Сабақтарға әдістемелік нұсқаулық Орындаушы(лар)



бет1/11
Дата05.12.2023
өлшемі194 Kb.
#485515
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жай сойлем практика тапс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет__Филология


Кафедра_ Теориялық және қолданбалы тіл білімі
«5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті»
_3_курс студенттеріне арналған
күндізгі оқыту бағыты бойынша
«Жай сөйлем теориясының мәселелері» пәні бойынша практикалық
сабақтарға
әдістемелік нұсқаулық


Орындаушы(лар)

ТжҚТБ кафедрасының доценті


филология ғылым. кандидаты ________ А.Қ.Айтбенбетова
Қызметі, кафедра қолы Ф.А.Ә а.
«____»______________2016 ж.


« ___» қаңтар 2016 жыл
КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № __ “__” _______________ 2016 ж.

Кафедра меңгерушісі


филология ғылымдарының
докторы, профессор ______________ К.Қ.Садирова
« ___» қаңтар 2016 жыл

Алғы сөз
Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі пәнінің мазмұнын игертуде практикалық сабақтардың маңызы ерекше. Практикалық сабақтарда студенттер аталған пән бойынша теориялық материалдарды ғылыми зерттеулерден, оқулықтар мен оқу құралдарынан оқып, тұжырымдарды салыстырып, қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі мен жай сөйлем жүйесін ғылыми негізде меңгереді. Практикалық сабақта негізгі жұмыс түрі сапасында сөз тіркестері мен жай сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау енеді. Синтаксистік талдау жасау студенттердің теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастырады әрі теориялық білімдерін бекітеді.
1-практикалық сабақ тақырыбы. Сөз тіркесінің байланысу формаларының түркологияда және қазақ тіл білімінде зерттелу дәрежесі. Әрбір байланысу формаларының қалыптасуы.
Сабақ жоспары:

  1. Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Сөз тіркесінің байланысу формалары дегеніміз не?

    2. Сөз тіркесінің синтетикалық байланысуы дегеніміз не?

    3. Сөз тіркесінің аналитикалық байланысы дегеніміз не?

  2. Жаттығулар орындау.

    1. Төмендегі үзіндіден сөз тіркестерін бөліп, олардың сипаттамасын беріңіз, байланысу формасын анықтаңыз:

Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда.
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда (Махамбет).

    1. Өз таңдауыңызбен 120 сөзден тұратын мәтін үзіндісін таңдап, ондағы сөз тіркестерін талдаңыз.

    2. «Есімше-зат есім» типті сөз тіркесіне 5 мысал теріп, оған талдау жасаңыз.

Глоссарий.
Сөз тіркесі дегеніміз — кем дегенде толық мағыналы екі сөздің синтаксистік қатынасты білдіру үшін құрылған тобы.
Тапсырма.
Р.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан (Алматы, Санат, 1998. 10-23 бб. ). «Сөз тіркесі туралы түсінік. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары. Зат есімді сөз тіркестері» тақырыптарын оқып, мазмұндауға дайындалыңыз.
Блиц тест
1. Жай сөз тіркесін белгілеңіз: А) көлге қонып жатыр Б) көлге қонды В) көл үстінде Г) көлге дейін Д) көл үшін
2. Еркін сөз тіркесін белгілеңіз А) аспанды торлаған Б) басына бұлт үйірілді В) мұртын балта шаппады Г) көзді ашып-жұмғанша Д) жағына пышақ жанғандай
3. Күрделі сөз тіркестерін белгілеңіз: А) ауыз толтырып аларлық В) ит өлген жерде тұрады Г) ауыз ашар Д) көңілге демеу
4. Қабыса байланысқан сөз тіркесін белгілеңіз А) алтын сағат В) көрші қызы Г) жақсы оқиды Д) үйге бару
5. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін белгілеңіз А) дүкенге кіру В) жолға дейін Г) атасымен бірге Д) атасы мен анасы
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 590-605-бб.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1997. 40-42 -бб.
Р.Әмір, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 59-82 бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
2-практикалық сабақ тақырыбы. Етістікті меңгеру, етістікті сөз тіркесі. Ортақ меңгеру. Матасу. Қабысу. Жанасу.
Сабақ жоспары:

  1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:

  1. Етістікті сөз тіркестері.

  2. Етістікті меңгеру

  3. Ортақ меңгеру

  4. Матасу

  5. Қабысу

  6. Жанасу

  1. Жаттығулар орындау.

Берілген сөйлемдерден етістікті сөз тіркестерін теріп жазып, олардың қай септікті меңгеріп тұрғанын, синтаксистік қатынасын анықтаңыз:
Әбдірахманды пристав дуанға алып кетті. Ер жеткен ұлыңды үйге қамап, қашанғы жан-торсық етпекшісің. Парторг Шынтасты осы жылғы көктемге дейін жеңіл газикпен алып бармаған құдығы жоқ. Дүкеншінің дәл ойы неменеге апарып соғарын онша аңғара алмасам да, айтқанын орындап, қолымды оң қалтама салдым.
Берілген сөйлемдегі сөз тіркестеріне синтаксистік талдау жасаңыз.
Ана бөлмеде тағамдарын үлкендерден бөлек ішеді, солай әдеттенген, - деді келіншек, алдына түскен бұрымын сілкіп тастап, баршаға естірте. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесінен тізесінен ақырын қағып:

    • Е-е, .... бұлдыр-бұлдыр күн өткен дейтін.

  1. Бақылау сұрақтары

      1. Матасу дегеніміз не қандай түрлері болады?

      2. Жанасу мен қабысуды анықтап, олардың ұқсастығы мен айырмасын ажыратыңыз?

      3. Ортақ меңгерудің ерекшелігіне тоқталыңыз

      4. Етістікті сөз тіркесі мен олардың қандай тұлғадағы сөздерді меңгеретінін баяндаңыз

  1. Глоссарий



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет