоры және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастығы 2010 жылғы 5 тамыздағы ынтымақтастық туралы Келісіммен (бұдан әрі – Келісім) айқындалды.

АШҚҚҚ ауылда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен ауыл халқын қолдауға қазіргі кезде шағын несие беру бойынша және осы Бағдарламаны іске асыруда әріптес ретінде қызмет көрсететін, мемлекеттің қатысуымен құрылған ірі акционерлік қоғамдардың бірі болып табылады. АШҚҚҚ «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары қатарына кіреді.

Тараптар осы Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін, барлық күш-жігерлері мен ресурстарын жұмылдыратын тең құқықты әріптестер болып табылады. Бұған қоса, АШҚҚҚ несие беру саласында жобаның басты критерийлеріне сәйкес келеді, олардың қатарында:


  • республиканың барлық аймақтарында филиалдар мен өкілдіктерінің бар болуы;

  • ауыл халқына микрокредиттерді беруді жүзеге асыру;

  • ауыл халқына микрокредиттерді берудің оңайлатылған/икемді шарттарын пайдалануы;

  • микроқаржыландыру нарығындағы елеулі тәжірибесі және тұрақтылығы бар.


4.2. Бағдарламаны жүзеге асыру талаптары
25 ЕҚТА айналасында тұратын АЕМ тұрғындарына микрокредит беру бағдарламасы тараптардың бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылады.

Бұл ретте:

Комитет осы Бағдарламаның негізгі үйлестірушісі ретінде әлеуетті заемшылардың АШҚҚҚ берген қаржыландырылуы жоспарланған жобалық ұсыныстарын қарайды және келіседі, Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы БҰҰДБ қадағалауына міндетті түрде жыл сайын ақпараттық есептерді ұсынады.

Комитеттің аймақтық инспекциялары, Комитеттің иелігіндегі 25 ЕҚТА (қорықтар, ұлттық парктер және табиғи резерваттар) әлеуетті заемшылар мен АШҚҚҚ арасында делдал ретінде қатысады.

АШҚҚҚ өз тарапынан өзінің ішкі құжаттарына сәйкес микрокредиттерді беретін компания ретінде жұмыс істейді. Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді беру қызметі АШҚҚҚ «Микрокредиттерді беру талаптары» № 4 қосымшада белгіленген шарттарға сай жүзеге асырылады.

Заемшы өзінің бизнес идеясын сипаттауға қиналған жағдайда АШҚҚҚ жәрдем көрсетеді және АЕМ заемшылары/жергілікті тұрғындарға жобаның идеясын әзірлеу мен рәсімдеуге кеңестер береді. Жобалық ұсыныстарды қаржыландыруды мақұлдар алдында, АШҚҚҚ Комитеттің қарауына жобалық ұсыныстар берген әлеуетті заемшылардың тізімін енгізеді. Комитеттен жобалық ұсыныстарға келісім алғаннан кейін АШҚҚҚ әлеуетті заемшыдан кредит алу үшін барлық қажетті құжаттарды талап етеді.

Бағдарламаны іске асыру үшін қаржылық ресурстар «Әлемдік маңызға ие сулы-сазды аумақтарды қоныс аударатын құстардың мекендейтін орындары ретінде кешенді сақтау: үш жобалық аумақта көрсету» ГЭҚ/БҰҰДБ/ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жобасының гранттық қаржысының есебінен және Комитет пен АШҚҚҚ арасындағы қол қойылған Келісімнің негізінде бөлінеді. Жобаны қаржыландыруға жұмсалатын қаржыны АШҚҚҚ қайтарымды негізде пайызсыз ұсынады.

Кредиттеу үшін бөлінген соманың қайтарылымы Бағдарламаны іске асыру мерзімі аяқталғаннан кейін, немесе осы Келісімді тараптар мерзімінен бұрын бұзған кезде, Комитеттің АШҚҚҚ адресіне алушының банктік реквизиттерін көрсетумен жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.

АШҚҚҚ тарапынан қаржыны алушының көрсетілген банктік реквизитіне аудару Комитеттің ресми хатын алған сәттен бастап 30 күн ішінде, бірақ 2015 жылғы 30 тамызынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

АШҚҚҚ Бағдарламаның заемдық қаржысының қайтарылмау тәуекелін өзіне алады және Бағдарламаның барлық сомасын белігіленген мерзімдерде қайтаруға міндеттенеді.

Қаржы қайтарылғаннан кейін, немесе қаржы АШҚҚҚ мерзімінен бұрын қайтарылғаннан кейін, гранттық қаржыны толық көлемде алушыны Комитет БҰҰДБ-мен келісу бойынша белгілейді. Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтайтын қор осы гранттық қаржыны алудың басым құқықтарына ие болады.

Қазақстандағы ҰМК микрокредиттеудің қолданыстағы шарттарымен салыстырғанда, осы бағдарлама бойынша микрокредит беру шарттары бүкіл Бағдарламаның жұмыс істеу механизмінің негізі құрамдас бөлігінің бірі болып табылады, олар өз кезегінде ауыл бизнесінің дамуын биоәртүрлілікті сақтауға және пайдалануға бағытталған қызметтің ресурс үнемдеу түрлері мен технологиясы негізінде жұмыс жасауға ынталандырады.

Тараптардың өзара ынтымақтастығының толық егжей-тегжейлі тәртібі осы Бағдарламаның 4.3 -4.7- бөлімшелерінде берілген.
4.3. Әлуетті заемшылар топтарын құру және ақпараттық компанияларды өткізу
Әлуетті заемшыларды белгілеу үшін, ақпараттық кампания № 2 қосымшаға сәйкес ауыл халқы қоныстанған жерлерді қамту мақсатында 25 ЕҚТА мен Комитеттің аймақтық инспекциясының қатысуымен АШҚҚҚ желісі бойынша жүргізілетін болады.

Мүдделі тұлғаларды анықтау және ақпараттық кампаниялардың қатысушы топтарын АШҚҚҚ облыстық филиалдары ЕҚТА, Комитеттің аймақтық инспекциясының қатысуымен ауылдық округтері әкімшіліктерінің, жергілікті қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерімен консультациялар өткізу, ауылдық кәсіпкерлермен, фермерлермен, жергілікті тұрғындармен және т.б. кездесулер негізінде жүргізіледі. Ақпараттық кампанияларды ұйымдастыру мен жүргізу жергілікті әкімдіктердің және ЕҚТА жәрдемімен жүзеге асырылады.

АШҚҚҚ жергілікті халықты Бағдарлама туралы хабардар етеді және Осы Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді беру шарттары бойынша әлуетті клиенттерге консультация өткізеді.

4.4. Микрокредиттерді беру тәртібі



4.4.1. Әлуетті заемшыларға қойылатын талаптар және ұсыныстарды таңдау критерийлері
Жобаның Микрокредиттерді беру бағдарламасына өтініш берушілер/әлуетті қатысушылар мынадай негізгі талаптарға сай келуге тиісті:

  • осы Бағдарламаның 1-қосымшасында көрсетілген ауылдық елді мекендерде тұруға;

  • табиғат ресурстарына жағымсыз ықпал жасамайтын және бұл ресурстардың тұрақты дамуына (дамытуға микрокредиттер сұрау) мүмкіндік туғызатын және 1 Қосымшаға сай Бағдарлама қолдайтын қызметтің баламалы түрлерінің тізбесіне сәйкес осы ресурстардың тұрақты дамуына ықпал ететін шаруашылық қызмет түрлерін ғана дамытуға;

  • әлуетті заемшылар және олар ұсынатын құжаттар АШҚҚҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген критерийлер мен талаптарға жауап беруге тиісті.


4.4.2. Микрокредиттерді берудің процедурасы
Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді алу туралы өтініштерді қарауды АШҚҚҚ өзінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді беру туралы шешімді ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жазбаша оң келісімі болған кезде ғана АШҚҚҚ қабылдайды.

Әлеуетті заемшылардан жобалық ұсыныстар алғаннан кейін, АШҚҚҚ заемшының қызметінің баламалы түрлерін, орналасқан жерін және сұратқан сомасын көрсетіп, Комитетке әлеуетті заемшылардың тізімін береді.

Комитет екі күндік мерзім ішінде микрокредит беру бағдарламасының шарттарына сәйкес әлеуетті заемшылардың келісілген тізімін қарап шығып, АШҚҚҚ беруі тиіс.

Осы Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді беруге жататын қызметтің түрлерін анықтау бойынша даулы мәселелер туындаған кезде, АШҚҚҚ микрокредиттерді Комитеттің консультациясы негізінде беру туралы шешім шығарады.

Бағдарлама шеңберінде заемшының тиісті талаптарды сақтау туралы міндеттемеге қол қойған жағдайда ғана АШҚҚҚ микрокредиттерді бере алады (3 Қосымша).


4.5. Микрокредиттерді беру механизмі

Микрокредиттерді берудің шарттары микрокредиттердің мақсатты жұмсалуы міндетті түрде көрсетілетін микрокредиттерді беру туралы шартта (бұдан әрі – шарт) айқындалады. Онда микрокредиттердің мақсатты бағыты (қандай мақсаттарға арналуы) міндетті түрде көрсетіледі. Микрокредиттердің мақсатты бағыты АЕМ-дегі кредит берілетін шаруашылық қызметтің баламалы түрлерінің Тізбесінде көрсетілген қызмет түрлеріне сәйкес болуы тиіс (1-қосымша).

Микрокредиттер тек ақшалай түрде беріледі, бұл берілген қаражаттың мақсатты жұмсалуы және оларды жеке тұлға қажеттіліктеріне пайдалануға (азық-түлік сатып алу, киімдер, тұрмыстық мақсаттағы заттар т.б. сатып алу) тыйым салу ескертілген заемшы мен АШҚҚҚ арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асады. Сондай-ақ шартта алынған қаржыны қайтару бойынша қойылатын талаптар нақты айтылуы тиіс.

Егер Заемшы сұраған қаражат микрокредиттің ең жоғарғы сомасынан – 3 100 АЕК-дан асып кетсе (№ 4 қосымшаға сәйкес осы Бағдарламада көзделген), жоба қаражатынан микрокредиттің үстеме қаржыландырылуы мүмкін, бұл орайда микрокредиттің жалпы сомасы 5 400 АЕК-дан аспауы тиіс.

Микрокредиттерді өтеу мерзімі заемшының тілегі мен мүмкіндігін ескерумен микрокредиттің түріне қарай жеке белгіленеді (№ 4 қосымша).

Микрокредиттерді қайтаруы өндіріс кезеңі және өнімді сату есепке алына отырып, шарт тараптарымен келісілген қаражатты қайтару кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Екінші және келесі микрокредиттерді алу мыналарға:

- шарттың толық орындалуына және алдыңғы микрокредитті қайтарылуына;

- материалдық базаның нығайтылу дәрежесіне байланысты.

Микрокредиттерді беру осы Бағдарламаға және АШҚҚҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Микрокредиттер беру кезінде комиссия алынбайды.

Микрокредиттердің түрлері: топталған және жеке кредиттер беру

Микрокредиттер берудің барынша толық шарты және қамтамасыз ету түрлері осы Бағдарламаның 4-қосымшасында келтірілген.

4.6. Кредит берілетін жобалардың мониторингі және бағасы

АШҚҚҚ заемшыларға микрокредиттерді бергеннен кейін Комитетке тиісті ақпаратты жылсайынғы жылдық есеп түрінде беріп отырады.

Берілген микрокредиттерді пайдалану/қайтару және экономикалық тиімді іске асыру шарттарының орындалу барысына мониторингті АШҚҚҚ жүзеге асырады. Жобалардың бірінші мониторингін АШҚҚҚ Комитеттің аймақтық инспекцияларымен бірлесе отырып, заемшылар микрокредиттерді алған сәттен бастап алғашқы үш айдан кешіктірмей өткізеді. Екінші және келесі мониторингтерді АШҚҚҚ әрбір жобаны іске асырудың ерекшелігіне және ұзақтығына қарай өткізеді. Тұтастай алғанда, кредит берілетін жобаларды іске асыру мерзімінің соңында АШҚҚҚ оларды іске асыру орындарына кем дегенде екі мониторингтік іс-сапарды жүзеге асыруы тиіс.

Егер мониторинг нәтижесінде АШҚҚҚ Бағдарлама шарттарына заемшылардың нақты қызметтерінің сәйкессіздігін, яғни микрокредиттің мақсатсыз жұмсалғанын анықтаған жағдайда, АШҚҚҚ-ның шарт талаптарына сәйкес айыппұл санкцияларымен микрокредитті кері қайтарып алуға құқығы бар (бұл талап міндетті түрде заемшы қол қойған микрокредиттерді беру туралы шартқа енгізілуі тиіс).

Комитет аймақтық инспекциялар арқылы қаржыландырудың барлық кезең ішінде қажетіне қарай мониторинг жүргізеді (2011-2015 жж.). Осы мониторингтің басты міндеті қойылған мақсатқа қол жеткізу және берілген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау болып табылады.

Мониторинг 2 түрге бөлінеді:

- қашықтықтан жүргізілетін мониторинг: кем дегенде жылына бір рет АШҚҚҚ-ның қаражаттың жұмсалуы жөнінде есептік жобасы және әрбір жоба бойынша жеке-жеке мониторинг актілерін Комитетке беру арқылы жүзеге асырылады;

- тікелей мониторинг: заемшылардың жобаларды іске асыру орындарына бару арқылы АШҚҚҚ-ның берген есептілік және мониторинг актілерінің сәйкестігін бақылау мақсатында, кем дегенде жылына бір рет жүзеге асырылады.

Қаражаттың мақсатсыз жұмсалғаны анықталған жағдайда, Комитет бұл туралы АШҚҚҚ-ын микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарып алу жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін, жазбаша түрде хабардар етеді.
4.7. Бағдарламаны іске асырудың барысын қарау тәртібі
Әрбір күнтізбелік жылдың соңында Тараптар Бағдарламаны іске асырудың барысына бағалау/талдау жүргізеді. Бағдарлама қызметін бағалау мынадай деректер негізінде жүргізіледі:


  • Бағдарламада қамтылған елді мекендердің саны және тізбесі;

  • микрокредиттерді алған жергілікті тұрғындардың саны;

  • екінші микрокредиттерді алған тұрғындардың саны;

  • Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттердің жалпы саны және көлемі;

  • Бағдарлама шеңберінде барынша жиі кредит берілетін қызметтің түрлері;

  • тиімсіз/қолайсыз жобалардың саны және атауы (талаптарды орындау шарттары бойынша, микрокредиттердің тиімділігі және уақтылы өтелуі бойынша және т.б.);

  • жобалардың «құлдырау» себептері (тиімсіз/қолайсыз жобалар);

  • заемшылардың микрокредиттерді мақсатсыз жұмсау жағдайларының саны;

  • жобаны іске асыру арқылы ЕҚТА биоәртүрлілігіне теріс ықпалын азайтудың болжамды деңгейі болып табылады.

Осы және басқа мәліметтер негізінде Тараптар Бағдарламаны іске асырудағы ілгірлеу үрдісі мен оның нәтижелілігін, сондай-ақ оның іс-әрекетінің аумақтағы әлеуметтік-экологиялық-экономикалық ахуалдың өзгеруіне ықпал жасауын бағалайды, келесі кезеңге болжамдық көрсеткіштерді, Бағдарлама жұмысының тиімділігін арттыру жолдарын айқындайды.

4.8. Оң тәжірибені және басқа ақпараттарды тарату

Осы Бағдарлама шеңберінде жобаларды орындаудағы оң тәжірибе деп жобаның және заемшылар міндеттемелерінің (кешенді түрде) ойдағыдай аяқталуы танылады. Бұл ретте микрокредитті қайтару фактісі ғана емес, экожүйелердің және биоәртүрліліктердің сақталуын/қалпына келтірілуін, табиғи ортаны сақтауды және тұрақты табиғи ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ететін мәлімделген қызметтің орындалуы да есепке алынады.

Осындай қызметтер және осындай жобалар туралы ақпарат екі Тараптың да игілігі болып табылады және олар тәуелсіз таратыла алады. Бұл ретте шаруашылық қызметтің технологиясының түрлері, оның экономикалық тиімділігі, табиғи ортаға ықпал жасауды жан-жақты бағалау туралы мәліметтер таратылуға жатады.

Тараптар Бағдарлама шеңберіндегі кәсіпкерлік және шаруашылық қызметтің оң тәжірибесі, микрокредиттерді берудің практикасы және басқалар туралы ақпараттарды БАҚ арқылы ақпараттық материалдар шығару жолымен таратуға мүдделі және толығымен қолдайды.

Тараптардың әрқайсысы басқа Тараппен ынтымақтастық туралы ақпаратты таратылатын материалдар мен жарияланымдарға (баспасөз беттерінде шыққан хабарламаларға), олардың қызметтерін хабарлайтын сұхбаттасуларға енгізеді.


5. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Осы Бағдарламада көзделген іс-шараларды орындау ЕҚТА айналасында тұратын ауылдық аймақтардағы халықтың қ баламалы ызмет түрлерін дамыту саласындағы өзінің жеке ісін дамыту, ауыл, балық, аңшылық шаруашылығы саласында шаруашылық қызметті жүргізудің экологиялық қауіпсіз әдістерін қолдануға елеулі ықпал ететін болады.

Шаруашылық қызметтің баламалы түрлерін дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландыру туған өлкенің биологиялық әртүрлілігін сақтау іс-шараларына тарту арқасында, жобалық аумақтардағы жергілікті халық тұрмысының, сондай-ақ аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының жақсаруына жағдай жасайды. Жергілікті қауымдастықтың тыныс-тіршілігінің жақсаруы сулы-сазды алқаптардың биоәртүрлілігіне төнетін қатерді азайтуға мүмкіндік жасайды.

Бағдарлама қызметінің маңызды нәтижесі республиканың басқа аймақтарына таратылуы және басқа жобалар үшін пайдалы болуы мүмкін шаруашылық қызметтің тиімсіз жүргізілуіне балама ретінде микрокредиттерді беруден алынған оң тәжірибе болады.

Бұдан басқа, осы Бағдарламаны іске асыру қызметтің баламалы түрлерін дамытуға, ауыл халқын тарту арқылы табиғи ортаны сақтауға ықпал жасаушы құралы ретінде микроқаржылық секторды дамытуға жағдай жасайды.


6. ЖАЛПЫ РЕТТЕЛЕТІН ҮРДІСТЕР
Қажет болған жағдайда, Бағдарламаға Тараптардың келісілген және жазбаша келісімдерімен рәсімделген өзгерістері мен толықтырулары енгізілуі мүмкін.

Осы Бағдарлама шеңберіндегі қызметке байланысты туындаған Тараптар арасындағы кез-келген дау-дамайлар Тараптар ұйымдарының уәкілетті тұлғалары, не басшылары деңгейінде бірлескен келіссөздер арқылы шешілуі тиіс. Бұл орайда талқылау барысы және оларға қабылданған шешімдерге хаттама жасалады және Тараптар ұйымдарының басшылары оны бекітеді.

Нәтижесінде бірлескен жоспарлар мен іс-шараларды қайта қарау қажет болатын жағдайлар туындайтын болса, Тараптар бір-біріне күні бұрын хабарлауы және осы мәселе бойынша келісілген шешім қабылдаулары тиіс.

1 қосымша


Жобалық аймақтарда шаруашылық қызметтің баламалы түрлерін дамыту үшін кредит берілетін түрлердің тізімі:

Табиғи ресурстарды пайдаланудың ұтымды экологиялық қауіпсіз әдістерін қолданумен қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді азайтуды көздейтін

экономикалық қызметтің түрлері (жобаларды қаржыландырудың басымдылығы ретімен орналастыру)

1. ЕҚТА қоса алғанда экологиялық туризмді тұрақты дамыту:

- ұлттық салт-дәстүрді дамытумен қонақ үйлер жасау;

- экологиялық туризмді дамыту (экологиялық маршруттар, объектілер мен басқа туристік инфрақұрылымдарды жайластыру және құру);

- туризмге арналған халықтық кәсіпшілік бұйымдары мен кәдесыйлар дайындау:

- ұлттық бұйымдар мен киімдер тігу және дайындау;

- кәдесыйлар мен қол бұйымдарын дайындау;

- қыш-құмыра бұйымдарын дайындау;

- киізден жасалған кәдесыйлар.



2. Ресурстарды байытатын технологиялар енгізу мақсатында баламалы көздерді енгізу (биогаз қондырғыларын, күн батареяларын, жел қондырғыларын, шағын-ГЭС, жылу сорғыштарын және т.б..).

3. Орман шаруашылығын тұрақты жүргізу:

- себет тоқу, жиһаз, киіз үйлер жасау үшін бұйым алу мақсатында жылдам қолданылатын тал тұқымдарынан орман питомниктері мен плантациялар салу (талдар, терек).

- жанамалы орман пайдалануды дамыту (дәрілік өсімдіктер, ара шаруашылығы, саңырауқұлақ, жеміс-жидек т.б.)

4. Балық шаруашылығын тұрақты жүргізу:

- тауарлық балық өсірушілік және аквамәдениет



5. Аң өсіруді тұрақты жүргізу:

- олардың гумандылығына бағытталған аңшылық шаруашылығын дамыту;

- тұрақты аңшылық шаруашылығын дамыту мақсатында жабайы аң өсіру;

- көрсету мақсатында аң аулаудың ұлттық түрлерін дамыту;

- аң аулайтын иттер өсіруді дамыту.

6. Ауылшаруашылығын тұрақты дамыту:

6.1. Өсімдік өсіру

а) Жемістер мен жаңғақ өсіру:

- питомниктер, жемісті бақтарды, жидек бақшаларын және плантацияларды көбейту.



б) Көкөніс, соның ішінде алдыңғы қатарлы технологияны қолдана отырып жылыжайларда өсіру:

- тек органикалық тыңайтқыштарды, сондай-ақ тамақ өндіру үшін сертификатталған тыңайтқыштарды ғана пайдаланумен қарқынды жоғары өнімді бақша өсіруді көздейтін көкөніс, саңырауқұлақ өсіру жөніндегі жобалар.



в) Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу:

- үлкен көлемде өңделетін өнімдер өсірумен, яғни перспективалы және кең ауқымда енгізуді талап ететін мәдени дақылдар алқабын құрумен байланыстыра отырып, өңдеуші шағын кәсіпорындар құру;

- энергияның баламалы түрлерін қолданумен кептіру әдістерін енгізу (күн және т.б.).

6.2. Мал шаруашылығы

а) мал өнімдерін өңдеу:

- сүт өнімдерін өңдейтін шағын-цехтар жасау;



Бағдарламаның тараптарымен келісу бойынша қызметтің кредит берілетін өзге де түрлері анықталуы мүмкін.

2 Қосымша


Нақты шекарадан 50 км артық емес қашықтықтағы ЕҚТА айналасында орналасқан АЕМ тізбесі


1. Мемлекеттік табиғат резерваттың айналасында орналасқан АЕМ (МТР) «Ақжайық»:
Еркінқала ауылдық округі: Еркінқала, Ракуша, Алмалы, Тұманды.

Дамбы ауылдық округі: Пешной, Дамба, Амангелді.

Атырау ауылдық округі: Құрманғазы, Қызыл балық, Жамбыл.

Балықшы ауылдық округі: Көкарна (Жаңаталап), Курилкино.

Кеңөзек ауылдық округі:Тасқала.
2. Қорғалжың қорығының айналасында орналасқан АЕМ:
Қорғалжың ауданы: Қорғалжың, Жантеке, Өркендеу, Жұмай, Қарғалы, Майшұқыр, Тыңғылықты, Ұялы, Садырбай, Арықты, Құмкөл, Құлтай, Қоржынкөл, Біртабан, Алмас, Шалқар, Үшсарт, Қасқатау, Доскей (Абай), Бірлік.

Егіндікөл ауданы: Жалманқұлак, Жұлдыз, Қоныртүбек, Абай, Ушакова, Буревестник, Полтавский, Егіндікөл, Сперидоновка,

Нұра ауданы: Құланөтпес, Ақтөбек, Керей, Нығман, Жанбөбек.

Жарқайың ауданы: Шалғай, Гагарин, Шойындыкөл.

Атбасар ауданы: Есенгелді, Көкпекті.
3. Алакөл қорығының айналасында орналасқан АЕМ:
Алакөл ауданы: Ынталы, Ұялы, Үшарал, Талапкер, Көктума, Камысқала, Қайнар, Қазақстан, Жалаңашкөл, Жайпақ, Бұлақты, Бескөл, Бесағаш, Алакөл, Ақши, Ақтүбек, МТФ-3, Көктұма станция, 13 разъезд, Сайкан разъезді, Жанама, Қарабұлақ, Старый, Еңбекші.

Үржар ауданы: Сағат, Қарабұлақ, Қабанбай, Ұзынбұлақ, Қаракөл, Көктал, Абеу, Үржар.
4. Алматы қорығының айналасында орналасқан АЕМ:
Енбекшіқазақ ауданы: Қайназар, Рахат, Көктөбе, Түрген, Татүрген, Қаракемір.

Талғар ауданы: Береке, Рысқұлов, Верхнее-Талгарская ГЭС, Лебединка, Байбұлақ, Белбұлақ, Қызылқайрат, Ақдала, Кеңдала, Азат, Бірлік, Шыңбұлақ, Бәйтерек, Бесағаш, Ақбұлақ, Қотырбұлақ, Бесқайнар, Алматау, Тұздыбастау.


  1. Ақсу-Жабағылы қорығының айналасында орналасқан АЕМ:


Жуалы ауданы: Талапты, Сорым, Бауржан Момышұлы, Ақсай, Разъезд Шақпақ Ата, Амангелді.

Түлкібас ауданы: Шақпақ Баба, Разъезд Қара Алма, Абаил, Жабағылы, Күмісбастау, Елтай, Кемербастау, Станция Тулкібас, Ақбиік, Тұрар Рысқұлов, Азаттық, Вознесеновка, Жаскешу, Иірсу, Даубаба.

Төлеби ауданы: Қаратөбе, Қасқасу, Советский, Қарамұрт.

Бәйдібек ауданы: Ақтас, Кеңестөбе, Ақбастау, Боралдай, Байжансай.
6. Барсакелмес қорығының айналасында орналасқан АЕМ:
Арал ауданы: Қаратерең, Жаңақұрылыс, Мыңшұқыр, Түктібаев, Құланды, Қожабақы
7. Батыс Алтай қорығының айналасында орналасқан АЕМ:
Риддер қ. ауданы: Пригородное, Аэродромное, Громатуха, Ермолаевка, Новая Королевка, Верхняя Хариузовка, Коноваловка, Крольчатник, Ливино, Поперечное, 8-е марта, Синюшонок.
8. Қарату қорығының айналасында орналасқан АЕМ:
Кентау қ. әкімдігіне қарасты АЕМ: Байылдыр, Хантағы, Ащысай, Қарнақ,

Шоққарағай ауданы: Балдысу, Таукент, Сызған, Көзмолдақ.

Түркістан әкімдігіне қарасты АЕМ: Бабайқорған, Абай, Шерт.
9. Марқакөл қорығының айналасында орналасқан АЕМ:
Күршім ауданы: Урунхайка, Матобай, Қарағайлы-Бұлақ, Верхняя Еловка, Ақжайлау, Бұғымүйіз, Тентек.
10. Наурызым қорығының айналасында орналасқан АЕМ:
Наурызым ауданы: Киевка, Жамбыл, Қарамеңді, Шұқыр, Шолақсай, Шілік, Наурызым, Октябрь, Егінсай, Ново-Наурзум, Саршығанақ, Өлеңді, Шолаққопа, Қарақұдық, Диевка.
11. Үстірт қорығының айналасында орналасқан АЕМ:
Қарақиян ауданы: Төлеп, Аққұдық.


  1. «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің (МҰТП) айналасында орналасқан АЕМ:



Панфилов ауданы: Сарпылдақ, Қызылжиде, Айдарлы, Дарбазақұм, Жиделі, Чулакай, Үшарал, Көктал, Қоңырөлең, Қызыл-Жамбыл, Соцжол, Ынталы.

Кербұлақ ауданы: Онжас, Калиновка, Чкалово, Аралтөбе, Қосағаш, Бостан, Круглое, Ынтымақ, Қоғалы, Тастыөзек, Шағап, Жайнақбатыр, Алтын-Емел, Красногоровка, Жаңалық, Майтөбе, Шанханай, Шилісу, Қоянкөз, Сарыбастау, Арқарлы, Қарашоқы.


  1. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің (МҰТП) айналасында орналасқан АЕМ:


Айыртау ауданы, Зеренді ауданы: Қаракамыс, Дауқара, Егінді–ағаш, Шалаөзек, Юдинка, Качиловка, Сулыкөл, Сырымбет, Сары-Бұлақ, Шоқ-Қарағай, Елецкое, Айыртау, Колесниковка, Кругловка, Ново-Украенка, Саумальколь, Воскресеновка, Кеңашы, Комаровка, Антоновка, Орловка, Мәдениет, Айыртау, Шалқар, Лобаново, Имантау, Бурлук, Альжанка, Заря, Акчок, Құспек, Жақсы-Жанғызтау, Алтын-бұлақ, Нижни-Бурлук, Верхний-Бурлук, Арықбалық, Горный, Целинный, Константиновка, Гусаковка, Матвеевка, Цуриковка, Үлгілі, Ермаковка, Карсак, Зеренді, Красный Кордон, Бәйтерек, Троицкое, Өндіріс, Айдабол, Викторовка, Красиловка, Бөгенбай би.


  1. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің (МҰТП) айналасында орналасқан АЕМ:



Райымбек ауданы: Тоғызбұлак, Жалаңаш, Кіші жалаңаш, Алғабас, Жіңішке, Сарытау, Қарабұлақ, Саты, Күрметі, Жайдақбұлақ.


  1. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парктің (МҰТП) айналасында орналасқан АЕМ:


Талгар ауданы: Бесқайнар, Думан ықшам, Тұздыбұлак, Шымбұлак, Алмалы, Аққу, Орман, Красный-Восток.
Енбекшіқазақ ауданы: Бөлек, Көктөбе, Совет, Алмалы, Төлеби, Сатай, Талдыбұлақ, Моловодный, Ащыбұлақ, Таусүгір.
Карасай ауданы: Көк-Шоқы, Алатау, Алма-Арасан, Көлсай, Таусамалы, Райымбек, Жанатұрмыс, Ақжар, Авангард, Долан, Кемертоған, Абай, Жандосов, Здоровье, Қырғаул, Шамалған.



  1. Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи парктің (МҰТП) айналасында орналасқан АЕМ:


Катон-Карағай ауданы: Аршаты, Рахмановские ключи, Берель, Жамбыл, Шұбарағаш, Маралды (Фадиха), Қайыңды (Верхберезовка), Ақмарал (Парковое), Қызылжұлдыз, Аққайнар (Черновая), Мойылды (Каменка), Үріл, Еңбек, Шыңғыстай, Жаңаүлгі, Қабырға, Катон-Қарағай, Топқайың, Белқарағай (Медведка), Өрнек, Согорное, Барлық (Печи), Коробиха, Үшбұлақ (Чермошка), Жазба (Язовая), Ақсу (Белое), Талды (Чаловка), Ақшарбақ (Верхкатунь), Бекалка (Фыкалка), Солдатово, Ульяновка.

Күршім ауданы: Тосқайың (Бобров), Бұғымүйіз (Сорвенок), Балықтыбұлақ (Владимировка).


  1. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи парктің (МҰТП) айналасында орналасқан АЕМ:



Қарқаралы ауданы: Талды, Ақбай-Қызылбай, Белдеутас, Бақты, Абыз, Жарлы, Жекежал, Жалпақшілік, Саз, Аппаз, Бүркітті, Борлыбұлак, Кент, Жананегіз, Тегісшілдік, Қарағайлы, Ақтерек..


  1. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парктің (МҰТП) айналасында орналасқан АЕМ:



Ұйғыр ауданы: Чунджа, Шарын, Тасқарасу, Шырын, Шошанай, Сүмбе, Қырғызсай, Малое Аксу, Большое Аксу.

Райымбек ауданы: Ұзын Бұлак, Жылысай.


  1. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парктің (МҰТП) айналасында орналасқан АЕМ:


Баянауыл ауданы: Ақсан, Алесандровка, Байнеке, Белағаш, Жайма, Жамбақ, Жаңатілек, Жапалаң, Жасыбай, Жосылы, Жуантөбе, Қаражар, Қарасор, Қаратөбе, Қарашат, Қойтас, Күрекелі, Кызылшілік 1, Кызылшілік 2, Қырғын, Малдыбұлақ, Новая Жайма, Опырмалы, Победа, Сарқамыс, Семізбұға, Торайғыр, Шоман, Шонай, Шөптікөл, Бұқар Жырау.


  1. Сайрам-Угам мемлекеттік ұлттық табиғи парктің (МҰТП) айналасында орналасқан АЕМ:


Қызылқұрт ауданы: Қызылбұлақ, Сарыүйсін, Жигерген, Қаржан, Аққұм, Қарабау, Таң, Өндіріс, Қызылдихан, Тұрбат.
Түлкібас ауданы: Күмісбастау, Елтай, Кемербастау, Жаскешу, Пістелі, Жанұзак, Абай, Балықты, Мақталы, Керейт, Еңбек, Машат, Иірсу, Даубаба-1, Даубаба-2, Келте-Машат, Жиынбай, Кершетас, Сазтөбе, Ынтымақ.
Төлеби ауданы:Қазақстан, Алатау, Біркөлік, Бейнеткеш, Қызыләскер, 8-март, Абай, Жаңа-ұйым, Момынай, Аққұм, Қосағаш, Екпінді, Қорған, Шұбарағаш, Қайнар, 1-Мамыр, Достық.


  1. Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парктің (МҰТП) айналасында орналасқан АЕМ:


Алакөл ауданы: Лепсинск, Байгерек, Жүнжүрек, Шымбұлақ, Көкжар.
Сарканды ауданы: Тополевка, Екіаша, Аман бөктер, Шатырбай, Қарғалы, Черкасск, Петропавловка, Қойлық.


  1. «Семей орманы» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің (МҰТП) айналасында орналасқан АЕМ:


Бесқарағай ауданы бойынша: Беген, Жандос, Семеновка, Өндіріс, Бозтал, Ново-Николаевка, Малая Владимировка, Мостик, Кривинка, Грачи, Семиярка, Бөдене, Черемушки, Долонь, Шаған, Жыланды, Белокаменка, Старая крепость, Стеклянка, Глуховка, Бірлік, Изатулла, Петропавловка, Мещанка, Канонерка, Қара-Мырза, Карабаш, Бостал, Сосновка, Полянка, Қоянбай, Баскөл.
Бородулиха ауданы бойынша: Коростели, Аул, Ивановка, Андроновка, Переменовка, Ремки, Жезкент, Бел-Ағаш, Бековка, Бек- карьер, Шелехово, Троицкое, Петропавловское, Зубоир, Ново-Покровка, Сарноғай, Дмитриевка, Камышенка, Михайловка, Романовка, Орловка-1, Березовский, Знаменка, Петроградское, Михайличенково, Бородулиха, Орловка-2, Зенковка, Девятка, Красный яр, Песчанка, Сахновка, Буркотово, Кондратьевка, Шульбинск, 2-ая Пятилетка, Пролетарка, Нововасильевка, Ключики, Солоновка, Новая Шульба, Потапенково, Михайличенково, Жерновка, Успенка, Поднебесное
Семей қ. әкімдігіне тәуелді АЕМ: Березовский, Кіші Ақтөбе, Озерки, Каштак, Половинки, Тиіпқашқан, Талица, Бұлак, Баженово, Ново-Баженово, Жаңа-Жол, Мұздыбай, Гранитный, Приречное, Крупский, Мүкүр, Прииртышский, Шоқаман, Бүкенші, Воскресеновка, Шелехово, Омырза, Дүйсекен.


  1. «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваттың (МТР) айналасында орналасқан АЕМ:


Павлодар облысының Шарбақты және Лебяжий аудандары: Жаңа-аул, Алексеевка, Николаевка, Жылыбұлак, Ғалқын, Ириновка, Сахновка, Құлат, Александровка, Малиновка, Татьяновка, Қосқұдық, Марьяновка, Тақыр, Баймолда, Арбиған, Шегірен, Есілбай, Тереңкөл, Қорт, Қазы, Майқарағай, Малыбай, Қазантай, Жабағылы, Керей, Подпуск, Тасым.


  1. «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваттың (МТР) айналасында орналасқан АЕМ:


Ырғыз ауданы: Дүкен, Мамыр, Белшер, Нұра, Жайсаңбай, Қойылыс, Қаракөл.
Жангелды ауданы: Ақшығанақ.



  1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің (МҰТП) айналасында орналасқан АЕМ:


Еңбекшілдер ауданы: Үлгі, Сәуле, Қызыл Ұйым, Ұйымшыл, Пригорхоз, Степняк,

Степняк, Құдык ағаш, Қарағай, Кішкентай, Қаратал, Қоғам, Шошқалы, Баймырза, Заураловка, Мақпал, Макинка, Лесная дача, Бұланды, Яблоневка, Кеңашы, Мамай, Бірсуат, Итемген, Белағали, Сапақ, Прожектор, Азнабай, Терек, Кодабас, Арай, Қайнар



Бурабай ауданы: Атамекен, Жасыл, Шиели, Қаражар, Наурызбай батыр, Мезгельсор, Жаңа Қарабауыр, Ескі Қарабауыр, Қымызнай, Зеленый бор, Ақылбай, Бидайық, Жаңаталап, Мәдениет, Қотаркөл, Озерное, Вишневское, Ключевое, Сосновка, Карловка, Трамбовка, Кенесары, Айғабақ, Сосновка, Бурабай, Урумкай, Молодежный, Қызылағаш, Оқжетпес, Сарыбулак, Ст.Жаңақара, Вороновка, Баянбай, Брусиловка, Златополье, Қарашілік, Сотниковка, Савинка, Көрнекті, Түлкілі, Жарқайың, Лесной хутор, Новоандреевка, Күлстан, Ынталы, Черноярка, Веденовка, Ұлшалған, Клинцы, Колоколовка, Жаңатаған, Федосеевка, Ковалевка, Қарабұлақ, Крупское, Николаевка.
Бұланды ауданы: Новокиевка, Гордеевка, Отрадное, Карамышевка, Ерголка, Вознесенка, Колоколовка, Прохоровка, Белоцерковка, Копчановка, Даниловка, Красный кордон, Боярка, Елтай, Жаңаталап, Богдановка, Никольское, Балуан Шолақ, Капитановка, Пушкина, Ивановка, Ортакшыл, Партизанка, Красносельская, Буденовка, Новобратская, Ярославка, Новодонецк, Красноводское, Добровольное, Журавлевка, Мат, Улытоган, Розы Люксенбург

3 Қосымша


3. Ақпарат беру келісімімен Жоба талаптарын сақтау туралы

міндеттеменің нысаны
                                           
Мен, __________________________________________________, мынадай мекен-жайда тұратын_______________________________________________________________,
«Табиғи орта» микрокредиттерді беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі – АШҚҚҚ) земшысы ретінде өз мүддеме сай қызметті дамытуға микрокредитті ала отырып, ЕҚТА аумақтарына, сондай-ақ онымен шекаралас жерлерге іргелес орналасқан менің ауылымның аумағындағы биоәртүрлілікке зиян келтірмейтін қызметтің баламалы түрлерін дамыту бағдарламасының талаптарын орындауға міндеттенемін.

Егер Мен Жоба талаптарын сақтамаған жағдайда, АШҚҚҚ Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредитті кері қайтарып алуға құқылы.

Осы арқылы менің кредиттік досьемде бар тегімді, атымды және әкемнің атын, кредит берілетін қызметтің түрін, тұрған жерімді және байланыс телефондарын, микрокредиттің мөлшерін, микрокредитті беру және өтеу мерзімін, шартын/кестесін қоса алғанда АШҚҚҚ-на, ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне микрокредиттер бойынша ақпарат беруіне келісімімді беремін.

Заемшының қолы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Күні _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

4 Қосымша



Микрокредиттерді беру шарттары:


Кредит беру мерзімі


ең азы – 6 айға,

Зайымның ең көп мерзімі 54 ай



Өтеу кестесі

Заемшының мүмкіндігін ескерумен байланысты

Сыйақы мөлшерлемесі

жылдық 10 %


Кредит беру валютасы

ұлттық валюта – ТЕҢГЕ

Микрокредиттерді беру нысаны

аударым арқылы

Микрокредиттің ең төмен сомасы

100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

Микрокредиттің ең жоғарғы сомасы

Микрокредиттің ең жоғарғы сомасы 3 100 АЕК құрайды, тараптардың келісімі бойынша 5400АЕК–ке дейін үстеме қаржыландырылуы мүмкін

Кредит бергені үшін комиссиялық алым алынбайды

Алынбайды

Қамтамасыз ету

Жылжитын және жылжымайтын мүлік, депозиттер, банктік кепілдіктер

Басқа талаптар

Бағдарламаның қаржы қаражатын осы Бағдарламаның талаптарын ескерумен кері инвестициялау


Жеке микрокредиттерді беру
  • Заемдарға барлық түріне дерлік кепілдіктің міндетті қамтамасыз етілуі.





Микрокредиттер бойынша қамтамасыз ету
АШҚҚҚ микрокредитін берген кезде барлық тәуекелдерді есепке ала отырып, оның толық жабылу қағидаты қолданылады.

Әлуетті заемшылардың міндеттемелерін қамтамасыз ету мынадай нысандарда:

1) кепіл нысанында (негізгі қорлар, тауар-материалдық құндылықтар, заңды түрде рәсімделген құқық жер телімдерін пайдалану, иемдену және өкімдік жүргізу, сондай-ақ мүліктік құқықтар, акциялар, айналым капиталы, депозиттер, ақша және қолданыстағы заңдармен өндіріп алуға жол берілетін басқа мүліктер);

2) үшінші тұлғаның кепілдігі нысанында (тұрақты қаржылық жағдайы бар қазақстандық екінші деңгейдегі банктер, жоғары кредиттік рейтингі бар шетелдік банктер, жоғары беделге ие және активтері бар компаниялар).





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет