Міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшерін және тәртібін анықтау ережесі



Дата03.07.2016
өлшемі270.38 Kb.
#174105
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 30 қазандағы (№32 хаттама) шешімімен бекітілген
(2014.27.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу

мөлшерін және тәртібін анықтау ережесі
Осы Ереже 2006 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктерімен міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшерін және тәртібін (бұдан әрі - Ереже) анықтайды.
1-тарау. Жалпы ережелер

1-тараудың 1-тармағы 2009. 04.09. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (Қор) Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес соңғы абзацпен толықтырылды (№5 хаттама), 2011.19.05. (№3 хаттама), 2012.09.10. (№6 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес өзгерістер енгізілді, 2013.21.02. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес соңғы үш абзацпен толықтырылды (№1 хаттама), 2013.16.04 Қор Директорлар кеңесінің шешімімен өзгерістер енгізілді (2013.01.05 бастап қолданысқа енгізілді (№2 хаттама); 2013.18.07 (№4 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес жаңа абзацпен толықтырылды; 2014.30.07 (№3 хаттама) Қор директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (заң күшіне 2014.01.08-дан бастап енді).

  1. Осы Ережені қолдану үшін Заңмен белгіленген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:

депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым – «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ;

қосылу шарты - банктің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым айқындайды және жүйедегі барлық банктер үшін стандартты болып табылады;

сандық индикаторлар – қатысушы банктің қаржы қызметін сипаттайтын көрсеткіштер;

сапалық индикаторлар – қатысушы банктің басқару сапасын сипаттайтын көрсеткіштер;

аралық бал – осы Ережемен бекітілген тәртіпте қатысушы банктің сандық және сапалық индикаторлары арасындағы кез келген көрсеткішті есептеу/талдау қорытындылары бойынша анықталған қатысушы банктің балы;

жалпы бал – нақты тоқсанға қатысушы банктің сандық және сапалық индикаторларының барлық көрсеткіштері бойынша аралық балдарды жинақтау қорытындылары негізінде қалыптасқан қатысушы банктің қорытынды балы;

жалпы жинақтау балы – есепті тоқсанды қоса алғанда, соңғы жеті тоқсан ішінде қатысушы банк жинаған жалпы балдарды есепке ала отырып есептелетін, сондай-ақ оның міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесінің мөлшерін анықтайтын есепті тоқсанға қатысушы банктің қорытынды балы;

есепті тоқсан – қатысушы банкпен тоқсан қорытындылары бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға міндетті күнтізбелік жарнасын төлейтін тоқсан;

уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемелері - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Директорлар кеңесімен бекітілетін және оларды ұстану үшін қатысушы банктерге ұсынылатын жеке тұлғалардан жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемелері (теңге мен шетелдік валютасында);

жеке тұлғалардан тартылған депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі – банк салымы/шоты шартының талаптарына сәйкес шоттағы/салым сомасындағы қалдық ақшаға сыйакыны есептеу кезінде қолданылатын банк салымы/шоты шартында көрсетілген және жылдық пайызда бекітілген сыйақының номиналды мөлшерлемесі, сондай-ақ қоса алғанда;

1) депозиторға немесе оның тапсырысы бойынша үшінші тұлғаларға тиесілі бонустық сыйақы, алайда ол/олар депозитті ашу бойынша қажетті шарттарды сақтаған болса;

2) депозитормен немесе оның тапсырысы бойынша үшінші тұлғалармен депозитті ашу кезінде ұйымдастырылған акциялар шегінде алынатын, сондай-ақ акциялар шарттарына сәйкес келетін ақшалай-заттық сыйлық (ілеспелі және/немесе қосымша банктік қызметтерден1 басқа), егер сыйлықтың бөлшектенген құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуге жататын мөлшерді құрайтын болса.

Бонустық сыйақыны төлеу және/немесе ақшалай-заттық сыйлықты беру кезінде номиналды мөлшерлемені есептеу қатысушы банктің есептік саясат талаптарына негізделмейді.

депозит – депозитормен банкке алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, толық немесе ішінара, тікелей депозиторға қайтарылуы не оның тапсыруы бойынша үшінші тұлғаларға берілуі тиіс не онсыз екеніне қарамастан, оны алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін номиналды түрде қайтару шартында тапсырылатын ақша;

мультивалюталық депозит - теңге және шетелдік валютасында бірыңғай шотты ашу шартындағы теңге немесе шетелдік валютасындағы банк салымы шарты бойынша қабылданған, сондай-ақ осы шарт шегінде депозитор үкімі бойынша бір салым валютасынан басқа салым валютасына толық немесе ішінара салым аударымы мүмкіндігін қарастырылатын депозит;

жаңадан тартылған депозит – қатысушы банкпен банк салымы (шоты) шарты бойынша есепті ай ішінде қабылданған депозит, сондай-ақ есепті ай ішінде ұзартылған шарттар бойынша депозиттер.

2. Осы Ереженің мақсаты қатысушы банктің қаржылық тұрақтылығы мен қатысушы банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемнің болжамды төлену тәуекелінің туындау дәрежесіне байланысты қатысушы банктерімен міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды әділ төлеу жүйесін енгізу болып табылады.


2-тарау. Қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарнасы мөлшерлемесінің

мөлшерін анықтау және төлеу тәртібі
3. Қатысушы банктер осы Ережеге сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен олар үшін анықтаған мөлшерлеме бойынша әр тоқсан сайын міндетті күнтізбелік жарналарды төлейді.

4. Қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарнасының мөлшері есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдайы бойынша қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттер сомасынан 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыздан аспауы тиіс.



5-тармаққа 2009.07.04. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (№ 3 хаттама), 2013.21.02. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес екінші абзацпен толықтырылды (№1 хаттама); 5-тармақ 2014.30.07. Қор Директорлар кеңесінің шешімі мәтінінде баяндалды (№3 хаттама) (заң күшіне 2014.01.08-дан бастап енді).

5. Қатысушы банктер ай сайын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінің Астана уақыты бойынша 18.00. сағатына дейін Қосылу шартының 1-Қосымшасымен көрсетілген нысан бойынша тартылған депозиттер жөніндегі мәліметтерді байланыстың АТҚАЖ электрондық арналары арқылы және қағаз нұсқада ұсынады.

1 қаңтардағы жағдайы бойынша тартылған депозиттер бойынша мәліметтер (ішкібанктік операциялар бойынша ақырғы айналымдарды ескерумен) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кеш емес ұсынылады.

Қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға тартылған депозиттер бойынша мәліметтердің ұсыну күні болып табылады:

1) қатысушы банк есепті пошта қызметі арқылы ұсынған жағдайда – қабылдағандығын куәландыратын штемпелі бар есепті пошта қызметімен қабылдаған күні;

2) қатысушы банктің өкілі арқылы есепті ұсынған жағдайда - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымының штемпелінде көрсетілген депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның алған күні.



6-тармаққа 2014.30.07. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (№ 3 хаттама) (заң күшіне 2014.01.08.-дан бастап енді).

6. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым әр тоқсан сайын қатысушы банктерден және уәкілетті мемлекеттік органнан алынған мәліметтер негізінде қатысушы банктердің сандық және сапалық индикаторлары мәндерінің есебін жүргізеді.

Сандық және сапалық индикаторлардың есебі үшін пайдаланылатын мәліметтер тізбесі осы Ережеге 1-қосымшада келтірілген.

7-тармаққа 2013.18.07. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (№ 4 хаттама)

7. Сандық индикаторларға төмендегілерді сипаттайтын көрсеткіштер жатқызылады:



    1. капитал сәйкестігі (С-1, С-2, С-3, С-4);

    2. активтердің сапасы (А-1, А-2, А-3);

    3. активтердің шоғырлануы (А1-1, А1-2);

    4. кірістілік (Е-1, Е-2, Е-3, Е-4);

    5. өтімділік (L-1, L-2).

  1. Сапалық индикаторларға төмендегілерді сипаттайтын көрсеткіштер жатқызылады:

1) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген минималды резервтік талаптарды қоса алғанда, пруденциалдық және өзге де орындауға міндетті нормалар мен лимиттерді қатысушы банкпен орындауы - Q-1;

2) уәкілетті мемлекеттік органның қатысушы банкке, оның лауазымды тұлғаларына, ірі қатысушылары мен банк холдингтеріне қатысты қолданылған санкциялар мен әсер етудің шектеулі шараларының болуы – Q-2;

3) қатысушы банкке берілген шетелдік валютасындағы ұзақ мерзімді несие рейтингі (Standard&Poor’s/ Fitch) немесе шетелдік валютасындағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтингі (Moody’s) деңгейі немесе олардың жоқтығы – Q-3;

4) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым белгілеген жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қатысушы банктермен орындауы, - Q-4.



2-тараудың 8-тармағы 2009.29.09. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 5) тармақшамен толықтырылды (№ 6 хаттама)

  1. Қатысушы банкінің менеджмент сапасын бағалау - Q-5;

2-тараудың 8-тармағы 2013.18.07. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 6) тармақшамен толықтырылды (№ 4хаттама)

  1. Қатысушы банкі қызметінің тиімділігін бағалау – Q-6.

9. Сандық индикаторлар мәндері осы Ережеге 2-Қосымшада келтірілген формулалар бойынша есептеледі.

10. «Капиталдың бірдейлілігі» және «активтердің шоғырлануы» топтары бойынша сандық индикаторларды қоспағанда, қатысушы банктің кез келген сандық индикаторының мәнін есептегеннен кейін алынған мәндері осы Ережеге 3-қосымшада келтірілген шекті мәндеріне тиісінше жатқызылады.

Сандық индикатордың есептелінген мәніне жатқызылған шекті мәніне байланысты, қатысушы банкіге осы индикатор бойынша көрсетілген шекті мәнге сәйкес келетін аралық бал тағайындалады.

11. «Капиталдың бірдейлілігі» және «активтердің шоғырлануы» топтарына кіретін сандық индикаторлар бойынша осы Ережеге 4-Қосымшада келтірілген шекті мәндерге сәйкес суб-аралық балдар алдын - ала есептеледі.

Көрсетілген сандық индикаторлар бойынша аралық балдарды анықтау үшін әрбір индикатор шегінде есептелінген суб-аралық балдар өзара қосылады және осы Ережеге 5-қосымшада келтірілген шекті мәндерге сәйкес келеді.

12. 2010.23.07. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес алынып тасталынды (№5 хаттама).

13. Қатысушы банктің сапалық индикаторларын талдау кезінде бұл көрсеткіштер осы Ережеге 6-Қосымшада келтірілген, сондай-ақ белгіленген шекті мәндерге сәйкес келеді және жатқызылған шекті мәндерге байланысты қатысушы банкке тиісті аралық бал беріледі.

14-тармақ 2014.30.07. Қор Директорлар кеңесінің шешімі мәтінінде баяндалды (№ 3 хаттама) (заң күшіне 2014.01.08-дан бастап енді).

14. Сандық индикаторларды есептеу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым есепті тоқсанның алдындағы айдың соңғы жұмыс күніне жағдайы бойынша уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған мәліметтерді пайдаланады.



15-тармақ 2013.18.07. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес жаңа абзацпен толықтырылды (№ 4 хаттама); 2014.30.07. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер ензізілді (№3 хаттама) (заң күшіне 2014.01.08.-дан бастап енді); 2014.25.09. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер ензізілді (№4 хаттама) (заң күшіне 2014.01.09.-тен бастап енді); 2014.27.11 Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес жаңа абзацпен толықтырылды (№5 хаттама) (заң күшіне 2013.01.12-нан бастап енді)

15. Q-1 сапалық индикаторды есептеу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдынғы кезекті үш айға есепті тоқсанның екінші айының бірінші күніне уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынатын мәліметтерді пайдаланылады.

Q-2 сапалық индикаторды есептеу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдынғы кезекті үш айға есепті тоқсанның үшінші айының бірінші күніне уәкілетті мемлекеттік органы ұсынатын мәліметтерді пайдаланылады.

Сондай-ақ, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым минималды резервтік талаптарды қоса алғанда, пруденциалдық нормативтер және өзге де орындауға міндетті нормалар мен лимиттерді қатысушы банктермен орындамау жағдайларының болу немесе болмау айғағын ғана, сонымен қатар есепті тоқсан ішінде осы Ереженің 8-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органымен санкциялар және мәжбүрлеу шараларын қолдану жағдайлары да назарға алынады.

Айыппұлдардан басқа, уәкілетті мемлекеттік органымен қатысушы банкіге қолданылған санкциялар Q-2 сапалық индикаторын есептеуде қолданылған санкцияның бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде есепке алынады.

Егер уәкілетті мемлекеттік органымен қатысушы банкіге қолданған санкцияның мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспайтын болса, сондай-ақ екі есептеу кезеңді (тоқсанды) қамтитын болса, онда мұндай санкция депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымымен тек бірінші есепті кезеңде (тоқсанда) ғана есепке алынады.

Q-2 сапалық индикаторды есептеуде уәкілетті мемлекеттік органымен қатысушы банкке қолданған мәжбүрлеу шаралары есепке алынады, алайда пруденциалды нормативтер мен минималды резервтік талаптарды бұзғаны үшін қолданған міндеттеме хат түріндегі мәжбүрлеу шараларын қоспағанда.

16-тармақ 2014.30.07. Қор Директорлар кеңесінің шешімі мәтінінде баяндалды (№3 хаттама) (заң күшіне 2014.01.08.-дан бастап енді).

16. Q-3 сапалық индикаторын есептеу үшін қатысушы банк әр тоқсан сайын есепті тоқсанның үшінші айының бесінші күніне Астана уақыты бойынша 18.00. сағатына дейінгі мерзімде қағаз нұсқасында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға есепті тоқсанның үшінші айының бірінші күніне рейтингтік агенттіктер есептерінің көшірмелерін қоса бере отырып, қатысушы банкке берілген барлық рейтингтер туралы мәліметтерді ұсынады.

Қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға рейтингтер жөніндегі мәліметтерді ұсыну күні болып табылады:

1) қатысушы банк есепті пошта қызметі арқылы ұсынған жағдайда –қабылдағандығын куәландыратын штемпелі бар есепті пошта қызметімен қабылдаған күні;

2) қатысушы банктің өкілі арқылы есепті ұсынған жағдайда - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымының штемпелінде көрсетілген депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның алған күні.

17. Q-3 сапалық индикаторын есептеу кезінде қатысушы банкке бірден көп рейтингтік агенттікпен рейтинг тағайындаған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы индикатор бойынша балдарды анықтау үшін қатысушы банктің минималды рейтингін пайдаланады.

Еншілес қатысушы банкте дербес рейтинг болмаған жағдайда, бас ұйымның рейтингісі пайдаланылады.

17-1 тармаққа 2013.21.02. (№1 хаттама), 2013.16.04. (№2 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес өзгерістер енгізілді (заң күшіне 2013.01.05-дан бастап енді); 2014.30.07. (№2 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (заң күшіне 2014.01.08-дан бастап енді)

17-1. Q-4 сапалық индикаторын есептеу үшін қатысушы банк ай сайын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күні Астана уақыты бойынша 18.00. сағатына дейінгі мерзімде АТҚАЖ байланыстың электрондық арналары арқылы және есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күні Астана уақыты бойынша 18.00. сағатына дейінгі мерзімде қағаз нұсқасында Ережеге 9-қосымшаға сәйкес қатысушы банктің жеке тұлғалардан жаңадан тартылған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы мәліметтерді ұсынады.

Қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға жеке тұлғалардан жаңадан тартылған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы мәліметтерді қағаз нұсқасында ұсыну күні болып табылады:

1) қатысушы банк есепті пошта қызметі арқылы ұсынған жағдайда –қабылдағандығын куәландыратын штемпелі бар есепті пошта қызметімен қабылдаған күні;

2) қатысушы банктің өкілі арқылы есепті ұсынған жағдайда - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымының штемпелінде көрсетілген депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның алған күні.

Жеке тұлғалардан жаңадан тартылған мультивалюталық депозиттер бойынша қатысушы банк мәліметтерде валюталар түрлері бойынша сыйақының ең жоғарғы номиналды мөлшерлемелерін көрсетуі тиіс.

Банк салымы (шоты) шартын ұзартқанда қатысушы банк мәліметтерде ұзартылған банк салымы (шоты) шарты бойынша сыйақының максималлы мөлшерлемесін көрсетеді.

Мәліметтерге активтер мен міндеттемелерді басқару жөніндегі комитеттің немесе қатысушы банктің басқа да кез келген өкілетті органының есепті ай ішінде өткізген барлық отырыстарының хаттамаларынан үзінді көшірмелерін жеке тұлғалардан тартылған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін анықтау туралы мәселелерді қарау нәтижелерімен бірге қосымшада келтірілуі тиіс.

Есепті жылдың он екінші ай бойынша қатысушы банкпен жеке тұлғалардан тартылған депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы мәліметтерді (ішкібанк операциялары бойынша ақырғы айналымдарды ескеруімен) қатысушы банк есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кеш емес ұсынуы тиіс.

Депозиторға немесе оның тапсырысы бойынша үшінші тұлғаларға төленуге жататын жеке тұлғалардан тартылған депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу қатысушы банкпен келесі формула2 бойынша асырылады:


,
мұнда  - жеке тұлғалардан тартылған депозит бо йынша сыйақы мөлшерлемесі,

 - банк салымы/шоты шартында көрсетілген және жылдық пайызда бекітілген сыйақының номиналды мөлшерлемесі,

 - депозиторға немесе оның тапсырысы бойынша үшінші тұлғаларға төлеуге жататын, алайда депозитті ашуда онымен/олармен қажетті шарттарды орындау шартымен, қатысушы банкпен пайыздық сипатта бекітілген бонустық сыйлық.
Депозиторға немесе оның тапсырысы бойынша үшінші тұлғаларға ақшалай-заттық сыйлықты төлеуге жатқызылған жағдайында жеке тұлғалардан тартылған депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу келесі формула3 бойынша асырылады:

мұнда  - жеке тұлғалардан тартылған депозит сомасы,

 - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуге жататын мөлшерде депозиторға немесе оның тапсырысы бойынша үшінші тұлғаларға беру қарастырылатын сома немесе ақшалай-заттық сыйлықтың бөлшектенген құны.

17-2. Q-4 сапалық индикаторын есептеу кезінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Ереженің 17-1 тармағына сәйкес алдынғы кезекті үш айға есепті тоқсанның үшінші айының бірінші күніне қатысушы банктер ұсынатын мәліметтерді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы қатысушы банктің жарнамалық хабарландыруларымен шектелместен, оны қоса алғанда басқа да кез келген тиісті ақпарат көздерін, өкілетті мемлекеттік органның жазбаша ақпаратын, сонымен қатар қатысушы банктердің, басқа қатысушы банктер клиенттерінің және басқа тұлғалардың құжатпен расталған ақпаратын пайдаланылады.

17-3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк ұсынатын Ереженің 17-1 тармағында көрсетілген ақпаратты күмәнді деп таныған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым 27-1 және 27-2 тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарналарының тиісті мөлшерлемесін қайта есеп айырысуды жүзеге асырады.

2-тарау 2009.29.09. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 17-4, 17-5, 17-6 және 17-7 тармақтарымен толықтырылды (№ 6 хаттама).

17-4 тармағына 2013.18.07. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (№4 хаттама)

17-4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымымен Q-5 сапалық индикаторын есептеу үшін осы индикатор бойынша балдардың жалпы сомасы Ережеге 6-Қосымшада көрсетілген балдарға қатысушы банктің сәйкес келген жағдайда қатысушы банк менеджментінің сапасын бағалайтын екі критерий пайдаланады.



17-5 тармағына 2010.03.02. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (№ 1 хаттама); тармақ 2014.30.07. Қор Директорлар кеңесінің шешімі мәтінінде баяндалды (№3 хаттама) (заң күшіне 2014.01.08.-дан бастап енді).

17-5. Q-5 сапалық индикаторындағы «Директорлар кеңесі мен Басқарма Төрағалары ауысуының болмауы, Директорлар кеңесі мен Басқарма құрамындағы өзгерістердің есепті кезең ішінде 1/3 аса болмауы» критерийі бойынша балды есептеу үшін қатысушы банк тоқсан сайын есепті тоқсанның үшінші айының он бесінші күні Астана уақыты бойынша 18.00. сағатына дейінгі мерзімде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қағаз нұсқасында және АТҚАЖ байланыстың электрондық арналары бойынша Ереженің 10-Қосымшасына сәйкес есепті тоқсан үшінші айының бірінші күніне есепті кезең ішінде қатысушы банктің Директорлар кеңесі мен Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтер ұсынады.

Қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға есепті тоқсан үшінші айының бірінші күніне есепті кезең ішінде қатысушы банктің Директорлар кеңесі мен Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтерді қағаз нұсқасында ұсыну күні болып табылады:

1) қатысушы банк есепті пошта қызметі арқылы ұсынған жағдайда –қабылдағандығын куәландыратын штемпелі бар есепті пошта қызметімен қабылдаған күні;

2) қатысушы банктің өкілі арқылы есепті ұсынған жағдайда - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымының штемпелінде көрсетілген депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның алған күні.

Есепті кезең ретінде есепті тоқсанның үшінші айының бірінші күні алдындағы үш кезекті ай қабылданады.



17.6-тармаққа 2010.03.02. (№1 хаттама); 2014.29.04 (№1 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес өзгерістер енгізілді (заң күшіне 2014.01.01.-дан бастап енді)

17-6. Q-5 сапалық индикатордың «Директорлар кеңесі мен Басқарма Төрағаларының ауысуы, Директорлар кеңесі мен Басқарма құрамындағы өзгерістердің есепті кезең ішінде 1/3 аса болмауы» критерийі бойынша балды есептеу кезінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасының құрамындағы өзгерістерді мына төмендегі критерийлерге сәйкес ескереді.

Қатысушы банкінің Директорлар кеңесі және/немесе Басқарма құрамындағы өзгерістер ретінде Директорлар кеңесі және/немесе Басқарма құрамынан шығуы немесе оның толықтырылуы, алайда қатысушы банкінің Директорлар кеңесі немесе Басқарма мүшелерінің жалпы санын есепке алғанда, танылмайды:

- 4 адамға дейін (қоса алғанда) – бір адам;

- 5 адамнан 8 адамға дейін (қоса алғанда) – екі адам;

- 9 адамнан 12 адамға дейін (қоса алғанда) – үш адам;

- 13 адамнан көп – төрт адам.

Қатысушы банкінің Директорлар кеңесі және/немесе Басқарма құрамындағы өзгерістерді бағалауда ерекшелік ретінде Директорлар кеңесі және/немесе Басқарма мүшелерінің біреуі қайтыс болу себебімен өзгерісі болып табылады.



17-7 тармағына 2013.18.07. (№4 хаттама), 2014.29.04. (№1 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (заңды күшіне 2014.01.01.-нан бастап енді); 2014.30.07. (№3 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (заңды күшіне 2014.01.08.-дан бастап енді).

17-7. Q-6 сапалық индикаторын есептеу үшін қатысушы банк жыл сайын 30-сәуір Астана уақыты бойынша 18.00. сағатына дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банктердің жылдық қаржылық есебінінің аудиті нәтижелері бойынша аудиторлық есепті қағаз нұсқасында ұсынады. Қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға аудиторлық есепті ұсыну күні болып табылады:

1) қатысушы банк есепті пошта қызметі арқылы ұсынған жағдайда –қабылдағандығын куәландыратын штемпелі бар есепті пошта қызметімен қабылдаған күні;

2) қатысушы банктің өкілі арқылы есепті ұсынған жағдайда - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымының штемпелінде көрсетілген депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның алған күні.

Аудиторлық есепті ұсынбаған немесе аудиторлық есепте есепті және алдынғы жылдар үшін қатысушы банкінің акциясына негізгі табыс туралы мәліметтерінің болмаған жағдайында, мұндай банкіге Q-6 сапалық индикаторын есептеу кезінде 0 балл беріледі.

Q-6 сапалық индикаторын есептеу екінші тоқсанда жылына бір рет жүргізіледі және кейінгі төрт тоқсанның ішінде, есепті тоқсанды қоса алғанда, есепке алынады.

18. Барлық сандық және сапалық индикаторлар бойынша аралық балдарды есептегеннен кейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің жалпы балын есептейді. Қатысушы банктің жалпы балы осы тарауға сәйкес анықталған барлық аралық балдардың сомасы ретінде анықталады.

19. Жалпы жинақтау балы осы Ереженің 7-Қосымшасына сәйкес анықталатын есепті тоқсанды қоса алғанда, соңғы жеті тоқсан ішінде осы тараумен белгіленген тәртіпте анықталған қатысушы банктің жалпы балдарының туынды сомасы ретінде анықталады.

20. Жалпы жинақтау балын есептеу нәтижелері бойынша осы Ережеге 8-Қосымшаға сәйкес қатысушы банктің жіктеу тобы анықталады. Әрбір жіктеу тобы үшін оған сәйкес келетін міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі белгіленген.

21 тармаққа 2013.21.02. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (№1 хаттама), 2013.18.07. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (№4 хаттама)

21. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымы есепті тоқсанның үшінші айының отызыншы күніне дейінгі мерзімде қатысушы банкіге «Аса құпия» белгісімен жазбаша түрде қатысушы банк жатқызылған жіктеу тобы және оның міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі туралы мәліметтерді жеткізеді.

22. Қатысушы банк әр тоқсан сайын есепті тоқсанды қоса алғанда, есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың он бесінші күніне дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым анықтаған мөлшерлемеге сәйкес міндетті күнтізбелік жарналарды төлейді. Егер айдың он бесінші күні жұмыс күні болмаған жағдайда жарналарды төлеу мерзімі содан кейінгі жұмыс күнінде аяқталады.

23. Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ол үшін анықтаған жіктеу тобы мен міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін даулауға және міндетті күнтізбелік жарнаны төлеудің соңғы күніне дейінгі мерзімді қоса алғанда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға тиісті құжаттарды қоса бере отырып, дәлелді қарсылық хатты жолдауға құқылы.

24. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк ұсынған қарсылық хатты алған күннен бастап, жеті жұмыс күні ішінде қарауға міндетті.

25. Қатысушы банк және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында туындаған даулы жағдайда міндетті күнтізбелік жарнаны төлеудің соңғы күніне дейінгі мерзімде ретке келтірмеген жағдайда қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ол үшін анықтаған мөлшерлеме бойынша міндетті күнтізбелік жарнаны төлеуге міндетті. Осы тармаққа сәйкес қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарнаны төлеуі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банк берген қарсылық хатты одан әрі қарастыруын тоқтатпайды.

26. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің қарсылық хатын қарау нәтижелері және оны негізді деп тану бойынша соңғымен міндетті күнтізбелік жарнаның қайта қаралған мөлшерлемелерін ескере отырып, қатысушы банк төлеген міндетті күнтізбелік жарнаға қайта есептеуді жүзеге асырады.

27 тармақ 2013.21.02. (№1 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес үшінші абзацпен толықтырылды; 2014.29.04. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (№1 хаттама) (заң күшіне 2014.01.01-нан бастап енді); 2014.27.11. Қор Директорлар кеңесінің шешімімен жаңа редакцияда баяндалды (№5 хаттама) (заң күшіне 2013.01.12. бастап енді).

27. Қатысушы банкі міндетті күнтізбелік жарналарды артық төлеген жағдайда, мұндай сома депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымымен қатысушы банкінің кейінгі міндетті күнтізбелік жарнасының пайдасына есептеледі.



27-1 тармағы 2009.22.01. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 3) тармақшамен толықтырылды (№1 хаттама); 2013.18.07 (№4 хаттама), 2014.29.04. (№1 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес өзгерістер енгізілді (заң күшіне 2014.01.01.-нан бастап енді); тармақ 2014.30.07. Қор Директорлар кеңесінің шешімі мәтінінде баяндалды (№3 хаттама) (заң күшіне 2014.01.08.-дан бастап енді)

27-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мынадай жағдайларда міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін қайта қарауды және қатысушы банк төлеген міндетті күнтізбелік жарнамен қайта есеп айырысуды жүзеге асырады:

1) өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып, қатысушы банктердің жазбаша өтініштерін ұсыну арқылы енгізілетін қатысушы банктердің есептеріндегі олармен қабылданған өзгерістер туралы уәкілетті органнан мәліметтерді алу;

2) қатысушы банкті инспекторлық немесе өзге де тексеру нәтижелері бойынша қатысушы банктермен ұсынылатын күмәнді ақпаратты уәкілетті органымен анықталуы;

3) Қосылу шартымен белгіленген талаптарға кепілдік берілген депозиттерді есепке алудың автоматтандырылған дерекқорына сәйкестігін анықтауға байланысты іс-шаралар нәтижелері бойынша қатысушы банк ұсынған күмәнді ақпаратты, сондай – ақ Ереженің 17-2 тармағына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымы алған мәліметтерді анықтауы.

4) қатысушы банктен Ережеге №9 Қосымшасына сәйкес сыйақы мөлшерлемелері туралы өзгерген мәліметтерді құрастыруда қатысушы банкпен жіберілген техникалық немесе өзге де қателер салдарынан депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымымен алуы. Аталған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымы кепілдік берілген депозиттерді есепке алудың автоматтандырылған дерекқорының Қосылу Шартымен белгіленген талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша шараларды өткізгеннен кейін, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемелерін асыру айғақтарының жоқтығы расталғаннан кейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымымен міндетті күнтізбелік жарналардың мөлшерлеме(лер)ні қайта есептейді.

Қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарналарының тиісті мөлшерлемесін (-лерін) қайта есептеу депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымымен тиісті емес немесе инспекторлық немесе өзге де тексеру нәтижелері бойынша түзетуге жататын ақпаратты ұсынған барлық тоқсандарға, сондай-ақ барлық соңғы тоқсандар негізінде жүргізіледі және қатысушы банктің назарына жеткізіледі.

27-2 тармаққа 2014.29.04. (№1 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (заң күшіне 2014.01.01.-нан бастап енді); тармақ 2014.27.11. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (№5 хаттама) жаңа редакцияда баяндалды (заң күшіне 2013.01.12. бастап енді).

27-2. Осы Ереженің 27-1 тармағы негізінде жүргізілген есеп айырысулар нәтижелері бойынша қатысушы банктің алдыңғы тоқсандар үшін жіктеу тобы өзгерген жағдайда, қатысушы банкі міндетті күнтізбелік жарнаны (ларды) толық төлемеген/артық төлеген сомасы қайта есептеу жүргізілетін тоқсанға дейін 2 (екі) тоқсан үшін қатысушы банкімен төленген міндетті күнтізбелік жарналардың жалпы сомасы ретінде есептелінеді.

Міндетті күнтізбелік жарналар бойынша құралған берешектерді төлеу қатысушы банкпен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Директорлар кеңесі шешімінде белгілеген мерзімде, бірақ осындай шешім шығарылған күннен бастап, үш жүз алпыс күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

28. Қатысушы банктің жіктеу тобы және оған сәйкес келетін міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі туралы ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қосылу шартымен көзделген жағдайлардан басқа, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым және қатысушы банктер арқылы үшінші тұлғаларға жарияланбауы тиіс.

Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банк төлеген міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналардың жалпы сомасын қаржы есептілігінде көрсетілуінен басқа, ондай ақпаратты қатысушы банктермен жариялануына жол берілмейді.

29-тармақ 2010.08.04. Қор Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген жаңа редакцияда баяндалды (№3 хаттама), 2012.09.10. (№6 хаттама), 2013.18.07. (№4 хаттама), 2014.29.04. (№1 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешімімен өзгерістер енгізілді (заң күшіне 2014.01.01.-нан бастап енді).

29. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне жаңа кірген банктер Ереженің 29-2 және 29-3 тармақтарында көрсетілген жағдайлардан басқа, сондай-ақ 29-1 тармағымен көрсетілген ерекшеліктерді есепке ала отырып, алғашқы екі жыл ішінде автоматты түрде «қаржы тұрақтылығының қанағаттанарлық деңгейдегі банктер» - D жіктеу тобына жатқызылады және осы топқа сәйкес келетін мөлшерлеме бойынша міндетті күнтізбелік жарнаны төлейді. Есепті тоқсандағы екі жылдық кезеңінің аяқталу мерзімі Ереженің 21-тармағында көрсетілген мерзімге қатысты анықталады: егер екі жылдық кезең есепті тоқсанның үшінші айының 30 күніне дейін аяқталса, онда осы тармақта көрсетілген қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарнасының мөлшерлемесі осы Ережемен анықталған жалпы тәртіпке сәйкес анықталады, олай болмаған жағдайда қатысушы банк D жіктеу тобына жатқызылады.



2-тарау 2009.29.09. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 29-1 тармағымен толықтырылды (№6 хаттама), 2012.09.10. (№6 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешімімен өзгерістер енгізілді, 2014.29.04. (№1 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешімімен жаңа редакцияда баяндалды (2014.01.01.-нан бастап қолданысқа енгізілді).

29-1. D жіктеу тобына, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне жаңадан кіру күнінен бастап екі жыл болу мерзімімен, қайта құрудың төмендегі нысандарының нәтижесінде құрылған банктер жатқызылады:

1) біріктіру сәтіне A, B, C және/немесе D жіктеу топтарына жатқызылған қатысушы банктердің бірігуі, сондай-ақ олардың Е жіктеу тобына жатқызылған қатысушы банкімен бірігуі;

2) бөліну сәтіне A, B, C немесе D жіктеу топтарына жатқызылған қатысушы банктің бөлінуі;

3) бөліп шығару сәтіне A, B, C немесе D жіктеу топтарына жатқызылған қатысушы банктің басқа қатысушы банктен бөліп шығуы;

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне жаңадан кірген қайта құрудың төмендегі нысандарының нәтижесінде құрылған банктердің жатқызылуы:



  1. біріктіру сәтіне Е жіктеу тобына жатқызылған қатысушы банктердің бірігуі;

  2. бөліну сәтіне Е жіктеу тобына жатқызылған қатысушы банктің бөлінуі;

  3. бөліп шығару сәтіне Е жіктеу тобына жатқызылған қатысушы банктің басқа қатысушы банктен бөліп шығуы;

D немесе Е жіктеу топтарына және олардың онда болу мерзмі депозиттерге міндетті кепілдік беру ұйымының Директорлар кеңесінің шешімімен анықталады.

29-2 тармаққа 2012.09.10. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (№6 хаттама), 2013.18.07. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (№4 хаттама)

Осы Ереже мақсаттарында сыйақының максималды мөлшерлемелерін қатысушы банкімен асыру айғақтары Акционердің 2014 жылғы 28.02. шешімімен айқындалған.

29-2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымымен қатысушы банктің ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелерін асыру айғағы анықталса, онда мұндай банкі есепті тоқсандар кезеңіне «S» арнайы жіктеу тобына ауыстырылады, бұл кезең ішінде Q-4 көрсеткіші есебіне сәйкес ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелерінің асырылуы орын алды.



2-тарау 2013.21.02. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 29-3 тармағымен толықтырылды (№1 хаттама)

29-3. Ереженің 29 тармағына сәйкес D жіктеу тобына жатқызылған қатысушы банкке құзыретті органымен банктік және басқа операцияларын, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу, депозиттерді қабылдауды қоса алғанда, жүргізілуіне берілген лицензияның әрекетін тоқтата тұру күйіндегі санкциясын қолданған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беру ұйымы лицензия әрекетін тоқтата тұру кезеңіне мұндай банкті Е жіктеу тобына ауыстырады.

30. Міндетті күнтізбелік жарна сомасымен есеп айырысуды Қатысушы банк есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күніндегі жай-күйі бойынша Қатысушы банктің барлық кепілдік берілген депозиттерінің жалпы сомасына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ол үшін анықтаған міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін көбейту арқылы дербес жүргізіледі.


3-тарау. Қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі
31. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві жетпеген жағдайда таратылатын қатысушы банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу үшін барлық қатысушы банктер қосымша жарналарды төлеуге міндетті.

32. Қатысушы банктердің қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшері мен мерзімдерін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен анықталады.

33. Қатысушы банктің қосымша жарнасының мөлшері депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға аталған қатысушы банктің алдынғы тоқсанға төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның екі еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

34. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Заңмен көзделген жағдайларда ақшаны қарызға алған жағдайда қатысушы банктер депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның аталған қарызды және ол бойынша есептелген сыйақыны толық өтеу мақсатында төтенше жарналарды төлеуге міндетті.

35. Қатысушы банктің төтенше жарнасының жылдық мөлшері қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға тоқсан сайын төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның жылдық мөлшерінен аспауы тиіс.

36. Қосымша және төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерін тоқтатпайды.

37. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктерге депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Директорлар кеңесінің тиісті шешімі қабылданған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде, бірақ жарналарды төлеудің басталу күнінен дейін бес жұмыс күнінен кеш емес, қосымша және төтенше жарналар мөлшерлемесінің белгіленген мөлшері мен төлеу мерзімдерін хабардар етуге міндетті.

38. Қосымша және төтенше жарналардың мөлшерлері туралы ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қосылу шартымен көзделген жағдайларды қоспағанда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым және қатысушы банктер арқылы үшінші тұлғаларға жарияланбауы тиіс.

39. Қосымша және төтенше жарналар сомасының есеп айырысуы қатысушы банк есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күніне Қатысушы банктің барлық кепілдікке берілген депозиттерінің жалпы сомасына жарна мөлшерлемесін көбейту арқылы жеке жүргізеді.

2014.29.04. (№1 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешімімен жаңа редакцияда баяндалды (2014.01.01.-нан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.27.11. (№5 хаттама) Қор Директорлар кеңесінің шешімімен жаңа редакцияда баяндалды (2013.01.12.-нан бастап қолданысқа енгізілді).

40. Қатысушы банкі қосымша және төтенше жарналарды артық төлеген жағдайда, мұндай сомалар депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымымен қатысушы банктің кейінгі міндетті күнтізбелік жарнасының пайдасына есептеледі.



4-тарау. Қорытынды ережелер
41. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте шешіледі.

42. Қатысушы банктер 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет еткен жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру мәселелері бойынша заңнамаға сәйкес анықталатын мөлшерлемелер мен кепілдік берілген депозиттер негізінде 2007 жылғы бірінші тоқсанда міндетті күнтізбелік жарналарды төлейді.





1 Мысалы, төлем карточкаларын ақысыз шығару, ақысыз немесе сейфтік қызметтермен жеңілдікпен пайдалану, банкпен жаңармалы несие лимитін бекіту және т.б.

2 Мысалы, «А» Банкінің сыйақының номиналды мөлшерлемесі 8 %, ал бонустық сыйақысы 1 жыл және одан астам мерзімге 1 миллион теңгеден аса салым салған жағдайында 3 %-ды құрайды. Егер депозитор 1 жыл мерзімге 1,5 миллион теңге салым салса, онда тартылған депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

-ға тең болады.

3 Мысалы, «В» Банкінің сыйақының номиналды мөлшерлемесі 8 %, ал ақшалай-заттық сыйлық құны 20 мың теңгені құрайды. Банк 1 миллион теңге сомасына депозит тартса, онда депозитор 20 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлықтың жеңімпазы атанады. Бұл жағдайда тартылған депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі =10%.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет