Міндетті техникалық қарап- тексеруді жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы



Дата13.06.2016
өлшемі234 Kb.
#133822



Міндетті техникалық қарап-

тексеруді жүргізу бойынша

көрсетілетін қызметтердің

құнын айқындау әдістемесін

бекіту туралы


«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


1. Қоса беріліп отырған Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

  1. осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

  2. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

  3. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

  4. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушы Ж. Қасымбек

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев

2015 жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушы

2015 жылғы «___» _______

№ ____ бұйрығымен

бекітілді


Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) техникалық қарап тексеру операторлары (бұдан әрі ­– көрсетілетін қызметті беруші) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу қызметі құнын есептеу үшін қолданады және міндетті техникалық қарап тексеруді (бұдан әрі –­ ТҚТ) өткізу бойынша қызмет құнын есептеудің біркелкі әдістемелік негізін қамтамасыз етуге арналған.

2. Көрсетілетін қызметті беруші ТҚТ өткізу бойынша ақылы қызмет көрсеткені үшін төлемақысының көлемі ақылы қызмет көрсету бойынша экономикалық негізделген шығын есебі негізінде айқындалады және осындай шығындарды толық көлемде өтейді.

3. Көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғаларды ТҚТ өткізу құны туралы ақпаратпен толық қамтамасыз етеді және оны өзекті жағдайда ұстайды. ТҚТ өткізу құны туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғаларға осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынады.



2. ТҚТ өткізу құнын есептеу
4. ТҚТ өткізу қызметінің құны көрсетілетін қызметті беруші шығынының анықталуын ескере отырып көрсетілетін қызметті берушімен қызмет көрсетудің өзіндік құнынан қалыптасады.

5. Көрсетілетін қызметті берушінің ТҚТ өткізу шығыны қызмет көрсету процесінде жүзеге асырылатын ақылы қызмет көрсетуге қатысты шығынға және қызмет көрсетушінің жалпы қызметін жүзеге асыруға қажетті, бірақ ақылы қызмет көрсету процесінде қолданылмайтын шығындарға бөлінеді.

6. ТҚТ өткізуде ақылы қызмет көрсетуге қатысты шығындарға:

1) ақылы қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің персоналына (бұдан әрі ­– негізгі персонал) жұмсалатын шығындар;

2) ақылы қызмет көрсету процесінде толық қолданылатын материалдық қор шығындары;

3) ақылы қызмет көрсету процесінде қолданылатын жабдықтардың амортизациясы;

4) ақылы қызмет көрсетудің ерекшеліктерін сипаттайтын басқа да шығындар жатады.

7. Көрсетілетін қызметті берушінің жалпы қызметін қамтамасыз етуге қажет, бірақ ТҚТ өткізуде ақылы қызмет көрсету процесінде тікелей қолданылмайтын шығындарға (бұдан әрі ­– үстеме шығындар):

1) көрсетілетін қызметті берушінің ақылы қызмет көрсету процесіне тікелей қатыспайтын персоналына (бұдан әрі –­ әкімшілік-басқарушы персонал) кететін шығындары;

2) шаруашылық шығындар - материалдық қорларды алу, байланыс, көлік қызметтерін, коммуналдық қызметтерді төлеу, қызмет көрсету, объектілерді жөндеу (бұдан әрі ­– жалпы шаруашылық мақсаттағы шығындар);

3) салықтарды, бажды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу шығындары;

4) ақылы қызмет көрсетуге байланысты емес ғимараттардың, құрылыстардың және басқа да негізгі құралдардың амортизациясы жатады.

8. ТҚТ өткізгені үшін ақылы қызмет көрсету шығындарын есептеуге есепті-талдау әдісі немесе тікелей есептеу әдісі қолданылады.

9. Есепті-талдау әдісі ТҚТ өткізу үшін ақылы қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті берушінің барлық негізгі персоналы және барлық материалдық ресурстары бірдей дәрежеде қатысқан жағдайда қолданылады. Аталған әдіс көрсетілетін қызметті берушінің алдыңғы кезеңдегі нақты шығындарын талдау негізінде ақылы қызмет көрсету шығындарын есептеуге мүмкіндік береді. Ақылы қызмет көрсету шығындарын есептеу негізіне ақылы қызмет көрсетуге қажетті уақыт бірлігінің (адам-күн, адам-сағат) орташа құнының есебі және уақыт бірлігінің санын (адам-күндер, адам-сағаттар) бағалау жатады.


, мұндағы
Зақ.қызм ақылы қызмет бірлігін көрсету шығындары;

∑Зқызм.шығын көрсетілетін қызметті берушінің уақыт кезеңіндегі барлық шығындарының сомасы;

Жуақ.қор – сол уақыт кезеңіндегі негізгі персоналдың жұмыс уақытының қоры;

Нжұм.уақ – негізгі персоналдың ақылы қызметті көрсетуге жұмсайтын жұмыс уақытының нормасы.

10. Тікелей есептеу әдісі ТҚТ өткізу үшін ақылы қызмет көрсетуде көрсетілетін қызметті берушінің жекелеген мамандарын, материалдық қорлары мен жабдықтарын қоса алғанда ерекше материалдық ресурстарды қолдануды қажет еткен жағдайда қолданылады. Ақылы қызмет көрсету шығындарын есептеу негізіне шығындардың барлық элементтерін тікелей есепке алу жатады.
З ақ.қызм = Знп+Змш+Ам.қызм+Зү, мұндағы
З ақ.қызм ақылы қызмет көрсету шығындары;

Знп – негізгі персоналға жұмсалатын шығындар;

Змш – ақылы қызмет көрсету процесінде қолданылатын материалдық қорларды алу шығындары;

Ам.қызм – ақылы қызмет көрсету процесінде қолданылатын жабдықтардың есептелген амортизация сомасы;

Зү ақылы қызмет құнына жататын үстеме шығындар.

11. Негізгі персоналға жұмсалатын шығындарға:

1) негізгі персоналдардың еңбекақы төлеу шығындары;

2) ақылы қызмет көрсетуге байланысты негізгі персоналдардың іссапарлар шығындары;

3) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша тартылатын қызметкерлердің сыйақы сомасы жатады.

4) негізгі персоналдың біліктілігін көтеру шығындары.

12. Еңбекақы төлеу шығындары жұмыс уақыты бірлігінің (мысалы, адам-күн, адам-сағат) құны ақылы қызмет көрсетуге қажетті уақыт бірлігінің санына көбейтіндісі ретінде есептеледі. Аталған есеп тиісті ақылы қызмет көрсетуге қатысқан әрбір қызметкерге жүргізіледі және мынадай формула бойынша анықталады:
Зпт =∑ ОТс×Нжұм.уақ, мұндағы
Зпт – негізгі персоналдың еңбекақысын төлеу шығындары;

Нжұм.уақ – негізгі персонал жұмсаған жұмыс уақытының мөлшері;

ОТс – штаттық кесте және негізгі персоналдың ішіндегі азаматтық-құқықтық шарттар (еңбекақы төлемдерін есептеуді қоса алғанда) бойынша қызметкерлердің уақыт бойынша (сағаттық, күндік, айлық) ставкасы.

13. Негізгі персоналдың еңбекақы төлемдеріне шығындарды есептеу осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

14. ТҚТ өткізу үшін ақылы қызмет көрсету процесінде толықтай қолданылатын материалдық қорларды және қызметтерді алу (салалық ерекшелігіне байланысты) шығындарына:

1) мүкәммалға жұмсалатын шығындар;

2) шығыс материалдарын алу шығындары;

3) басқа да материалдық қорларға жұмсалатын шығындар жатады.

15. Материалдық қорлар алуға жұмсалатын шығындар материалдық қорлардың орташа бағалары және ақылы қызмет көрсету процесінде олардың қолдану көлеміне көбейтіндісі ретінде есептеледі. Материалдық қорлар алуға жұмсалатын шығындар мынадай формула бойынша анықталады:
, мұндағы
Змқ – ақылы қызмет көрсету процесінде қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындар;

– жекелеген түрдегі материалдық қорлар;

Бj – алынатын материалдық қорлардың бағасы.

16. Ақылы қызмет көрсету процесінде тікелей қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындарды есептеу осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

17. Ақылы қызмет көрсету процесінде қолданылатын жабдықтың есептелген амортизациясының сомасы жабдықтың баланстық құны, оның тозуының жылдық нормасы және ақылы қызмет көрсету процесінде жабдықтың жұмыс уақытына байланысты анықталады.

18. Ақылы қызмет көрсету процесінде қолданылатын жабдықтың есептелген амортизациясының сомасын есептеу осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

19. Үстеме шығындар көлемі ТҚТ өткізу үшін ақылы қызмет құны ақылы қызмет көрсету процесіне тікелей қатысушы негізгі персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындарға барабар:


Зү = kү×Зпт, мұндағы
kүнегізгі персоналдың еңбекақысын төлеу бірлігінің жүктемесін көрсететін үстеме шығындар коэффициенті. Бұл коэффициент алдыңғы кезеңдегі есептік деректер және жоспарлы кезеңдегі болжамды өзгертулер негізінде есептеледі:
, мұндағы
Зәбп – алдыңғы кезеңдегі әкімшілік-басқарушы персонал санын болжамды өзгертуге және еңбекақысын болжамды өсіруге қатысты түзетілген әкімшілік-басқарушы персоналға нақты жұмсалған шығындар;

Зжшшбағалардың болжамды инфляциялық өсуіне байланысты түзетілген алдыңғы кезеңдегі жалпы шаруашылық мақсаттарға нақты жұмсалған шығындар және салықтық заңнамалардағы өзгерістерді ескере отырып, салықтарды (еңбекақы төлеу қорына салықтан басқа), баж бен басқа да міндетті төлемдер жасауға жұмсалатын болжамдық шығындар;

Ам.мбс – ақылы қызмет көрсетуге тікелей байланысты емес мүліктің есептелген амортизациясының болжамды сомасы;

Зпт – өткен мерзімдегі әкімшілік-басқару құрамы санын болжамды өзгертуге және еңбекақысын болжамды өсіруге қатысты түзетілген
әкімшілік-басқару құрамына іс жүзінде жұмсалған шығындар.

20. Әкімшілік-басқарушы персоналға жұмсалатын шығындарға:

1) әкімшілік-басқарушы персоналдың еңбекақы төлемдеріне жұмсалатын шығындары;

2) әкімшілік-басқарушы персоналдың іссапарларының шығындары;

3) әкімшілік-басқарушы персоналдың біліктілігін көтеруге жұмсалатын шығындар жатады.

21. Жалпы шаруашылық мақсаттарға жұмсалатын шығындарға:

1) коммуналдық қызметтерді, байланыс, көлік, банк қызметтерін төлеуге жұмсалатын шығындар, көрсетілетін қызметті беруші ақылы қызмет көрсетуде пайдаланатын басқа да қызметтерге жұмсалатын шығындар;

2) жылжымайтын және ерекше бағалы жылжымалы мүлікті ұстауға, соның ішінде күзетке (бейнебақылау жүйесі, дабыл тетіктері, ғимаратқа кіруді бақылау қызметі) жұмсалатын шығындар, өртке қарсы қауіпсіздікке (жабдықтарға, өртке қарсы күзет дабыл беру) жұмсалатын шығындар, негізгі құрал түрлеріне жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар, іргелес аумақты ұстауға жұмсалатын шығындар, мүлікті пайдалану үшін жалға алу төлемінің шығындары (егер жалға алу ақылы қызмет көрсетуге қажет болған жағдайда), үй-жайларды тазалауға, көлік ұстауға, қазандыққа жанармай алуға, үй-жайларды санитарлық өңдеуге жұмсалатын шығындар жатады.

22. Жалпы шаруашылық мақсаттағы мүліктің есептелген амортизациясының сомасы жабдықтың баланстық құны мен оның тозуының жылдық нормасына қарай анықталады. Үстеме шығындарды есептеу осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысанда жүргізіледі.

23. ТҚТ өткізудің ақылы қызмет бағасын есептеу осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысанда жүргізіледі.


Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің

құнын айқындау әдістемеге

1-қосымша

Нысан

ТҚТ өткізу құны туралы ақпарат


_____________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)


2015 ж. «____» ______________


Р/с



Көрсетілетін қызмет (жұмыс) атауы

Бағасы, теңге









Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің

құнын айқындау әдістемеге

2-қосымша

Нысан

ТҚТ өткізуге тікелей қатысушы персоналдың еңбекақысын



төлеуге жұмсалатын шығындардың есебі
__________________________________________________

(көрсетілетін қызмет (жұмыс) атауы)




Лауазымы

Орташа лауазымдық айлықақысы (теңге)

Жұмыс уақытының айлық қоры

(минут)


Қызмет көрсету уақытының нормасы (атқарылған жұмыс)

(минут)


Персоналдың еңбегін төлеуге жұмсалатын шығындар (теңге)
(5)=(2)/(3)×(4)

1

2

3

4

5
















Барлығы

Х

Х

Х



Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемеге

3-қосымша

Нысан


ТҚТ өткізу кезінде тікелей пайдаланылатын

материалдық қорларға жұмсалатын шығындар есебі


_________________________________________________

(көрсетілетін қызмет (жұмыс) атауы)




Материалдық қорлар атауы

Өлшем бірлігі

Шығыс

(өлшем бірлігінде)



Бірлік бағасы

Материалдық қорларға жұмсалатын барлық шығындар

(5)=(3)×(4)



1

2

3

4

5
















Барлығы

Х

Х

Х






Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің

құнын айқындау әдістемеге

4-қосымша

Нысан


ТҚТ өткізу кезінде пайдаланылатын жабдықтардың

есептелген амортизация сомасының есебі


_________________________________________________

(көрсетілетін қызмет (жұмыс) атауы)




Жабдықтың атауы

Баланстық құны

Тозудың жылдық нормасы (%)

Жабдықтың жұмыс уақытының жылдық нормасы (сағ.)

Қызмет көрсету процесіндегі жабдықтың (атқарылған жұмыстың) жұмыс уақыты (сағ.)

Есептелген амортизация сомасы
(6)=(2)×(3)×

×(4)/(5)


1

2

3

4

5

6



















Барлығы

Х

Х

Х

Х



Міндетті техникалық қарап

тексеруден өткізу жөніндегі

көрсетілетін қызметтердің

құнын айқындау әдістемеге

5-қосымша

Нысан

Үстеме шығындар есебі


_________________________________________________

(көрсетілетін қызмет (жұмыс) атауы)




Р/н



Шығындар бабының атауы

Сомасы (теңге)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне тікелей байланысты емес персоналға жұмсалатын (атқарылған жұмыстың) шығындар болжамы




2

Материалдық қорлар алуға, байланыс, көлік, коммуналдық қызметтерді, нысандарды жөндеуге жұмсалатын шығындар болжамы




3

Қызмет көрсетуге (атқарылған жұмысқа) тікелей байланысты емес мүліктің есептелген амортизация сомасының болжамы




4

Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне (атқарылған жұмысқа) тікелей қатысатын персоналының еңбегіне төленетін сомалық қордың болжамы




5

Үстеме шығындар коэффициенті

(5)={(1)+(2)+(3)}/(4)

6

Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне (атқарылған жұмысқа) тікелей қатысатын персоналға жұмсалатын шығындары




7

Барлық үстеме шығындар

(7)=(5)×(6)

Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемеге

6-қосымша

Нысан


ТҚТ өткізгені үшін қызмет құнының есебі
_________________________________________________

(көрсетілетін қызмет (жұмыс) атауы)




Р/с №

Шығындар бабының атауы

Сомасы (теңге)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне (атқарылған жұмысқа) тікелей қатысатын персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындары




2

Қызмет көрсету (атқарылған жұмыс) процесіне тікелей пайдаланылатын

материалдық қорларға жұмсалатын шығындар






3

Қызмет көрсету (атқарылған жұмыс) процесінде пайдаланылатын

Жабдықтардың есептелген сомасы






4

Қызмет (жұмыс) түріне жататын үстеме шығындар




5

Барлық шығындар




6

ТҚТ өткізу құны







«Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы

2015 жылғы «_____» _______________ № _______бұйрығына

анықтама-негіздеме



Р/с№

Көрсетілуі тиіс


мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес

3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, дәлелдері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында.

Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден (бұдан әрі – ТҚТ) өткізу бойынша қызметтердің құнын есептеудің біркелкі әдістемелік негізін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген және ТҚТ өткізуге қызметтердің құнын есептеу үшін нұсқаулық ретінде қолданады.



Әдістеме кіріс мөлшері ескерілмейтін экономикалық негізделген шығындар есебі негізінде әзірленген. Себебі ТҚТ өткізу бәсекелестік ортаға берілген және ТҚТ өткізу бойынша қызметтерді ұсыну ақысы нарықтық рынокпен реттеледі

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және оларды өзгерту және толықтыру туралы ұсыныс әзірлеу немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 16- тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акті республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме  


Көздемейді



7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылған


9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін).

Жоқ



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментінің

директоры


А. Алиақпаров





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет