Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет33/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   117
Қалыпты физиология

 
 
ДӘРІС № 6. Түйіспелер физиологиясы: құрылымы, жіктелуі, қозуды 
өткізу ерекшеліктері. Медиаторлардың жіктелуі және сипаттамасы. 
Дәрістің жоспары: 
6.1. Түйіспелердің физиологиялық қасиеттері мен жіктелуі. 
6.2.Түйіспелердегі қозудың өту механизмдері (мионевральдық түйіспеде)
6.3. Медиаторлар физиологиясы. Жіктелуі және сипаттамасы 
6.1. Түйіспелердің физиологиялық қасиеттері мен жіктелуі 
Түйіспе (синапс) деп қозуды немесе тежеуді жүйке талшықтарының 
ұшынан, онымен нервіленген (иннервация) жасушаға өтуін қамтамасыз 
ететін құрылымдық-әрекеттік (функциялық) жүйені айтады. 
Түйіспенің құрылымы: 
1) пресинапстық мембрана (ет жасушасымен түйіспе құратын аксон ұшының
электрогендік мембранасы);
2) постсинапстық мембрана (түйіспемен ұласқан нервіленген жасушаның
бетіндегі электрогендік мембранасы); 
3) түйіспелік саңылау (құрамы қан плазмасы сияқты сұйықпен толтырылған
пресинапстық және постсинапстық мембраналар арасындағы кеңістік). 
Саңылау кеңдігі шамамен 200-300 ангстрем. 
Түйіспелердің бірнеше жіктелуі бар. 
1. Орналасуы бойынша: 


1) орталық түйіспелер; 
2) шеткергі түйіспелер. 
Орталық түйіспелер орталық жүйке жүйесінде орналасады, сонымен 
қатар олар вегетативтік жүйке жүйесінің түйіндерінде болады. Орталық 
түйіспелер деп екі жүйке жасушаларының арасындағы арнайы ұласуды 
(контакты) айтады. Бұл ұласулар біркелкі емес, сондықтан бірінші нейрон 
аксоны екінші нейронның қандай құрылымымен түйіспе арқылы ұласуына 
байланысты, түйіспелер ажыратылады: 
1) аксо-сомалық, бір нейронның аксоны мен басқа нейронның денесі 
арасында; 
2) аксо-дендриттік, бір нейронның аксоны мен басқаның дендриті арасында; 
3) аксо-аксондық, бірінші нейронның аксоны мен екінші нейронның аксоны 
арасында; 
4) дендро-дендриттік, бірінші нейронның дендриті мен екінші нейронның 
дендриті арасында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет