Қарағанды қ. № 115 жоба 2012 жылғы 19 желтоқсан
V шақырылған
ХІIІ сессия
Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша жыл сайын қосымша материалдық көмек көрсету туралы
Қарағанды облысының Әділет департаментінде
2012 жылғы 26 желтоқсанда № 2073 тіркелді
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша қосымша материалдық көмек жыл сайын Қарағанды қаласының келесі санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын;
2) Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, «Отан» орденімен және «Даңқ» орденінің I және II дәрежесімен марапатталған азаматтарға бір рет.
2. Қарағанды қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Материалдық көмек көрсету шығындары «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 007 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырылсын.
4. Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 31 қаңтардағы «Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, «Отан» орденімен және «Даңқ» орденінің I және II дәрежесімен марапатталған азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша біржолғы материалдық көмек көрсету туралы» № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-53 болып тіркелген, 2007 жылғы 28 ақпандағы №24 (212) «Взгляд на события» газетінде жарияланған) және 2007 жылғы 31 қаңтардағы «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналды қызметтерді төлеу шығындары бойынша материалдық көмек көрсету туралы» № 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-51 болып тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпандағы № 19 (207) «Взгляд на события» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. «Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстау және коммуналдық төлемдерді төлеу бойынша жыл сайын қосымша материалдық көмек көрсету туралы» шешімінің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров).
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
V шақырылған Қарағанды
қалалық мәслихатының
кезекті ХІIІ сессиясының төрайымы Ә. Әлімбаева
Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы Қ. Оспанов
Келісілді:
«Қарағанды қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдармалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ж. Ысқақов
19.12.2012ж.
г. Караганда проект № 115 19 декабря 2012 года
XIII сессия
V созыва
Об оказании дополнительной ежегодной материальной помощи на содержание жилища и оплату коммунальных услуг отдельным категориям граждан города Караганды
Зарегистрировано Департаментом юстиции
Карагандинской области
26 декабря 2012 года № 2073
В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года, Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», Законом Республики Казахстан от 12 декабря 1995 года «О государственных наградах Республики Казахстан» Карагандинский городской маслихат РЕШИЛ:
1. Оказывать дополнительную ежегодную материальную помощь следующим категориям нуждающихся граждан города Караганды по расходам на содержание жилища и оплату коммунальных услуг:
1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны ежемесячно;
2) гражданам, удостоенным званий Героя Советского Союза, «Халық қаһарманы», Героя Социалистического труда, награжденным орденом «Отан» и орденом «Даңқ» I и II степеней единовременно.
2. Рекомендовать акимату города Караганды принять необходимые меры по реализации настоящего решения.
3. Произвести финансирование расходов на оказание материальной помощи за счет средств, предусмотренных по программе 007 «Социальная помощь отдельным категориям граждан по решению местных представительных органов».
4. Признать утратившими силу решения Карагандинского городского маслихата от 31 января 2007 года № 9 «Об оказании единовременной материальной помощи гражданам, удостоенным званий Героя Советского союза, «Халық қаһарманы», Героя Социалистического труда, награжденным орденом «Отан» и орденом «Данқ» I и II степеней по расходам на содержание жилища и оплату коммунальных услуг» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8-1-53, опубликованное в газете «Взгляд на события» от 28 февраля 2007 года № 24 (212)) и от 31 января 2007 года № 10 «Об оказании материальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны по расходам на содержание жилища и оплату коммунальных услуг» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8-1-51, опубликованное в газете «Взгляд на события» от 16 февраля 2007 года № 19 (207)).
5. Контроль за выполнением решения «Об оказании дополнительной ежегодной материальной помощи на содержание жилища и оплату коммунальных услуг отдельным категориям нуждающихся граждан города Караганды» возложить на постоянную комиссию по вопросам труда, развития социальной сферы и социальной защиты населения (председатель Мухтаров Жандил Ахуанович).
6. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2013 года.
Председатель очередной XIII сессии
Карагандинского городского
маслихата V созыва А. Алимбаева
Секретарь Карагандинского
городского маслихата К. Оспанов
Согласовано:
Начальник государственного учреждения
«Отдел занятости и социальных программ
города Караганды» Ж. Искаков
19.12.2012 г.
Достарыңызбен бөлісу: |