МІНЕЗ АКЦЕНТУАЦИЯСЫ ЖАЙЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ТАЛДАУ
Адам мінезі - адамдарды басқа адамдардан жалпы тұлға ретінде айрықшалап тұратын қасиеттер жиынтығы болып табылады.
Мінез өмірде индивидаулді белгілермен табылған жоғарғы жүйкенің іс-әрекетінен туа пайда болған қорытпа.
К.Платонов пен Н.Левитов мінез бұл адамның іс-әрекеті мен тәртібіне әсерін тигізетін индивидуалды жарқын берілген тұрақты қатысты психологиялық белгілері деген.
Мінез тұқым қуаламайды, оны тәрбиелеуге болады және тәрбиелеу керек те. Белгілі психолог Б.М. Теплов мінез адамның болмысқа қатынасын білдіретін және оның күнделікті мінез – құлқында оның іс-әректінде көрінетін жеке басындағы елеулі қасиеттердің өзіне тән үйлесуі деп сипаттайды[7, б 122].
«Мінез» деген сөз арқылы адамның кез-келген дара ерекшеліктерін емес, ең елеулі дербес өзіне тән нақтылы адамды танытатын, оның күнделікті мінез – құлқында, қылықтарында көрінетін ерекшеліктерді түсіну қиын.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды деп санайды өзіміздің ресейлік психолог Қ.Жарықбаев. Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкәпарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке- жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысын сонымен, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моралдық жағынан тәрбиелілігі, біркелкілігі, толықтылығы күшімен айқындығы, салмақтылығы –оның оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Алдамұратов.Ә. Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялақ қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әр қилы жағдайда байқалып, адамның, сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез еркшеліктері –адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенменде, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы естудің нәзіктігі , көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл ойдың тереңдігі мінез ерекшелігіне жатпайды.
Адам мінезінің ерекшеліктері – оның темпераменті оны қоршаған ортада бағдар ұстай білуі өмірдің өзгермелі жағдайларына икемделу қабілеттілігі – ми қабығындағы қозу және тежелу жүйке процестерінің күшімен қозғалғыштығына байланысты. Дегенменде адамның мінез - құлық реакциялары ми қыртысы- лимби құрлысының қызметімен тікелей байланысты болады деп тұжырымдаған. Мінез қалыптасуының тарихи экономикалық тәуелділігі, басқа шаруашылық немесе мәдениеттің әсеріне түсетін қоғам мүшелерімен табылатын өзгерістерде анық байқалады деген,- Райх өзінің «Характероанализ» кітабында.
Бұл алғашында мінез туралы қоғамдақ жүйенің қалыптасуы туралы айтқан ойларды кеңейте отырып, мінездің қалыптасуы белгілі бір кезеңнің әлеументтік процесі деп айта аламыз деген,- Райх өзінің сөзін қортындылай отырып.
Қазіргі заман талабына сай мінез адамнан нақтылықты, мақсат бағыттылықтың сыртқы көрінісін талап етеді. Сонымен қоса мінезде адамның жеке басты қасиеттеріне қарағанда белгілері көп. Мінез белгілері көп болғандықтан, негізгі жеке басты қасиеттерге қарама-қайшылық көрсетеді. Мысалы, баланың спайылығы, оқушытің сабағына, ересек адамның еңбегінде болатын ұялшақтыққа айналады: бұндай ұялшақтық адамға кері әсерін тигізеді.
Мінез адамның сезіміне ойлау санасына, іс-әрекетіне әсер ететін, біріккен өзіндік психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Ол іс - әрекет қатынасынан байқалады және де жеке тұлғаның оған қатынасынан тұрады. Кейде мінезге ерікпен жеке тұлғаның жеке бағыттылығын кіргізеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Гипертимді тип - қозғалмалылыққа, қарым-қатынасқа бейім жасөспірім. Шуды жақсы көреді, тынымсыз ортада болуды қалайды. Циклоидті тип - апатияға бейім, тез қозады, көбінесе өзімен-өзі жалғыз қалғанды ұнатады. Барлық нәрселерді жүрегіне қатты алады. Лабильді тип - көңіл күйі ауа райы секілді тез өзгереді, оған әр түрлі қарапайым нәрселер (біреудің көзқарасы, амандаспауы, бір нәрсеге ден қоюы) себеп болады. Астено-невротикалық тип - қозғыш, шаршағыш, қырсық. Ақыл-ой жұмыстарына тез шаршайды. Сензитивті тип - жоғары сезімталдық тип. Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы көрмейді, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Психо-астеникалық тип - интеллектісі тез дамиды, өзін-өзі және басқаларды бағалауға бейім, көп ойланып талқылауды ұнатады, бірақ іс жүзінде емес, сөз жүзінде ғана мықты. Шизоидті тип - тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрі үлкендермен болғанды ұнатады. Эпилептоидті тип - көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Истероидті тип - үнемі ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзін суреттеп көрсетеді. Тұрақсыз тип - ерік-жігерсіз, өзен ағысы бойынша өмір сүреді. Конформды тип - негізгі ерекшелігі барлығы сияқты болу.
Темперамент*- генотип,мінез-фенотип: Өйткені мінез жуйке жуйесінің тума қасиеті, мінез жүре пайда болатын қасиет.Қоршаған орта адамға қатты әсер етеді. Ол тітірендіргіштерге әрбәр алам өзінің қаблетіне сай бірден жауап бермейді. Мінезге байланысты көптеген ғалымдар көптеген тұжырым жасаған Жауап қайтарудың жиынтығы мінез қалыптастырады. Мінез грекше характер- таңба, із Қалдыру деп аударылады. Мінез- жеке адамға тән өзіндік психалонгиялық ерекшеліктер жиынтығы.
Мінез – күрделі психикалық қасиет.
Егер адамды танитын, білетін болсаңыз ол өмірдің әр түрлі жағдайында қандай мінез көрсететінін болжамдап айтуға болады. Мінез-құлықты басқаруға, оны басқаларға ыңғайлы, сыйысымды етіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға болады. Сондықтан мінез тәрбиеленетін қасиеттерге жатады. Адамдардың мінез-құлқы тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты көрініс береді. Мысалы: өзінің намысын, отбасының намысын қорғау үшін дуэльге шақырып, намысына тиген адамға қастандық, қатыгездік көрсетіп, оны атып тастаған. Вендетто – қанға-қан, жанға-жан деген кек алу дәстүрі т.с.с. қалыптасқан әдет-ғұрып кеңінен орын алады. Қорыта келгенде мінез жеке адамға тән көптеген психалогиялық қасиеттер жиынтығы.
Адамның мінезінің қалыптасуына отбасы, қоршаған ортадағы жетекші салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, өзінің қарым-қатынас жасайтын кіші тобы, сынып оқушылары, группадағы студенттер, жолдастар мен достар, оқыған кітап, көрген кино кейіпкерлері үлкен әсерін тигізеді. Өйткені адам басқаларға қарап, олардың тәжірибесін меңгеріп адам болады.
Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан жеке тұлғаға мінездеме бергенде оның ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып қарама-қарсы көрсеткіштермен сипаттайды: кеңпейілді – іші тар; жеңілтек – байсалды; адал – арам; сыйысымды – сыйысымсыз; қорқақ – батыл, сезімтал – қатыгез т.с.с. Бұл жеке көрсеткіштер мінездің құрамды бөліктері, оның көрсеткіштері болып табылады. Осы көрсеткіштердің ішінде біреу жетекші, доминанта болады. Адамды бағалағанда сол доминантасы бойынша мінездеме береді.
Адам мінезінің көрсеткіштері көп түрлі. Дегенмен әр ортада мінез ерекшеліктеріне, тәртіп сақтауға, үлкен-кішілер қарым-қатынас ерекшеліктеріне қойылатын талаптар бар. Мінездің әр құрамды бөлігі адам өмір сүретін ортада қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа сай болуы керек. Дәстүрлі қалыптасқан нормалардың бұзылуы адамдар ортасында басқаша бағаланады және норма шегінен асып немесе одан төмен көрсеткішке ие болған жеке адам мінезінің акцентуациясы анық байқалады.
Мінездің акцентауциялануы.
Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін ұғым. Акцентуация басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы.Өмірінен, қоғамдағы орнынан көрінетін қасиеттерінің жиынтығы. Адамның негізгі өмірін, іс әректін бет алысын көрсететін тұрақты психалогиялық қасиет. Темпераментті ең бірінші рет атап, таныстырған ежелгі грекдәрігері Гиппократ екенін білеміз. Мінезді де ең алғаш зерттеп классификациялаған ежелгі грек философы Теофраст болған.Бірақ ол кезде Теофраст мінез адамнаың адамгерщілік қасиеті деп көрсетті. Физиологиялық тұрғыдан тусірдірген Павлов Ол адамның туа біткен және журе пайда болған қасиеттердің қосындысы деп түсіндірген. Әрбір халыққа тән ұлтқа тән мінез- ұлттық мінез деп атайды. Қазақтарға қарапайымдылық, кішіпейілділік, Балажандылық, қайсарлық тән. Өзге нәсілге құрмет тән. Ұлттық мінез құлықты этнопсихология зерттейді. Мінездік құрылымдағы әртүрлі қасиеттер мініез бітістері деп айтылады. Ол төрт топқа болінеді.
1)Еңбекке қатынасы бойынша мінез бітістері: адалдық, жауапкерщілік, адамгершілік, еңбексүйгіштік- жалқаулуқ
2) басқа адамдарға байланысты мінез бітістері : қайрымдылық, сергектік,талап қойгыштық, қайрымсыздық.
3) өзіне өзі қатысты мінез бітістері: кішіпейілділік, қарапайымдылық, өркекректілік, мақтаншақтық
4) Заттарға қатнасын білдіретін мінез бітістері: ұқыптылық, салақтылық
Мінездің акцентауциялануы.
Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін ұғым. Акцентуация басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |